Қазақ тіліндегі зат есімдердің жақтылық пен жақсыздық категориясы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Жақтылық пен жақсыздық категориясы

Қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшеленетін белгілерінің бірі - осы жақтылық пен жақсыздық категориясы. Бұлайша топтастыруда белгілі заңдылық бар. Лексикалық мағынасы тек «адамды» білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, біз, ол, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Сондықтан да мағынасы жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді үш жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімдердің қалған тобы жіктелмей айтылады. Мысалы, мен балықшы, ұшқыш, Жәмила, атбегі, дәрігер, құдаша жіктеу есімдіктерімен тіркестіріп айтуға болады. Ал, енді, өзен, сай, кереге, төбе, зейін, ықылас, надандық, аю, бөдене, өрмек, жидек, құйын, бұрылыс секілді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарларға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы басқа. Мұндай зат есімдердің бірде-бірі өзінің тура мағынасында жұмсалған да, әсте жіктік жалғауын қабылдамайды. Осы қасиеттері тұрғысынан алғанда, барлық жіктелу қабілеті бар зат есімдер жақтық категориясына жатады да, жіктелу қабілеті жоқ зат есімдер жақсыздық категориясына жатады. Нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аты болып келетін зат есімдердің адамға біткен әр алуан қасиетті бейнелі түрде көрсету үшін кейде көркем әдебиеттерде, көбінесе поэзияда, жоғарыда аталған «адам» ұғымындағы зат есімдердің орнына жүретін кездері де болды. Мұндайда олар жіктік жалғауында келетін кездері де болады. Мұндайда олар жіктік жалғауында келе береді. М, Шамдансам, жығар асаумын, Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі зат есімнің тәуелдік (меншіктілік) категориясы
Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы
Ағылшын тіліндегі зат есімдердің жекеше түрінің грамматикалық мәні, семантикасы және қолданылуы
Қазақ тіліндегі сын есімдердің семантикалық және грамматикалық сипаты
Негізгі және туынды зат есімдердің лексика-грамматикалық сипаты мен күрделі зат есімдердің құрылымы
Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық пен шақтық бейлокалдылықтың функционалды-семантикалық категориясы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зат есімдердің морфологиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Қазақ тіліндегі посессивтілік функционалды-семантикалық категориясы
XI-XII ғасырлар түркі әдеби ескерткіштері (Қутадғу билиг, Һибат-ул хақайиқ) тіліндегі зат есімдердің түбірлері мен негіздерінің қазақ тіліндегі зат есімдермен салыстырмалы тарихи-фонетикалық, морфологиялық және семантикалық талдауы
Зат есімдердің семантикалық және грамматикалық топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz