Қазақтың аса көрнекті әнші-композиторлары


Орал гуманитарлық - техникалық колледжі
Мәдениеттану
Тақырыбы:
«Қазақтың аса көрнекті әнші-композиторлары»
Орындаған: 3г КДО сырттай бөлімінің
студенті Абдрахманова Н. Ж.
Тексерген: Батырғалиева А. Б.
Орал қаласы, 2012 ж.
Жоспар:
- Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
- Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
- Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
- Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстауға үйрету
- Балаларға шаңығ, вилосипед, шана, коньки тебуді үйрету
Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері
Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің маңыздылығы КПСС Программасында былай деп атап көрсетілген: «Партия дене жағынан мықты жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуді ең ерте балалық шақтан бастау маңызды міндеттерінің бірі деп санайды».
Мектепке дейінгі шақта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетілед. Бұл кезеңде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады.
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі, жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасады. Балалар құрбы-құрдастары коллективінде әрекеттенуді үйренеді, оларда шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жолдастық, өзара көмек сезімі және т. б. қасиеттері қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл және мәдени гигиеналық дағдыларымен іскерліктерін қалыптастыру.
Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала өмірінтолығымен оның денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөніндегі қамқорлық жасайтын адамға байланысты.
Дұрыс ұйымдастырылған режим, гигиенаның қажетті ережелерін орындау, балалардың біршама қимыл белсенділігі - міне, осының бәрі оның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына, қуаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін тигізеді. Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Режимді бала тәрбиесінің дұрыс методикасымен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап-шалдығуын болдырмайды.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты - бала организмін шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің елеулі міндеті - балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.
Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына, балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру) өте бастап қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде болады.
Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне қоса мектепке дейінгі балалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяқтың, кеуденің) нығайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ балалардың дамуына дене жаттықтыруының спорттық түрлері, шаңғы, коньки тебу, жүзу, весолисед тебу, т. б. көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде баланың организміне белсенді түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен қолданылатын дене жаттықтыруларының белгілі бір жүйесі қалыптасады. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оқу сағаттарын, қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен пайдаланудан, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардың өз бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.
Мәдени -гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті - мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді - қамтиды.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмысында балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Балалардың жасына қарай бөлінген топтарда бұл міндет «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» байланысты шешіледі.
Ең кішкентай балалар қарапайым дағдыларға (қолын жууға, түймесін салуға), үлкеніректері - неғұрлым күрделі дағдыларға (тамақ жегенде шанышқыны пайдалануға, ұқыпты болуға) үйренеді. Балалардың белгілі бір дағдыға үйренуі үшін уақыт қажет, демек дағдыны қалыптастыру бала өмірінің бір емес, бірнеше жылына созылуы мүмкін.
Тәрбиешінің атқаруға тиісті жұмысының методикасы программаның талаптарына және мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай анықталып отырады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың табысты болуының негізгі шарттары қатарына жақсы жағдайдың туғызылуы, айқын күнделікті режим мен үлкендер тарапынан басшылық болуы жатады.
Жақсы ұйымдастырылған жағдай дегенді таза, біршама кең, барлық режим элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйықтау, оқу және ойнау) іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар бөлмелердің болуы деп түсінеміз.
Жағдайдың тұрақты болуының, күнделікті қажет бұйымдардың тұратын және қолданылатын орнын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше. Мысалы, жуынатын бөлмеде көлемі шағын раковиналар жеткілікті болуы шарт, олардың әрқайсысының үстіне сабын салынып қойылады; раковиналар мен сүлгілер балаладың бойына қарай орналастырылады; ілмешектегі әр сүлгінің үстіңгі жағына сурет ілініп қойылады. Бұл балалардың жуынуға деген ынтасын арттырады.
Күнделікті атқарылатын гигиеналық процедуралардың бір уақытта атқарылуын күн редимі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себін тигізеді. Оларды орнықтыру ойындарда, еңбекте, оқу сағаттарында, тұрмыста жүзеге асырылады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің - ата-аналардың және тәрбиешінің басшылығымен іске асып отырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалар мекемесі мен семья тарапынан қойылатын талаптар өзара толық келісілген болуы қажет.
Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнекі-бейнелеп ойлау басым. Осыған байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін көрсету және түсіндіру керек. Тәрбиеші қасықты қалай ұстау, стол басынан қалай шығу, қолды қалай жуу керек екендігін көрсетеді. Көрсету түсіндірумен қатар жүргізіледі. Балаларға тәрбиешінің қойып отырған талаптары (қолды таза жуу, суды еденге шашыратпау және т. б. ) түсінікті болады. Үлкендер тарапынан дұрыс басшылықтың болуы балалардың жеке гигиена дағдысын үйренуге кететін уақытын қысқартады.
Кейбір дағдыларға үйрету, мысалы, мәдениетті тамақтану дағдысына үйрету көп еңбектенуді талап етеді, өйткені оған үрену үшін балалар белгілі бір ізбен орындалатын бірнеше қимылдарға (стол жанында дұрыс отыру, тамақтану құралдарын, салфетканы дұрыс пайдалану және т. б. ) үйрену керек. Баланың белгілі бір қимылдарды орындауға жаттығуы және оны үлкендердің үнемі бақылауы қажетті дағдылардың біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды. Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде маңызды. Онан әрі тәрбиеші қимылдың мұқият және шын ықыласпен орындалуын тексереді. Қажетті бақылаудың болмауы балалардың теріс дағдылануына: қасықты, шанышқыны дұрыс ұстамауына, қол орамалды пайдалануды ұмытып, киімді дұрыстап бүктемеуіне әкеп соқтырады.
Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
Біздің елімізде спортты дамытуға зор көңіл бөлінеді. Совет спортшыларының жоғары жетістіктері совет адамдарының дене шынықтыру жаттығуларының әр түрлі салаларына қатысуының бұқаралық сипатының нәтижесі. Ғылыми негізделген методикасы бойынша жүргізілетін мұндай жұмыстар процесінде спорттық нәтижелер ғана өсіп қоймайды, сонымен бірге денсаулық сақтауда, біздің қоғамымыз үшін маңызды адамгершілік қасиеттерін, дене мен ақыл ой қабілеттерін дамытуға жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Мектепке дейінгі жаста техниканы дұрыс игеру негізі, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдық-ерік қалыптасуы игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға мүмкіндік береді.
«Балабақшадағы тәрбие программасында» шаңғы, коньки, шана, вилосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу және басқа да спорттық жаттығулар көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, нерв системаларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Табиғи жағдайда жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал балалар шаршағанын сезбей жаттығуларды ұзақ уақыт орындайды.
Коллективті түрде айналысу, әсіресе балабақша территориясынан тыс жерде серуендеу саналы тәртіптілікке, жолдастық өзара көмекке және т. б. тәрбиелеуге көмектеседі.
Паркте, орманда, өзенде айналысу табиғат сұлулығын балалардың жақыннан көруіне мүмкіндік жасайды, эстетикалық сезімін оятады.
Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстауға үйрету
Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстау балаларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді, еңбек сүйгіштікке қалыптастырады.
Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгеннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде, шағын топта және жеке жүргізіледі. Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің көмегі мен сақтандыруы қажет болмай қалған кезде өз бетінше велосипед, шана, әткеншек және т. б. тебуіне рұқсат етіледі.
Балаларға шаңғы, велосипед, шана, коньки тебуді үйрету
Шаңғы. Балаларды шаңғымен жүруге үйретуге дайындық алдын ала жүргізіледі. Балабақшаның методисі әдебиеттерді іріктеп алады және оны тәрбиешілерге ұсынады. «Балабақшадағы тәрбие программасында» шаңғымен жүруге естиярлар тобынан бастап үйрету көзделеді. Егер балабақшада жағдай жақсы болса және балалар ата-аналарының басшылығымен бірқатар тәжірибе алса, онда жаттығуды балалардың кішкентай кезінен бастап жүргізуге болады.
Үйрету методикасы. Тәрбиеші әрбір жаттығудың нақты міндетін тұжырымдай отырып, жаттығуды үйретудің бүкіл кезеңіне жоспарлайды. Нақ үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін және қарқынын, сондай-ақ жаттығуды өткізу методикасына нұсқауды нақтылайды.
Балаларды шаңғымен жүруге үйрету алдында әңгіме өткізуі керек, әңгімелесу кезінде жаттығудың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киім туралы түсінікті еттіп айту қажет.
Велосипед. Үйрету методикасы. Балалар үш дөңгелекті велосипедті тебуге 2 жасынан, 2 дөңгелекті велосипедті тебуге 5 жасынан бастап үйретеді: Оларды машинаға қалай отыруға және одан түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, оңға, солға, артқа бұрылуға, тежеуге тоқтауға үйретеді. Үйрету кезінде төмендегіше жүйелікті сақтау тиімді болады: Велосипедті тура бағытпен, оңға, солға, артқа бұрып жүргізу, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен жүргізу, ересектердің көмектесуімен тура жолмен оңға, солға бұрылып айдау, велосипедке отырғызу және одан түсу, велосипедті өз бетінше тура жолмен оңға, солға, артқа бұрылып тебу өз бетінше, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен айдау, қосымша тапсырмаларды орындап айдау.
Шана. Үйрету методикасы. Балаларды бірін-бірі шанаға мінгізіп, сырғанауға, шананың жанында әртүрлі жаттығуларды орындауға, шананы жотаға алып шығуға және әртүрлі қалыпта (отырып, ет беттеп жатып, түрегеп тұрып) және қосымша тапсырмаларды орындап, шанамен төмен қарай сырғанауға үйретеді. Бұған қоса балаларды төбешіктерді жасауға тартып, төбешіктерді (баспалдақтарды қардан тазартып, құм төсеуге) және шаналарын (сырғанап болғаннан кейін қардан тазартып, орнына қоюға) жөндеп, күтуге үйретеді.
Коньки. Үйрету методикасы. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды алғашқы тұру қалпын дұрыс ұстай білуге («конькишінің орнығуы»), екпіндеп жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сырғанауға, оңға және солға бұрыла білуге, тежеуге және тоқтауға, конькилі ботинканы киюге, конькиді ботинканы, киімді күтіп ұстауға үйрету керек.
Мектеп жасына дейінгі балалар мұздың үстіне сырғанауды мәнерлеп тебуді қарапайым элементтерін орындауды өте ерте (шамамен 3 жасынан бастап) үйрене алады. Бірақ балабақша жағдайында кішкентайлар тобындағы балаларға коньки тебуді үйретуді ұйымдастыру қиын болады, өйткені олардың тізе, тобық буындары өте әлсіз және жарақаттану қаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Ядешко
- Хохлаева Кенеман
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Балаларға үй жануарлары мен жабайы аңдарды таныстыру
Орындаған: 4б КДО сырттай бөлімінің
студенті Азербаева Б. М.
Тексерген: Қайырғалиева Г. Г.
Орал қаласы, 2012 ж.
Нәрестелер тобы
Бірінші топ (1 жасқа толғанға дейін) . Балалар бір жасқа тола бастағанда ақ төңірекке көз салып, сөздерді түсіне бастайды. Баланы осы жастан бастап мүмкіндігі болатын әсерлерге кеңелте беру керек. Бұл - олардың анализаторларын, ал келешекте сөзін дамытуға жәрдемдеседі.
Бала 5-6 айдан бастап төңірегін қызықтап өседі. Басқа объектілерге қарағанда бәрінен бұрын жануарлар қимылы мен және дауысы мен олардың назарын жие аударады.
Балаларды 9-10 айдан бастап-ақ маңайдағы жануарларды ажыратуға және танып-білуге үйретеді. Соларды қызықтауға тәрбиелейді. Сабақ әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі - жануардың өзін көрсету. Бланы жануарларға (мысыққа, итке, балапанға) жақындатады. Ал объектіге қараған кезде сол жануардың атын айтады, мысалы «мысық», «мияу-мияу» немесе «піш-піш».
Келесі сабақтарда баланың жануарларды ажыратып, танып-білуін жетілдіру үшін оны жануарға жақынырақ апарып: «мысық (ит, балапан) қайда?» деген сұрақ қояды.
Арада бірақ уақыт өткен соң объектіге тақап апармай-ақ балаларға, «мысықты көрсетші» дейді. Бала жануарды көзімен нұсқап, немесе қолымен көрсетуі керек. Бұған жануарлардың суретін бейнелейтін картинаны немесе ойыншықтарды пайдалануға болады. Тәрбиеші баланың алдына бірнеше ойыншық қойып: Мысықты тауып берші немесе мысықты көрсетші дейді.
Балаларға 10-11 айда біраз түсіндірме жасап, картинка көрсетуге болады, мысалы «мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «мынау балапан, ол дән шұқиды».
Екінші топ (2 жасқа қарағанда) . Екінші жылы балалар сөзді есіне сақтай бастаған шақта тілін ұштап, төңірегі бағдарлау үшін, жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады.
1, 5 жасқа дейінгі балада жануарларды түріне қарай және картинадан танып-білуге дағдылануды талап етеді. Балалар 1, 5 жастан бастап ойыншық бойынша жануарлардың мүшелерін аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсетуі тиіс. Сабақты жеке-жеке және 4-6 баладан шығып шағын топ асап өткізеді. Тәрбиеші осы мақсатта балаға ойыншық немесе картина бере отырып, жануарлардың атын айтады да, олардың назарын жануарлардың мүшелеріне аударады.
Бақылау соңынан жануарлардың дыбысы мен қимылдарына еліктейтін ойындар өткізеді. Балаға тәрбиеші атын атаған жануардың бейнесі бар картинаны табуды және оның қалай жүріп, қалай дыбыс шығаратынын айтуды ұсынады.
Сәбилер тобы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz