Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы 4
2. Негізгі құралдардың тозуы 10
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе
запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша
заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны
да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және
тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс
валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі
бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі
құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады.
Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту
жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар
қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру
құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).

Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен,
баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың
ақпараты қажет: “Жер”, “Үйлер мен ғимараттар”, “Машиналар мен жабдықтар,
беріліс құрылғылар”, “Көлік құралдары”, “Басқалар“, “Аяқталмаған құрылыс”,
“Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс
құрылғылардың тозуы“, “Көлік құралдарының тозуы“, “Басқалардың тозуы“.
1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар
жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі
қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары
бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған
шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін
жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық
мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен ,
еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады.
Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген
қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. Экононмикалық дәуірлер
не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін
өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің
дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық
қатынастардың көрсеткіші, – деп жазған.
Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп
атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық
құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және
кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін
материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі
қорлар құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды
құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген
өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен
ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина,
жабдық, т.б.) наық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік
ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар,
көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек
заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік
негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек
өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда
қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
Негізгі құралдар есебі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес, негізгі құралдар – бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық
өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық
активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды – заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі
барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу
арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі
құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол),
бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.
Амортизация – негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың,
жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ
негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар
құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін,
яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу – негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік
қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік
көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын
қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі
құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация
нормасымен топтарға топтастырылады.
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен
жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай
құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік
есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік
жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер
арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық
объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге
серпялық – кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол
нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады.
Инвентарлы нөмір қабылдау –беру актілерінде, жою туралы актілерде және
т.б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.
Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі
қабылданған:
1. Жер – субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны.
Жерге меншік құқығы “Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен” расталуы
тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген
әрбір жер учаскесі табылады.
2. Ғимараттар тағайындау – тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы,
әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың
сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық
объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылғылар – еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес
қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге
асыруға тағайныдалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай
мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер). Инвентарлық объкет болып барлық
мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
4. Беріліс қондырғылары – электрлік, жылу және механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері,
құбырлар).
5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір
инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар,
фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады.
Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:
өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық;
технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық
тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған
машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т.б. есептегіш
машиналар);
өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар
(телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар).
6. Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін
тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің
қозғалмалы құралы). Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл
керектер;
7. Құрал – қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-
рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т.б.
өңдеу құралдары ғана табылады;
8. Өндірістік инвентарь – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістері
Негізгі құралдардың теориялық аспектілері
Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері
Жылдамдатып есептен шығару әдісі
Сот медицина орталығы
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктелуі
Негізгі құралдардың түсінігі, топтастырылуы және бағалануы
Оңтүстік жарық транзит ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары
Пәндер