Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастық



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастық

Жалпы мәліметтер

Еуропа мен Азия ежелден бері Ұлы Жібек Жолы арқылы байланысқан болып
келетін, ал бірінші еуропалықтардың арасында жеті ғасырдан артық уақыт
бұрын қазақ даласын алғаш ашқан поляк францискан тақуасы Бенедикт Поляк
болатын. Оның 1245-1247 жылдардағы Қасиетті Тақтың елшілік миссиясының
құрамында қазіргі Қазақстанның даласы арқылы Азияның ішіне қарай саяхаты
аймақтарымыздың арасындағы елшілік қатынастардың орнауының алғашқы дәйегіне
айналды. Саяхаттаушы монах Бенедикт Поляк Ұлы Дала жайлы ақпаратты
жинақтауда басты рөл атқарды, соның арқасында еуропалықтар оның халқының
өмірі мен тұрмысы жайлы тұңғыш рет естіп білген болатын.

Кейінгі заман тарихында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының
арасындағы елшілік қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнаған.

1994 жылдың 20 наурызында Алматыда Польша елшілігі ашылды. 2007 жылдан бері
ПР-ның Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісінің қызметін Павел Чепляк
атқаруда.

1999 жылдың мамырында Варшавада ҚР-ның Елшілік миссиясы ашылды. 2000 жылдың
қазанында Польша Республикасындағы ҚР Елшілігі құрылды (ресми ашылу рәсімі
2002 жылдың мамыр айында бөлып өтті). 2005 жылдың қазан айынан бері ҚР-ның
Польшадағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Алексей Волков болып табылады.

Саяси қатынастар

Орталық Азия мен Орталық-Шығыс Еуропа аймақтарының жетекші мемлекеттері
болып табылатын Қазақстан мен Польшаның арасында екіжақты қатынастардың
бүкіл спектрі бойынша әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық орын алуда.
Екі ел үшін аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі
заманның ланкестік, есірткі трафигі, заңсыз миграция және т.б. тәрізді
індеттерімен күресу мәселелеріне деген ортақ көзқарас тән болуда.

Қазіргі кезеңде сыртқы саяси салада Қазақстанның Польшамен әріптестігінің
басымдылыққа ие бағытына ҚР-ның Еуропаға жол мемлекеттік бағдарламасын
бірлесіп іске асыру болып отыр.

Польша Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге ұсынысын
алғашқылардың бірі болып қолдаған ел болып табылады. Польшаның жоғары
өкілдері Қазақстанның толеранттықты, мәдени аралық және діни аралық
диалогты нығайту жөніндегі халықаралық бастамаларына – Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне, Ортақ әлем сан-алуандық арқылы
прогреске қадам мұсылмандық әлем мен Батыс өкілдерінің конференциясына
үнемі түрде қатысып отырады.

Польша Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдап отырады. Мысалы, 2009
жылы Варшава ҚР мен Еуропалық одақ арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық
туралы жаңа келісімге (ӘЫК) қол қою мәселесіне қатысты принципиалды келісім
мен поляк тарапының қолдауын білдірді.

Еуропаға жол сыртқы саяси бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жоғары
білім, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, заң, құқық қорғау жүйесі,
пенитенциарлық жүйені жетілдіру саласында бірқатар шаралар мен бірлескен
жобалар ұсынылып және жүзеге асырылды.

Екі елді өзара тығыз байланыстырып тұрған көпір Полония - Қазақстанды
мекендейтін поляк диаспорасы (шамамен алған 50 мың поляк).

Қазақстан мен Польшаның арасында халықаралық бітімгерлік күштердің
құрамында табысты өзара әрекеттесу тәжірибесі бар. Мысалы, Иракқа
еркіндік операциясының шеңберінде Ирактағы Польшаның жетекшілік етуімен
көпұлттық дивизияның құрамында 2003 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде
Қазақстанның инженерлік-саперлік взводы жайғастырылған болатын, ол Ирактағы
ланкестікпен күрес жүргізу және ондағы тұрақтылықты нығайту ісіне үлкен
үлес қосты.

2001 жылдың қыркүйегіндегі Римдік Папа ІІ Павел Иоанның Қазақстанның
егемендігінің онжылдығын атап өту қарсаңында Қазақстанға жасаған сапары
тарихи оқиғаға айналды. Сапардың басты оқиғасы Астана алаңында ашық аспан
астында 50 000 адамның қатысуымен болып өткен католиктік месса.

Парламентаралық диалог біртіндеп дамып келеді – ҚР Парламентінің Мәжілісі
мен Сеймде (парламенттің төменгі палатасы) парламентаралық ынтымақтастық
топтары құрылған. Польша парламентінде Қазақстан-Польша параламентаралық
ынтымақтастық тобы жұмыс істейді, оған Сейм мен Сенаттың 14 депутаты
кіреді.

2009 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының Орынбасары ҚР-дағы
Поляктар одағының жетекшісі етіп Виталий Свинцицкийді тағайындаған болатын.

Екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына поляк делегацияның
Астанадағы 2008 жылдың 28 маусымы мен 3 шілдесі аралығында болып өткен ЕҚЫҰ-
ның Парламенттік Ассамблеясының 17-ші сессиясына қатысуы ықпалын тигізді.

Қазақстандық депутаттар 2008-2009жж. Варшавадағы жыл сайынғы ДИАҚБЕҚЫҰ
Мәжілістерінің пікірталастарына белсенді түрде ат салысып отырды.

Ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі сапарлар

Кейінгі ондаған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Польша
Республикасының арасындағы ең жоғарғы деңгейдегі сапарлардың серпіні өте
жылдам – саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-білім салаларындағы
екіжақты ынтымақтастықтың көлемі мен ауқымдарына сәйкес түрде дамып отырды.

1997 жылдың 27-28 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға
тұңғыш ресми сапары болып өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы мен
Польша Республикасының арасындағы достастық қатынастар мен ынтымақтастықты
дамыту туралы декларацияға қол қойылды.

Польша Республикасының Президенті Александр Квасьневскийдің ҚР-ға ресми
сапары 1999 жылдың 29-31 қазанында болып өтті.

2002 жылдың 23-26 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға екінші ресми сапары болып өтті. Қазақстан
мемлекеті басшысының екіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіндегі ерекше
еңбегін мойындаумен А.Квасьневский ҚР Президентіне Польшаның ең жоғары
наградасы — Ақ бүркіт орденін тапсырды (мемлекетіміздің басшысы Президент
А.Квасьневскийді бірінші дәрежелі Достық орденімен марапаттады).

2007 жылдың 28-30 наурызында Президент Лех Качыньскийдің Қазақстанға
бірінші ресми сапары болып өтті.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі мемлекет басшыларының
Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сапар шеңберінде Қазақстан - Польша ІІ
экономикалық форумы өткізілді және ҚР Президентінің Қазақстан жолы
кітабының поляк тіліндегі нұсқасының тұсаукесері болып өтті.

Сапар барысында екіжақты 8 құжатқа, оның ішінде Қазақстан
Республикасы азаматтары мен Польша Республикасы азаматтарының, елшілік
төлқұжат иегерлерінің бір-біріне визасыз сапарлары туралы келісімдер;
Қорғаныс өнеркәсібі саласы мен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы; ҚР
мен ПР Ұлттық банкілерінің өзара ынтымақтастығы туралы келісімшартқа қол
қойылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Польша Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің арасында Қазақстанның
жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қалуда. ҚР мен ПР
арасындағы тауар айналымы кейінгі онжылдықта 10 есе артумен өсу беталысына
ие болуда. ҚР статистикалық мәліметтері бойынша 2009 жылы елдеріміздің
арасындағы сауда көлемі тарихта тұңғыш рет 1,25 миллиард доллар деген
белгіге жетті, мұнысы 2008 жылдағымен салыстырғанда 35% жоғары (888 млн.
долл.). Бұл ретте ПР-ға қазақстандық экспорт 835,8 млн. долл., Польшадан
импорт – 421,6 млн.долл. құрады.

Екі елдің арасындағы тауар айналымының құрылымы бірнеше жылдар бойы өте
тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Польшамен байланысы
Қазақстанның Шығыс Еуропамен қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының экономикалық қарым – қатынастары
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Пәндер