Фразеология термині
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы
деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы
деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл
біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ
тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: Тіл-
тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан)
байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық
көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа
осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза
салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі
саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын
тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды,
– деп жазады [1, 589 б]. Қазіргі қазақ фразеологиясы – зерттелген қырына
қарағанда зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Автор
аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін
де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық
ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың
қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа
алады.Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде танылып отырған
фразеология – құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын
бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын
зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40
жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде
француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға
болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев Қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы атты еңбекте: Фразеологизмдердің өз алдына дербес
лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1)
даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес
тиянақтылығы, – деп жазады [2, 187 б]. Фразеологизмдерге тән бұл белгілер
әркез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді
топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам
эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке
тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс
ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз
келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан
шықты, көзі алақандай болы, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне
кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің
қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды,
қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды,
құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды,
ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты,
құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе
шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы
білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын,
фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді.
Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық
реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі
екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас
төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен,
бұл сәйкестік толық балама бола алмайды себебі қуанды, қорықты сөздерінде
фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз
ойын былай тұжырымдайды: Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі
мағынада жұмсалуы міндетті емес (басқаша айтқанда, сөздің бұл жерде
факультатив қабілеті бар да, бірақ оның әрдайым сырттай көрінуі басты шарт
емес). Ал фразеологизмнің бейнелі (дәлірек айтқанда, туынды) мағынада
жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида. ФЕ (ф. түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н
д ы мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р мағынаны білдіреді. Осыдан шығатын
тағы бір түйін: ФЕ мен сөз бір-біріне баламалық байланыста емес, жанамалық
қатынаста болады деген топшылауды қолдаймыз. Яғни белгілі бір ФЕ-нің
ішіндегі сөздердің бірде-бірі дербес мағынаның референті бола алмайды.
Басқаша айтқанда ФЕ құрамындағы белгілі бір компонент дербес мағынаны
білдіре алмайды. Ал, жеке сөз өзінің референттік қасиетін сақтамауы мүмкін
емес. Осыдан келіп, біраз ғалымдар ФЕ-нің мағынасын фразеологиялық мағына
деп, сөз, еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына деп атауды лайық көреді.
Бұған келтірер үлкен дәлел: ФЕ тікелей мағынада емес, туынды мағынада ғана
жұмсалады [1, 597 б].
Бұл мәселе туралы С. Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің
қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың
астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: ...іші өлген, сырты сау қос
тағанды фразеологиялық тіркесін қайғылы, уайымды, шерлі тәрізді
лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен,
фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны
күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар
еді, – деп жазады [3, 88 б]. Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі
қолданысынан басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде
эмоционалды реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да
шығарма тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде С. Сатенова:
...тұрақты сөз оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды
қолдануы ең алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-
сипат беріп, микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді.
Кейде тіпті тың бағытта қолданылып, мүлде жаңа мағына туындауы мүмкін, –
деп, қос тағанды фразеологизмдердің құрамындағы соңғы компоненттің басқа
лексемамен ауыстырылып берілуіне дастандар жинағынан: Сыртым – бүтін, ішім
шоқ, – деген мысал келтіреді. Автордың пікірінше, сырттай жайдары
көрінгенмен, іші толы уайым-қайғы ұғымындағы сырты бүтін, іші түтін
фразеологиялық тіркесінің құрамындағы соңғы компонентінің өрістес,
тақырыптас шоқ сөзімен ауыстырылуы ұйқасқа, эмоционалды-экспрессивті реңк
беруге, бейнелілігін, мәнін арттыруға, фразеологизмге өзгеше сипат беруге
негізделген.
Ө. Айтбаев жоғарыда аталған еңбегінде фразеологизмдер және олардың зерттелу
жайы, фразеологиялық бірліктердің қызметі және эмоционалдық-экспрессивтік
бояуы, фразеологизмдерді аудару мәселелері, бейнелі сөз тіркестерінің
көркем шығармалардағы стильдік қызметі және оларды аударудың кейбір
амалдары т.б. да мәселелерге назар аударады. Фразеологиялық бірліктердің
эмоционалды мән беруі туралы: Қандай тілде болмасын фразеологиялық
единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да
мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді,
тұрақты сөз тіркестерінде де эмоциональдық-экспрессивтік бояу мол. Көбіне
осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды,
экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоциональдық бояуы бұрыннан
бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің
адамзат, құбылыс турасындағы өз көзқарасын мәлім етеді. Экспрессивті
тұрақты тіркестер сезімге айрықша әсер етеді, – деп жазады [4, 388 б].
Г. Смағұлова: Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын
құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz