Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі
Пәні: Тіл дамыту
Орындаған:
Жетекші:
Орал 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Адамаралық қарым-қатынастың змоционалдық негізі
1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Эмоция
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..15
1.3. Н.Н.Ланге мен У.Джемстің
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ІІ. Жалпы эмоционалды сферасының ерекшеліктерінің ғылыми
әдебиеттердегі зерттелінуі
2.1. Эмоционалды күйлер мен эмоционалды
сфера ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .23
2.2. Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде
қарастырылуы ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты
болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық
жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, әр оқушының
білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін арттыру қажет екендігі
көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде
диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған
кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық
жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен
айтылған: Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая
бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел
ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы. Эмоцияның теріс
көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету,
нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік
әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын
эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек, Л.С.Выготский, Л.А.Орбели
, Г.Селье , К.Роджерс , К.Юнг , В.Франки , Р.Бэрон , Перлз , Изард,
З.Фрейд, Қ.Жарықбаев , С.Н.Ениколапов т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде
эмоционалдық жағдайлардың анықтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық
үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары
талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін
эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері
талданған.
Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда
болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен
байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі,
мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко,
Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін
жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін
болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары
анықталған.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі адамаралық қарым-қатынастың
эмоциялық негізі.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет
көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі
мен эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару
амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын
жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты: адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізінің
теориялық негіздерін талдау арқылы анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық даму проблемасы бойынша
ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық көрініс беру түрлерін және
себептерін анықтау;
- мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды
коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.
Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми
зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық
талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау,
оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Әлеуметтік мазасыздану шкаласы
т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын,
депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша
психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде
ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
психоэмоционалдық жағдайларын зерттеудің теориялық негіздері талданып,
оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды.
Екінші кезеңде психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп
оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық
психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі
кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны
Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерттеушілердің көңілін аударып
отыр. Қарым — қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктерін
өту және өзгеру механизімдері философтар мен социологтардың (Б.Д. Парыгин
1971; И.С.Кон, 1971-1978), психолингвистердің (А.А. Леонтьев, 1979),
әлеуметтік психология мамандарының (Б.Ф. Прошнев, 1966; Г.М. Андреева,
1980), балалар және жасерекшелік (В.С. Мухина, 1975; Я.Л. Коломинский 1976-
1981). Бірақ зерттеушілер қарым-қатынас түсінігіне біркелкі анықтама
бермейді. М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина (Балаларды тәрбиелеу, 1955) – қарым-
қатынас деп үлкендердің балаларға бағытталған мейірімді сөйлеуін атайды;
М.С. Коган, 1974 – адам қарым-қатынасы ретінде оның табиғат пен және өз-
өзімен сөйлесе алуын айтады. Кейбір зерттеушілер (Балл Г.А., Брановицский
В.Н., Довгиалло А.М. – Ойлау және қарым-қатынас, 1973), адамның машинамен
өзара қатынасының шындық екенін мойындайды, бірақ басқалар жансыз заттармен
тілдесу тек метафоралық мәнге ие екендігін көрсетеді (Б.Ф. Ломов Қарым-
қатынас мәселесі, 1981 ж.).
Шетелдерде қарым-қатынастың көптеген дифенициасы ұсынылған Д.Денцстің
мәліметтеріне байланысты А.А. Леонтьев (1973), ағылшын тілд әдебиеттерде
1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын
көрсетеді.
М.И. Лисинаның пікірінше, қарым-қатынас екі адамның немесе одан да көп
адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты
орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол
жеткізуі.
К.Обуховский, А.А. Леонтьев, Абульханова-Славская К.А. бойынша, қарым-
қатынас жай ғана әрекет емес өзара әрекет жасасу: ол қатысушылар арасында
жүзеге асады, әрқайсысы белсенділікке ие және өз партнерлерінен соны талап
етеді.
Қарым-қатынас жоғарғы дәрежедегі динамикалық әлеуметтік - психологиялық
құбылыс.
Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен
қылығымыздың себеп болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен
мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін
ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны
аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді.
Дегенмен, қарым-қатынас біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану көзі
ретінде де құнды.
Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін
түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-
қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік
іс-әрекетке де жатады., яғни әсерлі жағдайды туғызатын жайлы, қозғаушы
қарым-қатынас.
Толыққанды қарым-қатынас жан-дүниені көтереді, адамның психологиялық —
жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым-қатынастың
жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психологиялық
өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да, адамдағы көптеген рухани, психикалық
немесе әлеуметтік аномалиялар — толыққанды қарым-қатынастың жетпеуінен деп
толық айтуға болады.
Қарым-қатынас адамдар арасында тұлға аралық және іскерлік қатынастар,
сондай-ақ әлеуметтік қатыгнастардың жүйесін құрайды.
Қарым-қатынас ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен
бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті.
Қарым-қатынас актісі адам басқа адаммен байланысқа түскенде, оны өзі
секілді немесе өзімен тең деп санайды, сондай-ақ белсенді кері байланысты,
ақпарат алмасу жағын көздейді.
“Қарым-қатынас” ұғымына қатысты анықтамалардың әрқилы болуының себебі
бұл мәселеге деген әртүрлі көзқарастар мен қатыстардың әсері. Біз келесі
анықтамаларды қолданамыз. Қарым-қатынас- адамдардың іс-әрекеті арқасында,
ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау
және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көпсалалы үрдіс.
Практикада “қарым-қатынас” және “қатынас” ұғымдарын жиі шатастырады.
Бұл ұғымдар мүлдем де бір мағынаны бермейді. Қарым-қатынас қатынастарды
жүзеге асыру үрдісі.
Қарым-қатынас үшін оның мүшелерінің физикалық зат емес тұлға ретінде
көріну сипаты өте маңызды. Қарым-қатынастың бұл ерешелігіне А.А. Бодалев
1965, Е.Э. Смирнова, 1973 және т.б. психологтер көңіл аударған.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде
көрінетін өзара әрекеттестігі. Сонымен бірге қарым-қатынас үшін кем
дегенде екі адам керек оның әрқайсысы субъект ретінде көрінуі тиіс.Жоғарыда
аталған қарым-қатынас ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты. Абсолютты
өзара әрекеттестіктің қарым-қатынастың басқа сипаттарынан көрінуі
интеракционистік позицияға әкеледі, яғни қарым-қатынас жайлы түсінікті
жалпы біріктіру.
Қарым-қатынастың мәнін тек қана ақпарат алуға бағыттау коммуникацияға
айналдырады, ал коммуникация – қарым-қатынасқа қарағанда тар мағынадағы
құбылыс.
Қарым-қатынасқа анықтама берумен тоқталмайды; ары қарй түсініктеме
беру талап етіледі. Қарым-қатынасты психологиялық категория ретінде
қарастыра отырып біз оны іс-әрекет ретінде интерпретация береміз.
Сондықтан, қарым-қатынас синонимі ретінде коммуникативті іс-әрекет ұғымы
алынады.
Кеңестік психолотер қарым-қатынас феноменіне әртүрлі көзқараспен қарай
отырып бір ауыздан қарым-қатынас пен іс-әрекеттің тығыз байланысын атап
көрсетеді.
Іс-әрекет категориясы кеңестік психологияда маңызды орынға ие. Іс-
әрекеттің бірнеше теориялары қарастырылған олардың ішінде С.Л. Рубинштейн
(1946-1973), Б.Г. Ананьев (1980), Л.С. Выготский (1982-1983), А.Н. Леонтьев
(1983) олардың ішінде еңбектері ерекше маңызға ие.
Қарым-қатынасты түсінудің негізіне А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет
концепциясын және А.В. Запорожец (1979), Д.Б. Эльконин (1960-1978), В.В.
Давыдов (1977), П.Я. Гальперин (1978) концепцияларын аламыз. Берілген
концепциядағы көзқарас бойынша іс-әрекет нақты процес, әрекеттер мен
операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс-әрекеттің екіншісінен
айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады.
Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің байланысын әртүрлі түсінуге болады. Г.Э.
Андреева пікірінше, адамның әлеуметтік тұрмысының екі жағын сипаттайтын,
екі тең мәнді категория ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас іс-әрекеттің біржағы ретінде қарастырылады, ал іс-
әрекеттің өқзі қарым-қатынас шарты болып табылады, қарым-қатынас іс-
әрекеттің ерекше түрі ретінде интерпретацияланады.
Қарастырып кеткеніміздей қарым-қатынас – коммуникативті іс-әрекет
синонимдер, коммуникативті іс-әрекетке дұрыс түсініктеме беру үшін оның
құрылымын тарқата қарастырайық:
Қарым –қатынас пәні: бұл басқа адам, қарым-қатынас бойынша субъект
ретінде портнер, бұндай қарым-қатынастың пәнінің ұқсас анықтамасын Т.В.
Драгунова(1967) береді.
Қарым-қатынасқа қажеттілік: адамдардың басқа адамдарды тануға және
бағалауға талпысыны және солар арқылы олардың көмегімен өзін-өзі тануға
және өзіндік бағалауға ұмтылу.
Адамдар өзі туралды, өзін қоршағандары туралы іс-әрекеттің әр бейнелі
түрлеріне байланысты біле алады, өйткені, адам іс-әрекеттің әрқайсысында
көріне алады. Бірақ қарым-қатынас ерекше рөлге ие, өйткені, басқа адамға
өз пәні ретінде бағытталған екі жақты процесс бола отырып сонымен бірге өзі
де тану объектісі болады.
Коммуникативті мотивтер – ол қарым-қатынастың қолданылу себептері.
Қарым-қатынас әрекеті – бұл коммуникатвиті іс-әрекеттің бірлігі, басқа
адамға өзінің объектісі ретінде бағытталған тұтас акт.Қарым-қатынас
әрекетінің екі негізгі категориясы:
- инициативті актілер;
- жауап беруші актілер.
Қарым-қатынас міндеті – қарым-қатынас процесінде жүзеге асатын мақсатқа
бағытталған әртүрлі әрекеттер.
Қарым-қатынас мақсаты мен міндеті -өзара сәкес келмеуі де мүмкін.
Қарым-қатынас құралы – бұл қарым-қатынас әрекеті жүзеге асатын
операциялар.
Қарым-қатынас өнімі – қарым-қатынас негізінде пайда болған материалды
және рухани сипаттағы түсініктер.
Қарым-қатынас адамның бір-біріне қарым-қатынас жасау құралы мен
механизмі туралы мәселеде маңызды роль атқарады.
Қарым-қатынаста адамдардың өзара бағыттылық әрекетінен басқа маңызды
сипаты ретінде оның мүшелерінің белсенділігі қарастырылады, яғни олардың
әрқайсысы субъект ретінде көрінеді. Белсенділіктің көрінуі адамның өз
партнерына қарым-қатынас барысында бастамашылдықпен әсер етуінен көрініп
партнер оның әсерін қабылдайды және оған жауап береді. Екі адам қарым-
қатынасқа түскенде олар кезектікпен әрекеттеседі және бір бірінің әсерін
қабылдайды. Сондықтан біз бір жақты белсенділікті жағдайдаларды қарым-
қатынасқа жатқызбаймыз.
Жанұя мәнi, баланың дамуы, жалпы адамгершiлiк тәжiрибесiн алу үшiн
жасалынатын факторлардың нәтижесiнде анықтауға болады. Сәбилiк кезеңнен
бастап, бала ересек адамдардан үйрене бастайды. Бала тек сөйлесуге, жүруге,
заттармен дұрыс пайдалануды, ойнауды, бiлiм алуды, еңбек етудi ғана
үйренбейдi, сонымен ойлануға, басқа бiреу үшiн әуре болуға, өз-өзiмен және
басқалармен қарым-қатынас жасауды үйренедi. Дәл жанұя iшiнде бала кәдiмгi
және қарапайым түрде өмiрге бейiмделу жолдарын табады, өйткенi күн сайын
таңертеңнен күн батқанға, кейде түн ортасына шейiн жанұя ата-ана, үлкен аға
мен апайының, ата мен әженiң кейiпкерлерiнде бала алдында мiнез-құлық жүрiс-
тұрыстың әртүрлi формаларын үлгi етiп, ашып көрсетедi.
Бұл үлгiлердің, сөздердiң, жесттердiң, қылықтардың еңбекке, адамдарға,
бiздiң Отанымыздың және басқа мемлекеттердiң саяси құбылыстарына, яғни
ассортиментке көзқарасын бiлдiредi.
Ал енді эмоция терминінің теориялық негізіне тоқталайық
Эмоция дегеніміз – адам денесін белгілі бір қимыл-әрекетке
ынталандыратын, оны қолдап, немесе оған шек қоятын көңіл-күй жағдайы, -
деп Б. Спиноза айтатын.
Мектепке дейiнгi бала қарым-қатынас мотивтерiн ары қарай дамытуға,
яғни бала қоршаған адамдармен контактiсiн кеңейтуге тырысады. Мектепке
дейiнгi баланы қарапайым бiлiм сүйгiш мәселелерi ғана емес, сонымен қоса,
ересек адамдардың қолдауы, қарым-қатынастың жаңа мотивтерi – iскерлiк және
жеке тұлғалық мотивтер. Iскерлiк мотивтер астары болып, баланың белгiлi бiр
мәселелердi шешу мақсатында қарым-қатынасты қажет ететiн жағдайлар, ал жеке
тұлғалық мотивтерге баланың iшкi жан дүниесiн қобалжытатын мәселелер жақсы
немесе жаман қылық жасады ма, басқалар оған қандай көзқарас бiлдiредi, және
де оның iс-әрекеттерiн кiм, қалай бағалайды.
Мектеп жасына дейiнгi кезеңде бала ересек адамдармен қойылатын бағаға
көп мән бередi. Бала бұл бағалауды тосып отырмай, соған өз бетiмен жетуге
тырысады, яғни өзiн мақтауды, үлгi етудi қажет етедi. Бұның бәрi баланың
болашақта белгiлi бiр iс-әрекет сәттiлiгiне жетуге, мақсатқа жету
мотивацисының бекiтiлiп қалыптасуына, дамуына әкелiп соқтырады.
Төрт жасқа шейiн бала өзiнiң iс-әрекетiнiң нәтижесiн сәттi немесе
сәтсiз орындалғанын әлi де айқындай алмайды. Бiрақ та жасөспiрiм белгiлi
бiр әрекетiн сәттiлi немесе сәтсiз аяқтағанына байланысты нәтижеге тән
эмоционалды реакциясын бiлдiредi. Бұл кезеңдегi балалардың көпшiлiгi
нәтиженi қарапайым түрде ғана фактiлейдi, кейбiреулерге iс-әрекетiнiң
сәттiлi, сәтсiздiгi жағымды, жағымсыз эмоциялармен әсер етедi. Осы жас
кезеңiнде, тек қана iс-әрекеттiң сәттiлi аяқталу жағдайынан кейiн балада өз-
өзiн бағалаудың алғашқы көрiнiстерi байқалады. Сонда жасөспiрiм өзiнiң
жетiстiктерiн әдейi айқындай отыра, сәттiлiкке қуанышын бiлдiрiп, намыс
сезiмi туа бастайды. Бiрақ та өз-өзiн бақылаудағы мұндай элементарлы
реакциялары бұл кезеңде сирек кездеседi.
Баланың эмоционалды дамуы бiртiндеп қоршаған адамдармен қарым-қатынас
жасағанда және iс-әрекеттiң әр-түрлi типтерiнде – ойын, оқу, еңбекте
қалыптасады. Баланың эмоционалды тәжiрибесiнiң тереңдiгi мен шыдамдылығының
кеңеюi, дамып келе жатқан жеке тұлғаның бағыттылығын анықтайды.
Бастауыш сынып оқушысының эмоционалды өмiрiн мұғалiммен қарым-
қатынасы, сынып ұжымындағы сыныптастарымен қарым-қатынасы және ұжымдағы
алатын орны қалыптастырады. Төменгi сынып оқушыларын басқалармен салыстырып
өткенде, өте әсерленгiш, сезiмтал, қызықты және көрiктi, басқаларға
ұқсамайтын iс-әрекеттерге араласып кетуге дайын тұратындықтарымен көзге
түседi. Ал мектептегi қырық минуттық сабақтар, таным-қызығушылықтарының
деңгейiн түсiредi.Бұның нәтижесiнде баланың оқуға жағымсыз әсерi туа
бастайды.
Психологтардың зерттеулерi төмендегi көрсеткiштердi анықтайды: егер де
бала мұғалiмге бiлдiретiн көзқарасты аса уайымдаушылықпен көрсететiн болса,
онда жағымсыз, яғни бала мұғалiмге сыйласымдық, қарым -қатынастағы ашықтық
сезiмiн бiлдiредi; және конфликтiлiк, бұл бала мен мұғалiм арасындағы
түсiнбеушiлiктер, сонымен қоса, баланың мұғалiм жеке тұлғасына бiлдiретiн
қызығушылық. Баланың мұғалiмге деген сенiмдiлiкпен жағымды көзқараста
болатын болса, бұл оның сабаққа қызығушылығын арттырады, ол жағымсыз
көзқарас эмоционалды сферасының орнына керi әсер етедi. Төменгi сынып
оқушыларына мұғалiмге бiлдiретiн жағымсыз көзқарасы сирек, ал конфликтiлiк
жиi кездеседi. Конфликтiлi жағдайдағы баланың таным мотивациясының
қалыптасуы тежеледi, себебi баланың мұғалiмдi кiсi тұрғысынан санағанда
сенiмi болмағандықтан оның атқаратын қызметiне, яғни пәнiне де сенiмi
болмайды, тек кейбiр жағдайда ұстаз алдында қорқыныш сезiмi болмаса. Мұндай
балалар көбiнде тұйық, өкпелегiш немесе керiсiнше немқұрайлы мұғалiм
тапсырмаларын қабылдамайтын инициативасы мүлдем жоққа тән екенi байқалады.
Мұғалiмдермен қарым-қатынас жасағанда ерiксiз тiл алып, бағынуға, тiптi
мұғалiм тарапына бейiмделуге тырысады.
Балалар көбiнде өзiнiң мұңды көңiл–күйiн әуре сәттерiнiң туу
себептерi неге байланысты екенiн саналы түрде сезбейдi, өкiнiшке орай мұны
ересек адамдар да түсiнбеуi мүмкiн. Бiрiншi сыныптағылардың өмiрлiк
тәжәрибесi жеткiлiксiздiгiнен, мұғалiмнiң күнделiктi сабаққа деген талабын
қаттырақ сұрағанын қаталдық деп санап, оған аса уайымдаушылық көзқарасын
бiлдiредi. Кейбiр мұғалiмдер оқытудың алғашқы кезеңiнде қалыптасқан
жағдайға дұрыс баға берiп, уақытында шеше алмайды.
Эмоция терминi iшкi уайымдар көрiнiсiнiң арнайы өзгергiштiгiн
түйсiну. Олар ең құрғанда 3 тұрғыдан: ағза iс-әрекетiндегi бiрқатар арнайы
өзгерiстердi сезiну, белгiлi көңiл-күйдi тудырған құбылыстарды бағалау және
болып жатқанды бағалаудан тудырады. Мысалы: адам ауру-сырқатпен байланысты
жүрек соғысының жиiленуiн сезiну немесе пайда болған жағдайды итпен
ассоциациялауға болады. Кейбiреулер бұл эмоционалды көңiл-күйдi қорқыныш
деп атайды.
Нәрестеде, ересектерде байқалатын әйгiлi үш эмоциялық компоненттердi
айқындауға мүмкiншiлiк жоқ. Нәрестенiң сөйлеу қабiлетi болмағандықтан,
ағзадағы болып жатқан өзгерiстердi түйсiне жоқ па. Мысалы, жүрек соғысының
өзгеруi немесе ауыртпалықты, ауырғанды сезiне ме? Сол туралы ойлай ма?
Сондықан да балалар психологы сәбидiң ағзасындағы және миындағы пайда
болатын өзгерiстерге көңiл аударады. Мысалы ауру-сырқатты сезiнуге
байланысты (егу процедураларын жасағанда) немесе қуанышқа байланысты
(әлеуметтiк қарым-қатынас). Зерттеушiлер сонымен қоса белгiлi бiр
жағдайлардағы сәбидiң бет-әлпетiнiң, ым-ишарасының ерекшелiктерiн
анықтайды.
Эмоционалды мәндi құбылыстарға жауап ретiнде бет-әлпет, ым-ишарасының
өзгеруi универсалды болады және де ми мен автономды жүйке жүйесiндегi iс-
әрекетiнiң өзгергiштiгiмен қатарласады. Сондықтан кейбiр ғалымдар,
қорытындылағанда, әсiресе сәбиде белгiлi бiр эмоционалды көңiл-күйдiң бар
жоқтығын физиологиялық көрсеткiштерге сүйенiп анықтайды. Мысалы: 3 айлық
нәрестемен сөйлесiп отырған ата-ана баланың күлiмсiреген жайдары күйiн
тамашалайды; қолындағы прәндiгiн тартып алған ересекке 8 айлық нәресте
ашуланғандай көзқарасын бiлдiредi.
Нәрестелердiң алғашқы өмiр апталарында ересектерде байқалатын сыртқы
ұқсастығы бар бет-әлпетiнiң әр-түрлiлiгi байқалады .
1.2 Эмоция теориялары
Әйгiлi психолог Изард (1982) нәресте бет-әлпетiнiң қысқа мерзiмдi
өзгерiстердi өлшеу мақсатындағы шарттанған сызбанұсқаны жарыққа шығарған.
Мұны қолдана отырып, таңқалу мен қорқыныш көрiнiсi 5-7 айынан бастап; ал
ұяңдық пен ұялшақтық белгiлерi 6-8 айында басталады. Кiнәлiлiк пен
жағымсыздықты бiлдiру екi жасында көрiнедi.
Эмоционалды сфера – бұл адам өмiрiндегi күрделi психикалық феномен.
Ғылымда эмоционалды сфера терминiнiң анықтамасы әлi толық анықталмаған.
Эмоционалды сферасының онтогенезiне жанама өтетiн эксперименталды
мәлiметтерiне сүйенейiк. Бұл аумақтың пионерi болып биховиоризмнің негiзiн
салушы Дж. Уотсон болды. Ол эмоцияны ағзаның ең алғаш онтогенез
кезеңiнде табылатын, тұқым қуалаушылықтың стреотиптi реакциясы ретiнде:
қорқыныш, ашу-ыза, махаббат сезiмдерiн жағдайдағы терминi арқылы қолдануды
сынды. Мысалы, қорқыныш төменгi реакцияларда байқалады:
➢ аяқ астынан дем алуды тоқтату;
➢ орынсыз қолмен басып салу;
➢ қабақтың аяқ астынан жұмылуы;
➢ ерiндi алдыға жылжыту, кейiн жылау, кейбiреуiнде - қашу, безу
және тығылу.
Қорқыныш келесi стимулдармен шақырылады:
а) қорғаныстан аяқ астынан айырылу;
б) қатты дауыстау;
в) ұйықтап жатып селк ете түсу;
с) ұйықтап жатып көрпенi тартып алу.
1927 жылы М. Шерман киносъемка арқылы 4 стимулға (сәл биiктен құлау,
түйреуiшпен пiсiп алу, бас қозғалыстарына шек қою, ашыққандық жағдайы)
жауап қайтару реакцияларын ұсынды, дегенмен бұл реакциялар дифференциалды
болмағандықтан, 3 тәуелсiз ұжым тек қана нақты реакцияларды сипаттай алды.
Кейiн К. Бриджес жалпы қозудың алғашқы күнiнде негiзделген эмоцияның
онтогенездiк дамуын ұсынды. Мұндай көңiл-күйден 3 айлық балада ренжу мен
рахаттану байқалады, одан кейiн ренiштен ызалану; 4 айлық балада бас
тарту; 5 айда – қорқыныш көрiне бастайды. Рахаттанудан 1-шi жылы қуаныш
және бауырмалдылық – яғни, 9-11 айда байқала бастайды.
Р.Спитц және К.Вулер, американдық психологтар, жымиюдың онтогенездегi
даму сатысын көрсеттi. Сонымен шешесiнiң магнитафондағы дауысы, балада
бұрынғыдай жымию реакциясына әкелмейдi
Балада алғашқы ұнату сезiмдерi пайда болуынан кейiн синтония, яғни
басқа адамның эмоционалды көңiл-күйiне назар аудару қабiлетi ретiнде
қалыптаса бастайды. Жоғарыда айтылғандай бiреу үшiн әуре болу, уайымдау
қабiлеттерi балада мектеп жасына дейiнгi кезеңде байқалады.
З.Фрейдттен бастап, психикалық денсаулықтың критерийi ретiнде махаббат
пен бауырмалдылық қабiлетi адамның нормальдi жетiлiп, дамуының
фундаментальдi мiнездемесi екенiн барлық iрi психологтар мен психиатрлар
мойындайды. Әрқашан да баланың тәрбиесiн қолға алып, оны бағып-қағып
отыратын негiзгi фигураның жоқтығы, жетiм балалар мекемелерiндегi
тұрақсыздық пен қоршаған ортаның әлеуметтiк көптiлiгi, бала бойындағы
тұрақтылық пен қорғаныс сезiмiне әкелiп соқтырады, бұл оның эмоционалды
дамуына және бауырмалдылықтың қалыптасуына керi әсерiн тигiзедi, оған қоса
баланың жақындаушылық пен махаббатқа қарапайым ынтасын шорт сындыруға
мүмкiншiлiгi бар. Мұндай балаларда келешекте психикалық дамудың басты
сезiмi, әлемге сенiмдiлiк көзқараспен қарау қоры мүлдем болмайды. Бүкiл
дүние жүзi олар үшiн оқыс, сенiмсiз болып көрiнедi. Бауырмалдылық сезiмiнен
кейiн пайда болатын қайта оралмас сәттерi, жан-жақтарынан қорғай алатын
сезiмсiздiк-қорғаныс механизмiнiң қалыптасуына әкеледi. Ресейлік зерттеу
мекемелердегi тәрбиеленушiлердiң жеке тұлғалықтың ерекше түрiнiң қалыптасуы
жайлы идея айтылады. Өз-өзiн реттеу механизмiнiң дамымауы әр түрлi қорғаныс
реакциялардың қалыптасуымен кәмпескеленедi. Сөйтiп, шығармашылық ойдың
орнына шаблонды ой, мiнез-құлық жүрiс-тұрыстың орнына сыртқы бақылауға
деген бағыттылығын, еркiндiлiгi қиын жағдайлардан өз бетiмен шығу
қабiлетiнiң орнына – ренiшке шеттен шығаратын аса толқынды эмоционалдылыққа
жауап қайтару тенденциясы. Қарым-қатынастың адекватты дефицитi баланың
басқа адамдарға агрессивтi-негативтi көзқарас позициясына әкеліп соқтырады.
Бұл сибстарда да байқалады. Мұндай балаларда өзiнiң бауыр-қарындастарына да
туысқандық сезiмi айқындалмайды, және де қоршаған ортадағы адамдармен
эмоционалды адекватты, конструктивтi қарым-қатынасты орнатуға қабiлетi
болмайды.
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық
дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік
сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзге тақырыптарында арнайы
мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдік туралы мәселелеге
тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен
психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда
болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция
тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес.
Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік
интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Біздің өмірімізде болып
жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені
мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де
кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір
стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге
зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам
музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер
құшағында бол-ғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап,
жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz