Таным. Ғылыми таным



Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып. Таным. Ғылыми таным.
Негізгі мақсаты: Ғылыми танымның мәні мен құрылымын, теориялық сипатын
түсіндіру, практиканың маңыздылығын дәлелдеу.
Негізгі түсініктер: метод, методология, эмперика, эксперимент,
фальсификация, синтез, анализ, индукция, дедукция, идеализация.
1. Таным, қоғамдық процесс.
2. Таным процесінің негізі.
3. Сезімдік және логикалық таным
4. Ақиқат теориясы.
5. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.
6. Ғылым этикасы.
Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі
- өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам
айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында
олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын
біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол
туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы
жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады.
Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп
есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге
болатындығын мойындайды.
Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық
материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол,
біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі,
екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.
Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде
дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын
көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін
басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру
емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным –
білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым –
қатынас процесі.
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік
топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады.
Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі
ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі
ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және
ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным
объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық
және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс - әрекет
барысында субъекті игерген бөлігі.
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және
әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті
дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті
құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды
өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің
белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика
таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс - әрекет
жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен
міндеттер қойып отырады.
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект
қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы
байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық
қызметі барысында іске асады.
Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын,
техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының
нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және
жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі
жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және
теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ақиқат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным
Таным және ғылым философиясы
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы
Таным теориясы мәселелері
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Жанама бейнелеу
Батыс философиясының антологиясы
Танымның практикалық табиғаты
Таным процесінің диалектикасы
Пәндер