Дәлелдеме ұғымы



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Дәлелдеме ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Дәлелдемелердің қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясының орны. ... ... ... ... ...
4.Таным теориясы.дәлелдеме теориясының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады
Дәлелдемелер ретiнде рұқсат етiлмейтiн iс жүзiндегi деректер. Iс жүзiндегi деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзумен сипатталады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 28.01.2011ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 2011.
Арнайы әдебиеттер
1. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан, общая часть, «Әділет Пресс» 1997
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000
3. Уголовное право Республики Казахстан, учебник. Алматы «Жеті - Жарғы», 1998
4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. Н.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 1. Алматы: Институт «Данекер», 2000

Баспа материалдары
1. Заң газеті Дияров Н Тура билік тұғырында №7 2010
2. Қоғам және қылмыс Республикалық апталық газет №6 2008
3. Орысша-қазақша сөздік 1-2 томдар Алматы 1998

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БОЛАШАҚ АКAДЕМИЯСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ

Бақылау жұмысы
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Меншікке қарсы қылмыстар

Дайындаған: Байдәулетов Ербол
П-09-2 топ студенті
Тексерген: Қыйлыбаева Қалдыгүл

Ақтау-2012жыл
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Дәлелдеме ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Дәлелдемелердің қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясының орны. ... ... ... ... ...
4.Таным теориясы-дәлелдеме теориясының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады
Дәлелдемелер ретiнде рұқсат етiлмейтiн iс жүзiндегi деректер. Iс жүзiндегi деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзумен сипатталады.

Дәлелдеме ұғымы

Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
1) тектік сипаттағы философиалық ұғым;
2) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз - шындықты анықтаудың процесі, пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынадағы дәлелдеме қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай - ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқалы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынада - бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиалық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
а) дәлелдеме - шындықты анықтаудың процесі не әдісі
б) дәлелдеме - тану мен бағалаудың статистикалық объектісі
Қылмыстық іс жүргізу құқыгы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән? Қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіңдегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі дәлелдеу терминімен белгініледі, оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады.
Дәлелдеме ұғымының қылмыстық іс жүргізуініңь мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефенициядан ажырата отырып, А№И№ Трусов былай деп жазды: Сол дәлелдеуде жалаң ойларымен ғана емес, ең әуелі фактілермен жұмыс істейді.
Әрі қарай А.И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
1) Соттық дәлелдемелермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді
2) Жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды? Нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады
3) Соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығалырады.
Р.С. Белкиннің пікірі бойынша жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді.
Дәлелдеме- шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен бірге дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме- қылмыстық іс жүргізу қуқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты№ Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағыталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға қуқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітүдің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115- бабында былай деп жазылған: Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мәнжайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
oo дәлелдемелердің ҚІЖК - не сәйкес жолымен алынуы;
oo дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар ісі жүзіндегі деректірдің болуы;
oo дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
oo мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
oo Жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екіндігін не кінәсіздігін анықтау.
Заң үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезектінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куагнрдің жауптары; сарапшы қорытындысы ; заттай айғақтар; іс жүргізудің хаттамалары және өзгеде құжаттар жатады.
Бұл тізбені кеңейтіп түсіндіруге болмайды.

2. Дәлелдемелердің қайнар көздері
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖҚ-нің 115-бабының 2- бөлігінде тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, айыпталушінің жауап беруі, сарапшының қорытындысы, заттық айғақтар, процессуалдық іс-қимыл хаттамалары және өзге де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей көздерін, сондай - ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен пайдалануды түсіну керек.
Көз ұғымының кең ауқымды мағынада түсіндірудің құқықтық негізі бар. Мәселен, ҚІЖҚ-нің 116-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе сот мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген куәгердің және жәбірленушінінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете алмайды. Бұл ереже көз фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге мүмкіндік береді.
Дәлелдемелер көздірінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиетте әр түрлі көзқарастар қалыптасты, олардың мәні негізінен тізбені кеңейту қажеттілігіне сүйенеді. Мәселен, П.П. Якимов дәлелдемелердің дербес көздері ренінде азаматтық талапкердің жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарың, олардың өкілдерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А.С. Ландо осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол кездер тізбесін кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді.
В.Д. Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды, өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың алғашқы сөздері , яғни олар табылғпн және алынған орын туралы айтуды орынды санайды.
Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға сыни талдау жасау П.П. Якимовпен, А.С Ландонның ұсыныстары ғылыми және практикалық мүдделілік туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге мүмкіндік береді. В.Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары да бар. Іс жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректермен ұсынылған, яғни дәлелдеме бола алатындай заттың қасиеттері деген Р.С. Белкин мен А.И. Винбергтің пайыдауы да дұрыс көрінеді.
Сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерге қатысты айтатын болсақ, онда М.М. Михеенконның пікірі бойынша олар заттық айғақтар да, ерекше түрдегі дәлелдемеле де дәлелдеудәң тәсілдері де болып табылмайды. Бұл көзқарас Н.А. Силивановтың пайымдауымен сәйкес келеді, ол былай деп жазды: Затты заттық айғақ деп тану осы зат пен істің анықталған мән-жайы арасындағы байланыстың болуын көздейті. Ал салыстырмалы үлгілерге қатысты мұндай байланыс туралы айтудың өзі артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес , тергеумен байланысты және оның қылмыстық іске қатысына қарамастан белгілі бір субъектіні немесе объектіні сипаттайды. Салыстырып қарауға көмектесе отырып, мәні жөнінен үлгілер таным құралдары ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды заттық айғақтары зерттеуді жүргізе отырып, срапшы пайдаланатын құралдармен, құрылғылырмен және басқа да тетіктермен, сондай-ақ зерттеуші өзінің қорытындыларында негізге алатын әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми деректермен салыстыруға болады
Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстық іс жүргізу заңы іс жүргізушілік іс - қимыл хаттамаларының атайды. Бірақ қандай да бір нақты қимылды заң ескертпейді. Тергеу іс қимылдарының хаттамалары дәлелдеме көздері болып табылатын тізбе бөлігіндегі ғалым- процессуалистер арасында әр түрлі көзқарас орын алған. В.Д Арсеньев қылмыстық іс жүргізу заныңда көзделген кез келген тергеу іс - қимылының хаттамалары ішінара дәлелдеме көздері болып табылады деп ойлайды. Оған керісінше Ф.Н. Фаткулин мен В.Я. дорохов істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-қимылдарының хаттамаларына ғана дәлелдеме көздері болып табылады деп есептейді. Мәселе мәнісін осылайша түсіну дәлелдеме мақсатына анағұрлым сәйкес келетін сияқты, өйткені жекелеген тергеу іс- қимылдарының қосымша сипаты ған бар және тікелей дәлелдемелер жинақтау тәсілдерін құрамайды. Өзінің көзқарасын жақтай отырып, В.Я. Дорохов былай деп жазды: Хаттамалардың дәлелдеу маңызы туралы мәселе дәлелдемелері жинақтаудың іс жүргізушілік тәсілдері болып табылатын тергеу және сот іс- қимылының хаттамаларына қатысты ғана қойылуы мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелер көздері ҚІЖҚ де толық келтірілген және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды, мұның өзі тиісті емес көздерден және тиісті емес жолмен алынған дәлелдемелер қылмыстық процесте осы сипатында шыға алмайтындығы іс жүргізушілік құқығының ережесіне сәйкес келеді.

3. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясының орны.
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі табылады. Н.С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негідерін, заңдық регламеттің даму сипаттамасың, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т.т. қамтиды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп, Г.М. Миньковский былай деп жазды: Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым щеңберінде сылыстырмалары түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процесстен оқшау қала алмайтыны сияқты дәделдеу теориямы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтынын түсінікті. Олар бөлікпен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан
Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамдас элемент ретірде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығыны ғылымы- теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселерді талдайда:
oo таным процессінің бүр түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
oo осы процессте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
oo қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісің ерекшелігі мен мазмұны туралы ;
oo қылмыстық сот ісінжүргізуде дәлелдеме ұғымы олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
- дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптерімен ережелері туралы;
oo соттық зерттеудің обьективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады.П.С. Элькиннің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың тексерудің және бағалаудың мақсаттын,мазмұнын,тәртібін,шектері н және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі,сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелдігі деп түсіну керек.
Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді.Дәлелдеу құқығының белгілері мынадан көрінеді:
oo дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
oo аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін,ішінара дәлелдемелерді жинақтауға,тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды,яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
oo дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
oo қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді, аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
oo дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады,мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады:
oo дәлелдеу құқығы нормаларының құрлымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрлымына сәйкес келеді,сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының құрудың ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормалардың құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу,әділ соттың ұзақ жылдық тәжірбиесі құқық қолдану қызметіне орын алған қайшылықты,сәйкессіздікті анықтады.Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы осы проблемалардың теориялық және практикакалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді.Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелікке тән дәлелдеу құқығына айналды.Біз осы тараудың құрлымын түсіндіру сипатында қарастырмақпыз,онда дәлелдеме ұғымы дәлелдеу құқығының сипаттамасынан және дәлелдеу теориясынан бұрын беріледі.

4.Таным теориясы-дәлелдеме теориясының негізі
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды обьективті түрде талап етеді.Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі,айналып келгенде таным теориясы аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық- материалистік қозқарас жатыр. Бірден - бір ғылымы әрі дұрыс маркстік- лениндік таным теориясын айқындаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану қажет.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланасы мынада:
Соңғысы ғылымы тандауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу тамынымың алғащқы әдістемелік негізін білдіреді.
Гносеология- жеке ғылымы әдістер мен тәсілдер тұрғысында түсіндірілетін ғылымы- танымдық қызметтің кез келген саласында қолданылатын әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осындай әдістемелік кілт ретінде осы заманғы ғылым диалектикалық әдісті қолданады. А. Давлетов былай деп жазды: Қылмыстық іс жүргізу тамынында диалектикалық әдісті қолдану жалпы, философиалық және әсіресе қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарды дұрыс үйлестіре білуден тұрады. Таным қызметін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңыңың нормалары философиялық категорияларды қылмыстық процессуалдық ұғымдардағы айналдыратын призма сипатында көрінеді. Қылмыстық процессуалдық танымның белгілі бір мәселесін шешу тетіге мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиалық алғышарттары алынады, сосын осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдеме ұғымы туралы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
Қылмыстық процестегі дәлелдер
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы. Негізгі ережелер
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Пәндер