Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие.

1. Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.
2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
3. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
4. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.

Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы

тәрбие және мектеп.

Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа
қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық
қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды.
Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне
әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер)
бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің
балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым
жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп
өмір сүрді.
Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады.
Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-
ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты
ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап
өкілдерінің қолында жинақталған.
Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары
мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға
және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың
шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді.
Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы
мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл
мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде
тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық
теориялар дүниеге келеді.
Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі
3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында
белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің
идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды
адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.
Ертедегі Египетте жанұя тәрбиесі мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара
қарым-қатынасының сипатын бейнелейді. Бұл қарым-қатынас тепе-теңдік
негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларға оқытуға бірдей
көңіл бөлінді.
Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың
мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге
үйретті. “Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен
қолданылды. Мұғалім күнделікті өз шәкіртіне мынадай сөздерді жиі қолданды:
“зейінді бол және менің сөзімді тыңда, менің саған айтқан сөзімнің
ешқайсысын да ұмытпа”.
Египеттіктер дене жағынан жазалауға ерекше мән берді. Дене жағынан
жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте
әкенің, тәлімгердің ерекше беделін қастерледі. “Әруақытта да әкенің және
ата-бабаңның адалымен жүр” деген дәстүрмен тұқым арқылы мамандықты беру
дәстүрі тығыз байланысты.
Ертедегі Индия тарихы ені дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда
дәуірі. Индия жартыаралының б.э.2-мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін
жергілікті халықтың давид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы
алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту
жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның ролі ерекше болды.
Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс
өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың инезисінің екінші негізгі
жағдайларының біріне діни идеологияның (буддизмнің) әсері болды.
Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар болды.
Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту қажет
болды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллеутуалдық артықшылыққа, екінші
каста – кшатрийлер – мықтылық пен ерлікке, вайшьилер – еңбек сүйгіштікке
және шыдамдылыққа, ал шудралар – құлшылық етуге ерекше мән беріледі.
Идеялық тәрбие беруге тек ғана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды.
Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу,
табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық.
Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып
табылатын “Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады,
шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.
Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ертедегі Қытайдың бай
және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық
құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.
Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен
түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі
ережелерді және шектеушіліктерді сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер
айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылықтарға тиым салу.
Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін,
“өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын
адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне
жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.
Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-
мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі
мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу
бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату,
атқа міне білу.
Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде
тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар
жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және
оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта
шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін
жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің
айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу,
әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.

2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.

Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді
біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және
Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие
жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды:
бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын,
сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты.
Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және
афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі
айырмашылықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең
алғашқылардың бірі болды. Спартандық құл иеленушілік мемлекеттің негізгі
шаруашылығы егіншілікпен айналысты. Құлдар бұл мемлекетте мемлекеттің
жекеменшілігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл
мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының
кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші
мемлекеттер болды, қоғамдық тәрбие жүйесі тек ғана құлиеленушілердің
бағаларын оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар
барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықтан да Спарта
мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды
қарудың күшімен өздерінің үстемдігін орнатып отырды.
Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі
қалыптасты, оның мақсаты-спартиат балаларының әскери даярлығы күшті,
шыныққан, табанды болашақ құлиеленушілерді дайындау болды. Мемлекет
балаларды туғаннан бастап, жанұя тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа
туған баланы тексеріп, тек ғана дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып
берген ал аурулары мен әлсіздерін жоққылып өлтіріп отырған.
Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін білдіреді. 7
жасқа дейін спартиаттар – балалар (спартиаттар деп аристократтар-
құлиеленушілерді атады) үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік
тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығуларға ерекше мән
берілді.
Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа
шыдамды етіп үйрету. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға,
күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті.
Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз
және ән айту әскери сипатта берілді.
18-20 жаста жастар эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда
әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі
берілді. Оның мақсаты – ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер
ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.
Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның географиялық жағынан ыңғайлы
орналасуының арқасында ертедегі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте
дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами
бастады.
Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті
Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан
өзгешелігі бар. Сонымен қатар тәрбие және білім беру жүйесінде де
ерекшеліктер кездеседі. Афина тәрбиесі мен білім беру жүйесі әскери
жауынгерді дайындау емес, одан гөрі білімді, қабілетті жан-жақты үйлесімді
дамыған жастарды тәрбиелеу.
Афиналық тәрбие жүйесі Ү-ҮІ ғғ.б.э.д.төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа
дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді
және бекітілген құлдар тәрбие ісіне араласады. Қыз балалар 7 жасқа
толғаннан кейін ананың басшылығымен үйде жанұя тәрбиесіне жалғастырады
(олар негізінен үй шаруашылығына үйретіледі). Ер балалар 7 жастан бастап
үйде жеке меншік мектептерге қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7
жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист
мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра-мектебіне (күрес
мектебі) қатынасады, онда 2-3 және жаттығулармен айналысады. Полестра
мектебінде жаттығулардан басқа оқушылармен саяси және адамгершілік
тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты жанұялардан шыққан жастар
кейіннен мемлекетте басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін
жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді.
18 жастан 20 жасқа дейін жастар әскери қызметке даярланады, онда
әскери даярлығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады,
елдің заңдарын оқып үйренеді.
Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және
эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше роль атқарды. Сонымен қатар Спартада да,
Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне жеккөрушілікпен қарады.
Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын
қолөнердің түріне үйренді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім
алуға мүмкіншілігі болмады.

3. Ертедегі Грецияда педагогикалық
теорияның пайда болуы.

Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту
мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия
ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон,
Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда
болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.

Демокриттің педагогикалық теориясы.

Ертедегі грек философиясының шыңы, ғұлама философ-материалист,
атомистік теорияның негізін алушы Демокрит (460-370 жж.б.э.д) болды. Оның
бізге жеткен көптеген шығармаларының үзінділерінен біз Демокриттің
ғылымының барлық салаларында қолтаңбасын қалдырғандығын аңғаруға болады,
оның философия, педагогика, математика, физика, биология, медицина,
психология, өнер салаларында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. Оны К.Маркс
Демокритке былай деп баға берген болатынды: “Гректердің арасынан шыққан
бірінші әмбебап ақыл-ой”.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой-пікірдің тарихында
ерекше мәні зор. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға
дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдың, бір-
бірінен түрі, қатарға және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады.
Ақзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді.
Демокрит жанның өлмейтіндігін жоққа шығарды. Демокрит адамның
қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ
Ғылым философиясы мен тарихы
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Мектепке дйінгі педагогика тарихы ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құрал
Экономикалық теория дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер