Қос қызметті тұлғажасам қосымшалардың түрлері мен сөйлемдегі қызметі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қос қызметті тұлғажасам қосымшалары

Бұлар негізгі грамматикалық мағынасы жағынан сөзжасам аффикстер тобына жатады да, сөйлемде қолданылу, соған сәйкес сөздің түрлену сипатына байланысты, басқа әуелгі сөзжасам қасиетінен арылып, тұлғажасамдық сипат алып кететін реттері бар. Бұлар:

-дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -қы, -кі, -шы, -ші, -лық -лік - сын есім тудыратын сөзжасамдық қосымшалар.

-ша, -ше - үстеу тудыратын сөзжасамдық қосымшалар

Бұл аффикстер сөйлеу барысында қолданылатын сөздердің әр алуан құбылыстарға ұшырауына байланысты, реті келген жерде тікелей түбір морфемаларға қосылмай түбірден соң қолданылатын сөзбайлам немесе тұлғажасам аффикстерден кейін барып айтылатын кездері де бар. Дәл осы жағдайда аталмыш аффикстер өзіне тән сөзжасам қабілетін шектеп, тұлғажасам қызметіне ауып кететін жерлері жиі кездеседі.

Аффикстердің тұлғажасам тұлғалар ретінде қолданылуы:

  1. -дай, -дей, -тай, -тей

а) түбір тұлғадан соң көптік жалғаулары қосылып айтылады, мысалы, құстардай, аңдардай т. б.

ә) түбір тұлғаға тәуелділік жалғауы жалғанғанда, мысалы, інімдей, ұстазыңдай

б) сын есімге түбірлерге тікелей жалғанып, тек сөйлемдегі синтаксистік қызметке байланысты қолданылады. Мысалыжеңілдей (көру), ауырлай (санау) .

в) сан есім түбірлерге тікелей жалғанып айтылады. Мысалы, отыздай, екі мыңдай т. б.

г) модаль сөздерге жалғанып айтылады. Мысалы, бардай, жоқтай

д) есімдіктерге жалғанып айтылады: біздей, сендей.

е) қимыл атауларына тікелей қосылып айтылады: айтудай, сезудей, көрудей

ж) есімшеге тән қосымшалардан кейін қолданылады: айтқандай, көрместей.

2. -сыз, -сіз

а) түбір тұлғаға тәуелділік жалғаулар жалғанғанда: баламсыз, інімсіз

ә) жіктеу, септеу есімдіктері мен уақыт және өлшем мәнді сөз тіркестерінің соңғы компоненттеіне жалғанғанда: менсіз, оларсыз, бес жылсыз

б) субстантивтенген сын есімдерге жалғанғанда: жақсысыз, жалқаусыз

в) сөз тіркестеріндегі тарихи көне тұлғаларға қосылып айтылады: кісі көргісіз, адам айтқысыз

3. -ша, -ше. Тарихи тұрғыдан шақ сөзінен пайда болған бұл жұрнақ - туынды үстеу тудыратын сөзжасам қосымша. Тәуелділік жалғауынан кейін: баламша, туысыңша, ауылдасыңша

4. -лы, -лі. Бұл жұрнақ сырттай сын есім тудырушы қосымшаға ұқсағанымен, қимыл атауларына қосылып айтылғанда, тұлғажасам қосымша дәрежесінде айтылады. Мысалы, ренжулі, шешілмеулі

5. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік. Бұл туынды зат есім, туынды сын есім тудыратын омоним сөзжасам жұрнақ.

Тұлғажасам ретінде қолданылуы:

а) есімше тұлғалардан соң қолданылуында: өкінгендік, ойламастық, сендік.

ә) тәуелдік жалғаулы есімдіктердің құрамында: өзіміздің, мендік, сендік

6. -нікі, -дікі, -тікі. -нікі - күрделі жұрнақ құрамында айтылғандықтан, ол тұлғажасам аффикстің қатарында қолданылып тұр: баланікі, күзетшінікі. Аталған құранды жұрнақтың ілік септігінен қалыптасқандығын ғалымдар дұрыс көрсеткенімен, екінші құрамындағы -кі аффиксінің табиғаты туралы әр түрлі пікірлердің (бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе, бірі онымен омонимдес, мағынасы басқа қосымша деп таниды) .

7. -дағы, -дегі, -тағы, -тегі құранды жұрнақ. Бұл түбір сөзге түгелдей және араға әр түрлі тұлғажасам, сөзбайлам аффикстер қосылып та айтыла береді: қолдағы, кірердегі

Ермекова. ҚҚТ-гі есім баяндауыштар, афтореферат, 11б

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі сөз таптары мен тұлғажасам қосымшалардың лексикалық және грамматикалық функциялары
Сан есім: мағыналық түрлері, морфологиясы және сөйлемдегі қызметі
Үстеу: лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық түрлері, жасалуы, емлесі және сөйлемдегі қызметі
Герундийді аудару ерекшеліктері: формалары мен сөйлемдегі қызметі
Жай сөйлемдегі оқшау сөздер: түрлері, синтаксистік қызметі және мектептік оқыту
Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты: түрлері, қалыптасуы, септелуі және сөйлемдегі қызметі
Қазақ тіліндегі оқшау сөздер: қаратпалардың табиғаты мен сөйлемдегі қызметі
Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің түрлері, дыбыстық ерекшеліктері және сөйлемдегі қызметі
Қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу принциптері мен форма тудырушы қосымшалардың синтаксистік қызметі
Герундийдің грамматикалық формалары, сөйлемдегі қызметі және аудару ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz