Қазақстан мен Ливан арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1993-2008)


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 20 сәуірде ноталармен алмасу жолымен орнатылды.

Қазақстанның Бейруттегі Дипломатиялық миссиясы 2003 жылғы маусымнан жұмыс істейді. 2008 жылғы қазаннан бастап Миссия басшысы Е. Қалекенов.

2009 жылғы наурыздан Қазақстандағы Ливанның Елшісі - Вазкен Кавлакян. 2002 жылғы маусымда Қазақстанның Ливандағы Құрметті консулы болып Ю. Канаан тағайындалды.

1997 жылғы қыркүйекте Ливандық «Әл-Мабани» компаниясының өкілдері және өнеркәсіпшілер қауымдастығы делегациясы Қазақстанға келді.

1998 жылғы маусымда Ливандық бизнесмендер, Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетте, Энергетика, Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы министрліктерінде, сонымен қатар «Казахойл» Ұлттық мұнай компаниясында, Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау агенттігінде, Астана және Алматы әкімдіктерінде, Сауда-өнеркәсіптік палатасында және ҚР Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағында кездесулер өткізді.

2003 жылғы 27-28 тамызда Ливан Республикасының Премьер-Министрі Р. әл-Хариридің Қазақстанға ресми сапары болды. ҚР Президенті Н. Назарбаетың қабылдауында болып, сондай-ақ ҚР Парламентінің мәжілісі Төрағасы, Премьер-Министрі және Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізді.

Осы сапар нәтижесінде екі елдің Премьер-Министрлері Қазақстан мен Ливан арасындағы өзара түсіністік декларациясына қол қойды. Аталмыш құжат тараптардың екіжақты саяси қатынастарды, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту ниеттерін бекітті. Сондай-ақ Декларацияда, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-ливан бірлескен үкіметаралық комиссиясын құру, білім саласындағы байланыстарды студенттер мен жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен алмасу жолымен кеңейту қарастырылған.

2004 жылғы маусымда ҚР Парламенттік делегациясы ҚР Парламенті мәжілісінің Төрағасы басшылығымен Ливанда болды. Сапар барысында Мәжіліс спикері Ливан Президенті Э. Лахудпен, Премьер-Министрі Р. әл-Хариримен, Парламент Төрағасы Н. Берримен және Сыртқы істер министрі Ж. Обейдпен кездесулер өткізді.

Қазіргі таңда Қазақстанда бірнеше Ливандық компаниялар сәтті жұмыс атқаруда.

2007 ж. Қазақстан мен Ливан арасындағы тауар айналымы 12, 86 млн. АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт) . 2008 ж. екіжақты сауда мөлшері 19, 8 млн. АҚШ долл. жетті (экспорт - 18, 9 млн. АҚШ долл., импорт - 992 мың АҚШ долл. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1992-2010)
Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екіжақты қатынастар: саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық (1992-2008)
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынастар және сауда-экономикалық ынтымақтастық (1992-2009)
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания Құрама Корольдігі арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1991-2009)
Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық, саяси және экономикалық қатынастар (1992-2009)
Қазақстан мен Бельгия Корольдігі арасындағы дипломатиялық, парламенттік және сауда-экономикалық қатынастар (1991-2009)
Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және құқықтық қатынастар (1992-2011)
Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар: тарихы мен құқықтық негіздері
Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz