Ағылшын тілі сабағын жоспарлау жайлы


Орал гуманитарлық техникалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ағылшын тілі сабағын жоспарлау»
Орындаған: Диярова Т. В.
Жетекші: Амандыкова Г. Н.
Орал - 2013
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Негізгі мектепте ағылшын тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері
1. 1. Мектепте ағылшын тілі сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері . . . 6
1. 2. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін және іс - әрекеттер
арқылы оқыту . . . 12
1. 3. Ағылшын тілі сабағында саралап, денгейлеп оқыту технологиясының қолдану мазмұны . . . 20
ІІ. Ағылшын тілі сабағынан сабақ жоспарларын құру әдістемесі
2. 1. Ағылшын тілінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары . . . 26
2. 2. Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақтар ұйымдастыру . . . 31
Қорытынды . . . 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттермен ғылыми, техникалық және экономикалық байланыстарына кеңінен жол ашылып отырған кезеңде шетел тілін жетік білетін түрлі кәсіптің мамандары біздің елімізге өте қажет. Болашақ мамандардың шетел тілін еркін меңгеріп шығуларында өз бетінше жұмысты дұрыс және тиімді ұйымдастырудың маңызы зор.
Ағылшын тілінен методологиялық, мазмұндық және технологиялық негізде білім берудегі түбегейлі өзгерістер шетел тілінен бірыңғай білім беру жүйесін құруды қажет етіп отыр. Ұлттық білім беру жүйесін реформалау гуманистік принцип бойынша жаңартылған теориялық-методологиялық негізде және жеке тұлғаға бағытталған тәсіл арқылы іске аспақшы.
Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технолгияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана парктикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі бұзылады: бұл процесс әртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технолoгия педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Ағылшын тілі сабақтарына қойылатын негізгі мақсаттар мен олардың теорияларына сәйкес құрылу принциптеріне, сабақ типтері мен түрлеріне, жаңашыл педагогтардың сабақ бойынша тәжірибелеріне талдау жасадық.
Ағылшын тілдерін үйде оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдісі мен теориясының маңызды бағыттарының бірі - үйге берілген сабақ проблемасын шешудің негізі-оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылады.
Білім берудің «Тіл және әдебиет» саласына кіретін оқу пәні - шетел тілі (ағылшын тілі) . «Ағылшын тілі» оқу пәні - тіл материалы (фонетика, лексика, грамматика), сөз әрекетінің түрлері (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу), оқытылып отырған тілдің мәдениетаралық-коммуникативтік қызметі болып табылады.
Зерттеу өзектілігі : Оқушылардың білімге құштарлығын, танымдық қабілетін дамытудың бірден-бір жолы - оларды пәнге қызықтыру.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру керек екендігіне ерекше мән берілген. Н. Ә. Назарбаевтың “Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз” деген сөзі педагог мамандарына арнап айтылғандай.
Уақыт талабы қазіргі мектептерде жаңаша жұмыс істеуді, оқыту процессін модернизациялауды талап етеді, яғни жаңаша жұмыс істеу үшін ұстаз жан-жақты білімді, педагогика және психология ғылымдарын жетік игерген, сабақты құрудың және өткізудің диалектикалық ыңғайын тауып, жаңа технологияны икемді пайдалана білуі керек.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.
Ағылшын тілінде ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты :
Ағылшын тілі сабағын жоспарлау және оқыту әдістемелерін балалардың беллсенділігін арттыру құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында балалардың танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде ойын элементтерін пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеу.
2. Ағылшын тілі пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттерін талдау.
3. Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі негізгі әдістемелердің ерекшеліктерін атап көрсетуге.
Зерттеу объектісі : Ағылшын тілі сабағын жоспарлау және оқыту әдістемелері.
Зерттеу тақырыбы : Ағылшын тілі сабағын жоспарлау
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.
І. Негізгі мектепте ағылшын тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері
1. 1. Мектепте ағылшын тілі сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
Негізгі мектепке арналған ағылшын тілі курсы жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуға дайындауға бағытталады, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы европалық деңгейлеріне (А1), (А2) сәйкес келеді. Ағылшын тілін оқыту тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған: негізгі орта мектеп (5-9 сыныптар) . Осыған сәйкес негізгі орта мектепте ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Ағылшын тілі курсының жалпы орта білім беру деңгейіне: В1- бастапқы қоғамдық-гуманитарлық бағыты жатады.
Шетел тілін оқыту 5-9 сыныпта қол жеткен оқытудың бастапқы деңгейін негізге ала отырып, негізгі білім беру деңгейінде үздіксіздік ұстанымына сәйкес шеттілдік біліктіліктердің ары қарай тереңінен қалыптасуы мен дамуын көздейді. 10-11 сыныптарда оқушылардың шетел тілі бойынша дайындығының негізгі (жалпы білім беру) деңгейінің мазмұны В1 бастапқы (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) деңгейіне сәйкес келеді.
Ағылшын тілі оқу пәнінің жалпы мақсаттары:
- Көптілді тұлға қалыптастыру: әлем мәдениетінің құндылықтарымен танысу, мәдени диалог негізінде туған мәдениетін терең түсіну, гуманистік дүниетанымға тәрбиелеу;
- Коммуникативті - мәдениаралық құзіреттілік пен оны құрайтын қосымша құзіреттіліктерді қалыптастыру: тілдік, сөйлесімдік, әлеуметтік - мәдени, лингво - мәдениеттік, компенсаторлық, оқу - танымдық.
- көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;
- мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін қалыптастыру: тілдік - тілдік құралдарды және оларды шеттілдік қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру, сөздік - сөз әрекетінің 4 түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру, әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени, компенсаторлық -лингвистикалық құрал ретінде вербальды (синонимдер, антонимдер, парафразалар, дефиниция) және вербальды емес (ым-ишара, мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;
- жалпы европалық деңгейлер шеңберінде (А1, А2) оқушылардың тілін оқып отырған елдің мәдени нормаларын, салт дәстүрлерін өз елі мәдениетінің ұлттық салт дәстүрлерімен салыстыра отырып меңгерту;
- оқу-тілдік жағдаяттарында дұрыс лингвомәдени қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;
- тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; ағылшын тілі құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімен жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;
- ағылшын тілін меңгеруде спецификалық іскерліктерді қалыптастыру: қостілдік, түсіндірме сөздіктермен, шеттілдік мәтіндермен, сөздік және грамматикалық минимуммен жұмыс істеу, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру.
Тілдік құзіреттілік - тақырыптар мен қарым-қатынас аясына сәйкес жаңа тілдік әдістерді игеру, мектепте алған тілдік білімді жүйелеу, кәсіптік-бағдар сипатындағы ақпараттар көмегімен білім көлемін арттыру;
Сөйлесімдік құзіреттілік- араб тілін тыңдап-түсіну, оқу, сөйлеу, жазу негізіндегі танымдық және қатынас құралы ретінде қолдану;
Әлеуметтік-мәдени құзіреттілік- оқитын елдің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктерін білу арқылы білімін арттыру, сол ерекшеліктерге сай сөйлесім құрауға дағдылану;
Лингво - мәдениеттік құзіреттілік- лингво-мәдени жайттарды дұрыс әрі жаңаша көзқараспен түсіну дағдысын қалыптастыру;
Компенсаторлық құзіреттілік- шет тілін қолдану арқылы қарым-қатынаста тілдік құралдардың жетіспеу жағдайынан шыға білу қабілеті;
Оқу-танымдық құзіреттілік- арнайы оқу қабілетін дамыту, оқып жатқан тілді білімін, таңдаған мамандығын жалғастыру мақсатында қолдану.
Ағылшын тілі пәнін оқытудың міндеттері:
1) пәнаралық байланыстарды (сөз таптарын, синтаксис, морфология, фразеологизм; тарихи оқиғалар, географиялық құбылыстар, өз елінің мәдениеті т. б. ) қолдану арқылы тілдік білімді кеңейту;
2) оқушыларды әлеуметтік, лингво-мәдени, тұлғалық қасиеттерін нығайту, өзге өмір қалыптарын, өзге таным мен сезім жүйесін бағдарлау қабілетін дамыту, тақырыптағы әлем мәдениетін оқушылардың түсінуі, әлеуметтік мәселелерге сыни көзбен қарау;
3) ағылшын тілін танымдық және қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, тілдік тәжірибеде жетілдіру (сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, жаңа ақпараттық құралдардың көмегімен) ;
4) ағылшын тілін меңгеруде оқушылардың белсенділігін ары қарай дамыту, өзін -өзі бақылау мен бағалауға дайындау, сонымен қатар оқып жатқан тілін, білімін жалғастыру мақсатында қолдану.
5) мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерді барлық құрамды бөліктерімен жалпы европалық деңгейлік стандартқа сәйкес (А1, А2 деңгейлері) ары қарай дамыту;
6) жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;
7) проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыру;
8) оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну;
9) шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.
Оқытудың мазмұнын іріктеу методологиялық, жалпы дидактикалық және жеке әдістемелік ұстанымдардың негізінде жүзеге асады.
Методологиялық ұстанымдар: когнитивті, коммуникативті, әлеуметтік-мәдени, лингво-мәдени, рефлексті-дамулық.
Жалпы дидактикалық ұстанымдар:
Сабақтастық ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология деңгейінде оқытуды қамтамасыз етеді.
Белсенділік ұстанымы 3 ұстаным тобын қарастырады: тұлғалық-бағдарлау, мәдени-бағдарлау, қызметтік-бағдарлау. Тұлғалық-бағдарлау ұстанымына бірегейлік ұстанымы, даму және психологиялық жайлылық ұстанымдары жатады. Мәдени-бағдарлау ұстанымына әлем бейнесі ұстанымы, білім мазмұнынының бүтіндігі, жүйелілік және әлемге түсінікті көзқарас ұстанымдарын қамтиды. Қызметтік-бағдарлау ұстанымы оқушының оқу белсенділігін, оқу жағдайынан өмірлік жағдайдағы іс-әрекетке өту және оқу-танымдық жұмыстардан жеке әрекет ету ұстанымын қарастырады.
Пәнаралық интеграция ұстанымының өткенді шолатын (ретроспективті), қатарлас (параллельді) және перспективті қасиеті бар және бұл ұстаным екі түрлі тәсілмен іске асады:
- мазмұнының жекелеген бөлімдері «Шетел тілі» пәнінің сөйлесімге бағытталған (речевой) тақырыбында кездесетін, «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Өнер» және т. б. осы секілді пәндер салаларының пәндік білімдерін қолдану жолы;
- шет тілдерді меңгеру саласына басқа пән салаларынан әрекет тәсілдерін тасымалдау жолы: мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы ақпаратты бөліп алу және т. б. (әдебиетпен байланыс) ; өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т. б. (ана тілімен байланыс) .
Түсініктілік ұстанымы шет тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Балалардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.
Жүйелілік пен сабақтастық ұстанымы сабақ барысындағы тілдік материалды жүйелеу, қорыту және қайталау арқылы жүзеге асады.
Көрнекілік ұстанымы көрнекі құралдардың барлық түрлерін қолдану, оның ішінде вербальды, суретті т. б. көрнекілік құралдары кіреді.
Шетел тіліне оқытудың әдістемелік жүйесінің негізін тіл мен мәдениетті кіріктіре оқытуды қарастыратын және оқытудың соңғы нәтижесі ретінде субъектіде (тұлғада) мәдениаралық коммуникацияны қалыптастыратын тұжырымды негізі когнитивті-лингвомәдени әдіснама болып табылатын шеттілдік білім берудің заманауи мәдениаралық-коммуникативтік теориясы құрайды. Бұл кезеңдегі әдістемелік жүйе мазмұнды таңдаудан, материалдың ұйымдастырылуынан, әдістер мен технологияны қолданумен және бақылау түрлерімен ерекшеленеді. Іріктеліп алынған мазмұндар қазіргі заманғы жоғарғы сынып оқушыларының талап тілектеріне сай, оқитын тіл елі мен өз елінің мәдени мұрасын қамтиды. Әдістемелер мен амалдар, технологиялар құнды бағдарлардың дамуына сыни көзқарастың дамуына ықпал етуді көздейді.
Ұсынылған ақпараттың мәселелігі оқушыларды ойлануға, жеке қорытынды жасауға, қажетті ақпараттар іздеуге (сонымен бірге Интернет ресурстарын қолдану) құлшыныс береді, үздіксіз білім алу, өзін-өзі бағалау қажеттіліктерін арттырады.
Шетел тілін оқытудағы таңдалып алынған деңгейлерге байланысты оқытудың мазмұны мен сипаты да өзгереді. Базалық курс бастапқы деңгейге (В1) жетуге жетелейді. Бұл курстың әдістемелік жүйелері негізгі мектептік деңгеймен салыстырғанда жоғары (мәдени-коммуникативтік құзіреттілікті қамтығанда) . Базалық курс жалпы орта білімдік мектептерде «Шетел тілі» пәні бойынша дайындықты аяқтайды.
Монологтық сөйлесімге үйрету баяндамалар, хабарландырулар жасау қабілетін дамытады. Әдістемелік амалдар логикалық сабақтастықтың құрылуына, оқиғаны түсіндіріп баяндауға көмектеседі. Ал тыңдап түсінуді оқытудың әдістемелік ерекшелігіне сөйлесушінің айтқанын әртүрлі жағдайларда тыңдап түсіну қабілетін қалыптастырады.
Оқылымға үйретуде қолданылатын төрт басты стратегияға қоса кәсіптік-бағдар материалдары қолданылады. Жоғарғы сынып оқушыларын жазылымға үйрету әдістемелері мәтіндерді дұрыс жазуға, баяндамаларды құрастыруға бағытталған.
Осылайша бұл кезеңдегі оқытудың әдістемелік жүйе құрылымдары бірқатар оқыту ерекшеліктерімен сипатталады.
1. 2.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін және іс - әрекеттер арқылы оқыту
Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың толық және кейде күтпеген жерде қабілеті танылады.
Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер жасөспірім сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді. Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, еліктей мен қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді, және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқалаусыз тіл материалы меңгеріледі - «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін».
Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым - қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім. Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым. Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын. Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.
Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалмайды. Дегенмен, қиындықтар азаяды. Себебі, ойын - оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады. Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т. с. с. сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп, қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттығады, екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.
Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1. Алфавитті дұрыс меңгерту
2. Орфографияны дұрыс оқыту
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4. Лексиканы меңгерту
5. Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz