Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Мәдениет және өнер факультеті
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Орындаған: топ студенті Муса
А.М.
Тексерген: Мусагалиева
Орал, 2012ж.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан –
дүниесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсаты ... ... ... ...
2.4. Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... .
2.5. Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері..
2.6. Халық қазынасына негізделген балабақшадағы музыкалық тәрбие ... ...
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында
түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын
тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір,
білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда оқу- тәрбие жұмыстары мен
педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің
тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік
үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің
әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде
оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, балабақша
тәрбиешілері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік
деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке
пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта
қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен
сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін
тигізеді. Олай болса Бұлақ көрсең - көзін аш - деген нақыл сөздің өзі
адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына
балабақшадан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры тереңінен
қаланады деп ойлаймын..
Бала біздің болашағымыз: өз Отанын сүйетін, адамгершілігі мол,
елжанды, инабатты, ұшқыр қиялды, нәзік сезімді жүрегі жұмсақ тұлға
тәрбиелеу.
Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруде, олардың
көз қарастарының дұрыс қалыптастыруына эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.
В. А. Сухомлинский былай деген: Егер сәби шақта музыкалық шығарманың
әсемдігін жүрекке жеткізе білсе, мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі
деген
Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата – баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой –санасын игі адамгершілікке жетелейді.
Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік
сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр.
Осы орайға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелік іс-шаралар
көп өткізіледі.
Гүлдер балабақшасында жыл бойына өтілетін Әнші балапан, Даусыңнан
айналайын, Әнші болғым келеді атты балалар шығармашылығын шыңдап, жас
әншілер таңдауын жасап, қалалық мерекелік іс-шараларға қатыстырып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық тәрбие
берудің әдістемесімен танысу. Алған білімдерді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеті: Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық
тәрбие берудің ерекшеліктері, мектепке дейінгі музыкалық тәрбие берудің
әдістемесі, балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсаты жайында және
музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары туралы түсінік беру.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру
арқылы жан – дүниесін дамыту.
Эстетикалық тәрбие жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауға, олардың
нәзік сезімді, ұшқыр –қиялды, мейірбан болып өсуіне елеулі ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты саласының бірі - музыка. Біз музыканы
тыңдағанда көңіл күйіміз өзгере сала береді. Адам сезімі тым ұшқыр, шегі
жоқ.
Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдыреті
жетеді. Қазақ халқының педагогикасында балалар мен жастарға музыкалық
эстетикалық тәрбие беруде сан түрлі тәсілдері бар. Музыкалық эстетикалық
тәрбиенің қалыптасу мен дамуы, халықтың сан-ғасырлық тарихымен, тыныс
тіршілігімен, тұрмыс- салтымен, және мәдениеті- мен байланысты.
Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр – дастаны,
әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге , өлең – жырға
бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.
Балалар кішкене кезінен бастап отбасы – тұрмыстық және әдет –ғұрыптың
әндерініңортасында өседі. Бұл балаларға қайырымды, ілтипатты, қатынас
жасау, баланың адамгершілік сезімін ояту.
Балабақшада мерекелер мен ойын – сауықтарға қызығушылығымен оған
қатысуға ынтасын арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін
қалыптастырып, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейміз.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін,
өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға
тәрбиелейді.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй , - деп данышпан
ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы
адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал,
В.А.Сухомлинскийдің: Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең
алдымен адамды тәрбиелеу - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-
мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен
халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді
құралы болып саналады.
Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл- ойымен
қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды-
эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі мемлекеттік стандартқа сай,
Балбөбек бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп
өткізуге тырысады.
Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе
отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауык кештерін, ертеңгілік
сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен
шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау,
бекіту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.
Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі. Баланың музыканы
тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту,
әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен
дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін,
әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің
шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.
Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін
қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін
қалыптастырады.
Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін,
шама- шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп
күрделендіре отырып жүзеге асырылады.
Ән айта білу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік
сырын, техникасын,тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін,
сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар
арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.
Саз жетекшілері ән- күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді
қолдана отырып жұмыс жүргізеді.
Ән- күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және
шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған әдеби-
музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын- сауықтар,
өткізіледі. Мысалы: Абай мен Пушкин, Күй сүйемін!, Әнші балапан,
Айтыс, Қыз маржаны, жігіт сұлтаны т.б. Саз сабақтарында өткізілетін
барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен
тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны
мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып,
мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне
үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым
әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп
өткізудің мәні зор.
Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-
жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын
анықтау. Сазға икемділік диагностикасы- саз жетекшісінің ең маңызды және
жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың
саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы –жеке баланың және
бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық
негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі -
бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының
табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс- әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс
тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі
ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен
жүзеге асады.
Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі
қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, сабақтарды және түрлі іс-
әрекеттерді дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саз сабағының
өзін түрлі басқа сабақтармен, іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу
және балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру
көптеген жұмыстануды талап етеді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай
еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы өнер
негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.
Балабақшадағы саз жетекшісі қандай болса, балалардың жалпы
шығармашылық даму қарқыны, деңгейі де соған сәйкес болады.
2.2. Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие
Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты - баланың бойында белгілі
бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,
балалардың шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
Бала дүниеге келгеннен бастап, ана әлдиін, халықтық музыканы құлағына
сіңіріп өседі. Халықтық әуен келешек ұрпақты адалдық, тазалыққа, кең пейіл,
ақжүрек болуға баулиды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру
негізінде халықтың ән-күйлерін тыңдау, айтыс, жұмбақ, жаңылтпаш, музыкалық
аспаптармен, би өнерімен таныстыру мақсаты көзделеді. Сонымен қатар халық
музыкасы сәбидің ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, олардың шығармашылық
қабілетін арттырады. Қазақ халқы дарындылығымен қоса таланттарға бай.
Балаларды қабілеттеріне қарай ән-би үйірмелеріне қатыстыруға көңіл
бөлінеді. Музыка мұғалімдерінің алға қоятын мақсаттары – балаларға халық
мұрасын үйрету. Балаларды музыка арқылы әдемілікті, әсемдікті сезінуге
тәрбиелеу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де
сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың
тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі
қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес
дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
Осылардың негізінде орындалатын міндеттер:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де
жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Оқушы музыка әуенінің өзіндік
ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма
мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші
кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп
талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын
меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің
бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан
тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби
білімін, іскерлігін талап етеді. Жоғары оқу орындарында Музыкалық білім
беру мамандығы бойынша Музыкалық білім берудің әдістемесі- болашақ
маман музыка пән мұғалімін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған
оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту
барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы мұғалімдердің сабақтарын
көрсетіп,сол мұғалімнің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша
талдау жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып,болашақ мамандарды
кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге,
театрларға бару арқылы баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік жаттығулар
әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете
алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-тәсілдерді
өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні мұғалімінің
бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын
міндеттерді көрсетуге болады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын
ояту, дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде
ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық,
т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау
және ұйымдастырудан құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие
жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін
мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектепке дейінгі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі
формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық, теориялық негізін,
дидактикалық принциптері мен әдістерін;
- музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
- балалардың жас ерекшеліктерін;
- оқыту -тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әр
сынып деңгейіне байланысты таңдай білу;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой қызметін басқаруына
байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық
негіздерін білуге;
- білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын
қадағалауға;
- танымдық процесстердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-
бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу;
- пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып,
логикалық шешемдерді жасауға;
- баланың бойында музыкалық білім алуға өз еркімен ұмтылысын
тәрбиелеуге міндетті.
Эмоцианалдық бағыт мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқарасына және
оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруына байланысты
анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
- мектепке дейінгі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі
ролін;
- эмоцианалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы
маңызын;
- музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін;
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыкаға эмоцианалдық
көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға,
әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық
мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті. Және музыка өнері арқылы
патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық
игеру үшін сабақ барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың
музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту
үшін жұмыстануға міндетті.
Ізденішілік бағыт мұғалімнің оқу процессін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz