Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары


Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазаннан бастап қалыптасқан. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі 150-ден астам құжаттардан тұрады және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. Қазіргі кезде екіжақты достық қарым-қатынастар одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде.
2009 жылғы 16 маусымда Қазақстанда қазақстан-қырғыз Үкіметаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс аясында сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықтың тереңдету мүмкіншіліктері талқыланды.
ҚР Қырғызстанның басты сыртқы саяси әріптестерінің бірі. 2009 жылғы ҚР мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда айналымы 507, 0 млн АҚШ долл. құрады (экспорт-390, 5 млн., импорт-116, 5 млн. ), бұл көрсеткіш әлемдік қаржы дағдарыстың әсерінен 2008 жылмен салыстырғанда 16, 7%-ке төмен.
2010 жылдың І тоқсанында ҚР мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2, 5%-ке көбейіп 103, 7 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт - 84, 5 млн., импорт - 19, 2 млн. АҚШ долл) .
Қазіргі кезде Қырғызстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар өз қызметтерін экономика, энергетика, газтасымалдау, өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, банктык сектор салаларында жүзеге асыруда.
Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде. Жұмыс салалары - сауда, туризм, құрылыс, суды тазалау және тарату, көлік, жарнама.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқын дамуда. Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өтеді.
2007 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Қазазақстан мен Қырғызстан зиялы қауымдарының бірінші Форумы, ал 2008 жылғы 25-26 қазанда Бішкекте екінші Форумы өтті.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастар түбегейлі қайшылықтардың жоқтығымен, көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығымен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz