Зат есім (Қазақ грамматикасы бойынша)



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Зат есім
(Қазақ грамматикасы бойынша)
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша
құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі-
зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық
дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық
тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік
атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат
есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден
(су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің
жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-
шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді
ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен
уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды (А.Ысқақов).
Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат
есімдер.
Зат есімнің жасалуы
Зат есім негізгі және туынды зат есімдер, күрделі зат есімдер болады.
Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, жақсы-лық,
айт-ыс, т.б.
Күрделі зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады.
Мысалы: өнеркәсіп, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, т.б.
Зат есім тудыратын жұрнақтар
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша
арқылы жасалатын туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен 2
топқа бөлініп жүр:
1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
-шы, -ші: ән-ші, аң-шы. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне
кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, шебер-лік, дос-тық, т.б.
Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. –шылық, -шілік
құранды жұрнақтар: егін-шілік, айырма-шылық.
-ша, -ше: бөлім-ше, маңдай-ша.
-шық, -шік: ойын-шық, үй-шік, т.б.
-ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гүр-іл, т.б. Бұл жұрнақтар көбінесе еліктеу
сөздерге жалғанып, сол құбылыстардың атын білдіреді.
-хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-
хана, Қазақ-стан, арба-кеш, т.б.
2) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, кес-пе, т.б.
-ым, -ім, -м: бөл-ім, тый-ым, тоқта-м, т.б.
-қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, сүз-гі, т.б.
-ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, тала-с, т.б.
-ық, -ік, -қ, -к: қаз-ық, көр-ік, сұра-қ, тіле-к, т.б.
-ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, жат-ақ, т.б.
-ғыш, -гіш, қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, т.б.
-ын, -ін: жау-ын, түй-ін, т.б.
-ыш, -іш, -ш: сүйен-іш, қуан-ыш, т.б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, түйре-уіш, т.б.
-ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен, т.б.
Адамзат және ғаламзат есімдері
Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі
жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілінен ерекшелеп, даралап көрсетіп
тұратын белгінің бірі- осы адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән
қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағына тек адамды, кісіні білдіретін зат
есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз, сіз)
предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімнің басқа түрлері болса,
олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық
қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағына жағынан адам деген
жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді 3 жақта бірдей жіктеп айтуға
болғанымен, зат есімнің қалған тобы І, ІІ жақта жіктелмей айтылады.
Мысалға, ұстаз, көрші, адам, Арман деген секілді адамға қатысты зат
есімдерді алатын болсақ, бұларды кез келген жіктеу есімдіктерімен қосып,
мен ұстазбын, сен адамсың, ол көрші деген тәрізді ретпен І жақта да, ІІ
жақта да, ІІІ жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, надандық, бұрылыс
тәрізді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарға қатысты
айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат
есімдердің бірден-бірі өздерінің тура мағынасында жұмсалғанда, жіктік
жалғауының І, ІІ жағын қабылдамайды.
Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары
енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат
есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық
сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-
жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды
семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал
формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді
(А.Ысқақов).
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер
Қазақ тіліндегі зат есімдер семантикалық сипаты жағынан жалпы есімдер
және жалқы есімдер деп аталатын негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы есім деп
бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама
атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді атайды да, жалқы есім деп
жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін
сөздерді айтады.
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін
зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады (А.Ысқақов).
Жеке я дара заттарға берілген белгі-ат ретінде ғана жұмсалатын зат
есімдерді жалқы есімдер дейміз (А.Ысқақов).
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер арасындағы грамматикалық ерекшеліктер:
- жалқы есімдер жекеше түрде айтылып, көптік жалғауын қабылдамайды;
- Жалпы есімдер 2 бірдей тұлғада, әрі жекеше, әрі көпше түрде
жұмсала береді.
Жалқы есімдерге көптік жалғауы мынадай түрде ғана жалғанады:
1. Армандар Астанадан келді. Абайлар заманы, т.б.
2. ағайынды Абдуллиндер, ерлі-зайыпты Әмірхановтар, т.б.
Көптік мәнді есімдер
Көптік жалғауы жалғанбаған сөздің ешбіреуі көптік мағынаны білдірмейді
деген қорытынды жасауға болмайды. Жекеше тұлғада тұрған сөздің лексикалық
мағынасына үңіліңкірей қарау – олардың бәрінің бірдей әркез жекешелік мәнді
аңғарта берілмейтіндігін көрсетеді. Мысалы: Бұл жігіт- жігіттің төресі.
Затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді
көптік мәнді есімдер деп атаймыз (А.Ысқақов).
Зат есімнің жекеше, көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың
қызметіне байланысты болмай, сөздің ішкі лексикалық мағынасына байланысты
болып келуін көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі дейді. Қазақ тілінде
сөз тура мағынасында жұмсалғанда, көптік жалғаудың жалғануын қажет етпейтін
біраз сөздер бар. Мұндай сөздердің бірқатары жалпылық мәнде жұмсалып,
көптік, жекешелік мағынаға бейтарап болып келеді. Ондай сөздердің басты-
басты лексикалық топтары төмендегіше:
1) Әлеуметтік кәсіп түрінің атауышы болып келетін сөздер. Мысалы:
егіншілік, ақындық, т.б.
2) Жұрнақтар арқылы жасалатын мағына дерексіз зат есімдер де осы топқа
кіреді: достық, сыйластық, жоқшылық.
3) Жұп нәрселердің атын білдіретін қолғап, етік, сырға, кебіс секілді
сөздер.
4) Бір-бірімен жұптасып келетін егіз дене мүшелерінің атын білдіретін
сөздердің кейбір контексте қолданылуында да ұқсастық бар. Мысалы: Аяғыңа
етік ки. Көзі бақырайды.
5) Қимылдың, процестің, күй-жайдың атауышы болып келетін зат есімдер де
көптік тұлғада жұмсала бермейді. Мысалы: күлкі, күйініш, реніш.
6) Ғылым салаларының аты да үнемі көптік жалғаусыз айтылады. Мысалы:
физика, тарих, диалектология, т.б.
Көптік мағына тудырудың жоғарыда аталған амалдарының бірі –
синтаксистік тәсіл. Көптік мағынаның сөз өз бойындағы морфологиялық, яки
лексикалық белгілеріне байланысты болмай, оның басқа сөздермен синтаксистік
қарым-қатынас арқылы көрінуі синтаксистік тәсіл деп аталады. Синтаксистік
тәсіл арқылы пайда болатын көптік мағына бар есімдер:
1) Сан жағынан заттың біреу емес, бірнешеу екендігін білдіру үшін оның
атауышы болып келетін сөздердің алдына септік сан есімдерді қойыпайту
тәсілі. Мысалы: жүзге тарта адам, он шақты кітап, көп күн, аз кісі.
2) Есімдермен синтаксистік байланыста жиі айтылатын сөздердің бір
парасы – біраз, бірқатар, бірталай, бірқыдыру, бірнеше, бірсыпыра тәрізді
сөздер. Мысалы: біраз қой, бірталай жан, т.б.
3) Зат есімдер анықталушы сөз ретінде барлық, бар, бәрі, күллі, барша,
һәмме секілді жалпылауыш есімдіктермен тіркесіп келгенде де көптік мағына
білдіреді. Мысалы: барлық ұлт, барша мүлік, т.б.
4) Қос сөздер тұлғалы зат есімдер- а) мағына жағынан біріне-бірі жуық
келетін 2 зет есімнің қосарлануы. Мысалы: ағайын-туған, құрал-сайман, т.б.
б) мөлшер және бейнелеу мағынадағы зат есім түбірінің 2 дүркін қайталануы.
Мысалы: үйір-үйір, қора-қора, т.б.
Көптік тұлға
Көптік мағына
Көптік жалғауы арқылы - ағалар 2 бірдей грамматикалық мағына
-
кітаптар, киімдер, т.б. жекеше, көпше.
Мысалы:
он
шақты бие, біраз қалам, т.б.

Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер
Заттың атауы ретінде жұмсалатын зат есімдер субстантты білдіретін
сөздер. Ешқандай тұлғалық ен-таңбаның көмегінсіз-ақ олар сол түбір қалпында
тұрып-ақ заттың атын білдіре алады.
Реңдік мәнді туынды зат есімдердің біразының пайда болуында есім
сөздерге жалғанатын күрделі қосымша - -сымақ жұрнағының қызметі зор.
Мысалы: батырсымақ, ақынсымақ, көлсымақ, т.б.
-сыз, -сіз, бей- : бейбақ, беймәлім, т.б.
Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер
Зат есім құрамындағы эмоциялы-экспрессиялы сөздерді мынадай 2 топқа
бөлуге болады:
1) Кісінің көңіл-күйінің кірбіңін танытатын сөздер: қайғы, ыза, намыс,
зұлымдық, т.б.
2) Кісінің көтеріңкі көңіл-күйіне байланысты қолданылатын сөздер:
қуаныш, күлкі, достық, құрмет.
Сол сияқты сыни реңі бар арамза, пәлекет, жексұрын, малғұн тәрізді
кісінің біреуге деген кейістігін, наразылығын танытатын сөздер де І топтағы
эмоция-экспрессия реңді есімдер қатарына жатады.
Тілімізде өзінен жасы кішілерге, жас балаларға мейірлене, ықыластан
сөйлейтін кезде олардың атына –жан, -тай секілді морфологиялық элементтерді
қосып айтатын дәстүр бар. Мысалы: Армантай, Маратжан, т.б.
-жан, -тай дегендердің бұлардан басқа үлкен кісілерге айтылатын аға,
апа, көке, ата сияқты есімдерге қосылып, ізет, құрмет, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістіктің жақ категориясы
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Сөздің грамматикалық мағынасы
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Орта ғасырлар лингвистикасы
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Пәндер