Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Адамгершілік мәдениеті ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
2.1 Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні ... ... ..20
2.2 Өзін –өзі тану пәні арқылы балалардың бойында рухани –адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...30
Қолданылған әдебиеттері тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң
бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру
әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке
басын қалыптастыру негiзi мектепке дейінгі шақтан қаланатыны бәрiмiзге
белгiлi. Мектепке дейінгі балаларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту,
қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан
Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу -
бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының
жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын
iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту
мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар
қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал
мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие
беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап
адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ
бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық
сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет.
Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер
жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық
педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының
мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды,
отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-әрекетi басым. Жас бала - жас
шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi мектепке
дейін қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi
көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк
ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның
бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын,
санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм
берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Бiлiм беру тұжырымдамасының
оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы
iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:
- Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық
белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына
сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай
тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.
- Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да
адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту
мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық
мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
- бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани
өрлеу тұрғысынан жаңарту;
- оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк
негiздерiн де анықтау;
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның
iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк – рухани бiлiм
бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды
қалыптастыруды талап етедi.
Зерттеудің мақсаты: Бала тәрбиесіне халықтық мұраны пайдалану жолдарын
ұштастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемелік жағынан қамтамасыз
ету.
Зерттеудің міндеттері:
- оқу тәрбие үрдісінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды
ұйымдастыруда негізге алынатын теориялық бағытты анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік
беру;
- өзін өзі тану пәнін адамгершілік тәрбиесімен байланыстыра түсіндіру;
- бала тәрбиесіне халықтық мұраны пайдалану жолдарын ұштастырудың
әдістемелік жағын қамтамасыз ету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларына тілдік
мағлұматтарды халық педагогикасымен ұштастыра беретін болсақ, онда ұлттық
сана сезімі оянған, адамгершілік көзқарастары қалыптасқан, білімді,
тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыруға болады, өйткені халықтық дәстүрлер
ұлттық ділдің тірегі болып саналады.
Зерттеудің нысаны: адамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептің оқу құжаттарын
зерделеу, салыстырмалы талдау, қорытындылау.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
психологтардың, педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар
Қазақстан Республикасының Конституциясы Білім беру туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Қазақстан - 2030 даму стратегиясы, озат педагогтардың іс-
тәжирибелері.
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Балапан балабақшасы
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Адамгершілік мәдениеті ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы
қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып,
жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны
адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға
болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған
категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк,
қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс,
тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк
категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған
әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль
болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және
адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк
қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте,
адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде,
қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие
болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру
үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата-
анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу,
қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ,
кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау,
әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек
қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа
достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген
уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты.
Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған
ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз
емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. [14.33]
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше
қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы,
Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек
ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге
абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек.
Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен
мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып,
қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп
қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын
көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады”
деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп
сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы
екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ,
оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ
елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-
әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк
қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен
адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп
сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны
қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне
әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу,
қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды
ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық
рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата
дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу.
“Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк,
кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше
қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам
баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай
болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз
қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын
зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына
қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы
аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең
мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”. [4.78]
1.2 Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде
отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие-
екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән
адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық
пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде
қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен
танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен
танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке,
ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз
қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер
еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір
нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық
бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-
бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті
көңіл бөлуі талап етіледі.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың
жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы
жүзеге асыруда басты ролді атқарады.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы
балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке
басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың
сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып,
санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы
мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай
жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін,
өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік
сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі
міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу,
балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым
ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен
қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын
қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт
өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі
қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі
үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі
шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды
мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа
дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де
ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің
рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат
бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар
рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың
негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және
адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын
қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-
құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы
алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан
басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде
тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай
білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-
қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға — деген мақалдардан
көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік
тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық
құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар,
ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне
бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік
тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-
қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты
белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-
қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік,
қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.
Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті,
адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың
басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің
қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр
адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған
табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере
білсек, ол бала солай бола алады, — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең
білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата
білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына,
айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің
ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-
жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп
тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-
сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық
пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі
қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік
тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін
ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-
ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра
отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың
болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледідегендей, ата-ананың күн
сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер
айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де
білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін
адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды
істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі
мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден,
тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында
ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы
бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын
анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны
белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке
деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың
да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті
азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге
айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау
дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың
тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты,
мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді
сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні
өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын,
биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп
құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын
оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету,
адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді
сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу
адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық
тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы
іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына
сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен,
адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына
тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана
сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған
мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор
бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты
жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану
рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән
ретінде жүргізіліп келеді.
Өзін-өзі тану пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке,
достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын
сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық,
тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай,
құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу,
кешірімді болуды үйрету де Өзін-өзі тану пәнінің үйлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік
жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып
ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге
баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында
деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете
білуде Өзін-өзі тану курсының ерекше.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар
хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік
кешен Өзін-өзі тану курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған.
Сабақтардың негізгі құрылымдары Амандасу рәсімі, Шаттық шеңбері, Көңіл
күйді көтеру сабақтың негізгі мазмұны Сергіту сәті, Тыныштық
сәті,Ойын, Дәйексөз, Шығармашылық тапсырма ұжымдық жұмыс, дәптермен
жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.
Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға
арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы
баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге
қатынасын дамытудан тұрады.
Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-
аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған
жұмыстың бір қыры болып табылады.
Мысалы: Отбасы аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп
ұйымдастырылған Менің отбасымгазетінде баланың сәбилік шағынан, ересек
жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған.
Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық
нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала
тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда
отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады,
толықтырады.
8-наурыз аналар мерекесіне арналған Қыз сыны сайысына ата-аналар
үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер
жаттады.
Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар — демекші қыздарымыз
түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша
қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда
ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-
аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топтағы қабылдау
бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда Білгенге маржан, Қауіпсіздік
ережесі, Ата-аналарға кеңес, Кел жаттайық бәріміз деген бұрыштар бар.
Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге
тақырыптары: Балаға көркемдік тәрбие беру, Психологические особенности
возрастных особенностей родителей ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-
аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр
ата-ананың бала бақшадағы болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық
білдіруі де әр қалай.
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге,
сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен
сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. Сөзді
кішірейтіп айт, Кәне сөз іздейік, моншақтан жасалған әріптерден сөздер
құрастыру.
Осы ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады.
Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. Менің Қазақстаным, Жаңа
жыл мерекесі, Бәйшешек бүр жарғанда атты аналарға, әжелерге арналған
мерекеміз және Қош бол балабақшам атты үлкен кештер өткіземіз.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-
ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән
қасиеттерге дағдыланып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мен оқушы ынтымақтастығы
Балалар психология пәні
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Адам - биоәлеуметтік жан. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Адам - биоәлеуметтік жан
Педагогика пәнінен дәрістер
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде
Тұлға әлеуметтенуіндегі қарым-қатынас рөлі
6-7-жасар балалардың таным белсенділігін дамыту динамикасы, ерекшеліктері
Пәндер