Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Ақпараттық жүйелерді жобалау негіздері
1.1. Ақпараттық жүйе негіздері және қазіргі заманғы АЖ жобалау
әдістемелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ақпараттық жүйелерді жобалау
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2.Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
2.1. Ақпаратты жүйені жобалау
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.Ақпараттық жүйелердің өмірлік
циклі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.4. CASE-технологиялар негізінде ақпараттық жүйелерді
жобалау ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Қазіргі қоғамның нарықтық қатынастарға толық көшуі және
ақпараттандыруға бет алуы, құжаттардың басым бөлігіне жеке меншіктің
орнауы, Кеңес Одағы тұсындағы құжаттарға мемлекет ықпалының бүгінде
толығымен тоқтатылуы іс жүргізу мен құжаттанудың дамуын зерттеуге деген
қоғамдық қажеттілікті арттыра түсті.
Соңғы онжылдықта жиналған ақпаратпен алмасуды қамсыздандыру
мәселелеріне көп көңіл бөліне бастады. Осыған орай қолданбалы ақпараттық
жүйелердің маңыздысы электронды құжат айналымы жүйесі болып табылады.
Сондықтан да тек мемлекеттік органдардығана емес, сонымен қатар қарапайым
мекемелерде де электронды құжат айналымы жүйесінің жұмыс істеуі қазіргі
күні өте өзекті.
Бүгінгі таңда компьютерлік ақпараттық жүйелерде және мәліметті жіберу
желілерінде ақпаратты қорғау технологиясы - жаңа қазіргі заманғы технология
тууда деп бекітуге болады. Бұл технологияның іске асырылуы өсуші шығындарды
және күш салуды талап етеді. Дегенмен бұл ақпараттық жүйе және ақпараттық
технология нақты қауіп төну кезінде көзге түсерліктей аса басым түсетін
шығындар мен залалдардан құтылуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға
арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз
етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы
жүйелер.
Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері
осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты
түрлендіру үрдісі. Ақпараттық жүйені жобалауды осы тұрғыдан алғанда
ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің әр түрлі кезеңдерінде жобалық
шешімдерді ретпенен формализациялауға келіп тіреледі. Ақпараттық жүйенің
өмірлік циклінің кезеңдеріне: жоспарлау және талаптарды талдау, техникалық
және жұмыстық жобалау, ақпараттық жүйені ендіру және пайдалану жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және
қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері
табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге
есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады.
Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы жобалау
объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және
техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады.
Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық
операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші.
1. Ақпараттық жүйелерді жобалау негіздері
1.1. Ақпараттық жүйе негіздері және қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі
ХХ-шы ғасырға дейін ғылым негізінен саны көп емес элементтерден
тұратын жүйелермен айналысты. Ғылымдардың және технологиялардың дамуы саны
көп элементтерден тұратын күрделі жүйелерді құруға және оқуға алып келді.
Осындай жүйелердің мысалдары: ядролық және термоядролық қаруларды құру
жобалары; қазіргі заманғы автомобильдер, ұшақтар және ракеталар, оларды
жобалау жүйелері, оларды өндіретін зауыттар; арналарды, ірі зауыттарды,
химиялық өндірістерді құру; микрочиптер және оларды жүзеге асыру;
компьютерлер үшін программалар және оларды жүзеге асыру болып табылады.
Үлкен жуне күрделі жүйелерді оқытумен айналысатын ғылым жүйенің жалпы
теориясы деп аталады.
Жүйе теориясына екі көзқарас бар. Бір жағынан, шынайы объектілер
түрінде жүйенің объектілік болатындығы және олардың өзара әрекеттестігі
мойындалады. Екінші жағынан, ешқандай жүйелер жоқ деп болжауға болады, ал
бірақ объектілерді жүйе түрінде көрсету әдісі туралы, яғни жүйелік тұрғы
туралы айту қажет. У.Эшби, мысалы, былай деп жазады: ...біз жүйе қалай
анықталатының анық елестете алуымыз керек.
Үлкен және күрделі жүйе ұғымдары субъективті. Егер әртүрлі жүйе
күйінің саны белгілі болған жағдайда, ол үлкен жүйе деп аталады.
Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер
арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер.

Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар
тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.
Үлкен жүйе міндетті түрде күрделі болуы тиіс емес, ал күрделі міндетті
түрде үлкен болуы тиіс емес.
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға
қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде
біріктірілген кез келген объект. Жүйелер бір-бірімен құрамы және басты
мақсаттары бойынша ерекшеленеді.
Ақпараттар жүйелер (АЖ) – алдыға қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты
сақтауға, өңдеуге және шығаруға қолданылатын, әдістер және персоналдар
өзара байланысқан құралдар жиынтығы.
Алғашқы АЖ-лер 50 жж. пайда болды. Бұл жылдары олар жалақыны есептеуді
және есептесуді өңдеуге арналған болатын, ол электромеханикалық
бухгалтерлік есептеуіш машиналарында жүзеге асырылды. Бұл қағаздық
құжаттарды дайындаудағы кейбір шығындарды және уақытты қысқартуға алып
келді. 60 жж. АЖ-ге қатынастың өзгеруімен атақты. Олардан алынған ақпарат
көптеген параметрлері бойынша басылымдық есеп берулерде қолданыла бастады.
Ол үшін мекемелерге, тек жалақыны есептеуді және есептесуді өңдеп ғана
қоймай, көптеген функцияларды орындай алатын кең қолданыстағы компьютерлік
жабдықтар қажет болды. 70 жж. – 80 жж. басында АЖ-лер шешім қабылдау
үрдісін жылдамдататын және сүйемелдейтін, басқаруды бақылау құралы ретінде
кең қолданыла бастады. 80 жж. соңында АЖ-ді қолдану концепциясы қайтадан
өзгере бастайды. Олар ақпараттың стратегиялық көзі болып және кез келген
мамандықтардың барлық ұйымдастыру деңгейлерінде қолданылды. Бұл мерзімнің
АЖ-рі қажетті ақпаратты бере отырып, мекемеге жаңа тауарларды және
қызметтерді құруға, жаңа өткізу нарықтарын табуды, өнімді төмен бағамен
шығаруды ұйымдастыруды және т.б. мүмкіндік берді.
АЖ-дегі үрдістер. Кез келген белгідегі АЖ жұмысын қамтамасыз етуші
үрдістерін шартты түрде блоктардан тұратын сызба (сурет 1) түрінде
келтіруге болады:
- ақпаратты сыртқы немесе ішкі көздерден еңгізу;
- ішкі ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрге келтіру;
- ақпаратты қолданушыларға көрсету үшін немесе басқа жүйеге беру үшін
еңгізу;
- кері байланыс – бұл ішкі ақпаратты түзету үшін ұйымның адамдарымен
өңделген ақпарат.
АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:
- кез келген АЖ талдауға тап болуы мүмкін, жүйені құру жалпы белгілер
негізінде құрылады және басқарылады;
- АЖ динамикалық және дамушы болып табылады;
- АЖ-ні құру барысында жүйелік қатынасты қолдану қажет;
- АЖ-нің шығарылатын өнімінің негізінде қабылданатын шешімдер ақпарат болып
табылады;
- АЖ-ні ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі сияқты қабылдау қажет.
АЖ-нің жұмысын талдау үшін, ол шешетін мәселенің мәнін, сонымен қатар
ол қосылған ұйымдастырушылық үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешімдерді
қабылдауды қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіндіктерін анықтаған кезде
келесіні есептеу керек:
- есептелінетін басқарушылық тапсырмалардың құрылымдылығы;
- фирманы басқарудың иерархиялық деңгейі, онда шешім қабылдануы тиіс;
- шешілген тапсырманың бизнестің қандай да бір функционалдық ортасына
тәуелді болуы;
- қолданылған ақпараттық технологияның түрі.

Сурет 1. Ақпараттық жүйелердегі үрдістер
Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға
арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз
етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы
жүйелер. АЖ мысалы ретінде архивті, мекенжай бюросын, телефон анықтамасын
қарастыруға болады. Информатикада компьютерлік техниканы қолданатын АЖ-ді
қарастырады. Дербес жағдайда АЖ-ге келесілер жатады:
- ақпараттық-анықтамалық, ақпараттық-іздеулік жүйелер;
- құжаттаманы автоматтандыру және тіркеуді қамтамасыз етуші жүйелер;
- эксперттік жүйелер;
- ғылыми зерттеулерді автоматтандыру және жобаны автоматтандыру жүйелері;
- өндірісті автоматтандыру жүйелері;
- барлық мүмкін тренажерлар және оқыту жүйелері.

1.2. Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпараттық жүйелерді жүзеге
асырудың әдістер жиынтығын ұсынады. Ақпараттық жүйелерді құру әдетте
қолданушының талаптары негізінде құрылады. Бұл талаптар құр уүрдісінде
өзгеруі мүмкін. Шешім қабылдау теориясы үшін АЖ-ні жобалау үрдісі –
тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратын жүйе сипаттаммасын алуға
бағытталған жобалық-конструкторлық шешімдерді қабылдау үрдісі.
Ақпараттық жүйенің жобасы деп – нақты бір программалық техникалық
ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің
сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы
айтамыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері
осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты
түрлендіру үрдісі.
Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және
қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері
табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге
есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық
жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін
жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері
мен кешендері атқарады.
Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы
мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені
жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы
айтамыз.
Кез келген жобалау технологиясының пәні ретінде ақпараттық жүйенің
өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өзара байланысқан жобалау үрдістерінің
бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын таңдау үшін қойылатын негізгі
талаптарға келесілер жатады:
осы технология бойынша көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің
талаптарына сай болу керек;
таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды
түрде бейнелеу керек;
таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде
еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу
керек;
технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
технология жобаны жобалау және пайдалану үрдістерінің сенімділігін
қамтамасыз ету керек;
технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек.
Ақпараттық жүйені технологиясының негізін негізгі технологиялық
ерекшеліктері мен мәнін анықтайтын әдістеме құрайды. Жобалау әдістемесі
деп, жобалау әдістерінің жиынтығы мен жүзеге асатын концепциялар мен
жобалау принциптерін айтамыз. Олар өз кезегінде жобалау құралдарымен
сүйемелденеді.
Ақпараттық жүйенің жобалау әдістерін автоматтандыру құралдарында және
типтік жобалық шешімдерде қолданылу дәрежесі болатын өзгерістерге бейімделу
сияқты белгілері бойынша жіктеуге болады.
Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық
операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші.
Жобалау құралдарынының екіге бөлінеді:
Объектілік құралдар: типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер, қолданбалы
программалар дестесі;
Инструменталдық құралдар: автоматтандырылған жобалау жүйелері, CASE-
технологиялар.
Жобалау құрадары болу керек:
1. өз класында жобалау объектісіне инвариантты;
2. ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтуы;
3. техникалық, программалық және ақпараттық үйлесімді;
4. меңгеруде және қолдануда қарапайым.
Жобалау құралдарын екі класқа бөлуге болады: ЭЕМ-ді қолданбайтын және
ЭЕМ-ді қолданатын.
ЭЕМ-ді қолданбайтын жобалау құралдары ақпараттық жүйені жобалаудың
барлық стадиялары мен кезеңдерінде қолданылады. Оларға жобалау
операцияларын қамтамасыз ету, яғни жүйенің жобалану үрдісін
регламентациялайтын әр түрлі стандарттар. Мұнда ақпаратты жіктеу мен
кодтаудың біртұтас жүйесі, ақпарат ағынын сипаттау және талдау т.б. кіреді.

ЭЕМ-ді қолданатын жобалау құралдары ақпараттық жобалаудың үрдісінің
дербес немесе барлық стадиялары мен кезеңдерінде қолданылуы мүмкін және
сәйкесінше жүйе жобасының элементтерін, жүйе жобасының бөлімдерін немесе
жүйе жобасының біртұтас өзін құруды қолдайды.
2.Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
2.1. Ақпаратты жүйені жобалау кезеңдері
Ақпараттық жүйелерді жобалау келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру.
2) Даталогиялық және физикалық жобалау.
3) Концептуалды сызбасын құру.
Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру. Әрбір АЖ оның
белгіленуіне байланысты шынайы өмірдің қандай да бір бөлшегіне тәуелді. Ол
жүйенің пәндік облысы деп атауға келісілген. Осы пәндік облысты анықтау
кезеңінде қолданушының келешек жүйесінің барлық қажет ақпараттық
қажеттіліктері нақтыланады, ол өз кезегінде мәліметтер қоры мазмұнын
анықтайды. Берілген АЖ-нің пәндік облысы шынайы объектілер жиынтығы ретінде
қарастырылады. Әрбір объект қасиеттер (атрибуттар) жиынтығынан тұрады.
Шынайы объектілерді әрбір нақты жүйенің контекстінде қарастыру, бұл
жағдайда қасиеттерді абстрактілеу талап етіледі. Қандай да бір жүйеге тән
қасиеттер басқа бір жүйеге ешбір қатысы болмауы мүмкін. Пәндік облысты
кеңірек меңгеру үшін, объектілердің барлық жиынын пәндік облысының құрылымы
бойынша біртекті деп аталатын объектілер тобына бөлуге болады. Біртипті
объектілер даналарының атрибуттар жиынтығы бірдей болатындығы айқын.
Сондықтан, оларды шартты түрде берілген типтін қасиеттері деп есептеуге
болады. Пәндік облыстың әрбір объектісі басқа объектілерден ерекше болуы
керек. Осы мақсатта, берілген типті объектілерге, яғни оларға сілтеме
жасауға мүмкіндік беруші, идентификатор белгіленуі мүмкін. Қарастырушы
нақтылы объектілер типі мен олардың мәндер арасындағы өзара-бірмәнді
сәйкестік үшін мұндай иденификаторды уникалды деп атайды. Уникалды
идентификатор ретінде, сонымен бірге алғашқы кілт деп аталушы қандай да бір
атрибут немесе объектілердің бірнеше атрибуттарының комбинациясын алуға
болады. Пәндік облыстың объектілері арасында түрлі мазмұнды мәндері бар
байланыстар болуы мүмкін. Объектілер типі мәні терминінде сәйкес типті
объектілер даналары арасындағы байланыстар туралы айтуға болады.
Объектілер типтері және олардың арасындағы байланыстар типінің
жиынтығы пәндік облыстың құрылымын сипаттайды.
Пәндік облыс объектілер типі мен түрлі типті объектілер даналар
жиынтығы, объектілер, атрибуттар мәнімен олардың арасындағы байланыс уақыт
бойынша өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістер пәндік облыстағы жаңа объектілердің
пайда болуына немесе пәндік облыстағы кейбір бар объектілер арасындағы бар
байланыстарды жоюға немесе жаңа байланыстарды орнатуға алып келеді.
Сондықтан да, уақыттың әр мезгілінің өзгеруіне байланысты пәндік облыстың
қандай да бір күйін салыстыруға болады. Бұл қасиеттер объектілер типіне,
байланыстар типіне және олардың кейбір даналарына спецификацияланатын
бүтіндеу шектігін беруі мүмкін. Бүтіндеу шектігі – бұл мәліметтердің
дұрыстығын регламенттейтін шарттар. Шектеудің үш түрін ажыратады:
- объектілер даналарының мәніне, яғни әрбір құраушы қасиеттерінің мүмкін
мәндеріне шектеу. Олар мәліметтер құрылымы жеткізілімділігі ережелерімен,
операцияларды орындау ережелерімен анықталады;
- логикалық шектеулер, мәліметтер қоры сызбасымен, мәліметтерді сипаттау
арнайы тіл конструкцияларымен байланысты. Мысалы, егер қандай да бір
атрибут алғашқы кілт сияқты анықталған болса, онда бұл объектілердің
көптеген даналары екі немесе одан да көп алғашқы кілттерінің мәндері
бірдей даналардан тұруы мүмкін емес;
- мәліметтер қорын басқару жүйесі берілген шектеулер бойынша, мәліметтер
қорын бір күйден екінші бір күйге ауыстырған кезде, мәліметтердің қарама-
қайшылықсыздығын туғызбауын қамтамасыз етуі тиіс.
Кейбір пәндік облыстың құрылымын және бүтіндеу шектігін бейнелеу, осы
құрылымды жүзеге асыруды анықтау пәндік облыстың инфологиялық үлгісін
құрайды. Инфологиялық үлгі пәндік облыс құрылымы мен динамикасын,
сипаттамасын қолданушы жүйелерінің терминдерден ақпараттық қажеттіліктер
сипатын және нақтылы таңдалған мәліметтер қорымен басқару жүйесі
құралдарына тәуелді емес сипаттамасын бейнелейді. Инфологиялық үлгінің
белгілеуінен шығатын негізгі талаптар:
- пәндік облыстың бейнеленуі;
- үлгінің интеграциясы, яғни ол жүйені қолданушылардың көзқарастары мен
қажеттіліктерін бейнелеуі тиіс;
- инфологиялық үлгі ақырғы қолданушылар үшін де, әзірлеушілер үшін де
коммуникациялық құрал болып табылады. Оның құрамында автоматтандырылған
АЖ-ні арықарай жобалау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат болуы тиіс.
Инфологиялық үлгінің құрауыштарын келесі түрде көрсетуге болады:

Сурет 3 Инфологиялық үлгінің құрауыштары
Даталогиялық және физикалық жобалау. Инфологиялық үлгі алдыңғы
кезеңдерде құрылады да, содан кейін анағұрлым соңғы кезеңдерде нақтыланады.
Инфологиялық үлгі негізінде даталогиялық үлгі құрылады. Одан кейін
физикалық үлгі және концептуалдық сызба құрыла алады. Даталогиялық үлгі
объектілер арасындағы байланыстарды олардың мазмұны мен сақтау ортасына
қарамай-ақ бейнелейді. Даталогиялық үлгіні сақтау ортасына байланыстыру
үшін мәліметтердің физикалық үлгісі қолданылады, олар сақтаушы
құрылғылардың қолданылуын, сақтау ортасында мәліметтерді физикалық
ұйымдастыру тәсілін анықтайды. Физикалық деңгей үлгісі даталогиялық үлгі
сияқты мәліметтер қорын басқару жүйесі мүмкіндігін ескере отырып құрылады.
Төменде пәндік облысты құрудың сызбасы келтірілген:

Сурет 4 Пәндік облысты құру сызбасы
Пәндік облысты сипаттау кезінде оның логикалық сипатын қолдану
көркемдірек болады. Формальды логикалық сипаттау концептуалдық сызба деп
аталады. Сонымен инфологиялық үлгіні құру келесі тапсырмалардың орындалуы
арқылы жүзеге асады:
1) объектілерді таңдау;
2) әрбір объектіге қажетті қасиеттерді анықтау;
3) объектілерге қойылатын шектеулерді анықтау;
4) объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.

2.2.Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі
Ақпараттық жүйені жобалау – ұзақ мерзімді және динамикалық үрдіс.
Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау технологиялары жүйені кезеңдік жасауды
ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау
қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең.
Мемлекеттік стандарт жасайтын ұйымдардың ұсынысы бойынша ISO 9646, ISO
12119, ANSI IEEE 100P .
АЖӨЦ келесі кезеңдерден тұрады:
1. Жоба алдындағы кезең;
2. Жобаны әзірлеу кезең;
3. Жобаны пайдалануға беру кезеңі;
4. Жаңа сатыға көшу кезеңі.

1) Жоба алдындағы кезеңде екі құжат дайындалады:
а) Техника - экономикалдық тұжырымдама (ТЭТ)
б) Техникалық тапсырма (ТТ)
ТЭТ пәндік аймағының мамандарымен жасалады және де қызмет қағазы
ретінде басқарма бөліміне жіберіледі. Бұл құжаттың ішінде ААЖ жасау
қажеттілігі, оның мақсаты, ол жұмысты жүзеге асыру үшін керекті қаржылар
жиынтығы дәлелденеді. ТЭТ бойынша дұрыс шешім қабылданған жағдайда пәндік
аймағы мамандарына ТТ құжатын жасауға бұйрық беріледі. Бұл құжаттың ішінде
мекеме жұмысының талдауы, оның құрылымы және де керекті ААЖ сипаттамасы
беріледі. ТТ рәсімделіп, мамандар мен басқарушы жағынан қол қойылып заңды
құжат деп саналады. Бұл құжат ААЖ–ні әзірлеушілерге ұсынылады. Жобаның
орындаушысы табылған жағдайда АЖӨЦ-нің екінші кезеңі басталады.
в) Эскиздік жобалау болашақ ААЖ-нің қандай да бір клмпьютерлік үлгісін
алу мақсатында мәліметтерді құрылымдауды ұсынады.
2) Жобаны әзірлеу кезеңі екі шағын кезеңнен тұрады:
- Техникалық жобалау;
- Жұмыс жоблауы;
Техникалық жобалау кезеңінде келесі жұмыстар орындалуы тиісті:
- Ақпараттық қамсыздандыру – дайын өнімдерді жіктеу, нормативті-
анықтамалық ақпаратты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Ақпараттық жүйелер ұғымы туралы
Экономикадағы ақпараттық жүйелер
Логистиканың функционалдық салалары
Теміржол бөлігіндегі кабельдік желіні жобалау жұмыстары
Қазақстан республикасындағы сақтандыру . Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері
Логистикалық жобаларды басқару
Веб-технологияны қолданатын заманауи қосымшалар
Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы
Ақпараттық жүйе мысалдары
Пәндер