Қызылқия кен орнында ұңғымаларды механикалық пайдалану әдісімен игеру


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Бұл дипломдық жоба «Қызылқия кен орнында ұңғымаларды механикалық пайдалану әдісімен игеру» тақырыбында жазылды.

Дипломдық жоба төрт бөлімнен тұрады:

- Геологиялық бөлімде кен орнының геолого-геофизикалық зерттеулері стратиграфиясы, тектоникасы, мұнай газдылығы және сулылығы жайлы мәліметтер енгізілген.

-Техника-технологиялық бөлімде ағымды игеру мен скважиналар қорына талдау жасалған, скважиналы гидродинамикалық зерттеу нәтижелері қабат мұнайының құрамы, кен орнының игеру жобалары және өнімділігі аз скважиналарды механикалық әдіске ауыстыру жұмыстары қарастырылған.

-Экономикалық бөлімде игеру жобаларын талдаудың экономикалық тиімділік есебі келтірілген.

- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде экология мен қоршаған орта мәселелері, өрт қауіпсіздігі, меңгеру процесін жүргізу барысында жұмысшылардың техника қауіпсіздігі келтірілген.

Аннотация

Данный дипломный проект написан на тему «Разработка нефтяного месторождения Кызылкия механизированным способом» .

Проект состоит из 4-х частей геологической, технико-технологической, экономической, охрана труда и охрана окружающей среды.

В геологической части приведены общие сведения о геолого-геофизических исследованиях, стратиграфий тектоники, нефтегазоносность и водоностность месторождения.

В технико-технологической части рассмотренны анализы текущей разработки фонда скважин, гидродинамических исследовании скважин, в этой же части представлены общие сведение о составе пластовой нефти и проект разработки.

В экономической части дипломного проекта анализируются технико-экономические показатели, расчитывается экономический эффект от внедрения мероприятия.

В дипломном проекте полностью охвачены проблемы охраны труда и окружающей среды в нефтедобыче.

Мазмұны

Кіріспе

1. Геологиялық бөлім

1. 1. Геологиялық құрылымның қысқаша сипаттамасы

1. 2. Өнімді қабаттың сипаттамасы және қабат қалыңдығы

1. 3. Мұнайдың физико-химиялық қасиеті

1. 4. Физико-гидродинамикалық сипаттамасы

1. 5. Мұнай және газдың қоры

2. Технико-технологиялық бөлім

2. 1. Кен орнын игерудің қазіргі жағдайы

2. 2. Мұнай, газ және су өндіру сипаттамасы

2. 3. Кен орнының энергетикалық сипаттамасы

2. 4. Игеру процессін бақылау іс-шарасының орындалуы

2. 5. Ұңғыманы пайдаланудың технологиялық шарттағы сипаттамасы

2. 6. Ұңғыманы механикалық әдіспен пайдалану

2. 7. Ұңғымаларды жер асты және күрделі жөндеу

2. 8. Су айдаудың сипаттамасы

2. 9. Скважинаға терең сорапты қондырғыны таңдаудың есебі

3. Экономикалық бөлім

3. 1. «Петро Қазақстан Құмкөл ресорсиз» АҚ даму тарихы

3. 2. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы

3. 3. Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық

көрсеткіштер

3. 4. Қызылқия кен орнында скважиналарды механикаландырған

әдіспен игеруді есептеу

4. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі

4. 1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және ұйымдастыру процестері

4. 2. Өндірістік фактордың адам ағзасына әсері.

4. 3. Өндірістік санитария

4. 4. Жарақаттану және кәсіби аурулар себептерін талдау әдістері

4. 5. Шудан және дірілден қорғау шаралары

4. 6. Еңбек гигиеналық жағдайларын зерттеу

4. 7. Ластанушылар түрлері, олардың көздері және масштабтары

4. 8. Атмосфераның ластануын бәсендету шаралары

4. 9. Топырақ, жер қойнауларын қорғау шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебеттер тізімі

Кіріспе

Қызылқия кен орны Қазақстан республикасы, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының аумағында орналасқан. Кен орны 1986 жылы ашылды.

Кен орнының құрылымы Турлан геофизикалық экспедициясының терең бұрғылау нәтижесінде анықталды. 1986 жылы төменгі неоком (төменгі бор) шөгінді қабатынан ең бірінші №3 ұңғымадан мұнай ағыны алынды.

Кен орнының географиялық орналасуы Торғай ойпатының оңтүстік бөлігі және келесі координаттарымен шектелген: 46 0 17 / -46 0 30 / СШ және 64 0 -59 / - 65 0 10 / в. д. Ең жақын елді-мекен және теміржол оңтүстікке қарай 100 шақырым қашықтықта Жосалы станциясы орналасқан.

1994 жылы кен орнында «Туран-Петролеум» БК қосымша сеймобарлау жұмыстарын жүргізді. 2001 жылы ЖАҚ «Азимут Энерджи Сервис» компаниясы 3D сеймобарлау жұмыстарын жүргізді.

Кен орнында іздеу-барлау жұмыстарын Оңтүстік Қазақстан облысының ПГО “Южказгеология” мұнай барлау экспедициясы жүргізді. 1994 және 2001 жылдары «Туран-Петролеум» БК және «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ қосымша барлау-пайдалану жұмыстары жүргізілді. Ұңғымаларда өндірістік-геофизикалық зерттеу жұмыстарын Түлкібас мекемесі жүргізді.

Қызылқия мұнайгаз кен орнын игеру «Қызылқия мұнайгаз кен орнын игерудің технологиялық жүйесінің» ІІ-вариантымен келісе отырып, ЦКР РК (№23 хаттама, 26. 06. 2003ж. ) бекітілген, жер қойнауын пайдаланушы «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ.

Берілген есептеме (РД 39-0147035-203-87) номерлі әдістемелік нұсқау бойынша 01. 01. 2005жылы жасалынған және Қызылқия мұнайгаз кен орнын игерудің технологиялық жүйесінің І-сатысы болып есептеледі.

Есептемеде:

- керн материалын зерттеу;

- кен орнының геологиялық құрылымы анықталды;

- мұнайдың тереңдік сынамалары зерттелді;

- кен орнының қазіргі энергетикалық жағдайы талданды;

- қабатқа айдалатын судың құрамы талданды;

- жобалық шешімдерді орындауға ұсыныс берілді.

Ұсынылып отырған жұмыста АҚ «Петро Казахстан Кумколь ресорсиз» мекемесінің жобалау бөлімінің және кен орнын игеру бөлімінің мамандарының көмегімен нақты мәліметтер алынды.

1. Геологиялық бөлім

1. 1. Геологиялық құрылымның қысқаша сипаттамасы

Қызылқия кен орнында шөгінді тау жыныстарының қабаты мезозой іргетасы шөгінділерінің фундаменттерінен төрттік жүйе ірге тасына дейін қосылған. Стратиграфиялық бөліктеу үшін каротажды диаграммалар, шлифтер қолданылды. Арысқұм горизонтының коллекторлары болып құмды-алевролитті тау жыныстары, көлдер мен шөгінді түзілімдер табылады.

Қызылқия кен орны Ақсай горст-антиклиналының солтүстік жарты бөлігінің орталығында орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде юра қабаты түзілген. Арысқұм горизонтының төменгі табанында ақшабұлақ свитасы (ОГ-PZ-OГ-III), ортаңғы және жоғарғы горизонттардың төменгі фундаменттің беткі бөлігіне қысылып, қабаттың құрылымдық деңгейінің өзгеруне байланысты құрылымдық жоспары күрт өзгерген. Осы себептен стратиграфиялық-құрылым төрт бөлікке бөлінеді: Солтүстік, Шығыс, Батыс және Оңтүстік Батыс Қызылқия.

2001-2002 жылы Қызылқия кен орнында геологиялық құрылымын нақты бөліктеп анықтау үшін 3D сейсмикалық барлау жүргізілді. Сейсмоматериалдардың интерпретациясы нәтижесінде оңтүстік Торғай бассейніндегі Арысқұм құмды қабаты бойынша құрылым картасы талданды. Жұмыс «Азимут Энерджи Сервисез» ААҚ-ның қатысуымен жүргізілді.

Қызылқия кен орнын игерудің технологиялық схемасының есебі бойынша 45 ұңғыма бұрғыланды, оның ішінде 01. 01. 02ж. -01. 01. 05ж. аралығында 15 пайдаланушы ұңғыма (№№25, 26, 36, 104, 109, 112, 115, 116, 117, 118, 119, 122, 123, 202, 209) бұрғыланды.

Қарастырылып отырған пайдалану кешені М-ІІ горизонтымен арысқұм горизонтымен және мұнайгаздылық төрт блоктың барлық шектерімен стратиграфиялық байланыс жасап тұр. М-ІІ горизонты қабаттық-сводтармен, тектоникалық және литологиялық шектелген болып табылады.

Барлық бұрғыланған ұңғымалар геофизикалық зерттеуден (ГИС) өткен, керн алынып зерттелген және сумұнай шекарасын анықтау үшін қабат флюидтеріне талдау жасалған.

Қабат-коллекторлары жоғары бірқалыпсыздықпен сипатталады және бөлек қабатшаларға жіктеледі.

Геологиялық моделдің негізінде, 3D сейсмобарлау материалдарының қорытындысында, қосымша ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде құрылымдық модел алынды.

Солтүстік блокта М-ІІ өнімді қабатын ашатын 25 ұңғыма ( №№3, 8, 9, 10, 13, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 36, 100, 104, 109, 110, 112, 115, 116, 117, 118, 119, 122, 123, 130) бұрғыланды, оның ішінде 21 ұңғымадан мұнай алынса, 4 ұңғымадан (№№10, 30, 13, 36) су алынды. Осы ұңғымаларды бұрғылап, 3D сейсмикалық барлау нәтижесінде блоктардың құрылымы анықталды.

Кеніштің ауданы 24, 85 км 2 , оның ішінде ЧНЗ- 1, 1 км 2 , ВНЗ - 23, 75 км 2 . Сумұнай шекарасы -1397, 34 м (№104 ұңғыма), -1405 м (№№112, 29, 110, 100), -1407 м (№118) аралықта ауытқиды.

Мұнай қанығу бөлігіндегі қабатшалардың саны 2 м-ден (№№13, 30, 36, 130) 10 м-ге (№25) дейін өзгереді.

Тиімді мұнайқанығу қабаттарының қалыңдығы 0, 8 м-ден (№8), 18, 4 м-ге дейін (№110) өзгереді (кесте 1. 1) .

М-II горизонтының өнімділігі сыналған ұңғымаларда 13, 2 м 3 /тәулік (№116), 125, 4 м 3 /тәулікке (№26) дейін өзгереді (кесте 1. 2) .

Шығыс блок мұнай кенішінің фундаментімен литологиялық-шектелген тұсқа сәйкес келеді. Блокта 8 ұңғыма бұрғыланған (№№2, 4, 11, 12, 17, 20, 21, 202), оның ішінде 4 ұңғыма (№№2, 4, 11, 20) сулылық қабатыны бұрғыланған. Кеніштің ауданы 14, 928 км 2 құрайды, оның ішінде ГНЗ-1, 753 км 2 , ЧНЗ-5, 775 км 2 , ВНЗ-7, 4 км 2 . Су-мұнай шекарасы -1405 метр тереңдікте орналасқан.

Мұнайға қаныққан коллекторлар бөлігінде қабатшалар 1 метрден (№12 ұңғыма) 4 метрге дейін (№202 ұңғыма) өзгереді. Мұнайға қаныққан қабаттардың қалыңдығы 3, 2 метрден (№2 ұңғыма) 15, 8 метрге дейін (№12 ұңғыма) өзгереді. Блоктың өнімділігі №№12, 17, 21, 202 ұңғымаларды сынама бұрғылау кезінде анықталды.

Батыс блокта 5 ұңғыма бұрғыланды (№№7, 15, 19, 23, 209) .

Фундаменттің ілгері шығуына байланысты блок шектеліп, екі аймаққа бөлінген: солтүстік мұнай кеніші (№7 ұңғыма аумағы) және оңтүстік газмұнай және мұнай кеніші (№15, 19) .

Газмұнай шекарасы -1368 метр тереңдікте орналасқан.

Сумұнай шекарасы суға қаныққан қабатта №4 ұңғыма аумағында 1405 метр тереңдікте орналасқан.

Кеніштің ауданы 8, 4 км 2 , оның ішінде ГНЗ - 2, 2 км 2 , ЧНЗ - 4, 125 км 2 , ВНЗ - 2, 075 км 2 .

Мұнай бөлігінің тиімді қалыңдығы 4, 2 метрден (№7, 209 ұңғыма) 7, 2 метрге д ейін (№19 ұңғыма) өзгереді.

№15 ұңғымада -1477-1484 метр тереңдіктен 10, 1 мм-лік штуцермен өнімділігі 22, 9 м 3 /тәу болатын газ алынды.

Оңтүстік-Батыс блок №23 ұңғымада ашылды. Блок басқаларымен салыстырғанда тектоникалық бұзылулармен қиын жағдайда орналасқан. Алдын-ала мұнай коллекторы қорын есептеу кезінде бұл қабат жоғары Юра шөгінділеріне жатқызылған, бірақ №23 ұңғыманы геолого-геофизикалық зерттеу барысында М-II өнімді қабатына жататыны анықталды.

Сумұнай шекарасы соңғы мұнайға қаныққан қабатта -1438 метр тереңдікте орналасқан (№23 ұңғыма) .

Кеніштің ауданы 5, 0 км 2 .

Мұнай коллекторының тиімді қабаты 2, 2 метр.

1. 2. Өнімді қабаттың сипаттамасы және қабат қалыңдығы

Жаңа ұңғымаларда геофизикалық зерттеу жұмыстарының материалдарын өңдеу барысында, алынған кернді зерттеу барысында өнімді қабат-коллекторларының сипаттамалары анықталды (1. 1-1. 3-кесте) .

М-ІІ өнімді кешенінің жалпы қалыңдығы 5, 8 метрден (№20 ұңғыма) 45 метрге дейін өзгереді (№110 ұңғыма) . Жалпы тиімді қалыңдық 1, 4 метрден (№11 ұңғыма) 36 метрге дейін өзгереді (№110 ұңғыма) .

Газға қаныққан қабаттың қалыңдығы №15 ұңғымада 4 метр құрайды.

Тиімді мұнай қабатының қалыңдығы 0, 8 метрден 18, 4 метрге дейін өзгереді.

М-II кешенінің құмдылығы 0, 12-ден 1-ге дейін. Орташа құмдылығы 0, 70.

Кен орнында өнімді қабат төменгі бор кенішінің арысқұм шөгінділерінен құралған. М-II өнімді кешенінен алынған керндерді петрографиялық және петрогеофизикалық зерттеу нәтижесінде гравилит, құмтасты және алевролит түрінде, кейбір жерлері аз цементтелген аргилит қабатшаларынан тұратыны анықталды.

Барлау сатысында керн 18 ұңғымадан алынды.

Қызылқия кен орнында 2002-2005 жылдар аралығында 15 ұңғыма бұрғыланды.

Өнімді қабаттың сүзгіштік-қасиеттерін анықтау үшін кернді зертханалық зерттеу жұмыстары Қызылорда қаласындағы ЮКНРП қабат физикасы зертханасында және Атырау қаласының Core Laboratories LLP зертханасында зерттелді.

Мұнайға қаныққан коллектордың кеуектілігі 0, 11- ден 0, 3083 бірл. бөлігіне тең, орташа 0, 2133 бірл. бөлікті құрайды. Өткізгіштік 0, 0011 ден 3, 2405 мкм 2 құрайды, орташа 0, 302 мкм 2 .

«Мунайгазгеолсервис» ЖШС (2004 ж. ) кеуектілік коэффициентінің, қанығу коэффициентінің және суға қанығу коэффициентінің параметрлерін анықтау барысында 123 ұңғымада Рп=f(Кп) и Рн=f(Кв) теңдеуімен тәуелділіктер анықталды: Рп=Кп -1, 5798 с достоверностью аппроксимации R 2 =0, 9887 (сурет 1. 1. )

Рн=0, 9989Кв -1, 9408 с R 2 =0, 9879 (сурет 1. 2. )

Петрографиялық тәуелділікті тұрғызу үшін керекті мәліметтер 1. 1-кестеден алынды.

Сурет 1. 1. Өткізгіштік коэффициенті

Сурет 1. 2. Өткізгіштік параметрінің өткізгіштік коэффициентіне тәуелділігі

Қабат қалыңдығының сипаттамасы

Кесте 1. 1.

Қалыңдығы: Қалыңдығы
Аталуы: Аталуы
Горизонт: Горизонт
Қалыңдығы: К 1ne 1r
Қалыңдығы:
Қалыңдығы: Жалпы
Аталуы: Орташа, м
Горизонт: 23, 9
Қалыңдығы:

Коэффициент вариации,

бірл. бөлігі

Аталуы: 0, 46
Қалыңдығы: өзгеру аралығы, м
Аталуы: 8, 4-45
Қалыңдығы: Тиімді мұнайға қанығу
Аталуы: Орташа, м
Горизонт: 38
Қалыңдығы:

Коэффициент вариации,

бірл. бөлігі

Аталуы: 8, 0
Қалыңдығы: өзгеру аралығы, м
Аталуы: 0, 58
Қалыңдығы:

Тиімді суға

қанығу

Аталуы: Орташа, м
Горизонт: 0, 8-18, 4
Қалыңдығы:

Коэффициент вариации,

бірл. бөлігі

Аталуы: 30
Қалыңдығы: өзгеру аралығы, м
Аталуы: 9, 97
Қалыңдығы: Жалпы тиімділігі
Аталуы: Орташа, м
Горизонт: 0, 58
Қалыңдығы:

Коэффициент вариации,

бірл. бөлігі

Аталуы: 1-24, 1
Қалыңдығы: өзгеру аралығы, м
Аталуы: 27

Қабаттың біртексіздігі сипаттамасының статикалық көрсеткіштері

Кесте 1. 2

Қабат:

Қабат

Анықтау үшін арналған ұңғымалар саны:

Анықтау үшін арналған ұңғымалар саны

Құмдылық коэффициенті,бірл. бөлігі:

Құмдылық коэффициенті,

бірл. бөлігі

Бөліну коэффициентібрл. бөлігі:

Бөліну коэффициенті

брл. бөлігі

Қабат:

Орташа мәні

Анықтау үшін арналған ұңғымалар саны:

өзгеру аралығы

Құмдылық коэффициенті,бірл. бөлігі:

вариация коэффициенті бірл. бөлігі.

Бөліну коэффициентібрл. бөлігі:

Орташа мәні

өзгеру аралығы

вариация коэффициенті бірл. бөлігі.

Қабат: М-II
Анықтау үшін арналған ұңғымалар саны: 39
Құмдылық коэффициенті,бірл. бөлігі: 0, 70
Бөліну коэффициентібрл. бөлігі: 0, 12-1
0, 217
3, 77
1-10
0, 469

Мұнайгаз қанығу коллекторларының сипаттамасы

Кесте 1. 3.

Анықтау әдісі: Анықтау әдісі
Аталуы: Аталуы
өткізгіштігі,мкм2:

өткізгіштігі,

мкм 2

КеуектілігіБірл. бөл:

Кеуектілігі

Бірл. бөл

Бастапқы: Бастапқы
Анықтау әдісі: Мұнайға қанығуы
Аталуы:

Газға

қанығуы

Анықтау әдісі: Кернді зертханалық зерттеу
Аталуы: Ұңғыма саны, дана.
өткізгіштігі,мкм2: 10
КеуектілігіБірл. бөл: 10
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Анықталу саны, дана
Аталуы: 174
өткізгіштігі,мкм2: 174
КеуектілігіБірл. бөл:
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Орташа мәні
Аталуы: 0, 302
өткізгіштігі,мкм2: 0, 2133
КеуектілігіБірл. бөл:
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Вариация коэффициент
Аталуы: 1, 5158
өткізгіштігі,мкм2: 0, 1700
КеуектілігіБірл. бөл:
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Өзгеру аралығы
Аталуы: 0, 0011-3, 2405
өткізгіштігі,мкм2: 0, 11-0, 3083
КеуектілігіБірл. бөл:
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Ұңғыманы геофизикалық зерттеу
Аталуы: Ұңғыма саны, дана.
өткізгіштігі,мкм2:
КеуектілігіБірл. бөл: 38
Бастапқы: 30
Анықтау әдісі: Анықталу саны, дана
Аталуы:
өткізгіштігі,мкм2: 144
КеуектілігіБірл. бөл: 141
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Орташа мәні
Аталуы:
өткізгіштігі,мкм2: 0, 19
КеуектілігіБірл. бөл: 0, 60
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Вариация коэффициент
Аталуы:
өткізгіштігі,мкм2: 0, 257
КеуектілігіБірл. бөл: 0, 15
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Өзгеру аралығы
Аталуы:
өткізгіштігі,мкм2: 0, 11-0, 36
КеуектілігіБірл. бөл: 0, 43-0, 82
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Ұңғыманы гидрогеологиялық зерттеу
Аталуы: Ұңғыма саны, дана.
өткізгіштігі,мкм2: 7
КеуектілігіБірл. бөл: -
Бастапқы: -
Анықтау әдісі: Анықталу саны, дана
Аталуы: 10
өткізгіштігі,мкм2: -
КеуектілігіБірл. бөл: -
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Орташа мәні
Аталуы: 188
өткізгіштігі,мкм2: -
КеуектілігіБірл. бөл: -
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Вариация коэффициент
Аталуы:
өткізгіштігі,мкм2: -
КеуектілігіБірл. бөл: -
Бастапқы:
Анықтау әдісі: Өзгеру аралығы
Аталуы: 12-675
өткізгіштігі,мкм2: -
КеуектілігіБірл. бөл: -
Бастапқы:

1. 3. Мұнайдың физико-химиялық қасиеті

Қызылқия кен орны бойынша мұнай-газдың физико-химиялық құрамын және қасиетін 2003 жылы «НИПИнефтегаз» ЖАҚ институты толық зерттеп, талдаудан өткізді. Сынамаға М-ІІ өнімді қабатының солтүстік бөлігінде орналасқан №9 ұңғымасынан 1485-1507 метр тереңдігінен мұнай алынды.

Алынған сынама бойынша қабаттағы мұнайдың физико-химиялық қасиеттері, яғни негізгі параметрлер алынды: тығыздығы, тұтқырлығы, қату температурасы, фракциялық және көміртегі құрамы, күкірт құрамығ парафинділігі, асфальтендер құрамы және т. б.

2004 жылы қабат жағдайындағы мұнайды және газды «Пенкор» ЖАҚ-ы шығыс бөлікте орналасқан №№12, 17, 202 ұңғымалар бойынша және солтүстік бөлікте орналасқан №№104, 109 ұңғымаларда зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде жер бетінде мұнайдың физико-химиялық қасиеттері жоқ болды. Сол себептен болашақта мұнай сынамасына толық талдау жүргізу керектігі ұсынылды.

1. 4. және 1. 5- кестелерде қабат жағдайындағы мұнайдың және газдың физико-химиялық қасиеттері, 1. 6. және 1. 7-кестелерде жер бетінде мұнайдың физико-химиялық қасиеттері және 1. 8. және 1. 9-кестелерде бір мәрте газсыздандыру кезіндегі газдың компоненттік құрамы көрсетілген.

Солтүстік блок

Қызылқия кен орнының мұнайының физико-химиялық сипаттамасы үш сынамалық ұңғымалар бойынша анықталды (№9 және №104, 109 ұңғымалар) .

Қабаттағы мұнайдың тығыздығы 685-715 кг/м 3 , орташа қабат температурасы 63 о С болғанда тығыздық 701 кг/м 3 . Мұнайдың газбен қанығу қысымы 6, 7 МПа-дан 8, 9 МПа-ға дейін өзгереді, орташа 7, 6 МПа. Газ құрамы 116, 7 м 3 /т - 134, 1 м 3 /т аралығында, орташа 126, 9 м 3 /т. Мұнайдың тұтқырлығы 0, 43 мПа·с - 0, 66 мПа·с аралығында өзгереді, орташа 0, 57 мПа⋅с. Көлемдік коэффициенті 1, 32 - 1, 36 аралығында, орташа 1, 34 құрайды (кесте 1. 4, 1. 5) .

Беттік жағдайдағы мұнайдың физико-химиялық қасиеті №9 ұңғымадан алынған сынама бойынша анықталды. Солтүстік блоктың мұнайы жеңіл, парафинді және аз күкіртті. Беттік жағдайдағы мұнайдың тығыздығы 801 кг/м 3 . Мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы 20 о С-да 4, 08 мм 2 /с тең. Мұнай құрамындағы асфальтендер мөлшері 13, 96%. Парафин мен күкірттің мөлшері 5, 05% және 0, 07% құрайды. 300 о С температурада қайнату нәтижесінде жеңіл фракциялардың құрамы 63% құрайды (кесте 1. 6, 1, 7) .

Газ құрамындағы негізгі компоненттер метан болып табылады, оның мөлшері 42, 55% моль-ден 63, 84% моль-ге дейін өзгереді, орташа 50, 07% моль. Этан - 14, 7% мольден 16, 52% мольге дейін, орташа 15, 96% моль;

Пропан - 10, 68% мольден 18, 88% мольге дейін, орташа 15, 82% моль.

Күкіртсутегі кездеспейді. Азот және көмірқышқыл газы орташа 3, 15% моль және 0, 11% моль құрайды. Ауа бойынша газдың бірлік салмағы 0, 847 - 0, 938, орташа 0, 893 құрайды (кесте 1. 8, 1, 9) .

Шығыс блок

Мұнайдың физико-химиялық сипаттамасы үш сынамалық ұңғымалар бойынша анықталды (№12 және №№17, 109 ұңғымалар) . Зерттеу жұмыстары «Пенкор» ЖШС зертханасында жүргізілді.

Қабаттағы мұнайдың тығыздығы 636-659 кг/м 3 , орташа қабат температурасы 69 о С болғанда тығыздық 645 кг/м 3 . Мұнайдың газбен қанығу қысымы 12, 6 МПа-дан 15, 1 МПа-ға дейін өзгереді, орташа 13, 9 МПа. Газ құрамы 171, 1 м 3 /т - 208, 5 м 3 /т аралығында, орташа 195, 8 м 3 /т. Мұнайдың тұтқырлығы 0, 29 мПа·с - 0, 36 мПа·с аралығында өзгереді, орташа 0, 26 мПа⋅с. Көлемдік коэффициенті 1, 43 - 1, 54 аралығында, орташа 1, 50 құрайды

Беттік жағдайдағы мұнайдың физико-химиялық қасиеті жүргізілген жоқ. Мұнай құрамын толық талдаудан өткізу ұсынылады.

Газ құрамындағы негізгі компоненттер метан болып табылады, оның мөлшері 59, 65% моль-ден 60, 75% моль-ге дейін өзгереді, орташа 60, 07% моль. Этан - 12, 63 % мольден 13, 92% мольге дейін, орташа 13, 16% моль;

Пропан - 12, 18% мольден 13, 47 % мольге дейін, орташа 12, 71% моль.

Азот және көмірқышқыл газы орташа 0, 08% моль және 1, 99% моль құрайды. Ауа бойынша газдың бірлік салмағы 0, 935 - 0, 961, орташа 0, 948 құрайды.

Кесте 1. 4. Қабат жағдайындағы мұнайдың физико-химиялық қасиеті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кен орнының геологиялық құрылымы
Оңтүстік Маңғышлақ бөлігінің геологиясы мен мұнайгаздылығы және шығыс Аққар кенорнында іздеу жұмыстары жобасын жасау
ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдалану
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
Жалпы ұңғылар қоры
Құмкөл кен орны
Жойылған ұңғылар қоры
Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
Ащысай кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz