Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Етістік
1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
2. Етістіктің түбірлері: негізгі және туынды түбір, біріккен,
қосарланған, тіркесті түбір етістіктер.
3. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері:
а) бұйрық райдың ІІ-жағымен сәйкес келуі;
ә) етістіктің түбір тұлғасында қолданылу сипаты;
б) етістік түбірдің жіктелу ерекшеліктері.
4. Негізгі және көмекші етістіктер.
5. Аналитикалық форманттар.
6. Күрделі етістік. Тіркесті түбір етістік. Етістіктің аналитикалық
формалары.
7. Сыпат мәні.
8. Қалып етістіктерінің ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
1. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық
және практикалық сабақтың мазмұны (мет. құрал). А,2003. 81-85-б.
2. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А,1966. 8-32-б.
3. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.
А,1992. 120-128-б.
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А,1974. 233-241-б.
5. Қазақ тілінің грамматикасы. І Морфология. А,1964. 124-154-б.
Белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде,
алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы
грамматикалық мағынасы, екіншіден, грамматикалық түрлену жүйесі яғни сөйлеу
процесінде пайда болатын таза грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің
парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән
сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз
табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді таптастырудың негізгі үш
приципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде етістік те өз алдына жеке сөз
табын құрайды.
Етістік – сөз таптарының ішінде ең көлемді де күрделісі болып саналады.
Етістіктің ең күрделі сөз табы екендігі оның лексика-семантикалық
ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалардың
қат-қабаттылығынан, грамматикалық категориялардың әр-түрлілігінен, жаңа сөз
жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратың синтаксистік
қызметінен, т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістік зат
есім секілді көне (сөз табы), басқа сөз таптарын жасауға негіз болған сөз
табы.
Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр-
түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Кейбір еңбектерде етістікке қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі
процестердің атын білдіретін сөз табы (Маманов. ҚҚТ. 8-б.) деген анықтама
беріледі. Дұрысында, етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді,
қимылдың атын етістіктің кейбір тұлғалары ғана (қимыл есімі немесе тұйық
етістік) білдіреді. Етістіктің семантикалық өрісі кең. Оның себебі,-дейді
А.Ысқақов, - ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат
ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы
арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай, күй,
сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай
семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас
болады. (ҚҚТ,233). Етістіктерді іштей мағыналық, функциялық сипатына қарай
бірнеше топтарға бөлуге болады. Мысалы: А.Ысқақов оларды: амал-әрекет
етістіктері, қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, жылжы), қалып-сапа
етістіктері (жат, тұр), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, жатты), өсу-өну
етістіктері (балала, гүлде), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кет, әкет),
көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген сияқты топтарға бөлсе
(ҚҚТ, 235) академиялық грамматикада:
1. Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер:
(же, іш, майла, жүр, көр, оқы) т.б. сабақты етістіктер.
2. Субъект қозғалысын, беталыс, бағытын болатын етістіктер: (кел, кет, түс,
шық, жина, тара, тарқа).
3. Субъектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын
етістіктер: (ұйықта, оян, азай, көбей).
4. Бейнелеу етістіктері: (едірей, жыми, ырсылда, қызараңда, сайра)
5. Ішкі объектілі салт етістіктер: (құлында, гүлде). (ҚТГ, 127-128).
Етістіктер басқа да мағыналы сөз топтары сияқты түбір күйінде де, әр
түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп жүрміз. Бірақ етістіктің
осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін
ерекшеліктер бар. Ең алдымен ол ерекшелік, С.М.Исаев көрсеткендей,-
етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты.
Қазіргі қазақ тілінде етістіктің түбір тұлғасы сырт қарағанда етістіктің
кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық
райдың жекеше ІІ-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сондықтан да қазақ
тілінің грамматикасында, етістіктің түбір тұлғасына қимылды білдірумен
бірге осындай грамматикалық мағыналар, яғни бұйрықтың және ІІ жақ анайы
жекешелік мағына тән көрсетіледі де, етістіктің түбірі – бұйрық райдың
екінші жағы деп анықталады. (Төлеуов, Сөз таптары. А,82-72).
Төлеуов: Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі
ІІ жақ бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымшалар
қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан
өрбіп жатады,- дейді (Т,72).
Демек, ІІ жақ бұйрықтық мағына деген ұғым мен етістіктің түбірі бір ұғым
болып түсіндіріледі.
Бұл анықтама бойынша етістіктің түбірі деген ұғым мен бұйрық райдың
жекеше ІІ жақ формасы деген ұғым бір де, бұйрық рай етістіктің
грамматикалық түрлену жүйесінің бір көрінісі емес, түбірге ғана тән
семантикалық-грамматикалық сипат деген қорытынды туады. Ал дұрысында,
профессор С.М.Исаев көрсеткендей, біріншіден, бұйрық райдың жекеше ІІ жақ
формасында тұрған етістіктің бәрі бірдей түбір бола бермейді: сен кел, оқы
дегендерді түбір деп танысақ, ал келтірме, оқытқызба дегендерді де түбір
деп тану керек, екіншіден бұрықтың мағына түбірге тән грамматикалық мағына
болса, яғни, ол грамматикалық түрлену формалары арқылы берілмей, түбірде
әуел бастан бар және грамматикалық мағына болса, осы тұлғаның үстіне
қосылған түрлену формаларында жұмсалғанда да, ол мағына сақтала беру керек,
бірақ қимылдық мағына сақталады да, бұйрықтық мағына сақталмайды:
келгенмін, оқыпсың т.б. дегенде ешбір бұйрықтық мағына жоқ. Демек, ІІ жақ
бұйрық мағына түбірдің емес, етістіктің арнайы түрлену жүйесінің бір
көрінісі болып табылатын таза грамматикалық мағына. Үшіншіден, ІІ жақ
бұйрық мағына түбірге тән болса, арнайы грамматикалық формалары бар ІІ жақ
сыпайы (сіз келіңіз) және көпше түрдегі бұйрық рай тұлғалары (сендер
келіңдер) қайда кірмек? Төртіншіден, рай категориясы етістіктің
грамматикалық түрлену жүйесіндегі таза грамматикалық категориясы, ол
түбірден бүтіндей бөлек, ал бұйрық рай рай категориясының бір түрі ғана.
Бесіншіден, етістіктің түбірі тікелей жіктелмейді, ал ІІ жақ бұйрық рай
тұлғасы – жіктелудің бір грамматикалық, парадигмалық көрінісі болып
табылады.
Етістік түбірдің грамматикада көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі – олардың
тікелей жіктелмеуі. Ал, бұйрық рай ІІ жағы жіктелу үлгісінің бір көрінісі,
яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Мұның
өзі етістіктің түбірі - бұйрық рай ІІ жағы деген анықтаманың қате
екендігін, етістік түбірі басқа сөз таптары түбір сияқты жеке тұрып
қолданыла алмайтынын көрсетеді. Ы.Мамановтың Түркі тілдерінде түбір
етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес
сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай
формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп,
сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады, деген пікірінің орынды екенін
байқаймыз (М. ҚҚТ. -1-т 65-б).
Демек, етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б.
білдіреді және ол – етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы
семантикалық белгісі, негізгі және грамматикалық мағынасы, ал бұйрық рай
ІІ жағы – сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсудің нәтижесінде пайда болатын грамматикалық нольдік форма арқылы
көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық мағынасы болып табылады.
Мен бар + айын Біз бар + айық
Сен бар Сендер бар + ыңдар
Сіз бар + ыңыз Сіздер бар + ыңыздар
Ол бар + сын Олар бар + сын
Негізгі және көмекші етістіктер
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады. Жеке
тұғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі
мәнін білдіріп тұратын сыңарын негізгі етістік, күрделі етістіктің негізгі
мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп
атайды. Көмекші етістіктің мәнді, мәнсіз (Ы.Маманов) немесе толымды,
толымсыз (Ысқақов) түрлері болады.
Мәнсіз етістіктер – е, ет, жазда, де.
Мәнді көмекші етістіктер: өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін,
дербес сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын түбір етістіктер тұлғасындағы
атауыш сөздер (барып келгелі, үре бастады).
Толымды көмекші етістіктер: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр,
жүр, жөнел, жібер, кел, қал, таста, тұр, шық, қыл, ет (259. Ысқ.. ҚҚТ).
Толымсыз көмекші етістіктер: е (еді, екен, емес). Бұл көмекшілер өздері
тіркескен сөздерге ешқандай да лексикалық мағына я реңк үстемейді, тек
грамматикалық мағына ғана жамайды.
Аналитикалық форманттар.
Аналитизм – (гр.analysis – ыдырау) деген мағына береді. Сөздің
аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады.
Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін негізгі сөз негізгі
морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші
морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы: келе жатыр
деген тіркесте негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз - келе
етістігі, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте
сақталмаған, ол көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, соларға тән
қызмет атқарып тұр. Белгілі бір сөздердің тіркесінің сөз тіркесі емес,
аналитикалық форма болу үшін, оның белгілі бір грамматикалық
категориялардың мағынасын беруі керек.
Аналитикалық етістік я аналитикалық тұлға болу үшін, дейді А.Ысқақов,-
біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма,
үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек.
Аналитикалық етістік кемі осындай 3 компоненттің тіркесуі арқылы жасалады.
Аналитикалық етістік грамматиканың семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші
есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі – көсемше жұрнағы мен көсемше
етістік - мағына жағынан да, қызметі жағынан да дәйім бірлікте жұмсалады да
бір ғана форма ретінде қызмет етеді. Бұл грамматикалық форма аналитикалық
қосымша я аналитикалық формант деп аталады.
Аналитикалық форманттың І компонентінің есебінде көсемшенің й (а, е),
ып, (іп, п) жұрнағы қызмет етеді де, екінші компоненті ретінде толымды
көмекші етістік жұмсалады.
Әрбір аналитикалық форманттың өзіне тән мағынасы бар:
1. – п, ал – форманты негізгі етістікке жалғанғанда субъект өзге істі қол
тұрып, я басқа іске көшпей тұрып, әрекетті әуелі өзі үшін жүзеге асырып
алуды қалайтындай мән үстейді: көріп ал, жұлып ал, сыпырып ал, жуынып ал,
сөйлесіп ал.
– й ал форманты сол амалды жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін
білдірерліктей
реңк жасайды. Мысалы: үйден шыға алмадым, бітіре аласың ба?
2. – п бар – амалдың бірте-бірте я үдеуін, я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк
үстейді. Мысалы: кетіп барады, тасып барады, бітіп барады т.б.
– й бар амалдың мақсатын не одан жол-жөнекей істелетін амалды
білдіреді. Мысалы: ала бар, қарай бар, сұрай бар.
3. – п бер амалдың бөгде адам үшін істелетінін көрсетеді. Мысалы: айтып
бер, жазып бер, алып бер.
– й бер амалдың тоқтаусыз жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: жаза бер, ала
бер,көре бер.
4. -п кел -й кел
өсіп келеді қорыта кел
көркейіп келеді сөйлей кел
5. -п сал -й сал
айтып салды ала сал
шығарып салды жаза сал
6. -п кет -й кет
қалғып кетті қисая кет
үсіп кетті құлай кет
Толымсыз көмекші етістіктер де аналитикалық форманттар жасауға қатысады:
– ып еді (айтып еді) – са игі еді (айтса игі
еді)
– қан еді (айтқан еді) – ушы еді (айтушы еді)
– атын еді (айтатын еді) – а жатқан еді (бара жатқан
еді)
– ар еді (айтар еді)
Көмекші етістіктің қатысымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын
мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан:
-ған екен (барған екен).
– атын екен (баратын екен)
– ады екен (барады екен)
– са екен (барса екен)
– ар ма екен (барар ма екен)
– мақшы екен (бармақшы екен)
– а жатыр екен (бара жатыр екен)
– ып жатыр екен (барып жатыр екен)
тұр, жүр, отыр – арқылы (сөйлеп тұр екен).
Күрделі етістіктер қазақ тілінде өте көп қолданылатын формалардың бірі
болып табылады. Олар құрамына және грамматикалық мағынасына қарай үш топқа
бөлінеді: (ҚТГ, 155)
1. Есімдер мен еліктеуіштердің көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы
жасалатын тіркесті түбір етістіктер: жек көру, таң қалу, ер жету, құр
қалу, тарс ету, гүрс ету. Күрделі етістіктің бұл түрі ешқандай
грамматикалық үстеме мағына білдірмейді де, лексикалық единица есепті
қолданылады. Сондықтан да бұл форма сөз тудыру категориясына жатады.
2. Еді көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалатын күрделі формалар:
оқыған еді, көрген еді.
3. Көсемше тұлғасындағы етістікке көмекші етістіктің тіскесуі арқылы
жасалатын формалар: оқып шыққан, келе жатыр. Күрделі етістіктер
құрамындағы негізгі етістіктің мағынасына қарай Қазақ тілінің
грамматикасында үшке бөлінген:
а) кесімді күрделі етістік.
ә) босаң күрделі етістік.
б) бейімді күрделі етістік.
Ал, Ысқақов оқулығында Қалау мәнді күрделі етістік түрі қосылған (63-б)
1. Кесімді күрделі етістіктердің алдынғы негізгі сыңары өткен шақ көсемше
формасында жұмсалады, бұл тіркес іс-әрекеттің тиянақты кесімді түрде
өтетінін білдіреді: (жеп қой, алып қой, айтып қой).
2. Босаң күрделі етістіктің алдынғысы келер шақ көсемше формасында
жұмсалады да, бұлар қимылдың, іс-әрекеттің арнайы емес, жол-жөнекей, екінші
бір іспен байланысты өтетінін білдіреді: ала кел, айта бар, кіре шық.
3. Бейімді күрделі етістік мақсатты келер шақ көсемше формасының (-ғалы,
-гелі) қалып етістігімен тіркесуі арқылы жасалады: шығарып салғалы келіпті,
құлағалы тұр.
4. Қалау мәнді күрделі етістік: ғыгі, қыкі форманты арқылы жасалады:
барғым келеді, айтқысы келеді т.б.
Сыпат категориясы.
Қимылдың өтуі, ағымы, мезгілмен өлшенгенде, әр түрлі болады: тез, баяу,
ұзақ болуы мүмкін. Мысалы: су қайнады, су қайнап жатты, су қайнап кетті.
Бұлардың үшеуі де қимылдың өткен шақта болғанын білдіргенмен, бұлардың
арасында семантикалық айырма бар.
Қимылдың осындай өту шегін, ағымын білдіретін етістіктің формасын сыпат
категориясы дейміз. Сыпат категориясы 2-ге бөлінеді: созылыңқы және
аяқталған сипат.
1. Қимыл ағымы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін етістік формасы
созылыңқы сыпатқа жатады. Ол көсемше формалы сөздің қалып
етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады.
2. Аяқталған сыпат – қимылдың, іс-әрекеттің ағымы мен өту шегінің
аяқталғанын көрсететін етістіктің бір түрі. Ол көсемше формасының
көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады: қал, қой, таста, шық,
сол, жібер, кет, бол, бер т.б: айтып шықты, жеп қойды, ашып тастады
т.б.
Қалып етістіктің ерекшеліктері.
Амал-әрекеттің, қимылдың белгілі бір қалпын білдіретін етістіктер қалып
етістіктер деп аталады. Оларға жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктері жатады.
Біріншіден, бұл етістіктер, негізгі етістік есебінде қолданылады: ол
отыр, ол әнгіме айтып отыр.
Екіншіден, бұлардың лексикалық мағыналары басқа, көмекші етістік ретінде
аналитикалық формант құрағандағы беретін реңктері де әр түрлі.
Үшіншіден, қалып етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап, нақ осы
шақ қызметін атқара береді.
Төртіншіден, тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнағы қосыла береді, ал
қалып етістігінен өзге етіс форманты жасалғанымен, өздік етіс жасалмайды.
Бесіншіден, тіліміздегі басқа етістіктің негіздеріне толымсыз көмекші
етістіктер тіркеспейді, ал қалып етістіктері негізіне тіркеседі: тұр еді,
жүр еді. (Ыс.271-272)
Қазіргі тілімізде тек қалып етістіктері тікелей жіктеліп қолданылады.
Жіктелуде ІІІ-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың ІІ-жақ тұлғасы сырттай
сәйкес келеді: ол тұр, - сен отыр, тек жатыр етістіктері ғана ІІІ-жақта
ол жатыр болып, бұйрық райда ІІ-жақта ғана сен жат болып беріледі.
Қалып етістік есімдерше жіктеледі де, ІІІ жақта формасыз қолданылады.
Қалып етістіктің бұндай ерекшелігі түбір тұлға емес екендігінен болып тұр.
Қазіргі кезде түбір деп танылып жүргенмен, олар етістіктің белгілі
формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық
қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір
емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр – ол тұрұр
тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр,
жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы –ұр, –үр қосымшалары түсіп
қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті – процессуалды мәні сақталып қалудың
нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге ие болған.Қалып
етістіктері, бір жағынан, нақ осы шақтың көрсеткіші ретінде жұмсалса,
екінші жағынан қимылдың, іс-әрекеттің өту сипатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz