Сүтті ірі қараны асылдандыру жұмысы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

"Биотехнология, мал және балық

шаруашылыгы" кафедрасы

Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясыпәні бойынша:
курстық жұмыс
Тақырыбы: Сүтті ірі қараны асылдандыру жұмысы

Орындаған: ЗТ-41 тобының

студенті: Еркештаева А.С..

Тексерген: а.ш.ғ. кандидаты,

доцент, Төлебаев Б. Т.

Орал - 2010

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..3
Негізгі бөлім
1.1Мемлекеттік тұқымдық малды асылдандыру жұмысы..5
1.2 Ғылыми - өндірістік асылдандыру ұжымы ... ... ... ... .6
1.3 Ірі қараны белоктың полиморфизмы мен биологиялық көрсеткіштерді
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..8
1.4Бұқаларды шығу тегі бойынша бағалау және сұрыптау9
1.5 Ірі қара сиырын бағалау және сұрыптау ... ... ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .17

Кіріспе

Біздің тәуелсіздік мемлекеттер достастығының (ТМД) ірі қара тұқымын
асылдандыруда, ірі қара тұқымын шығаруда, ірі қара тұқымының табындарын
құруда көптеген жұмыстар атқарды. Мал шаруашылығын асылдандыру мәселелері
жылдан жылға жақсара бастады. Асыл тұқымды мамандардың сандары көбеюмен
қатар сапалары да жақсаруда. Көптеген зерттеулерге және ғылыми деректерге
қарасақ біраз шаруашылықтарда ірі қара сиырларының сүттілігі және тұқымдық
сапалығы анықталған. Оның өзі ірі қара тұқымын асылдандыру жұмыстарының да
сапасын жақсартуға әсерін тигізді. Жергілікті ірі қара малын асылдандыру
үшін 1928-1932 жылдары шет мемлекетерден біздің елімізге аса сүтті таза
тұқымды ірі қара мал тұқымдары әкеліне бастады.
Әсіресе асыл тұқымды мал совхоздары мен асыл тұқымды колхоздың
фермаларын, мемлекеттік асыл тұқымды мал станцияларын ашудың да ірі қара
тұқымын асылдандыруда маңызы өте зор болды, сонымен қатар малда асылдандыру
ғылыми ұйымдары мен жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орындарының да
шаруашылықтарынның, әр түрлі көрмелер ұйымдастыруның да маңызы өте зор
болды. Осындай игілікті жұмыстар Ұлы Отан соғысына дейін: және одан кейін
де қызу өтті.
Біздің мемлекеттерімізде қара ала, костром, лебедин, алатау, сычев,
курган, қазақтың ақбасы, әулиеата, кавказдың қоңыр, әулиекөл т.б. ірі қара
асыл тұқымдары шығарылды. Оған көп әсер ірі қара сиырларын өте жоғары
сапалы асыл тұқымды бұқаларының ұрықтарымен қолдан қашыру болды.
Ірі қараны асылдандыру жұмысы жалпы мемлекеттік жоспарлау жұмыстарымен
ұштасып жатты.
Ірі қара мал шаруашылығын асылдандыру жұмысын бұрынғы КСРО
ауылшаруашылық және азық – түлік министрлігі өзінің республикалық, өлкелік
және облыстық ауыл шаруашылық басқармалары арқылы атқарады. Одағымызда
Одақтық ғылыми-методикалық жұмысты және малды аслдандыру жұмысы орталық
генетико-селекциялық ұйымға жүктелген, бұл ұйым бұқалардың ұрығының қорын
жинайды, әрі есептеу технологиясының (ЭВМ) жұмысын басақарады. Бұрынғы
одағымыз бойынша барлық ғылыми – зерттеу ауылшаруашылық институттарына және
жоғары оқу орнының ғылымдарына селекциялық жоспар, аса сүтті сиыр
табындарын, жаңа тұқым шығару міндеттелінген.
Мемлекеттік асыл тұқымды мал өзінің сиыр табынын асылдандыру жұмысын
одақ бойынша бір жоспар арқылы, төл өсіру, өз табынын өзінің төлімен
толықтыру, әрі асыл тұқымды төлдері мен асыл тұқымды шаруашылықтарды
қамтамассыз етумен айналысады. Бұл шаруашылықта ірі қара малын таза өсіру
тәсілі қолданылуда.
Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі жұмысы асыл тұқымды төл өсіру
және оны басқа шаруашылықтарға сату. Бұл шаруашылықта малды таза өсіру және
өндіре шағылыстыру тәсілі қолданылады. Ал, өз табының мемлекеттік асыл
тұқымды мал зауытының малдарымен толықтырады, әрі осы мал зауытымен бірігіп
өз табынан асылдандырады.
Асыл тұқымды мал фермасы. Әрбір шаруашылықта болады, оның негізгі
міндетті жұмысы асыл тұқымды төл өсіру, өз табынан асыл тұқымды малмен
толықтыру, ал асыл тұқымды артық төлін басқа шаруашылықтарға сату.

1. Негізгі бөлім
1.1. Мемлекеттік тұқымдық малды асылдандыру жұмысы.

Ірі қара малын асылдандыруда мемлекеттік мал асылдандыру станциясының
маңызы өте зор. Өзіне қарасты аймақтарда асыл тұқымды бұқаларды ұрпақ
сапасы бойынша бағалау, ірі қараны бонитировкалау, әр асыл тұқымды мал
зауыттарында, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында және асыл тұқымды мал
фермаларында бұқаларды қолдану жоспарларын жасау сияқты шараларды жүзеге
асырады.
Сонымен қатар сауын сиырларының сүтін анықтау, зоотехникалық және
асылдандыру жұмысының есебін, асыл тұқымды ірі қараны мемлекетік кітапқа
кіргізу мәселелерімен айналысады.
Элеверлер. Элевер – дегеніміз мамандырылған шаруашылықтар немесе
фермалар, негізгі міндеті асыл тұқымды бұқаларды өсіру және оларды ұрпақ
сапалары бойынша бағалау. Эливерге бұқаларды 3-4 айлығынан бастап әкеледі,
бұл болашақ бұқалар аса сүтті сиырларды ұрпақ сапасы жоғары бағалы
бұқалардан ұрықтарымен ұрықтандырғаннан кейін алынған. Бұл шаруашылықта
оларды молымен азықтандырып, жақсы күтеді, 12 айлығында оларды өсіріп –
дамуы және сырт пішіні (экстерьері) бойынша бағалайды, әрі ұрық сапасын
анықтайды. Кейін бұлардың ұрығымен белгіленген шаруашылықта сиырларды
қашырады. Бағалау мезгілдерінде бұл бұқалардың ұрықтарын алып мұздатып
сақтай бастайды да ұрпақ сапасы бойынша бағаланған уақытта 30-40 мың доза
ұрық жиналады. Сонымен ұрпақ сапасына қарап, жиналған ұрықтың пайдалану
мәселесін шешеді.

1.2. Ғылыми - өндірістік асылдандыру ұжымы.

Бұл ұйымның негізгі міндеті селекциялық орталықтың ғылыми-методикалық
жұмыстарын басқару, селекциялық жұмыстардың жоспарларын және
бағдарламаларын құрастыру және жаңа асыл тұқымды мал шығару жолдарын
іздестіру және осы жұмыстарды бақылау. Жоғарғы уәкілетті органдарға мал
шаруашылығын асылдандыру жөнінде ұсыныстар енгізді; жаңа шығатын асыл
тұқымдардың аталық із және аналық ұялары көрсеткіштерін анықтау және
солармен жүргізілетін методикалық жұмыстарды басқарады.
Асыл тұқымды малдарды мемлекеттік кітапқа кіргізіп және оны жарыққа
шығаруды басқарады. Селекциялық жетістіктерді қабылдап, әр түрлі
нұсқауларды шығарады. Зооинженер-селекционер мамандарының білім дәрежелерін
жоғалту үшін үнемі біліктілікті артыру сабақтарын өткізуді ұйымдастырады.
Ғылыми – шаруашылық асылдандыру ұйымына мемлекеттік орталық мал
асылдандыру станциялары және бұқаралардың орталық мұздату банктері де
қарайды.
Селекциялық орталық ұйымның негізгі міндеттері тұқым аралық негізгі
топ шығару. Негізгі бағдарламаны іске асыру үшін:
1. Аса сүтті асыл тұқымды мал табыны болуы қажет, ол жақсы
механикаландырылуы керек, әрі қолдан ұрықтандыру станциясы мейлінше
мұқиятты жұмыс атқарғаны жөн.
2. Әр шаруашылық өзінше мамандандырылуы керек.
3. Жоспарлы түрде ұрық алу, төл өсіру, оны бағалау және кеңінен
қолдану.
4. Әр тұқымның тұқымдық қасиетін көрсете алатын малдарын кеңінен
қолдану.
5. Аса өнімді мал тобының, арнай бақылау қорасынан немесе арнайы
бақылау фермасынан өткен қашарлармен толықтырады.
6. Зоотехникалық мәліметтерді есептеу автоматты түрде компьютермен
жүргізіледі.
7. Орталық селекциялық ұйым одақ, республикалар, облыстар және асыл
тұқымды ірі қара мал кеңестерінің жұмыстарын ұйымдастырып, бір бағдарлама
бойынша жұмысты іске асырады.
Ірі маштабы селекциялық асылдандыру жұмысы қазіргі ғылыми және алдыңғы
қатарлы шаруашылықтардың жетістіктеріне сүйенуі қажет.
Кейінгі уақытта мұнда иммунотенетика жетістіктері кеңінен пайдаланып,
малдың қанын зерттеп , оның шығу тегін анықтауда, Әр бұқаның тұқымында
тұқым қуалайтын ару болмағанын қадағалайды. Мысалы, тұқым қуалаушы хромосом
аурулары, бұл аурулар тұқымға тез тарап, көптеген зиянкестікке ұшырайды
Рациоимунологиялық зерттеулер арқылы сиырлардың буаздығын ерте
анықтауға болады. Оның қандағы, немесе сүттегі тормон сұйығы арқылы
анықтаға да болады. Әсіресе, сиырдың буадығын айыруға прогестерон атты
гормонның маңызы зор.
Қорыта келе, ірі қара тұқымын асылдандыру – мал шаруашылығының ең
маңызды мәселелерінің бірі. Мал тұқымын асылдандыру өте қажетті де күрделі
іс. В.И.Лениннің 1918 жылы Кеңес Одағында мал тұқымын асылдандыру
деректеріне қол қойғаннан бері бұл жұмысқа көп көңіл бөлініп келеді. Міне,
содан бері отанымыздың қай жерінде болмасын шаруашылықтың барлығында асыл
тұқымды мал өсіру ісі дамуда.
Ірі қара тұқымын асылдандырудағы, негізгі мақсат – сүтті және сүтті-
етті ірі қара тұқымдарының сүттілігін, сүттің сапасын (майлылығын,
белогын), тірідей салмағын арттыру, ірі қараның етті тұқымдарының етті
қасиетін жақсарту, тез өсіп-жетілін және тірідей салмағын арттыру болып
табылады.
Республикамыздың шаруашылықтарында көптеген ірі қара тұқымдары: сүтті
тұқымдардан – қырдың қызыл ірі қарасы, әулиеата, қар ала және қызыл ала ірі
қарасы, етті тұқымдардан – қазақтың ақбас ірі қарасы, қалмақ, санта –
гертруда, галловей, герефорд, әулекөл, сүтті – етті тұқымдардан –
симменталь және алатау ірі қарасы өсірілді.

1.3.Ірі қараны белоктың полиморфизмы мен биологиялық
көрсеткіштерді пайдалану.

Белоктардың полиморфиялық айырмашылығы оның генетикалық себептеріне
байланысты. Сондықтан бұл деректерді малдың шығу тегін анықтау үшін,
тұқымаралық туыстық жақындыңын білу үшін қолданылады. Бұл ілімнің тағы бір
ерекшелігі сол бір табын, немесе бір топ малдың ұрпақтан қрпаққа беретін
қасиетін генетикалық маркерлер арқылы анықтайды. Малдардың асылдық және
өнімділік қасиеттерін анықтауға белоктардың поиморфиялық көрсеткіштері мен
селекциялық белгілер аралығындағы корреляция коэффициентін есептеудің
маңызы зор.
Ірі қараның шығу тегін анықтау үшін, олардың қан тобының маңызы зор.
Ол үшін қан белоктарының полиморфтық тобын және ірі қара қанының
ферменттерін зерттеген.
Осы деректерінің барлығы да организмде өтетін зат алмасуына көп әсері
бар. Гимоглобиннің организмдегі демалу функциясымен және оттегі мөлшерінің
процестерімен тікелей байланысты. Көміртегі алмасуына амилазаның, темірдің
алма суына трансфериннің атқаратын ролі күшті. Көптеген ғылымдардың дерегі
бойынша трансфериннің топтары арқылы қандағы гемоглобиннің мөлшерін,
қаталазаның қимылын, өсіп-даму барысын, әр түрлі зат алмасу деңгейін
анықтауға болады.
Тәжірибе жүзінде сүтті ірі қара шаруашылығында липидер мен белок
алмасуларының сүт өнімінің тығыз байланыстырған анықтаудың маңызы өте зор
болды. В.И.Волгин және А.С. Бибикова ғылымдардың дерегі бойынша
тайыншыларының қанында нейтральный майының концентрациясы жоғары, жалпы
липидтер мен уксус қышқылдары да жоғары болса, кейін сауын сиыр уақытында,
сүтінің майлылығы бойынша жоғары іріктелген сауын сиырларымен
салыстырғанда, сүт 497 кг және сүтінің майы 24,5 кг артық болған.
Ғалымдар Г.П.Легошин және Л.С.Обуховтардың сүтті ірі қараны
зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған:
жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысты, альбуминдер,
глобулиндер, азот қолдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6
көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеге жеткен. Сонымен
селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінің 3-4 рет есе жоғарылауына себеп
болған.

1.4.Бұқаларды шығу тегі бойынша бағалау және сұрыптау

Бұқаларды бағалау және сұрыптаудың бірнеше сатысы бар. Оның ең
алғашқысына шығу тегі жатады, мұнда әсіресе ене тегінің асылдық және
өнімдік деңгейі, әкесінің ұрпақ өніп т.б. ескеріледі. Екінші сатыда
іріктеліп алынған бұқаларды өсіп дамуы, сырт пішіні және қашыыру қасиетіне
қарай сұрыптайды. Үшінші сатыда бұқаларды ұрпақ сапалары арқылы бағалайды.
Сүтті сиыр шаруашылығында әсіресе ұрпақтарының сүт өнімін ерекше еске
алады. Сонымен қатар қазіргі уақытта сүтті және сүтті-етті ірі қара
шаруашылықтарында бұқалардың ұрпақтарын ет өнімі бойынша да бағалайды.
Бұқаларды шығу тегі бойынша бағалау және сұрыптауда, әсіресе бірінші
буындағы ата тегінің селекциялық белгілерінің дамуын анықтаған жөн. Әрі
екінші буында ата қасиетінің өнім көрсеткіштеріне көп көңіл бөледі. Әсіресе
бұқаларды сұрыптағанда шығу тегінің 3-4 будандағы ата тегін қарап, олардың
ұрпақ сапасына әсерін анықтайды. Сонымен бұқалардың асылддық қасиетін оның
ата және ене ұрпақтарының өнімі бойынша анықтайтыны белгілі болды. Мысалы
С.Веточ 9715 атты бұқаның 18 ұрапғынан Ленин атты асыл тұқымды мал
зауытында (Тамбов облысы) бірінші бұзаулығын тұмса сиырлардың орташа сүті
3625 кг, ал сүтінің майлылығы 3,88% болып, оның құрадастарымен
салыстырғанда сүттілігі 478 кг артық болған.
Ғалымдар Л.К.Эрнст және Ф.Ф.Эйснерлердің ілімі бойынша 385 бұқаның
ұрпақтарының орташа сүт өнімдерінің көрсеткіштері 3500-4000 кг жеткен. Осы
бұқалардың 180-і (50,3%) сүт көрсеткіштері бойынша жоғарғы сапалы, ал
сүтінің майлылығы жағынан 154 (45,3%) бұқа жоғарғы сапалы жатты. Осындай
көрсеткіштерді басқа ғалымдар дәлелдейді. Көптеген зерттеулер бойынша,
көптеген сиырлардың табындарында бұқалардың ене тегі жағынан алынған
ұрпақтарының 40-50%-ы сүт өнімі көрсеткіштерінен жоғары сапалы болған.

1.5. Ірі қара сиырын бағалау және сұрыптау.

Асыл тұқымды етті сиырларды бағалап және сұыптағанда ең бірінші дене
тұлғасының сырт пішініне, дене бітіміне қарайды. Етті ірі қараның өзінше
биологиялық ерекшеліктері бар, соған байланысты дене тұлғасы кең, сүйегі
мықты , жетілген болып келеді. Шоқтығы етті әрә кең, кеуде сүйегі де кең,
әрі терең, арқасы, белі және құймышағы біркелкі түзу бөксесі терісі босаң,
жүні жұқа болып келеді. Етті сиырлардың тірідей салмағына ерекше қоңіл
бөлінеді, бұл көрсеткіштері жасына және тұқымына көп байланысты.
Етті тұқымды сиырлар ұсақ болса, дене тұлғасының орта бөлімінің арқа
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Мал шаруашылық шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Пәндер