Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық, саяси және экономикалық қатынастар (1992-2009)


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. 27 шілдеде орнатылды.

Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу уақыты - 1994 ж. 27 шілдеде Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украина және қосара Молдова Республикасындағы Елшілігі ашылды. Молдова Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі қосара Қазақстан Республикасында өз қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен А. Жұмабаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып 2004 ж. 10 ақпан күнінде тағайындалды.

Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Андрей Кириллович Негуца 2009 ж. қыркүйек айында ҚР Үкіметінен агреманды қабылдады.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Молдова арасындағы байланыс екі жақты ынымақтастық қатынастарымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар деңгейінде дамуда. Молдова Республикасы Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ-да төрағалық ету ұсынысын қолдады.

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар

1999 ж. қыркүйек айында Молдова Республикасының Президенті П. Лучинскидің Қазақстанға ресми сапарымен келді.

2003 ж. қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Молдоваға ресми сапары өтті.

2002 ж. қазан айында Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы И. Тасмағамбетов Молдовада ресми сапармен болды.

Сауда-экономикалық байланыс

ҚР Кедендік бақылау комитетінің статистикалық ақпараты бойынша, Қазақстан мен Молдова арасындағы екі жақты тауар айналымы 2008 ж. 251, 2 млн. АҚШ долларын құрап, 2007 ж. салыстырғанда 80 пайызға артқан.

2009 ж. бірінші жартыжылдығында екі жақты тауар айналымы 151 млн. АҚШ доллары деңгейіне жетіп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімдегі көрсеткіштерін сақтады. Екі жақты тауар айналымының ішінде қазақстандық экспорт 143 млн. АҚШ долларын құраса, импорт - 8 млн. АҚШ доллары көлемінде.

Қазақстандық экспорттың тауарлар тобының негізін сұйытылған газ ($139 млн. ) және қара металдардың сынықтары ($3 млн. ) құраса, Молдовадан шарап-коньяк өнімдерімен ($4 млн. ) ауылшаруашылық саласының тауарлары ($3 млн. ) алынды.

Экономикалық байланысты арттыру мақсатында екі жақты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия құрылып, аталған комиссияның үшінші отырысы 2008 ж. 07 сәуірінде Кишинев қаласында өткен. Отырыс барысында агроөнеркәсіп және 1992-1993 жылдар арасындағы есеп айырысу мәселесі талқыланды. Комиссияның келесі отырысы 2009 ж. екінші жартыжылдығында Астана қаласында өткізілуі жоспарлануда.

Қазақстанның мұнайгаз секторында 1997 ж. бері молдованың «Аском-груп» жеке компаниясы қызмет атқаруда. 1998-1999 жылдары молдовалық компания Маңғыстау облысында орналасқан «Боранкөл» және «Толқын» мұнай кен-орындарын игеруде.

Гуманитарлық жәрдем.

2008 жылдың тамыз айында Молдовада өткен су апатының зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Үкіметі $250 мың долл. және 5 тонна дезинфикациялық дәрі-дәрмекпен гуманитарлық жәрдем көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынастар және сауда-экономикалық ынтымақтастық (1992-2009)
Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық, саяси және экономикалық қатынастар (1992-2007)
Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1992-2010)
Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастар (1992-2010)
Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және құқықтық қатынастар (1992-2011)
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания Құрама Корольдігі арасындағы дипломатиялық, саяси және сауда-экономикалық қатынастар (1991-2009)
Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар (1992-2006)
Қазақстан мен Бельгия Корольдігі арасындағы дипломатиялық, парламенттік және сауда-экономикалық қатынастар (1991-2009)
Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастар
Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдени ынтымақтастық (1992-2010)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz