Қазақстан-Қатар дипломатиялық қатынастары: тарихы, ынтымақтастық және шарт-құқықтық негіздер


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 1 шілдеде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы орнатылды.

Екі жақты қатынастардың негізі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Парсы Шығанағы араб елдеріне турнесі шеңберінде Қатар Мемлекетіне (1998 жыл мамыр) жасаған ресми сапары, сондай-ақ Қатар Әмірі Шейх Хамад бен Халифа Әл Танидың Астанаға сапары (1999 жылғы сәуір, 2008 жылғы наурыз) кезінде қаланды.

2007 жылдың 10-11 наурыз аралығындағы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қатар Мемлекетіне екінші ресми сапары екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.

2008 жылдың 4-5 наурызда Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің Астанаға ресми сапары өтті.

Өткен аралықта Қатарға ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев (1997 ж. мамыр, 1998 ж. наурыз, 2006 ж. мамыр), Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов (2000 ж. қараша), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Вице-министрі А. Досжан (2001 ж. желтоқсан), Энергетика және минералдық ресурстар министрі Б. Ізмұхамбетов (2006 ж. сәуір), Туризм және спорт министрі Т. Досмухамбетов (2006 ж. желтоқсан), Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Б. Ақшолақов (2007 ж. қазан), Президентінің көмекшісі А. Исекешев (2008 ж. сәуір-мамыр), Сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Даненов (2008 ж. желтоқсан), Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі А. Мағауов (2009 ж. ақпан) сапармен барды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ. Есімнің Қатар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнимен кездесуі өтті (2009 ж. наурыз) .

Қазақстанда Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасем бен Джабер Әл Танидің (1998 ж. сәуір), Коммуникация және көлік министрі шейх Ахмад бен Насир бен Халифа әл Тани (2000 ж. мамыр), Мәдениет, өнер істері бойынша ұлттық кеңесінің төрағасы шейх Сауд бен Мухаммад (2002 ж. сәуір), қатарлық «Qatar Petroleum International - QPI» мұнайгаз компаниясының Атқарушы директоры Н. Әл Джайда (2008 ж. мамыр), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Мемлекеттік министрі Халед бен Мұхаммад әл Аттыйя (2008 ж. қазан), Әділет және құқық жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің мүшесі шейх С. әш-Шамри сияқты тұлғалар болды (2009 ж. шілде) .

Қатар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде бақылаушы мәртебесіне ие болды (2008 ж. тамыз) .

Қазақстан-қатарлық үкіметаралық комиссиясының екі отырысы 2000 ж. мамырда Дохада, 2001 ж. мамырда Астанада өтті.

Қатар Мемлекеті Қазақстанға «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығын салуға қайтарымсыз көмек ретінде қаржы бөлді.

2002 жыл наурыз айында Қатарда Қазақстанның мәдени күндері өтті.

Қазақстан мен Қатар арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 716 мың АҚШ долларын құрды (экспорт - 309 мың, импорт - 407 мың) .

Қазақстан-қатар қатынастарының шарт-құқықтық негізін 6 құжат құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Үндістан қатынастары: дипломатиялық, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Латвия қатынастары: дипломатиялық, экономикалық және мәдени ынтымақтастық
Қазақстан мен Швейцария қатынастары: дипломатиялық және экономикалық ынтымақтастық (1992-2006)
1991-2001 жылдары Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары: дипломатиялық, экономикалық және мәдени ынтымақтастық
Қазақстан мен Ұлыбританияның экономикалық қарым-қатынастары: дипломатиялық негіз, инвестициялар және энергетикалық ынтымақтастық
Қазақстан-Ресей қатынастары: құқықтық негіз және көпсалалы ынтымақтастық
Қазақстан мен Испанияның экономикалық қатынастары: тарихы, қазіргі жағдайы және ынтымақтастық перспективалары
ТМД мемлекеттерінде дипломатия мен дипломатиялық қызметтің құқықтық негізінің қалыптасуы және Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен дипломатиялық қатынастары
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының қызметінің халықаралық-құқықтық аспектілері және Қазақстанмен шарттық-құқықтық ынтымақтастық
ТМД мемлекеттерінде дипломатия мен дипломатиялық құқықтың дамуы: Қазақстан Республикасының дипломатиялық қатынастары (1991-2011)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz