Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызметті құқықтық реттеу: Конституциялық және заңнамалық негіздер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ҚР нотариатттық қызметті құқықтық реттеу

Заңдардың иерархиялық принципіне сәйкес, ұлттық құқық жүйесінің негізгі қайнр көзі, соның ішінде Қазақстан Республикасы нотариатының да негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, басты құндылығы адам, оның құқығы мен бостандығы болып табылады деп көрсетеді. Адам құқығы мен бостандығын тану мен кепілдік беру одан әрі Конституцияның 12 бабында қарастырылады. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталынады. Бұл норма қызметі азаматтар мен заңды тұлғалардың субъективтік құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариат жүйесін құру үшін негізгі болып табылады.

Конституцияның 6 бабында мемлекеттік және жеке меншік үшін тең дәреже және тең қорғау құқығы бекітілген. Сонымен қатар Конституцияның 13 бабының 3 бөлімінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көрселген ретте заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл баптың да нотариатттық қызметке тікелей қатысы бар.

Нотариаттық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің келесі жүйесіне Азаматтық кодекс жатады. Оның жалпы және ерекше бөлімдерінде мәміленің түсінігі, нысаны мен түрлеріне, мәміленің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарды қамтитын көптеген нормалары бар. Азаматтық Кодекстің 57-60 тарауы толығымен мұрагерлік құқықты реттеуге арналған. «Нотариат туралы» Заңның 2 бабы нотриат туралы заңнама «нотариаттық қызметті реттейтін Азаматтық құқық нормаларынан тұрады» деп көрсетеді.

Әр түрлі нотариаттық әрекеттерді жасаған кезде нотариустар мен нотриаттық әрекеттер жасауға құқығы бар басқа да лауазымды тұлғалар тек нотриаттық өндіріс ережелерін ғана емес, сонымен қатар азаматтық ісжүргізу, неке-отбасылық, жер, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларын қолданады.

Нотариаттық қызмет пен нотраиттық әрекеттер жасауды реттейтін арнайы заң «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет: конституциялық-құқықтық негіздері, нормативтік реттеу және іс жүргізу
Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдардың құқықтық түсінігі және заңнамалық маңызы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызметтің қалыптасуы, дамуы және құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеу: теориялық негіздер мен заңнамалық талдау
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы және банкілік қызметті құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік реттеу: теориялық негіздер
Қазақстан Республикасындағы нотариат: пайда болу, заңнамалық негіздер және ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы: теориялық негіздер, заңнамалық реттеу және франчайзинг
Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі мен заңнамалық реттеу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz