Азаматтық қоғам жайында
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мемлекеттік реттеу кафедрасы
МБТ пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Азаматтық қоғам
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-БӨЛІМ.ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Саяси жүйе түрлері және даму
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ
НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
2.1.Мемлекет мәні мен функциялары,
тектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында
еліміздегі қазіргі қоғамдық - саяси жағдайларды сипаттай отырып былай
деген: Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен
біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси
жүйеде мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре
беретін боламыз. Бұл – біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен
сақтауға міндетті Қазақстандық "ноу-хау"[1].
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу
елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған
мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар
ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи
қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси
деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-
дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар
болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген
ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық
мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын
аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық
концепцияларды ескермей болмайды.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы
қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген.
Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары
жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың
қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау,
меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің –
мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған
кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару
мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның
қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында,
тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық
қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде
азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды.
Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген
көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық
азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын
ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу,
әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру
деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден
күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде
олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам
дегеніміз не?
Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде құқықтық мемлекет идеясы
заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы
азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі
ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында
ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ.
Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет
болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік
жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың
географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде
азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі
қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл
игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы
алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты
басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып
табылады.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде
қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса
күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің
құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге
асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және
мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік
практиканы есепке алуға негізделеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен
құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-
демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам
ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп,
белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны,
мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі
анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса
қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады:
азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын
қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық
сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның
алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол
– құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және
саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара
әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық
қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени
және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы
идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын
мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен
қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі
оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің
құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың
ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды.
Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық
тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және
идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол
сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны.
Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Соңғы кездері құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең
маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына
жатады.
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс
ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру,
дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың
соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы
құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік
әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан
Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің
мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат
құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімімінен тұрады.
1-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Азаматтық қоғамның түсінігі және оның мазмұны
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған
ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы;
дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық
қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде
қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар
саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына
ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa
болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның
маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен
қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге
азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе
жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет
арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және өтпелi
экономика мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары
азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен
шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.
Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы
мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай
институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына
қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен
қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын
қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді
және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және
өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1) Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың
ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің
мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат
берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде
мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде
араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады;
мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек
бір саяси партия болады.
2) Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің
нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен
идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық
экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде
партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады,
құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3) Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол
конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір
әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады.
Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген
саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге
келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска
сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту,
нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің
диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған
сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы
оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен,
қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық
дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып,
заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея
түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік
жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б.
рухани мәдениет қосындысынан туады. 1
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ
сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол
заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді.
Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның
нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің
түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге
өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы
үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат
пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік
қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін
емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық
биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық
билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның
бағдарламасын, мүдде-мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін
белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет
саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат.
Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық
меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты -
феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының
саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты
(теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық,
теңдік, әділеттілік т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді:
демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік,
тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және
құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа
бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын
саяси жұмыстары өздерінің ережелері-уставтарының мазмұнына сәйкес келеді,
өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын
біріктіріп айтсақ - олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты
іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт,
фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның
материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін
дамытып нығайтады. 2
Демократиялық саяси жүйені қарастырған кезде оның негізгі нысаны
азаматтық қоғам туралы сөз қозғаған жөн. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның
себептеру қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті
ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама
берген Гегель.
Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша-
қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің
негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу
мүмкін емес.
Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі.
Қоғам осы екі мүдде- мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік
даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке
адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды.
К.Маркс қысқаша: Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы,- дейді.
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты,
объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға,
нығабға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде
қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік ерісіз, озбырлық түрде
ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның
бірінші- клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл
бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-
қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму
процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар
арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.
Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деп Маркс,- бірақ олар оны өз
қалауынша жасай алмайды, қолындағы барлы, бұрыңғыдан қалған мұраны
қолдануға мәжбүр болады.
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
- қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;
- адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
- қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару;
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың,
мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін
сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда мәндетті түрде екі шартты элемент бар:
мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-
қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық
қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең
күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғаи.
Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-
әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке
созылмайды.
Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-
экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған
қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін
автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа
бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше
мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын
тәуелсіз- дербестікке дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму
сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда Азаматтық қоғам
бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке
адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық
жағдайлардың негізін қалайды.
Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен
жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең
ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы
мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-
бап) және тағы юасқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық
қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті
түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен
шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты
анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын
толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру
механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды
қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру
бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты
мүдде- мақсаты.1
1.2. Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай
мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық
және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық
саяси жүйелер болады.
Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті
мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға
табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік,
тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың,
әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж.
Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің,
ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес
дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы,
таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік
құрылыс-конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының
экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін
біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік
саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа
бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды
шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың,
еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға,
нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
- институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар
бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:
- реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
- функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
- идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси
құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.
Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде-
мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып,
жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы,
реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік
күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет,
қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар,
партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның
даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс
саяси жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл
субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-
мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы
әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықтар субъективтік
күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші
ықпал жасап отырады. Соның нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта
әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің
констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму
заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік,
саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол
қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси
жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте
жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының
дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын
мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі
емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.
Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр
кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің
объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы. 3
2-ТАРАУ. Мемлекет АЗАМАТТЫҚ қоғамның
негізгі элементі
2.1.Мемлекет мәні мен функциялары, тектері.
Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz