Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы



Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұллттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруащылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда-бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық –экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық–заңдық тұрғысынан қарағанда- белгілі бір қоғамдық-экономикалық формаиция шегінде валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік құқық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, айақтық.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұллттық шаруашылық
қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және
дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын
қоғамдық қатынастар жиынтығы
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы
вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-
ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық
қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруащылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда-бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық –экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық–заңдық тұрғысынан
қарағанда- белгілі бір қоғамдық-экономикалық формаиция шегінде валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік құқық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық,
дүниежүзілік, айақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалытастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық-экономикалыққатынастар жиынтығы ретінде ұлттық жүйе
пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан және
халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен
бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-
құқықтық формасы.Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола
отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады.Ұлттық валюталық
жүйенің ерешелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың
даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы-дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың
міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын
және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді.
Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттнейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы
жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға –елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе –бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаоалық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта- халықаралық төлем және резерв құралы
функциясынорындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық
бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу
мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы
елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
-дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің
билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің
дамыған торабы;
-басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді; осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Соны мен қатар, ұлттық валютаны резервтік дережеге көтеру
ұлттық шаруашылық үшін төлем балансның тапшылығын ұлттық валютамен
автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымне жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдалылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін шартты дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР және ЭКЮ қызмет етеді. Бұл халықаралық
активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдерінің арнайы
шоттарына жазбаша жазу жолдарымен: СДР –Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ-
Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастыққа валюталық Еуропалық қорында пайдалынылады. Олардың шартты
құны валюталық қоржынға кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және
бағамдарын өлшеу негізіде есептеледі.
Валюталық қоржын 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам
режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік
ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және
валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді баға мақсатына байланысты
белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ
долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық
есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық қоржын бес валютадан тұрады (
1.011991 ж.жагдай бойынша): АҚШ доллары -40%,неміс маркасы-21%, жапон йені
-17%, француз франкі-11%, фунт стерлинг-11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты
анықталатын валюталардың конверсиялар дәрежесі валюталық жүйенің келесі
бір элементін сипаттайды.Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын,
ақша бірліктері ретінде еркін конверсиялатын валюталар болады.1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдар енгізетін енгізген
болатын:

- еркін пайдалынатын валюта, яғни халықаралық есеп айырысуларда
және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен
қолданатын;

- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің
валюталары;

- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің
конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет- бұл валюталық бағамның негізгі болып табылатын
және заңды түрде бекітілген екі валюта арасындағы шекті қатынасты
білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу
обьектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни
валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен
байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем
қабілетін сипаттайтын-халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі
болып табылады.Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы,
алтын, Халықаралық валюта қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы
шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің
регламенттеуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық
нормаларға ( Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930 ж) сәйкес жүзеге
асырылады.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлтаралық және
мемлекеттік деңгейде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне,
жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына
қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын
азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше
елдердің валюталық қатынас-тарын мемлекеттік-құқтык ұйымдастыру формасының
және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық
валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).

Ваюталық жүйенің даму кезеңцері өндірістің, дүние-жүзілік нарықтың,
халықаралық еңбек бөлінісінің, дүние-жүзілік шаруашылықтың дамуымен
байланысты болып келеді.

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ өнеркәсіптік революциядан
кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында
қалыптасты. 1867 ж Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз
формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзік валюта және ақша жүйелері
біріктірген болатын, себебі ақша дүниежүзік нарықта төлемге массасы бойынша
қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды,
ақша айналысесеп айырысуларды реттеуші ретінде рольін атқарады.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, ол
шаруашылықтың щаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж валюталық
шектеу енгізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық
былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекет аралық
алтын девиз стандарты құрылды.

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1922 ж Генуэз
конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі
алтын девиз стандартты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік
валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт
стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1994 ж Бреттон-Вудстағы ( АҚШ
) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ
Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары
анықталды:

- алтынға және екі резервтік валютаға ( АҚШ доллары және фунт
стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік
стандарттың жүйесі белгіленеді. Бұл жерде алтын девиз
стандартты халықаралық қатынаста сақталып, ал ақша жүйесі
айырбасталмайтын несиелік ақшалара негізделді.

Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт
негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың
Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта
өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және
оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы
үшін 35 доллар ресми бағада айрбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде
долларлық стандарт орын алды;

- валюталық саясат және валюталық шектеулік халықаралық келісім-
шарттарға бағынды;

- валюталық париттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,
паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың
рұқсатымен іске асты;

- валюталық бағамдардың режимі белгіленді ( +- 0,75%-паритеттен
ауытқуға болады ).
60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе
құлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда
(Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда
Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық
жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
- СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт
сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды
көбірек пайдаланды (валюталық коржындағы доллардың үлесі -
40%, ресми валюталық резервтерде - 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық
валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген
валютада белгілеуге кұқық берілді, соның негінде көп валюталы
стандартқа өту заңд астыры лды;
- алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды:
ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға
айырбасталуы тоқтатылды;
- валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 ж. 6
наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
- ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі
жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыс-тыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені
құруда үш кезенді бөліп қарауға болады: 1) жаңа валюталық жүйені құру,
алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдық
біртұтастығын калыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын
біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас және элементтері өзара байланысқан
толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.
Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық кауымдастық
елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция
деңгейін кысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақса-тында
Еуропалық валюталық жұйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық
бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне
негізделді. ЭКЮ-дің нарықтық құнының есебі 2-кестеде берілген.
Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар
резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету
үшін пайдаланады. Валюталық ба-ғамдардың режимдері бойынша мүмкін болар
қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде өзара ауытқу шегінде
белгіленген, жаңа мүшелер үшін ±6% және басқа жағдай-ларда ± 2,25%.
Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция
жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды
интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері
диаграммада көрсетілген.
Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы,
экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-
шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық
жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.
Одақты құрудың мақсаты - ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер
мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын
қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара катынас белгілеу,
капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.
ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалык одақ жөнінде жоба
дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда кол қойылды және оны Маастрихт келісім-
шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа
катысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына
толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру
критерийлері анықталды:
- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа
инфляция деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;
- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
- ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және
девальвациялануға ұшырамауы тиіс,
- ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа
деңгейінін 2%-нан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның
шарттарын жасайтын, вапюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық
резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің
орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып,
дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

Валюталық нарықтар
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жү-зеге асыруды,
валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына кызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі бар-лық елдер үшін
жалпыға бірдей кабылданған төлем кұра-лының болмауында. Сондықтан да сыртқы
сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық
төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында
бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден;
сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік
және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен
банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операция-ларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капитаддар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұысыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шарушылық байланыстардың интернационалдануы не-гізінде валюталық
нарықтардын интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жана жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз
операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда
алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қар-жы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфуртна-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен колданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір кон-вертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур
доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық
операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында
компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет
көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге асыратын
операцияларының жиынтығын айтады. Соны-мен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы
операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке
тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін
операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипагтамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж.
операциялар көлемі USD-1124735 мың, DЕМ - 11165 мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық "қара нарықпен" толықтырылуы мүмкін. "Қара
нарықтың" болуы барлық ТМД елдерше тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсіру үшш банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып,
"көше" нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде "қара
нарықтың" әрекет ету аясының қысқаруына экелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарык банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және Ір; корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздершщ валю-талық операцияларын
ірі коммерциялық банктердщ жетекші-лік етушен, ережеге сәйкес олардың
қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің
95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай
сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік
береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге кұқылы банктер өкілетті немесе
девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталык нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жагдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тіке-лей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілде-рінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валю-
талық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Рес-публикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасын-да аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кез-дерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар
20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы
(мәміленің стандартты сомасы - 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай
отырып, валюталық нарықка маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық де-партаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұ-мыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдык ролді
жетістіктермен атқару үшш, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлім-шелері мен
кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде,
Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта
операциялар жүр-гізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммер-
циялық банкі - Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлім-шелері валюталық
операцияларды шектеулі сомалар бойын-ша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің
бірінің "Сименс" каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ дивер-сификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті
жұмыс-тарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді
және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің
арасында - валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал
ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік
комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір
миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей
сатып алушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар
Валюталық жүйелер
Әлемдік қаржы нарығы
Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар
Дүниежүзілік валюта айналымы
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Қаржы жүйесінің ұғымы
Халықаралық валюталық операциялар
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Пәндер