Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қатынастар



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қатынастар

1991 жылдан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар ек3 ел халқының
тарихи және мәдени мұраларының ұқсастығы, өзара сыйластық пен сенімділік
ахуалы негізінде тұрақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық
салалардағы жан-жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен
ерекшеленеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы мамырда Түркияға жасаған ресми
сапары барысында Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың стратегиялық
әріптестік деңгейге жеткені мәлімденсе, 2004 жылғы маусымдағы Стамбұлдағы
НАТО Саммиті және 2005 жылғы 25 мамырда Бакуде Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай
құбырының әзербайжандық учаскесінің іске қосылу рәсімі шеңберінде ҚР
Президенті мен ТР Президенті А.Н.Сезердің кездесулерінде бұл үрдістің
жалғасып келе жатқаны тағы да қуатталды. Түркияның қазіргі саяси басшылығы
сыртқы саясатты дамыту үрдiсiнде сабақтастық сипатын жалғастыратынын және
Қазақстан Анкара үшін Орталық Азиядағы ең сенімді саяси және экономикалық
әріптес болып табылатынын ашық түрде мәлімдеп келеді.

2005 жылғы 26-27 мамырда ТР Премьер-министрі Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға
ресми сапары маңызды болды. Сапар нәтижесінде бірқатар үкіметаралық және
мекемеаралық келісімшарттарға қол қойылды. ТР Премьер-министрі ҚР Парламент
Сенатының төрағасы Н.Әбіқаевтың қабылдауында болып, ҚР Премьер-министрі
Д.Ахметовпен кең құрамды келіссөз өтті және екі ел үкімет басшыларының
қатысуымен Түркияның Астанадағы Елшілігінің ірге тасын қалау рәсімі болды.
Сапардың 2-ші күні Алматы қаласында Р.Т.Ердоған ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, Жібек жолы көрме пойызының
салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, екі ел басшылары екі
жақты, әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға
күш жұмсау керектігіне назар аударуда. Бұл бағыттағы мүмкіндіктерді әлі де
толығымен пайдалануға қадамдар жасау керектігіне келісіп отыр.

Саяси, сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық
мәселелерінде тараптар Азиядағы өзара ісқимыл және сенім шаралар Кеңесі
(АӨІСШК), Экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы
(ИКҰ) және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз ынтымақтастық
үрдісін жалғастыру туралы келісе отырып, Ауғанстан мәселесін, Ирақ және
басқа да халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық және аймақтық
ұйымдардың, ең алдымен БҰҰ шеңберiнде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін
білдіруде.

Сонымен қатар, екі елдің Еуропа, Еуроатлантикалық және басқа да ұйымдарда
ортақ іс-қимылдары үлкен маңызға ие. Қазақстан 2004 жылғы маусым айында
Стамбұлда өткізілген ИКҰ сыртқы істер министрлер жиынында ИКҰ Бас хатшысы
болып Түркия өкілінің сайлануына, өз кезегінде түрік тарапы ЭЫҰ-ның
төрағалығына Қазақстан өкілінің сайлануына қолдау көрсетті. Түрік тарапы
Қазақстанның Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2009 жылғы
төрағалық және БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі үміткерлігіне,
ал қазақ тарапы Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2009-2010 жж. тұрақты
емес мүшелігі үшін өзара қолдау білдіруде.

Түркияның саяси және қоғамдық орталары Қазақстан басшылығының елдегі ішкі
саяси және экономикалық іс-шаралары мен сыртқы бастамаларын мұқият және
қызығушылықпен қадағалауда. Осы ретте, ҚР Президентінің Орталық Азия Одағын
құру туралы ұсынысы жан-жақты талқыланып, үлкен резонанс тудырды. Түрік
тарапының пікірінше, идеяның іске асуы тек қана ОА мемлекеттеріне ғана
емес, сондай-ақ бүкіл түркі тілдес елдеріне айтарлықтай әсері болары
сөзсіз.

Түркияның жоғары басшылығы және жалпы түрік саяси қоғамы Қазақстанда 2005
жылғы 4 желтоқсанда өткен президенттік сайлауларға оңды көзқарас білдірді.
Түркияның Қазақстанға деген жіті көзқарасын президенттік сайлауға 39
кісіден тұратын бақылаушыларды жіберуінен көруге болады (АҚШ-тан кейінгі ең
ауқымды 2-ші делегация). ТР Президенті А.Н.Сезер, Премьер-министр
Р.Т.Ердоған және ТР 9-шы президенті С.Демирель сайлаудың жеңімпазы
Президент Н.Ә.Назарбаевты алғашқылардың бірі болып құттықтады. Сонымен
қатар, көптеген іскер ұйымдар мен саяси қоғамдық топтардың басшылары атынан
құттықтаулар келіп түсті. Анкараның бағамы бойынша, ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев жетекшілігіндегі Қазақстан тәуелсіздік жылдарынан бері
жүргізіліп келе жатқан саяси, экономикалық және демократиялық реформалар
тұрғысынан маңызды белестерден өтті. Қазақстан жалпы Еуразия аймағында,
оның ішінде Орталық Азияда саяси тұрақтылықтың үлгісі. Қазақстан
экономикалық және саяси тұрақтылықтың кепілі бола отырып, демократиялық
бағытта табанды әрі жоспарлы реформалар жасауда.

Екі жақты қатынастарда парламентаралық, парламенттердегі депутаттық достық
топтары арасындағы байланыстарды одан әрі жандандыруға көңіл бөлінуде. 2005
жылғы 31 қаңтар - 3 ақпан аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының
басқаруындағы ҚР Мәжілісі делегациясының Анкараға ресми сапармен келіп,
кездесулер барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың жалпы ахуалы
бойынша пікір бөлісумен қатар, бауырлас екі елдің парламентаралық
байлынастарын одан әрі дамыту көкжиектері талқылады. Халықаралық құрылымдар
шеңберінде ортақ іс-қимыл шараларының маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты қатынастарының маңызды
бағыттарының бірі әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық
болып табылады. 2005 жылғы 13-15 маусымда ТР Бас штабының бастығы
Х.Өзкөктің Қазақстанға ресми сапары өтсе, 2006 жылғы 28-29 маусым аралығыда
ҚР Қорғаныс министрі М.Алтынбаевтың Түркияға ресми сапары болды. Олардың
барысында тараптар әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен
қатар, қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлесе отырып іс-қимыл жасау жөнінде
уағдаласты.

ТР ҚК БШ мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін Түркия әскери жоғары оқу
орындарында ҚР ҚК үшін 96 офицер дайындалып, ҚР ҚК 2 офицері ТР ҚК құрылық
әскери Академиясында білімдерін жетілдірді. Қазіргі кезде қазақстандық 38
курсант ТР әскери оқу орындарында білім алуын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының экономикалық саясатында Түркиямен экономикалық
қатынастарды дамыту айрықша орын алып отыр. ТР Сыртқы сауда агенттігі (ССА)
мамандарының мәлімдеуінше, Орталық Азия мемлекеттерінде, әсіресе
Қазақстанда, алдымыздағы жылдары экономиканың өсуіне байланысты жалпы
тұтыну деңгейі едәуір артады. Түрік өндірушілерінің экспортқа шығаратын
тауарлар номенклатурасының кеңеюі және өнеркәсіп өндірісінің өсуі Түркияны
шет елдерден шикізат материалдары импортын көбейтуге мәжбүр етті. Бұл
үрдіс Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда тепе-теңдігінің өзгеруіне себеп
болды. Атап айтқанда, егер 2001 жылы екі жақты сауда айналымында Түркияның
басымдылығы болса, 2002 жылдан бастап бұл көрсеткіш Қазақстанның пайдасына
шешіле бастады. Түрік агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Түркия мен
Қазақстан арасындағы екі жақты сауда айналымы төмендегідей болып отыр
Көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазастан мен Туркия арасындағы қарым-қатынастың даму кезеңдері
Қазақ-түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Түркия Республикасы құрылуының Кеңестік басылымдарда жариялануы
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Түркия Республикасының тоғызыншы
Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Пәндер