Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдың 11 қаңтарында орнатылды.

ҚР Сауд Арабиясындағы Елшісі Қ. Лама Шариф 2007 ж. маусымда Қазақстанның Кувейттегі Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 2010 ж. шілдеде Кувейт Мемлекетінің Пәкстандағы Елшісі Науаф әл-Онейзи ҚР-дағы қосалқы Елші болды.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық негіздері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 1997 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Кувейтке жасаған ресми сапары кезінде қаланды.

Cапар нәтижесінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдерге, сондай-ақ екі ел Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы меморандумға қол қойылды.

Кувейт Мемлекетіне ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың (1997 ж. ), Астана қаласы әкімі Ө. Шүкеевтің (2005 ж. ), Сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Ермекбаевтың (2008 ж. ), Энергетика және минералдық ресурстар министрі С. Мыңбаевтың (2008 ж. ), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О. Өксікбаевтің (2008 ж. ), Туризм және спорт министрі Т. Досмұхамбетовтің (2009 және 2011 жж. ), Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н. Коржованың (2010 ж. ) сапарлары болды.

Қазақстанға Кувейт Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Н. Родан (1992 ж. ), Ұлттық Ассамблеяның (Парламент) делегациялары (1998, 2002 және 2010 ж. ), Кувейт Әмірі Әкімшілігінің басшысы шейх Насер Ас-Сабах (2008 ж. ), Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ас-Сабах (2008 ж. ), Азия Олипиялық Кеңесінің Президенті шейх Ахмед Ас-Сабах (2007, 2010 және 2011 жж. ) сапар жасады.

Кувейт Астана қаласы әкімдігі жаңа ғиматарының құрылысына (10 млн. долл. ), Астананың сол жағалуы инфрақұрылымының және Арал теңізі аймағын сумен қамтамасыз ету жобасының техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге (2, 3 млн. долл. ) гранттар бөлді. Кувейттік кредиттер есебінен (11, 5 млн. долл. ) Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарындағы сумен қамтамасыз ету, санитария және денсаулық сақтауды жақсарту жобалары жүзеге асырылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-кувейт үкіметаралық комиссиясының екі отырысы өтті - 2008 ж. Астана қаласында, 2010 ж. әл-Кувейт қаласында.

Қазақстан мен Кувейт арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 192, 1 мың долларын құрады (экспорт - 33, 2 мың, импорт - 158, 9 мың) .

Қазақстан-кувейт қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық базасы 9 құжатқа негізделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастар (1992-2010)
Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық, саяси және экономикалық қатынастар (1992-2009)
Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық, саяси және экономикалық қатынастар (1992-2007)
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынастар және сауда-экономикалық ынтымақтастық (1992-2009)
Қазақстан мен Ливан арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1993-2008)
Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1992-2010)
Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және құқықтық қатынастар (1992-2011)
Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар (1992-2006)
Қазақстан мен Бельгия Корольдігі арасындағы дипломатиялық, парламенттік және сауда-экономикалық қатынастар (1991-2009)
Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар: тарихы мен құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz