Қазақстан қоғамындағы орта тап


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Механика-математика факультеті
ММ-09-1Б
Реферат
Қазақстан қоғамындағы орта тап
25. 02. 2011
Орындаған:
Қабылдаған: Чинасилова А. М.
Алматы-2011
Қазақстан қоғамындағы орта тап.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша
2. Орта тап көрсеткіші ресми емес есеп бойынша
3. Орта тап өкілдері кімдер?
Қорытынды
Кіріспе
Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар) ;
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) - 70%-ға жуық;
г) хариджандар - қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар) ;
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) - 70%-ға жуық;
г) хариджандар - қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек.
Білім деңгейі - мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік - белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.
Мәртебе - адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3, 4, 6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:
жоғары тап;
орта тап;
жұмысшы табы;
төменгі тап.
Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары - мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды.
Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.
Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.
Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т. б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т. б. ) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш - жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай - орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:
а) жоғары орта тап:
ә) орта таптың орташасы:
в) төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында - заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.
Төменгі тап - құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді,
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде - теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр
Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келеді».
1 диаграмма.
Ресми стандарт президент Назарбаевтың жоғарыда айтып өткен жоспарындағы көрсеткіштерді дәлме-дәл қайталайды (1 диаграмманы қараңыз) . Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет.
Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Айсауытовтың есептеуі бойынша, Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бір
Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі.
адамның айлық табысы 500 доллардан кем болмауы тиіс.
Егер сіз отбасын асырап отырсаңыз, онда сіздің айлық табысыңыз отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі екен. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс.
Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады - шамамен 75 пайыз (2 диаграмманы қараңыз) .
Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған.
Орта тап көрсеткіші ресми емес есеп бойынша
Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз) .
Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.
«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер - кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», - дейді социолог.
Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек.
Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған.
Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.
Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен
Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз) . Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.
Орта тап өкілдері кімдер?
Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді социолог.
Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін
Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz