Адамның таным процестері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Орал техникалық гуманитарлық колледжі

Пәні: Психология

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

Адамның таным процестері

Орындаған: Қалиева А.Б.

Тексерген: Сарсенгалиева А.Б.

Орал, 2013

Кіріспе

Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді
түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі
жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта
құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі —
адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі
адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы
болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі
нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм)
және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам
жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады.
Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет
тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи
мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала
тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға,
Шолпанға, Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің
құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің
аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне,
қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да,
езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды.
Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті
болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның
23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең
жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50
секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын
біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай?
Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол
үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау
қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен
құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы
кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп,
ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға
белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына
ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін
қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-
анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен
білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-
тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға
шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.
Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі
жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы
балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында
бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды
ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге
құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың
жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой
еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек
адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына
жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл
баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп
жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы
регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани
және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген
қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк
қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай
алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне
байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың
тез дамитын уақыты [8]. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге
бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала
дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық
қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.
Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың
өзіндік Мені қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады.
Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті
бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын
анықтап, зерттеуге мән берілді.

2. Бала қиялының дамуы

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі
алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті,
эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы
ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала
қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда
болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың
өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір
жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген
таңқаларлықтай болып естіледі.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша Қиял – бұл образдық форманы іске асыру,
өзгеріске енгізу деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың
ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді .
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір
тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының
дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста
көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына
жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы
төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені
ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да
заттық байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының
жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы
балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде
мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына
апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында
алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан
көрінеді. Ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестеріне талдау беруге көшелік
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктері
Сана
Сана, рух және тіл философиясы
Сезгіштік және түйсік табалдырығы
Пәндер