Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі

Есімшелер етістіктің де есімдердің де қасиетін бойына сақтаған
функциялық тілдік бірлік дедік. Бірақ есімшелер барлық кезде де
етістіктердің мына қасиетін сақтап қалады:
1. Есімше тұлғасындағы етістік өзінің амал-әрекетін, қимылдық мағыналарын
сақтайды.
2. Есімше тұлғалы етістік өзінің салт-сабақтылық қасиетін жоғалтпайды.
3. Есімше қосымшалары етістіктің болымды, болымсыз түріне қосылып, сол
болымды, болымсыз мағынасын өзгертпейді.
4. Есімшелерде шақтық мағына олардың негізгі мағынасы болып саналады.
5. Етіс қосымшаларынан кейін қосылған есімшелер оларға шақтық мағына
қосады, етіс мағынасына ықпал жасамайды.
6. Сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданылған есімше формалары етістік
сөйлем құрамындағы басқа (есім) сөздермен меңгеріле байланысады да,
түбір етістіктің байланысу үлгісіне өзгеріс енгізбейді.
7. Етістіктің көсемше формасы сияқты бірнеше аналитикалық формалардың
қалыптасуына жағдайлар жасап, солардың құрылымында қолданылады т.б.
Есімшенің өн бойындағы есімдерге (әсіресе сын есімге) тән қасиеттердің
бар екендігі де белгілі. Осыдан болса керек кейбір түркітанушылар оны
етістіктен бөліп қаруды жөн санайды. Етістікке арнап іргелі еңбек
жариялаған М. Оразов есімше есім сөздерге тән қызмет атқарса да,
етістіктік қасиетін, етістікке тән белгілерді жоғалтпайды деген
тұжырым айтады.
Есімшелер сан есімдерше жұмсалғанда да өздері анықтаған сөздің
қалыптық сипатын, амал-әрекетін, қозғалыстың т.б. қасиеттер анықталатын
сөздің тұрақты белгісі екендігін білдіреді. Мысалы: ағын су, ағарған шаш,
барар жер және т.б. Яғни есімше тұлғалары етістік заттың түр, түсін, ішкі
қасиетін білдірмейді. Сондықтан оны көсемше сияқты етістіктің функциялық
жұрнағы деп таныған жөн. Дегенмен А.Байтұрсынұлы бұл тілдік бірлікке есімше
есім сияқты деген атауда бекер тақпаса керек. Есімшелердің есімдерге тән
қасиеті сан есімдерше қолдануымен ғана бітпейді. Олар заттанып зат есім
орнына жұмсалады, тәуелденеді, барлық сөйлем мүшесі бола алады және
болымсыздық мағынаны есімдерше бар, жоқ сөздері арқылы білдіреді.
Етістіктің функционалды-семантикалық категорияларының ішінде жақтың
алатын орны ерекше . Есімше тұлғалары есімдер үлгісімен жіктеледі. Жоғарыда
айтылғандарымыз көрнекі болуы үшін біз оны кесте түрінде ұсынуды жөн
көрдік.

4-кесте. Есімшелердің жіктелуі

Есімше
Етістіктерше жұмсалуы Есімдерше жұмсалуы
1 2
1. Есімше тұлғалы етістік барлық 1. Тілде сын есімдерше жұмсалып,
есімше қолданысында да әрекетті сөйлемде анықтауыш болады: Оқыған адам
білдіру мағынасын сақтайды: барар көп біледі.
жол, айтатын әңгіме, көрмес адам 2. Есімдерше түрленеді, септеледі
және т.б. тәуелденеді, көптеледі, жіктеледі
2. Етістіктер есімше жалғанса да оқығанға, оқығаным, оқығандар,
салттық, сабақтылық қасиетін оқығанмын және т.б.
жоғалтпайды. Мысалы: сабақты 3. Заттанып, зат есім қызметінде
етістіктер: оқы – мен кітапты қолданылып сөйлемнің барлық мүшесі
оқығанмын, жаз – мен шығарма бола алады.
жазғанмын, көр – киноны көрермін; 4. Болымсыздық мағынаны есім сөздер
Салт етістіктер: кел – мен сияқты жоқ, емес сөздері арқылы
4-кестенің жалғасы
1 2
келмеспін, тұр – осында тұрғанмын білдіре алады.
және т.б.
3. Болымсыз етістікке жалғанғанда,
болымсыздық мағына сақталады:
барма-бармаған, жүрме-жүрмеген және
т.б.
4. Баяндауыш болып қолданылғанда
шақты білдіретін негізгі тілдік
элемент болып табылады: Мен
барғанмын (бұрынғы өткен шақ),
Сен барарсың (болжамды келер шақ),
Ол баратын (дағдылы өткен шақ).
5. Есімше тұлғалары етіс
қосымшаларының мағынасына әсер
етпейді, тек шақтық мағына береді:
келгізгенмен, көтерісерсің,
жасаттыратын және т.б.
6. Бірнеше аналитикалық форманттар
жасауға қатысады.

Байқап отырғанымыздай есімшелердің етістіктерше жұмсалу өрісі кеңірек.
Есімшелер жоғарыда келтірілген етістіктерше және есімдерше
жұмсалатынымен бірге күрделі құрылымдарды құрауға дәнекер болатындығы
белгілі. Бұл қызметке жұмсалу үшін олар алдымен түрлі септік жалғауларын,
функциялық жұрнақтарды немесе түрлі көмекші сөздерді жалғап бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады (бұл мәселе 2 бөлімде арнайы
талданатындықтан, оған қазір тоқталып жатпаймыз).
Етістіктің сабақтылық-салттық категориясының мәні оның біріншіден
семантикалық сипаты, екіншіден, табиғатынан өзіне тән ерекшелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Тіл қарым-қатынас құралы
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Eciмшe туралы жалпы түсінік
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар
Есімшелердің күрделі құрылым жасауға қатысуы
Есімшелердің есімдерше жұмсалу қызметі
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Пәндер