Адамгершілік тәрбиесі жайлы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Адамгершілік тәрбиесі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2 Адамгершiлiк тәрбиесінің мақсат міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...13
Қолданылған әдебиеттері тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Кіріспе
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде
отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие-
екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән
адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық
пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде
қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мұғалімнің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен
танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен
танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке,
ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз
қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер
еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір
нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық
бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-
бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті
көңіл бөлуі талап етіледі.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы
балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке
басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың
сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып,
санасына ықпал етеді.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік
сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Негізгі бөлім
1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы
қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып,
жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны
адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға
болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған
категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк,
қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс,
тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк
категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған
әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль
болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және
адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк
қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте,
адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде,
қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие
болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру
үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата-
анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу,
қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ,
кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау,
әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек
қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа
достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген
уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты.
Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған
ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз
емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше
қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы,
Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек
ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге
абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
2 Адамгершiлiк тәрбиесінің мақсат міндеттері
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм-
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының
бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани
өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және
өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi.
Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат
тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын
заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”-
деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi -
өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк
тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi-
адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы
аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық
тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары
қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк
ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк
заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз
болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн
ұғым.
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде
жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа
тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң
бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында
ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады.
Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң
ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет
орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет
адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез
қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет
екенiн атап көрсеткен.
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi
бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе
моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу,
т.б.).
Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап-
құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).
Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын
перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген
ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам
өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi.
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi
жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып
табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының
құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық
қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы
жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда
болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының
пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор
әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн
тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi-
мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып
табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы
әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi
А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан
жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет”.
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz