Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және әдістемесі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және
әдістемесі
 
Конституциялық құқық ғылымы барлық құқықтық, заң ғылымдарының
құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз кезегінде қоғамдық ғылымдар
жүйесіне кіреді. Конституциялық құқыққа ғылым ретінде өзінің пәні,
деректемесі, оны зерттеудің өзіндік жолы тән. Конституциялық құқық
ғылымы салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы
конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын
зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі
ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың
құқықтық ғылым жүйесідегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық
құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын,
ҚР мемлекеті механизмін, мемлекеттік органдардың өзара қарым-
қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол
конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын
және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай
жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық
қатынастар туралы, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан
конституциялық құқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың
сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен
салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы
реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық құқықтық нормалар
әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда
оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.
Аталған гылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін
мемлекеттік органдардың қызметін реттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік
органдар, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде
зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық-құқықтық нормалардың
тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық
нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге
қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде
зерттейді. Былайша конституциялық-құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін
қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс-жүзінде олар
реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай емес. Нәтижесінде
конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа
салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең
көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше өзінің
әлеуметтік мәніне орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Азаматтық құқықтың пәні мен түсінігі
Мамандықтың пәндер каталогы
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдістемесі
Аграрлық құқық
Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдісі
ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Пәндер