Ақпаратты қорғау амалдарымен және оның тәсілдері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
1.1. Ақпараттық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5
1.2. Ақпараттық қауіпсіздік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.7
1.3. Ақпараттық қауіпсіздік қақтығыстарын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2-бөлім. Ақпараттық қауіпсіздік стандарттары
2.1. Ақпаратты қорғау амалдарымен және оның
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... .17
2.2.Ақпараттық қауіпсіздік
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
Кіріспе
Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып
келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды
қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау
мүмкіндігі бар.
Бұзушы - тиым салынған операцияларды қателескендіктен, білместіктен
орындауға әрекет жасаған немесе ол үшін саналы түрде әртүрлі
мүмкіншіліктерді, әдістерді және құралдарды қолданатын тұлға.
Бұзушының үлгісін зерттеген кезде мыналар анықталды:
- Қатарларында бұзушы болуы мүмкін тұлғалардың санаттары жойында
жорамалдар;
- Бұзушы әрекетінің себептері туралы жорамалдар;
- Бұзушының біліктілігі және оның техникалық жабдықтанғандығы жөнінде
жорамалдар;
- Бұзушының ықтимал әрекеттерінің сипаты туралы жорамалдар.
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын
мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық
және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат
қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін
және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау
жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған
жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін
қаржы мөлшері.
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша
жүргізуге болады:
- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін
деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол
жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін
сапасы мен саны жағынан бағалау;
- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін
және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау
жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған
жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін
қаржы мөлшері.
Курстық жұмысты қорғау мақсатым ақпараттық қауіпсіздік туралы мәлімет
бере отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің стандартарын қарастыру.

1-бөлім. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
1.1. Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-
ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының
жай-күйі.
Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп
деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат
пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса,
жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың
сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің,
маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың
алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық,
программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып
табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық,
техникалық шаралар қажет.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол
жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық
қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың,
техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз
(бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол
жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы.
Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған)
кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы
ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар Сенімді
компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері деп аталатын кітап шығарды.
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет
жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие
бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы
басқаратын жүйе.
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру
құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету
үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.
Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша
бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

1.2. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін,
қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп
нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір
деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын
құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет
шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.
Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі
керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың
қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.
Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім
өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын
көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған,
белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады:
операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге
асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты
барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен
(аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.
Сенімді есептеу базасы (СЕБ) - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік
саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік
жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып
шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының
міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау
болатындығын бақылау.
Қатынасым мониторы - пайдалынушының программаларға немесе деректерге
әрбір қатынасының мүмкін болатын іс - әрекеттер тізімімен келісімдігі
екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы
талап етіледі:
- оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;
- толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны
орай өтуге мүмкіндік болмау керек;
- иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу
үшін ол жинақы болуы керек.
Қауіпсіздік өзегі - қатынасым мониторының жүзеге асырылуы.
Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып
табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік
өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.
Қауіпсіздік периметрі - сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның
ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі
әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа
сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп
саналады.
Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған
жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды
түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған
кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.
Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық
негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске
қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық
кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.
Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық
ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар,
деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу
анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.
Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың
қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді
болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және
оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын
таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау;
қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және
тексеру; қалдық қатерді бағалау.
Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді
талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін
қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден,
мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және,
екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.
Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі
және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі
ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең
әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге
асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген
талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың
тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.
Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық
сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын
міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып
жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады:
қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы;
қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат
қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың
күнтізбелік жоспары.
Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында
келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу
жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы
сияқты шаралар іске асырылады.
Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және
қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін
бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік
саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға
болады:
4 Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік
қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда
пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының
жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.
5 Қатерге талдау жасау. Қатерді талдау үрдісі нені қорғау керек,
неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың
жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек
және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек.
Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

6 Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды
қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен
міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын
ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.
7 Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын
анықтау. Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке
тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына
келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.
8 Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік
саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде
және өкімдерде келтіріледі.
Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы
әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық
(құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық
шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.
Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті
ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады.
Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін
құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік
құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және
оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және
ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.
Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу
ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды
бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге
және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға
мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын
қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.
Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық
проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру
үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы
жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар.
Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу
күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды
ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі,
қауіпсіздік тамғасы және қатынас құрудың мәжбүрлі басқару.
Қатынас құрудың ерікті басқару - жеке субъект немесе құрамына осы
сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге
қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару - белгілі бір тұлға (әдетте,
объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша
объектігі қатынас құру құқығын бере алады.
Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица
түрінде көрсетіледі. Қатарларында - субектілер, бағандарында - объектілер,
ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау және
т.б.) кодасы көрсетіледі.
Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы
ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал
негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған
тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек
қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы
қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).
Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі. Бұл элемент құпия
ақпаратты қоқтықтан кездейсоқ немесе әдейі шығарып алудан сақтайтын
қатынас құруды басқаратын құралдардың маңызды қосымшасы болып табылады.
Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі бар: жедел жадыны
қолдану, сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану және ақпарат
еңгізушығару құрылғыларын қайтадан пайдалану.
Қорғаныш тәсілдерінің бірі - құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін
жедел жадыда немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті
нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады.
Мәселен, принтерлердің аралық жадында құжаттардың бірнеше беті
сақталып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құпия ақпаратты қорғаудың өткені мен бүгінгісі
Техникалық ақпарат құралдары
Фейстеля желісі
Компьютерлік желілерде ақпартты қорғаудың түсінігі мен тәсілдері
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері
Ұйымдастырушылық шаралар
Ақпаратты қорғау әдістемесі
GPS жаһандық позициялау жүйесінің ерекшеліктері
RC алгоритмдері
Ақпаратты шифрлау
Пәндер