Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу

Орындаған:

Тексерген: аға оқытушы

Орал, 2017ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
1.1 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы ... ... .6
1.2 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10
2. Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
2.1 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-
бап) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары
жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды
тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды
шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда адамның қоғамдағы орнын,
оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды.ҚР Конституциясының 1-бабында
адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп
бекітілген.Бұл конституциялық норма – мақсатта мемлекеттің құқықтық
дамуының ұзақ мерзімдік міндеті – мемлекеттің құқықтық сипатын қалыптастыру
жарияланған. ҚР Конституциясының негізгі идеясы мен адам мүдделерінің
жалпыға бірдей презумпциясы болып табылады. Адам мүдделерінің
презумпциясы, - дейді профессор Г.Мальцев, - заң аясында барлық қарама –
қайшылықтар, барлық дау-дамайлар адам үшін не тиімді деген көзқарас
тұрғысынан шешіледі, барлық шешімдер осы тұрғыдан қабылданады, ал ол адам
қайдағы бір қиялдағы, қандай да болмасын демократиялық сұлбаға сәйкес
әсерленген адам емес, нақтылы мақсаттары мен қажеттіліктері өмірде бар,
тірі адам.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл
дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми
жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен
бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында
құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық
дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі
бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адамның құқықтары мен
бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып,
бекітілуінің аса маңызды факт екенін атап өткен жөн. ҚР Конституциясында
бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекеттік билік
органдарымен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны
мен қоданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер
мемелекттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдынд келтірілген,
бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары
құндылықтар деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары
қоятынын білдіреді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары
мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін,
жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне
айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның
рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың
маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі
оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің
проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда
азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке
қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен
бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік
борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің
құқықтары мен бостандықтарының түйірмелерімен пайдаланғандығы үшін кімге
де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек
адам болғаны үшін ғана тиесілі.
Зерттеу мақсаты. Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету проблемаларын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. ҚР заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою жолдарын
зерттеу.
2. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері жүйесін ашып көрсету.
3. Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтарының мән мазмұнын
сипаттау.
4. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролін салыстыру.
5. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілетті
органдарының қызметтеріне талдау жасау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
1.1 Адам және азаматты құқықтары мен
бостандықтарының саралануы
Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен
бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ.
Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық
режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең
жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен
бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның
мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше
назар аударылуы өте орынды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы
мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап,
қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын
қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы
Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен
сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен
табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен
қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген
мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі
мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра
факторлар әсер етті.
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен
бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет
пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен
бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар,
азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды
сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына
орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары
мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен
бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі
келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі
бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен
бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып,
бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында
бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік
органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны
мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер
мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген,
бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең
жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары
қоятынын білдіреді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары
мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін,
жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне
айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының
ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың
маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі
оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің
проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда
азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында
көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл
каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде,
Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды
қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың
Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс
таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу,
әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған
жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске
кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның
бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда
кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның
бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді
қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса
жоғары болуын қажет етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға
негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол
сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің
талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да,
мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп
атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке
қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен
бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін
деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары
мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де
болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам
болғаны үшін ғана тиесілі.
Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны
туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге
тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ,
өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі
оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз
адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-
жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді.
Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-
қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам
құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады.
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық
теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде
адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты
сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ
алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар
аудартады.
Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен
бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы
қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын
бекітті.
1.2 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз
азаматтарының бостандықтары мен занды құқықтарын барынша қорғау болып
табылады. Казақстан мемлекеті адам кұқықтары жөніндегі халықаралық
нормаларды толық куаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толык
кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және
басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-
жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына
адам және адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары деп белгіленген.
Казақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құкықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам кұқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік кұқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген
Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның
12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз кұқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан
келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына
көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл
каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне,
Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды
қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың
Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс
таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу,
әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған
жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске
кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Конституцияның II-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен
міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген
азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына
тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне
кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық
туралы арнайы тарау бар. Азаматтық кұқық пен бостандыққа; саяси құқықтар
мен бостандықтарға; экономика-лық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан
Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария
етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).
Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құкықтарына қарсы
қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында
керсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы
құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың
конституциялық, құқықтары мен бостандықтары саналады.
Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай мынадай негізгі
топтарға бәлінеді:
Саяси кұқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: аза-маттардың тең
құкықтылығын бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау
комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); сайлау кұжаттарын,
референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап);
журналистің заңды кәсіптік кызметіне кедергі келтіру (155-бап); жиналыс,
митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға катысуға
кедергі жасау (151-бап); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас
тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі
жасау (150-бап).
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалык кұқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы зандарды бұзу (148-бап);
еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап).
Жеке кұқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке өмірге қол
сұғылмаушылықты бұзу (142-бап); хат жазысу, те-лефонмен сөйлесу, почта,
телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап);
дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты
бұзу (145-бап); азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап); ар-ұждан және
діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап).
2. Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
2.1 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының
14-бабының 1-тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.
Қылмыстың қосымша тікелей объектісі адамдардың денса-улығы немесе
бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстың жәбірленушісі конституциялық тең
құқықтылығын заңсыз бұзған Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, заңдарда және
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды
пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-баптың 4-тармағы).
Кылмыс объективтік жағынан адамның (азаматтың) кұкықтары мен
бостандықтарын тегі, әлеуметтік, лауазымдык немесе мүліктік жағдайы,
жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері,
қоғамдық бірлестіктерге катыстылығы себептермен немесе өзге кез келген
жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу аркылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген кұқықтар мен бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың
(адамның) конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның
белгілі бір ұлтқа, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне
байланысты бұзу (жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті үлтына, тіліне
байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беруден шектеу, белгілі бір
аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т.б. әрекеттер
жатады). Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың
жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол
бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз
ойларын, пікірлерін айтуына жол бермеу немесе басқадай түрдегі әр түрлі
кемсітулер жатады.
Кылмыс құрамы формальдық. Ол осы занда белгіленген тең құқықтылықтар
мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап
аякталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда аталған қылмыс тек тікелей қасақаналықпен
істеледі. Кінәлі адам азаматтық (адамның) конституциялық тең құқықтарын
бұзатынын сезеді және де занда (141-баптың 1-тармағы) көрсетілген белгілер
бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Кылмыстық ниет адамның құқығын ұлтына,
тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың
конституциялық тең құқықтылығын бұзу болып табылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. Адам өзінің қызмет
бабын пайдалана отырып немесе коғамдық бірлестіктің жетекшісі осы
әрекеттерді жасаса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі бойынша
жауаптылыққа тартылады (ҚК-тің 141-бабының 2-тармағы). Көрсетілген
ауырлататын қылмыс құрамының субъектісі — арнаулы (лауазымды адам немесе
коғамдық бірлестіктің жетекшісі). Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 228
және 307-баптарының ескертулерінде берілген.
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропа
Конвенциясында қылмыстық істі жасады деп күдік келтірілген әр адам заң
тәртібімен оның кінәлілігі дәлелденбегенше, кінәлі болып саналмайды
делінген негізгі ереже бекітілді. Сонымен қоса, осы Конвенция қылмыстық іс
жасады деп жауапқа тартылған әр адамның құқықтарын нақтылады: өзіне
түсінікті тілде өзінің не үшін айыпталғандығын білуге; өзін қорғалуға
дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіншілікке ие болуға; өзін өзі
қорғауға немесе адвокат көмегіне жүгінуге; адвокат жалдауға мүмкіндігі,
қаржысы болмаса, сот төрелігі талап еткен жағдайда тегін қорғаушы көмегін
алуға; өзіне қарсы айғақ беріп жатқан куәлардан жауап алуға немесе осы
куәлардан жауап алынуына құқылы, осылармен бірдей жағдайда мұның пайдасына
куәлік беретін куәларды шақыру және олардан жауап алуға құқылы; егер ол сот
ісі жүргізіліп жатқан тілді білмесе немесе осы тілде сөйлемесе,
аудармашының тегін көмегіне құқылы.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған 1995 жылғы
Қазақстан Республикасы Конституцияның VII тараудың 75 бабында халықаралық
құқықтың жалпыға танымал нормасын бекітіліп, Қазақстан Республикасында сот
төрелігін тек қана соттар атқарады жазылды. 1993 жылғы Конституцияға
қарағанда біртұтас сот жүйесі қарастырылған: Республика соттары болып заңға
сәйкес құрылған Республиканың Жоғары Соты мен жергілікті соттары табылады.
Басқа ешқандай, соның ішінде арнайы және төтенше соттар құруға жол
берілмейді.
1995 жылы 20 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі
туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығының 4 бабы бойынша Республика
сот жүйесінің бiрлiгi:
1) сот төрелiгiнің конституциялық принциптерiмен;
2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда
белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) соттардың қолданыстағы құқықты қолдануымен;
4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл
аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен
қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
Жаңалық болған және кейін 1997-жылы конституциялық бекітілген ереже
заңда көзделген жағдайларда алқа билерінің қатысуымен қылмыстық сот
өндірісін жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары
Азаматтық құқық пен бостандыққа
Адам және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизм туралы
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Құқықтық мәдениет
Қылмыстық процесс
Пәндер