Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу
арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі — сөз болса, сөздердің өзара
тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің
заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар.
Сөздердің жасалуы деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын
мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы
жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы,
тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің
жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті Сөздердің жасалуын
лексикадан соң, сөз таптарынан бұрын жеке тарау етіп танып, өз алдына
категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу
ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің
жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу
тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Сөздердің жасалуындағы нақты амал-тәсілдерді білдіру, оны жүйелі оқыту он
жылдық орта мектептің 4-5-класс программаларында Сөздердің жасалуы
бөліміндегі тілдік материалдар жетілдірілген жаңа программада мынадай
жүйемен берілген.
Сөздердің жасалуы мен орфография. Қазақ тілі сөздерінің жасалуы. Түбір сөз.
Қосымшалы сөз. Жұрнақ және оның турлері. Туынды сөз. Түбір сөз. Жалғау және
оның түрлері. Дара және күрделі сөздер.Қосымшалар мен күрделі сөздердің
емлесі. Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау.
V класта өтілген сөздердің жасалуын қайталау. Біріккен сөз туралы түсінік.
Біріккен сөздердің жасалуы. Біріккен сөздердің емлесі. Қос сөз туралы
түсінік. Қос сөздердің түрлері: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер.
Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөз туралы түсінік.Қысқарған сөздердің
емлесі.Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау! (5-класс, 15 сағат).
Қазақ лексикасындағы сөздердің жасалуындағы амал-тәсілдер орфозпия,
орфография заңдылықтарымен ұштастырыла оқыту жетілдірілген программада
нақты көрсетілген. Сөздердің жасалуындағы обьектілер оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты 4-5-класта оқытылады.
Жаңа программада сөздердің жасалуына бұрынғыдан біраз сағат арттырылған.
Сөздердің жасалуының жолдары өз ішінде жүйелі беріледі. Лексикадан алған
білім негізінде сөздік құрамындағы сөздердің жасалуын өз алдына жеке бөлім
етіп оқыту өте ұтымды.
Сөздердің жасалуы деген ұғым-жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ереже-
анықтамалардың жиынтығы. Қазақ тілі сөздерінің жасалу жолдарын оқыту
лексика, грамматика заңдылықтарымен тығыз байланыста қарастырылады.
Сөздердің мағынасы, олардың тұлғалық ерекшеліктері және сөйлемде
қолданылуының бәрі өзара іштей тұтасып жататын заңдылық. Сондықтан
сөздердің әр түрлі жолдармен жасалуы, жаңа ұғым, жаңа бір грамматикалық
тұлғада жұмсалуы сөздік құрамды байытатын және дамытатын категория болып
саналады. Сөздердің әр түрлі тәсілдер арқылы жасалған жаңа ұғымдарының
мағыналары да, грамматикалық, көрсеткіштері де, құрамды бөлшектері де
түрліше болады. Мысалы: су, бұр, қызыл, суат, сусыз, суғар, бұрғы, қара
көк, сары ала, он бес, тасбақа, итмұрын. Аягөз; ата-ана,қора-қопсы, мая-мая
деген сөздердің мағыналары да, жасалу жолдары да, сырт көрініс-тұлғалары да
әрқилы. Нақтылап талдасақ: су, бұр,қызыл дегендер-бір ғана сөзден
жасалған,түбір сөздер; суат, сусыз, суғар, бұрғы сөздері -ат, -сыз, -ғар,
-ты деген әр түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздер.
Қара көк, сары ала, он бес деген сөздер-екі түрлі сөздердің тіркесіп
келуінен жасалған күрделі сөздер. Сол тәрізді тасбақа (тасбақа), итмұрын
(итмұрын), Аягөз (Аягөз) сөздері-екі түрлі сөздің бірігуі арқылы жасалған
біріккен сөздер. Ата-ана, қора-қопсы, мая-мая дегендер-екі сөздің
қосарлануы, қайталануы арқылы жасалған қос сөздер екендігіне жан-жақты
талдау жасалады. Осылайша, нақты мысалдар төңірегінде оқушының
творчестволық ізденіс жасауына басшылық ету нәтижесінде сөздердің жасалу
жолдарының түрліше болатынынан мәлімет беріледі.
Талдау жұмысында аңғартылған тіл заңдылықтарын жинақтау, жүйелеу,
қорытындылау барысында қазақ тіліндегі сөздердің жасалуындағы морфологиялың
тәсіл меы синтаксистік тәсілдер айтылады.
Қазақ тілі сөздерінің жеке түбір сөз және түбір сөздерге түрлі
қосымшалардың жалғануы арқылы жасалатын морфолоғиялың тәсіл болатыны
аңғартылады.
Жеке сөздердің өзара бірігуі, кірігуі арқылы, өзара қосарлануы, қайталануы
арқылы және бірнеше сөздердің өзара тіркесуі арқылы жасалатыны синтаксистік
тәсіл болып саналады.
Әрбір тіл категорияларын оқытуда мұғалім сол материалдан оқушы нені білу,
неге дағдыланды, нендей іскерлігін арттыру керек тәрізді мәселелерді
анықтап, қандай талдау, қандай әдіспен іске асыратынын күні бұрын жоспарлап
отыруға тиіс.
Сөздердің жасалуын оқыту сабақтарына қатысқанда мұғалімдердің өздері сөз
жасаудағы заңдылықтарды іштей саралап, жүйелеуге онша мән бермейтіндерін
аңғартады. Тіл материалдарының қай тақырыбын алмайық, бәрі де фонетика,
лексика, сөздің жасалуы,трамматикамен ұштасып, бір-бірімен тығыз
байланыста болатын тілдің ішкі заңдылықтарын ұстаздардың өздері жете
жүйелей біліп, білімдерін жетілдіріп отырулары керек.
Қазақ тіліндегі сөздердің жасалуын оқыту барысында оқушылар ана тілінің
жалғамалы тілдер тобына жататынын аңғарулары керек. Түбір сөздерге
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалатын амал-тәсілдің өте өнімді екендігін
ескерте отырып, бір жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзден көптеген жаңа
сөздердің жасалатынын аңғарту барысында жалғамалы тілдің ерекшелігі
байқатылады.
Қазақ тілі сөздерінің жасалуындағы тілдің теориялық жақтарынан аңғартылатын
мәліметтер талдау процесі барысында мұғалімнің білім деңгейінде,
практикалық істерінде үнемі аңғарылып, өмірмен байланыстырылып отырылу
методикалық талаптың басты мәселесі болуға тиіс.
Қазақ тіліндегі сөздердің жасалу жолдары сан қилы. Мектеп программасы мен
оқулықтарында әбден қалыптасқан, дәлелденген морфологиялық және
синтаксистік тәсілдер арқылы жасалатын түрлері беріледі. Сөздердің жасалуы
жүйелі курстың программасында 4—5-кластарда өтіледі. Бұл кластарда өтілетін
сөздің жасалуының тізілісі қазақ тілінің жаңа программасында нақты
берілген. Сөздің жасалуын оқыту барысында сөздердің жасалу тәсілдерінің өз
ішінде бірдей еместігі, олардың дара, күрделі, олардың оқылу, жазылу
заңдылықтары, тұлға, құрамы жағынан ерекшеліктері болатындығы түгелдей
ескеріліп, оқушылардың талдау үстінде дұрыс ажырата білу іскерлік,
дағдылары қалыптасады. Сөздердің жасалуын оқыту жөнінде жазылған,
қарастырылған методикалық еңбектер біраз. Атап айтсақ: Ш. Сарыбаев, Д.
Әлімжанов, Ы. Маманов, И. Ұйықбаев сияқты белгілі методист-ғалымдардың
еңбектерінде сөздердің жасалуын оқытудың амал-тәсілдері кеңінен сөз
болады.Көлемінде шығатын Қазақстан мектебі журналы бетінде,
Республикалық педоқу жинақтарында және Мектеп баспасынан жарық көрген
методикалық нұсқауларда өз тәжірибелері жөнінде жазған мұғалімдердің
еңбектері де баршылық. Сөздердің жасалуын оқыту жеке сөздерді,
қосымшалардың жаңа сөз жасаудағы ролін сөз ету үстінде салыстыру,
әңгімелеу, сұрақ-жауап, жүйелеу амал-тәсілдері арқылы іске асады. Түбір
сөзді оқыту. Түбір сөздің тұлғасын, құрамын бірден сөз етпестен бұрын, сөз
— белгілі бір ұғым атауы, ұғымның қағаз бетіне түскен формасы, оның сырт
көрінісі екендігі анықталады. Мұнан соң әр түрлі тұлғада жұмсалатын сөздер
тобы ұсынылып, талдау жасалады. Мысалы: нан, терезе, жақсы, бес, кел, кеше
деген тәрізді сөздердің ең алдымен, мағыналары анықталады, демек нан,
терезе деген сөздер не? деген сұраққа жауап беріп, зат есім; жақсы сөзі
қандай? деген сұраққа жауап болып, сын есім: бес сөзі қанша? деген сұраққа
жауап беріп, сан есім; кел сөзі не қ ы л? деген сұраққа жауап беріп,
етістік; кеше сөзі қашан? деген сұраққа жауап беріп, үстеу болып тұрғаны
талданылып, бұл сөздердің мағыналарының түрліше болып тұрғаны аңғартылады.
Екінші ретте, бұл сөздердің сырт тұлға көріністерінің де бірдей емес екені
сөз болады. Осылайша, сөздердің мағынасы мен тұлғаларының өзара
байланыстылығы және бір-бірінен ерекшеліктеріне оқушының көзін жеткізіп
алған соң, үшінші ретте, бұл сөздердің бәріне ортақ белгі-бұл сөздерді әрі
қарай бөлшектеуге келмейтіні түсіндіріледі.
Түбір сөздердің тұлғалары басқадай жаңа сөздер жасауға негіз болатынын-су-
сулы, сулық, суат, сусын; өн-өнім, өнімпаз, өндір, өндіргіш, өнімді тәрізді
бір түбір сөзден өрбіген туынды сөздерден мысал келтіріп, бұлардың бірнеше
құранды бөлшектерден жасалып тұрғанын оқушылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz