Қолмен дәнекерлеу сайманы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Қолмен дәнекерлеу сайманы

Талдықорған 2017 ж.

Дәнекерлейтін аспап

Дәнекерлегіш (Паяльник) - металдарды дәнекерлеу кезінде қолданылатын қол құралы. Ішкі құрылымына көз жүгіртсек, құрал - қыздыратын зат, стержен, изоляциялық қалам, тоқ берілетін кабель мен тоқ көзіне жалғанатын вилкадан тұрады. Арзан тұратын дәнекерлегіштер дәл осы құрылымдардан құралған. Тоққа қосылғаннан кейін, берілген тоқ қыздырғышты іске қосып, одан әрі қарай жылу стерженге беріледі. Стерженді әдеттегідей мыстан жасайды. Дәнкерлегіш температурасы шамамен 180-300 арасында болады.

Жас электронщик: Дәнекерлеп жамау шәйнектерге

Дәнекер (дәнекерлеп жапсыруға қажетті қорытпа)

Дәнекер - бір тұтас дәнекерленген жік қалыптастыру үшін қосылатын беттердің саңлауларын дәнекерлеп толтыруға қолданылатын қосымша метал немесе қорытпа. Дәнекердің қосылатын металлдарға қарағанда балқу температуралары тым төмен . Әдетте дәнекер ретінде қорғасын мен қалайының қоспаларын қолданады. Әрине таза қалайыны қолдануға тыйым жоқ, бірақ тым қымбат демесең. Мықымдылығы жағына келсек, дәнекерлеу ісінде қорғасын мен қалайының қоспасы таза қалайы секілді мықты келеді.

Жас электронщик: Дәнекерлеп жамау шәйнектерге

Дәнекерлеу деп дәнекерленетін жерді қыздырып, қосылатын тетіктер арасындағы қыздырылған саңылауды балқытылған дәнекермен толтырып және кейінірек оны кристалдандырып ажырамайтын бірікпені жасау процесін айтады.

Желімдеу деп желімдеу жолымен ажырамайтын бірікпені жасау процесін айтады. Желімдердің әсері, олардың және желімделетін материалдардың арасында адгезиялық байланысты пайда болғызуға негізделген.

Дәнекерлегіш станцияның техникалық сипаттамасы

Қызметтеріне қойылатын талаптар.

Дәнекерлегіш станция әр түрлі электронды жабдықтарға жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргізгенде контактті және контактсіз тәсілмен жанастыруды қамтамсыз етуі тиіс.

Жабдықтың жеткізілуі топтамасына қойылатын талаптар .

  • Дәнекерлегіш станция
  • Дәнекерлеуші
  • Кептіргіш
  • Орама қорабы

Жеткізілімнің топтамасына келесідей құжаттар енуі тиіс: төлқұжат, бұйымның техникалық сипаттамасы, пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

Жабдықтардың электр өлшемдеріне қойылатын талаптар

өлшемі
мәні
өлшемі: Қуат көзі кернеуі
мәні: 220-240 В 50/60 Гц
өлшемі: Температура (реттелетін) диапазоны
мәні: 200-500 °C
өлшемі: Габариттері
мәні: 170 х 120 х 105 мм
өлшемі: Салмағы, артық емес
мәні: 1, 7 кг
өлшемі: Дәнекерлегіш
мәні: Ауыстырылмалы ұштағышымен
өлшемі: Қыздырғыш
мәні: Керамикалық қыздырғыш
өлшемі: Ағып шығудың кернеуі
мәні: 0, 4 мВ кем емес
өлшемі: Кептіргіш (реттелетін)
мәні: бар

Жабдықтардың жеткізілуіне қойылатын талаптар.

«Ақтау ХТСП» ҰК» АҚ жеткізу.

Жабдықтың жұмысыны сынау және пайдалану нұсқаулығы.

Жабдықтың дұрыс жұмыс істеуіне өнім берушінің кепілдік жауапкершілігі 12 ай.

Жұмыс істеу принципі

Екі сымның басын қосу. Дәнекерлеу ісін бастамас бұрын, тазалық жұмысын жасап алған дұрыс. Тазалыққа қарапайым кеңсе тауарларында жиі сатылатын пышақты қолданылады. Радиотоварлар сататын дүкендерде «конифоль» деген ағаштардан алынатын сұйықтықты сатады. Соны алып, бір сымның ұшын сол сұйықтыққа жібітіледі. Дәнекерлігішпен қыздыруды ұмытпаймыз. Дәнекерлегіш аспаппен сым үстінен дәнекермен бір жүргізіп шығамыз. Жылтырлап қалады. Бір қолымда дәнекерлегіш, екінші қолымда сым. Үшінші қол керек. Дәл солай аталатын құрал бар. Соның қысқышын қолдану арқылы бір сымды бекітеміз. Ал екінші сымды дәнекер жалатқан бетімен бір-біріне жақындатамыз. Дәнекердің бір тамшысын аламыз. Ендігі кезекте термо түтікшесін аламыз. Одан кейін оған 250-300 градуста фенмен үрлейміз. Сіздің мақсатыңыз түтікшені мүмкіндігінше отырғызу.

. Материалдарды дәнекерлеу процесінің мәні және дәнекерлеу үшін қажетті материалдар Дәнекерлеу деп дайындаманы балқытпай, оның бетін сұйық дәнекеремен сулап, кейінірек оны кристалдандырып ажырамайтын бірікпені жасау процесін айтады. Негізгі металды балқытпай бірікпені құрастыру, керекті жағдайда дәнекерді алып тастап қосылысты ажыратуға мүмкіндік береді. Дәнекерленіп біріктірілген қосылыстардың беріктігі, пісіріліп біріктірілген қосылыстармен салыстырғанда төмен. Көміртекті және қоспаланған болаттардың барлық таңбаларын, қатты қорытпаларды, түсті металдарды, сұр және соғылмалы шойындарды дәнекерлеуге болады. Дәнекерлеген кезде суланудың, сұйық дәнекердің қыздырылған бетпен жайылуының және айтылған дәнекер салқындап қатаюдың нәтижесінде металдар қосылады. Біріктірілетін бетпен дәнекердің ілінісу беріктігі, дәнекер және негізгі металдар арасында жүретін физика-химиялық және диффузиялық процестерден тәуелді болады, тағы да дәнекердің беріктік сипаттамасымен анықталады. Саңылауды толтыру жағдайы бойынша дәнекерлеуді капиллярлы және капилярлы емес деп екіге бөлуге болады. Капиллярлы дәнекерлеу кезінде дәнекер капиллярлы күштің көмегімен қосылатын беттер арасындағы саңылауды толтырады және осы саңылауда ұсталынып тұрады. Бірікпе негізгі металдың сұйық дәнекерде еруі және кейінірек ертіндінің кристалдануы нәтижесінде пайда болады. Капилярлы дәнекерлеуді материалды айқастыра біріктірген кезде Пісіру және құю технологиясы 95 қолданады. Жікті құрудың механизмі бойынша капиллярлы дәнекерлеуді диффузиялы, түйіспе-реактивті, реактивті-флюсті деп үшке бөледі. Диффузиялық дәнекерлеу кезінде, дәнекер және дәнекерленетін материалдар сыңарларының өзара диффузиясы негізінде бірікпе пайда болады. Осындайда жікте қатты ертінді немесе баяу балқитын, мортсынатын интерметаллидтер құрылуы мүмкін. Диффузиялық дәнекерлеу кезінде, дәнекерленген жік пайда болатын температурада және процесс аяқталғаннан кейін дәнекердің солидусынан төмен температурада ұзақ уақыт ұстау қажет. Түйіспе-реактивті дәнекерлеу кезінде, біріктірілетін металдар арасында немесе қосылатын металдар мен аралық металдың жұқа қабаты арасында, түйіспелік балқудың жүруі нәтижесінде қорытпа пайда болады. Осы қорытпа саңылауды толтырады және ол кристалданып дәнекерленген бірікпені құрады. Реактивті-флюсті дәнекерлеу кезінде, металл (негізгі) мен флюс арасында жүретін ығыстыру реакциясы нәтижесінде дәнекер пайда болады. Мысалы, алюминийді флюспен дәнекерлеген кезде, мырыш дәнекер болып қызмет жасайды. Реактивті-флюсті дәнекерлеуді дәнекермен және дәнекерсіз жүргізуге болады. Капиллярлы емес дәнекерлеу тәсіліне, дәнекерлеу-пісіру және пісіру-дәнекерлеу тәсілдерін жатқызады. Дәнекерлеу- пісіру тәсілін қолданған кезде, балқытумен пісіру тәсілінде сияқты бірікпе құрылады, бірақ та қосым материалы ретінде дәнекерді қолданады. Пісіру-дәнекерлеу тәсілін қолданған кезде, жергілікті қыздыруды қолданып әр текті материалдарды біріктіреді. Тым жеңіл балқитын материал балқу температурасына жеткеннен кейін дәнекер рөлін атқарады. Ең көп қолданысты дәнекерлеудің капиллярлы тәсілі және дәнекерлеу-пісіру тәсілі тапты. Дәнекерленіп қосылған бірікпенің сапасы (беріктік, қымтау сапасы, сенімділік, т. б. ) негізгі металды, дәнекерді, қыздыру тәсілін, саңылауларды, біріктіру типін дұрыс таңдаудан тәуелді болады. Дәнекер негізгі металды жақсы ерітуі қажет, суландыру қабілетіне иемденуі керек, қымбат және тапшы материал С. Ә. Мәшеков 96 болмауы керек. Дәнекер күрделі құрамы бар түсті металдар балқымасы болып саналады. Барлық дәнекерлер балқу температурасы бойынша былай бөлінеді: ерекше жеңіл балқитын (балқу температурасы < 145 °С) ; жеңіл балқитын (145-450 °С) ; орташа балқитын (450-1100 °С) ; баяу балқитын (>1050 °С) . Ерекше жеңіл балқитын және жеңіл балқитын дәнекерлерге мыналарды жатқызады: индий, кадмий, мырыш, қалайы негізіндегі қалайықорғасынды дәнекерлер. Орташа және бояу балқитын дәнекерлерге мыналарды жатқызады: асыл металдары бар (күміс, алтын, платина) мыстан, мыс-мырыштан, мыс-никельден жасалған дәнекерлер. Дәнекерлерді біріктірілетін орынға қоятын сымтемірлердің шыбығы, қаңылтырлар, жолақ, диск, сақина, түйіршіктер, т. б. түрлермен жасайды. Алюминий және оның қорытпаларынан жасалған бұйымдарды, құрамында кремний, мыс, қалайы және басқа металдар бар алюминий негізі болатын дәнекермен дәнекерлейді. Магний және оның қорытпаларын алюминий, мыс, марганец және мырыш қосылған негізі магний болатын дәнекермен дәнекерлейді. Жегідеге тұрақты болат пен жоғары температурада жұмыс істейтін (500 °С жоғары) отқа төзімді қорытпалардан жасалған бұйымдарды темір, марганец, никель, кобальт, титан, цирконий, гафний, ниобий және палладий негізі болатын бояу балқитын дәнекерлермен дәнекерлейді. Дәнекерлеу флюстерін дәнекерленетін материалдардың беттерін тазарту, тағы да беттік керілуді азайту және сұйық дәнекердің жайылуын және сулануын жақсарту үшін қолданады. Флюс дәнекермен химиялық әсерлеспеуі қажет (реактивті-флюсті дәнекерден басқасы) . Флюстің балқу температурасы дәнекердің балқу температурасына қарағанда төмен болуы керек. Флюс балқытылған және газ тәрізді күйлерде, негізгі металдың бетін балқытылған дәнекермен суландырып жабуға мүмкіндік туғызуы қажет. Флюстер қатты, майұнтақ тәрізді және сұйық күйлерде бола алады. Дәнекерлеудің тәсілдері. Пеште дәнекерлеген кезде, біріктірілетін дайындамаларды мынадай арнайы пештерде қыздырады: электркедергілі пеш; индукциялы қыздыратын пеш; газжалынды пеш; газды пеш. Жиналған түзілімнің жігіне Пісіру және құю технологиясы 97 дәнекерді ертерек қояды, дәнекерленетін жерге флюсті жағады, ал содан кейін бұйымды пешке орналастырады. Осы пеште айтылған бұйымды дәнекерлеу температурасына дейін қыздырады. Дәнекер балқып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Дәнекерлеу режидерін таңдау
CorelDraw бағдарламасымен жұмыс істеу
Қорғаныс газдарының ортасында автоматты дәнекерлеу
Электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың адам ағзасына әсері. Электр-газбен дәнекерлеу кезіндегі адамдарды электр жарақат зардаптарынан қорғау
Компьютерлік графика бағдарламалары
Жер асты газ құбырларының қызмет көрсету
Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Дәнекерлеу
Дәнекерленген резервуарды дайындау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz