Программалау технологиялары



Программалау технологиялары

Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі
– құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы)
бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге
бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат
орындалуы тиіс:
1) модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
2) модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру
мүмкіндігінің болуы қажет.
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу
программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның
кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай
әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан
аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан
элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге
жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге
болады.
Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен
құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты
операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын
айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе
шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы
бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ
ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі
мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы
керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі
есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.

Объекті-бағытталған программалау

Объекті-бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы–
құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объекті-
бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объектілер, хабар
және класстармен жұмыс істейді.
Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық модулдерден,
яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект құрылымы екі
бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер. Әдістер объект функциясының
алгоритмін анықтайтын процедуралар мен функциялар жиынынан тұрады.
Объектілі айнымалылар жәй мәліметтерден (сан, массив, текст) және күрделі
құрылымды информациялардан (график, дыбыс т.б.) тұрады.
Объектілердің өзара байланысуына хабарлар қолданылады және үш бөлімнен
тұрады: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалауды оқытудың замануи технологиялары
Программалау тілдерінің маңызы
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы ақпарат
Программалау тілдерімен танысу
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Интерактивті тақтаны орнату
Delphi ортасы туралы
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Банктік ААЖ
Компьютердің негізгі орындаушысы - процессор
Пәндер