Ағылшын тілі сабағын жоспарлау



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Ағылшын тілі сабағын жоспарлау

Орындаған:
Жетекші:

Орал - 2013

Мазмұны

Кіріспе
Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттермен ғылыми, техникалық және
экономикалық байланыстарына кеңінен жол ашылып отырған кезеңде шетел тілін
жетік білетін түрлі кәсіптің мамандары біздің елімізге өте қажет. Болашақ
мамандардың шетел тілін еркін меңгеріп шығуларында өз бетінше жұмысты дұрыс
және тиімді ұйымдастырудың маңызы зор.
Ағылшын тілінен методологиялық, мазмұндық және технологиялық негізде
білім берудегі түбегейлі өзгерістер шетел тілінен бірыңғай білім беру
жүйесін құруды қажет етіп отыр. Ұлттық білім беру жүйесін реформалау
гуманистік принцип бойынша жаңартылған теориялық-методологиялық негізде
және жеке тұлғаға бағытталған тәсіл арқылы іске аспақшы.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-
салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде лексика грамматикаға қатысты
зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар
шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды және жеке
лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы
жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі
ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай,
ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-
тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар
қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ
тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі
мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі
халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып
табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.
Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып,
соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі
саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және
жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне
аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында
қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді
молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз.
Сондықтан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі
трансформацялық модельдерін қарастыру жұмысы мәселені толығымен жоймаса да,
осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар.
Зерттеу нысаны. Ағылшын тіліндегі іс қағаздарда кездесетін лексика-
грамматкалық өзгерістер.
Зерттеудің пәні. Ағылшын тіліндегі іс қағаздарда кездесетін лексика
грамматикалық өзгерістерді зерттеу. Соның негізінде төмендегі міндеттер
қойылды:
- ағылшын тілінде іс қағаздарп жүргіу ерекшеліктері;
- ағылшын тілінде іс қағаздарда кездесетін лексика грамматкалық
өзгерістермен танысу;
- Ағылшын тіліндегі сыпайылылықтың лексико-грамматикалық
сипаттамалары
- - ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің құрылымдық үлгілерін және
олардың семантикалық мағыналарын талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ағылшын тіліндегі іс қағаздарда кездесетін
лексика грамматикалыө өзгерістердің әдіс-тәсілдерін қолдану теориясы мен
практикасының негізгі мәні ашылды.
Зерттеудің негізгі дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздері
ретінде ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша аударма сөздіктер, ағылшын
тіліндегі классикалық әдебиеттердің аударма материалдарынан алынған екі
мыңнан астам кеспе қағаздар қолданылды.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық-педагогикалық
тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық
бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.
1. Ағылшын тіліндегі лексика-грамматикалық тәсілдер
1.1.Лексикалық және грамматикалық тәсілдердің қолданылуы
Лексикалық тәсілдер бастапқы мәтінде сөз деңгейінде стандартқа сәйкес
емес тілдік бірлік болған жағдайда қолданылады. Мәселен: бастапқы тілдің
мәдениетіне сай келсе де, аударма тілінде жоқ жалқы есімдер; белгілі бір
кәсіби саладағы термин; түпкі мәдениетке сәйкес, бірақ аударма мәдениетінде
құрылымдық – функционалдық бірізділік бойынша өзгеше және аударма тілінде
мүлдем жоқ заттар, құбылыстар мен түсініктерді білдіретін сөздер. Мұндай
сөздер аударма үрдісінде басты орын алады, өйткені салыстырмалы түрде
контекстке тәуелсіз бұл сөздер аудармашының таңдауына сай аударма мәтініне
әртүрлі бағыттылықты береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Айсәуле немесе Гүлім
есімдері ағылшын тіліне транслитерация тәсілі арқылы Aisaule, Gulim деп
аударылып, мәтін ішіндегі есім рөлін атқарады. Бірақ, сөзсіз мәтіннен тыс
ассоциацияны жояды: Айсәуле – айдың сәулесі және Гүлім – гүл. Ағылшын
тіліндегі Bloody Mary бастапқы мәдениетке сай бір уақытта коктейль және
ағылшын ханшайымының тарихи титулына сәйкес аллюзия бола отырып, екі
мағынаға да бір атау кейпіне ие болады. Қазақ тілінде бұл атаудың екі түрлі
формасы берілген: Қанды Мэри (коктейль) және Қанды Мария (ханшайым).
Көптеген контекстерде бастапқы бірлікті біріктіру маңызды емес, бірақ
бастапқы мәтін авторы оны күрделірек мәтіндік дүние – стандартты түрде
тәуелсіз бірліктер жүйесіне толы бейнелеуде қолданса, аудармашы қиын
жағдайда қалып, өзінің стилистикалық тәсілін таңдауына апарып соқтырады.
Бұл дегеніміз – баламаларды лексикалық дәрежеден стилистикалық дәрежеге
өткізу арқылы таңдау мәселесімен байланысты аударма бірлігінің деңгейін
өзгерту.
Бастапқы мәтіннің стандартқа сәйкес емес лексикалық элементтерін
аударудың кең тараған тәсілдеріне транслитерация, транскрипция, калькалау,
семантикалық модификация, суреттеу, түсіндірме, аралас аударма жатады.
Грамматикалық тәсілдер морфемадан бастап фразадан жоғары бірліктерге
дейін, бастапқы мәтіннің стандартты түрде тәуелсіз кез-келген грамматикалық
құрылымы аударма мәтінінің объектісі болған жағдайында қолданылады.
Аудармашы үшін лексикалық мәселелермен салыстырғанда бұл мәселелер онша көп
қиындық тудырмайды. Бірақ, өзіндік даралығы болғандықтан белгілі бір
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Мәселен, ағылшын тілінде көп қолданылатын
есімшені қазақ тіліне аударуда сөйлемнің грамматикалық құрылымының қайта
құрылуын талап етеді:
The work having been done, everybody felt a relief.
Жұмыс біткен кезде, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей
сезінді.
Жұмысты бітіріп, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей
сезінді.
Барлық грамматикалық шақтар, тіпті өзге контекстерде тура
сәйкестіктері болса да қайта құрылады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне
мәтінді аудару барысында етістік шақтары қызметінің үйлеспеуі орын алады.
Мысалы, ағылшындардың тағам әзірлеу мәзірін жазу салтында императив формасы
қолданылса, қазақ тілінде ауыспалы келер шақ түрінде беріледі:
Bake the buns till light golden.
Бөлке нан қызғыш түс пайда болғанша пісіріледі.
Бұл қайта құру түрі аударма тілінде бастапқыдай грамматикалық формасы
жоқ болған не өзге қызмет атқарған жағдайда қолданылатын грамматикалық
ауыстыруға жатады.
Осы мысалда till light golden қазақ тілінде лексикалық бірліктердің
қосылуын талап ететін синтаксистік орам болып табылады. Мұндай тәсіл
тарату, қосу, біріктіру, кеңейту сияқты тәсілдерінің қатарына жатады.
Функционалдық ауыстыру және қосу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Ағылшын тілі сабағын жоспарлау жайлы
Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз
Ағылшын тілі сабақ жүргізудің үлгісі
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Шет тілі сабағының түрлері
Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (e-learning)
Әдістемелік даярлық
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Пәндер