Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Австралия материгі
1.1 Австралия – жер бетіндегі ең кіші
материк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Австралияның геологиялық түзілуінің ерекшелігі
туралы ... ... ... ... ... ... ..8
2. Австралия материгіне және Океанияға географиялық шолу
2.1 Австралия территориясының геологиялық даму тарихы
... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Океанияға географиялық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Пайдаланылғын
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 19

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Аустралия, ресми атауы Аустралия Одағы (ағылш.
Commonwealth of Australia; лат. australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан)
— Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім
аралдарында орналасқан мемлекет. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия
Республикасы, Папуа — Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон
аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның
астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – Сидней, Мельбурн.
Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік
ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске
дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс
бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді
мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және
Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі
шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен
шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк. Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км)
бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып,
Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.
Аустралия жерлері көбіне тропиктік (18-30° оңтүстік ендік), солтүстігі
субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 30°
оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.
Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кджсm³; сондықтан
Аустралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Аутралия
түгелімен дерлік 20-28° С жазғы және 12-20° қысқы изотермалар аралығында
жатыр. Солтүстік Аустралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы -
қаңтар мен қыстың ең суық айы - шілде температурасының айырмашылығы шамалы.
Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның
маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40° С-тан жорғары
болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолютті
максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолютті минимумы -4°, -6° С-қа
дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Аустралия
Альпісінде болады.
Аустралияның жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа
қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды
желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін
тигізеді[4][5].
Зерттеудің негізгі мақсаты: Аустралия материгіне және Океанияға жалпы
сипаттама беру, географиялық шолу жасау.
Міндеттері:
1. Аустралия материгі туралы жалпы сипаттама беру;
2. Океанияға географиялық шолу жасау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімшеден, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Австралия материгі

1.1 Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк.
Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса
түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып,
қонысталынған бұл материктің аты латының australis – оңтүстік деген сөзінен
шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын,
оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі
бөліктері: солтүстікте – Йорк мүйісі (10 41о. е.) оңтүстікте – Оңтүстік –
Шығыс мүйісі (39 11 о. е.),батыста – Стип – Пойнт мүйісі (113 05 ш.б.),
шығыста – байрон мүйісі (153 34 ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке
3200км – ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі –
7631,5 мың км.
Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут – Айленд
және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте – материктік қайраңның шетінде жатқан
Тасмания, Кинг, Флиндерс, және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі
арал – Дерк – Хартог, шығыста – Фрейзер.
Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір
материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай – ақ
оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп
те атайды.
Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік – батыс
бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі –
ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп
атайды.
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. км2. Әдетте,
Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Австралияға ең таяу жатқан Жаңа
Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды.
Меланезияға Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т.б. кіреді. Ең
оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезиядан
солтүстіктегі және 177 ш. б. батыста таман жатқан ұсақ аралдарды (Мариян,
Каралин, Маршалл т. б.) Микронезия деп аталады. Тынық мұхиттың орталық және
оңтүстік бөлігінде 177 ш. б. шығысқа қарай жатқан қалған барлық аралдар
Палинезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн; Қоғам аралдары т. б. Бұл тарихи
және этнографиялық жағынан осылай бөлінген, бірақ ол Мұхитттық аралдарды
генетикалық және физикалық – географиялық белгілеріне қарай бөлуге сәйкес
келмейді.
Жаңа Гвинеядан, шығысқа Фиджи аралдарын қоса, Жаңа Зеландияға дейінгі
аралдар доғасы аралдарды және материкті бөліп жататын су бассейндерімен
бірге Тынық мұхит геосинклинальды белдеуінің жалғасы болып табылады.
Климаттың құрылуы және органикалық дүниенің түзілуі жөнінен ол Австралиямен
тығыз байланысты, Шығыс Азия аралдары Евразияға сондай қатынаста. Шетелдік
әдебиетте оны кейде Неоавстралия деп те атайды. Бұл аралдық ғоғаны
Австралиямен бірге қарастыруға болады. Тынық мұхиттың ашық
бөлігініңаралдары пайда болуы жөнінен Тынық мұхит платформасымен
(талассократонмен) байланысты және оларға өмір бойы құрлықтың ірі
алаптарының әсері тимеген. Олардың табиғатының өзіндік өзгешелігі бар және
Австралия материгінің табиғатымен ешқандай байланысы жоқ.
Палеоген кезеңінде оңтүстікке, Үлкен Австралия шығанағының
солтүстігіне қарай Юкла ойысының түзілуі жүріп, ол теңіз суына батты.
Неоген кезінде теңіз құрғап, оның орнында Наллаарбор жазығы пайда болды.
Жаңа платформаның палеозойлық құрылысының тегістелген орнында ең жаңа
қозғалыстар нәтижесінде Үлкен Суайрық жотасы, Флиндерс пен Маунт – Лофти
таулары көтерілді. Көтерілу тасман теңізі жағалауларының төмен түсуімен,
жазықтар пайда болуымен және әсіресе оңтүстік – шығыста базальт
вулканизмдерінің күшті байқалуымен қоса жүрді. Оңтүстікте төмен түсу Басс
бұғазы мен Тасманияның бір бөлігінің пайда болуына алып келді.
Неоген бойы мен антропогеннің бас кезінде климат жағдайы әлденеше рет
өзгеріске түсті: аридтану кезеңі ылғалдану кезеңі мен ауысты. Плювиалдық
кезеңнен Австралияның қуаң аудандарында тек ішінара тұзды суға толған
немесе толық сорға айналған гидроморфтық қызыл түсті қабаттар, құрғаған
өзен арналары, көл қавзан шұңқырлары ғапна сақталған. Теңізден босаған жас
жазықта Австралияның неғұрлым ірі өзендер жүйесі қалыптасты.
Тының мұхит белдеуі шегінде тау түзілуімен байланысты Оңтүстік – Шығыс
Азия мен Австралия арасындағы құрлық недәуір ұлғайды, Зонд архипелагы Жаңа
Гвинея менАвстралияның ірі аралдары арасында көптеген қайраңдар аралдар мен
құм қайырлар пайда болды.
Австралияға Азиялық жануарлардың келуі үшін құрлықтың мұндай ұлғаюы
жеткіліксіз еді, алайда, ол материкте адамдардың пайда болуын толық
қамтамасыз етті. Ежелгі адамдар ішінара құрлықпен, таяз сулы бұғаздар
арқылы, ішінара салдармен Кіші зонд аралына, содан кейін Жаңа Гвинея мен
Австралияға өткен. Олармен бірге сірә, кейбір өсімдіктер де, сондай – ақ
Австралияның жабайы фауналар құрамындағы сүтқоректілердің жалғыз өкілі
динго иті де келуі мүмкін.
1.2 Австралияның геологиялық түзілуінің ерекшелігі туралы.
Европалықтар Австралияны адам тұратын материктердің бәрәнен кейін
ашты. Европадан шалғай әрі оқшау орналасуы оның ашылуына кедергі келтірді.
Ежелден – ақ ғалымдар Оңтүстік тропиктен оңтүстікке таман жатқан жер бар
деп жорамалдаған. Бұл жерді голландықтар ашқан. XVII ғасырдың бірінші
жартысында оларға материктің бүкіл солтүстік, батыс және оңтүстік – батыс
жағалауы түгелдейдерлік белгілі болған. Австралияны жақсы білу үшін
голландиялық теңізге жүзуші Абель Тасман экспедициясының зор маңызы болды.
Ол материктің солтүстік және солтүстік – батыс жағасын зерттеп, 1642 ж.
кейін өзінің атымен аталған Тасмания аралын ашты.
Австралияның шығыс жағалауын XVIII ғасырдың екінші жартысында
ағылшынның аса көрнекті теңізде жүзушісі және зерттеушісі Джеймс Кук ашқан
болатын. Кук зерттеулерінің нәтижесінде оңтүстікте үлкен материктің бар
екендігі туралы аңыз біржолата жоққа шығарылды және Австралияның бұрын
жұрттың ойлағанындай белгісіз Антарктикалық материктің бөлігі емес, дербес
материк екені дәлелденді.
XVIII ғасырдың аяғынан бастап Австралияны игеру жұмысы басталды.
Ағылшын үкіметі әуелі Австралияға қылмыскерлерді жер аударды. Материктің
оңтүстік – шығысында айдалған адамдардың қонысы ретінде Сидней қаласы бой
көтерді. Австралияда мал өсіру үшін пайдалануға болатын жақсы жайылымдар
европалықтардың назарын аударды. Сондықтан материктің ішкі аудандарын
зерттеу европалық қоныс аударушылардың малдары үшін жайылымдар мен су
іздестіруден басталды.
Аса бай алтын кен орындарының ашылуына байланысты XIXғасырдың
ортасында Австралияға көптеген “бақыт іздеушілер” ағылды. Осы кезде Англия
бүкіл материкті өзінің отары деп жариялады.
Африканың жер бедері сияқты, Австралияның жер бедері де айтарлықтай
күрделі емес. Оның негізінде Австралия платформасы жатыр. Материктің
шығысында өте мүжілген, ежелгі қатпарлы аса таулар – Үлкен Суайрық жотасы
жатыр. Жазықтар мен өзен аңғарлары тауларды жекелеген тау сілемдеріне
бөледі. Олардың шыңдары әдетте күмбез тәрізді болып келеді. Таулардың шығыс
беткейлері теңізге тік құлама жасайды, ал батыс беткейлері – едәір
түйетайлы болады. Таулардың ең биік бөліктері қиыр оңтүстік – шығыста
орналасқан. Ол батысқа қарай төмендеп, бетін шөгінді жыныстардың қалың
қабаты жапқан Орталық ойпатқа ауысады.
Материк екі тең емес бөлікке бөлінеді: Батыстағы ежелгі Кембриге
дейінгі платформасы және шығыста пратеразойлық және палеозой қатпарлы
белдеу. Қатпарлы фундаменттің метаморфтық және вулкандық жыныстардан шығып
туған жері үш қалқанды қалыптастырады. Австралиялық платформаның
қалыптасқан ерте және орта пратеразойға тиісті Байкал
орогенезіплатформасының даму тарихында соңғы болып есептеген
материктің шығысын шығыс Австралиялық қатпарлы аймағы алып жатыр. Аймақтың
батыс бөлігі Каледон орогенезіне ал шығысында Герцин орогенезіне ұшырады.
Геологиялық мәліметтер бойынша палеозой мен мезазойда Австралияда ежелгі
Гондвананың құрамында болды. Юраның аяғында пайда болған Үнді мұхитының
солтүстік – шығыс және Бордың басында қалыптасқан батыс Австралиялық
қазақшұңқыры континенттің батыс шетін қазіргі заман пішінін қалыптастырады.
Австралияның басқа материктерден ұзақ уақытына байланысты болмағандығы оның
флорасы мен фаунасын эндемикті болуының негізгі себебі палеозойдың аяғынан
материктің беті жай тербелуге ұшырады, Оның нәтижесінде теңіз регрессия
пайда болды. Трансгрессия себебінен материктің шығыс – батысы өз бетінше
дамыған.
Палеоботаникалық мәліметтер бойынша бор және палеоген кезеңдері
Австралия территориясының климаттық айырмашылығы айқын байқалмайды.
Материктің батыс шетінен басқа аймақтардан көтерілген процестер ұшырайды.
Үгілу таулы массивтердің қиратылуына және ойыстар мен тау алды иілмелі
континенттің шөгінділерінің жиналуына алып келді. Яғни тегістелу және
шөгінді тау жыныстары жиналу процестері күшті болды. Неогеннің басында
материктің батысы жазықты түрде болды. Миоцинде (неогеннің басы) климат
біршама құрғақтық байқалады. Жауын – шашын түсуі маусымда пайда болды.
Мұндай жағдайда материк бойынша латеризация процесі дамуына алып келеді.
Меоциндік латериттік қыртысы ежелгі Австралия жазықтары жер бедерінің
консервация маңызды рол атқарады. Материктің контурлық орографиясының
негізгі белгілері альптік геосинклинальдары жоғары қозғалу нәтижесінде
қалыптасады.Ол қозғалыс неогеннің аяғында Австралиядан Жаңа Зеландиядан
Тасманиядан бөлініп шығып алып келді. Шығыс Австралиялық таулар осы кезде
Австралиялық Альпі қалыптасты. Мезозойдың аяғында бұл аймақта кайнезен
процесі күшті болды. Оның куәсі тау белдеулерінің орталық және оңтүстік
бөліктері базальтті үстірттермен жазықтар. Ерте пристацинде басталған
климаттың салқындауы материктің оңтүстік шығысының мұз басуына алып келді.
Мұз тек Костюшко массивінде және Тасмания аралының биік жерінде болған
орталық Австралия ылғалды климат болғандықтан оның куәсі көптеген палео
аңғарлар және алювиальдық шөгінді қабаттар гляциндегі климаттың құрғақ тез
өзгеруі өзендер мен көлдердің саяздануына құм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аустралия құрлығының ашылуы
Австралия
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Пәндер