Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы және оның ерекшелігін таразылау



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып. Сана проблемасының философияда қойылуы.
Негізгі мақсаты: Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы
және оның ерекшелігін таразылау.
Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау, архетип,
бейсана, көпшілік сана.
1. Сана адам миының қызметі
2. Сана проблемасы туралы тұжырымдар.
3. Сана объективті дүниені бейнесі
4. Бейнелеу формаларының эволюциясы
5. Өзіндік сана
6. Сана және тіл, қоғамдық сана және оның формаларыны.
7. Дін, Өнер, Философия
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой.
Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім
құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым
– осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы
жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары
қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді
мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан
өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып
жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың "шыбын – жан” деген сөзі осындай
ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс,
дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның
қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда
болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір
материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда
өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай
бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин
қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге
жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі
шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның
санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар
жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні
неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі
емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін
дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке
клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың)
жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ,
сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын,
сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері
бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы
аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті
қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты
көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты,
оны сана билейді.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі
арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай
пайда болды деген сұраққа жауап беру: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана проблемасының философияда қойылуы
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Қазақ философиясы қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Пәндер