Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Ақпараттық технологияға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Педагогикалық технология
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Оқу ақпаратын технология жағдайында
меңгеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІ. Бастауыш мектептегі ақпараттық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 17
2.1. Жаңа технологияларды сабақта
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .32
Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –
жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында
тұрған ең басты міндет.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне
ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-
техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру
педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай
болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы
талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген
қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну,
оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі
керек.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін
ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз
қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға
қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің
дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің
өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен
қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту
құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта
даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады.
Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық
әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер
мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай
жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына
мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін
пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
І. Ақпараттық технологияға жалпы сипаттама
1.1. Педагогикалық технология анықтамасы
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге
айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің
артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат
таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара
жатқаны байқалады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті іcкe
асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру
iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді
шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге деЙін бiз осы зор
құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы
жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген құзырлылық немесе "құзiреттiлiк" ұғымы
жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің
бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi -
aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова
мұғалiмнiң ақпараттық-технологиялық құзырлылығын "оку, тұрмыыстық, кәсiби
мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше
бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.
Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты
қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп,
ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi
шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда,
ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық
және компьютeрлiк бiлiмдарлық.
Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық
сауаттылыққа К.А. Каймин "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу,
компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды
iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.
Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал
бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,
нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу,
бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.
Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын
қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:
- Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық
және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;
- Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену
және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
- Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi
оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің
қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық
өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң
пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр
бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу,
өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және
практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi".
Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа
созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің
интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда - ақпараттық
мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура
келедi.
Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн
дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды
қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады.
Педагогикалық технология анықтамасы келесі негізгі белгілерді қамтып
көрсетеді: мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ортақтығы, адам мен техниканың
бірлігі. Осы белгілерді негізге ала отырып, мынандай анықтама беруге
болады. Педагогикалық технология - бұл мұғалім мен оқушының іс-
әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру
нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі
педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйе құрылымы:
1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық,
педагогикалық зерттеу жүргізу;
2) оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу;
3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану
және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру,
4) тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту;
5) оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру.
Педагогикалық жүйеде оқушыға білім дайын күйінде берілмейді, олар
өздері жан-жақты іздену арқылы қабылдайды,яғни зерттеу
жұмыстары,шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып қажетті білімді қабылдайды.
Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру арқылы, оның өз бетімен
жұмыс жүргізе білуіне және алдына мақсат қоя білуінде.
Оқу процесінде мұғалім және оқушы, оқушы және оқыту әдісі арасындағы
байланыс басты роль атқарады. Оқушы іс-әрекетінің мазмұны ақпаратты
қабылдау, оны ұғыну, білім-білік дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Мұғалім міндеті оқушының іс - әрекетін ұйымдастыру,ақпаратты жүйелеу,
оны қабылдауға жағдай жасай отырып, оқушыға бағыт ,бағдар беру болып
табылады.
Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың
жаңа ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін
мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз
белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында еліміздің білім
беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру
жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік
коммуникация желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен ақпараттандыру қажеттілігі мына
факторлармен түсіндіріледі;
1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс - әрекетінде
дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-
жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шеу, яғни, оқушыларға
информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын
қалыптастыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін
дамыту.
4. Оқу – тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен
сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы
ретінде пайдалану.
Ақпараттық технология терминін академик В.М.Глушков енгізген.
Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты
болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, Ақпараттық технологиялар
ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде
компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың
ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша,
Ақпараттық технология - мәтіндік редактор,электрондық кесте, мәліметтер
базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен
сипатталады. Р.Әбдірәсілова болса, Ақпараттық технологияны оқыту
құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады. Н.Апатова Ақпараттық
технология ұғымына екі анықтама береді;
- Ақпараттық технология - қажетті техникалық және бағдарламалық
жабдығы бар компьютер.
- Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге
асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы.
В.Грищенко мен Б.Паньшин Ақпараттық технологияны әлеуметтік
ортаның заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шағынмен ақпаратты жасап,
сақтап, таратуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді.
Анықтамалық сөздік бойынша, Ақпараттық технология - компьютер
құралдарын оқытуда пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны.
Ал, НМакарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология
деп тұжырымдайды.
И.Роберттің айтуынша, Ақпараттық технология - есептеуіш техника
негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты
таратуды, өңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен
ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады.
В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі Ақпараттық технология -
оқытудың жаңа электрондық құраолдарын, ең алдымен компьютерді оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы.
М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді.
Ақпараттық технология - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық
және әлеуметтік процестерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты
жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық
құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Сондықтан біз Ақпараттық технологияны білім беруді ақпараттандыру
құралдарын пайдалана отырып, жоспарлы және саналы түрде білім беру
процесін, білімді игеруді зерттеумен айналысатын дидактиканың саласы
ретінде қарастырамыз.
Д.Матрос төмендегі шарт орындалғанда ғана ақпараттық технология туралы
айтуға болады;
- егер ол педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын
қанағаттандырса (алдын-ала жобалау,мақсатқа сәйкестік, біртұтастық, т.б.)
- егер ол дидактикада теория және тәжірибе жүзінде бұдан бұрын
қарастырылмаса;
- егер ақпаратты дайындау және тасымалдау құралы компьютер болса.
Осыған қарағанда Ақпараттық технологияға дидактика мәселелерін есептеуіш
техника көмегімен шешетін педагогикалық технология деген анықтама беруге
болады.
Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютрлендіру ұғымдарын
ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын
қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең; электронды
оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру,
оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, т.б. оқыту
үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда
компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің
мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда пайдалана білуге
қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша
компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып,сапасын көтеретін күшті құрал
болып есептеледі.
Қазіргі кезде дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін
танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын
қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша
мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім-
оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін
мұғалім ақпараттық оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді
игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде болуы тиіс, себебі, әрбір
пән мұғалімдері үшін ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану әр
түрлі сипатқа ие.
Сонымен қатар, көптеген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижесіне
сүйенсек, ақпараттық технологиялар оқу процесінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатады деп танылғанымен, оны жекелеген пәндерде пайдаланудың нақты
әдістемелері, компьютердің оқушыға тигізетін психологиялық әсері туралы
нақты теория жоқ. Сондықтан да ақпараттық технологиясын жалпы білім беретін
мектепте пайдалану бір қатар әлеуметтік-экономикалық, философиялық, ғылыми-
техникаылқ мәселелерді шешуді қажет етеді. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі
кезде ақпараттық технологияны оқу процесінде пайдаланудың тиімді түрлерін
іздестіруде педагог, бағдарламашы, психологтердің ортақ негізделген
көзқарасы жоққа тән.
Осыған байланысты оқытуды ақпараттандырудың концептуалды аспектісін
жасау – басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта дұрыс шешім
қабылдау үшін нақты стратегиялық бағдарлама қажет. Менің ойымша, оқытуды
ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет.
1. Оқыту процесін ақпараттандыру кезінде тек бағдарламау тілін
немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі
бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда модельдеуге үйрету.
2. Компьютерлендіру мұғалімді оқыту процесінен шығарып тастамай,
керісінше оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау қажет.
Осылайша білім негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауда да
күшейтіп оқушылардың білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.
3. Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез
шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік
ұстанымын ескеру керек.
4. Оқытуды компьютерлендіру оқушы өз бетімен ойлап, шығармашылық
белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп
ойластырған жөн.
5. Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикаылқ-психологиялық
талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл
оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тестері,
анықтамалықтар, т.б. болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілгендер оқыту процесін компьютерлендіруге қажет толық
аспектілер емес. Ең алдымен, оқыту процесін ақпараттандыру мәселесін ғылыми
тұрғыдан зерттемес бұрын, оны оқу процесінде қолданудың негізгі
педагогикалық мақсаттарын анықтау керек.
Педагогикада оқыту мақсаттарының үш тобын ажыратады; білім беру,
дамыту және тәрбиелік. Білім беру мақсаттарын іске асыру нәтижесі –
оқушылардың меңгерген оқу материалының көлемі және деңгейі. Бұл мақсаттар
мынадай екі негізгі топқа бөлінеді;
- оқушыларды табиғат, қоғам, техника, мәдениет туралы негізгі ғылыми
білімдермен қаруландыру. Яғни әр түрлі фактілермен, ұғымдармен, заңдармен,
теориялармен таныстыру;
- жалпы әлеуметтік-пәндік және пәнаралық іскерліктер мен машықтарын
қалыптастыру. Яғни меңгерілген білімді қолдану тәсілдерін үйрету.
Оқытудың дамытушы мақсаттары жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін
дамытудан көрінеді. Бұл мақсаттардың үш түрін бөліп көрсетуге болады;
1) қисынды ойлаумен байланысты іс-әрекеттер орындау;
2) ізденістік іс-әрекет;
3) интегративті іс-әрекетті меңгеру, яғни әр түрлі ақпаратты өңдеп
түсіне алу.
Тәрбие мақсаттары да үш түрге бөлінеді;
1)тұлғаның рухани қасиеттерін қалыптастыру.
2) тұлғаны физикалық дамыту.
3) тұлғаны қоғамды өмірге даярлау.
Көрсетілген мақсаттар оқыту прцесін ақпараттандырудың басты бағыттарын
анықтауға негіз болады. Ендеше жаңа ақпараттық технология құралдарын оқыту
үрдісінде білім беру және оқыту, қоршаған ортаны тану, оқыту
экспериментінің нәтижесін өңдеу, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру және
педагогикалық технологияларды таратуда тиімді құралы болып табылады.
Көптеген зерттеушілердің бойынша, бұл оқу орнының техникалық
жабдықталуымен, мұғалім кадрларының ізденімпаздығымен байланысты күрделі
әрі ұзақ процесс. Мұнда негізінен үш кезеңді бөліп қарстыруға болады.
1-кезеңде ақпараттық технология құралдарынигеру және оның
педагогикалық қолданылуын анықтау.
2 – кезеңде ақпараттық технология құралдарын игеріп және оқытуды
ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдәстері негізінде барлық дәстүрлі пәндерге
кеңінен енгізу. Қазіргі кезде көптеген педагогикалықбағдарламалық құралдар
жасалған. Бірақ, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, олардың барлығы оқыту
үрдісін толық қанағатттандырмайды.
3 – кезеңде ақпараттық технология құралдарын пайдалану негізінде
оқытудың әдістемелік негізі өзгеріп, оқыту пройесін автоматтандыру жүзеге
асуы қажет.
1.2. Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру.
Оқытудың ақпараттық технологиясының оқу процесінің барлық
құраушыларына мәнді әсері бар. Компьютердің оқу мақсаттарында пайдаланылуы
оқушының жұмысын жеңілдетіп, ұзақ уақытта орындалатын қызметтен
босататыны қажетті ақпаратты өзі іздеп табуға мүмкіндік алатыны, қателесу
қорқынышынан құтылатыны Б.С.Гершунский, С.А.Бешенков, Е.ИМашбиц,
С.Г.Григорьев, С.А.,Жждагнов, А.С.Лесневский, ИВ.Роберт, А.ПСейтешов,
Н.Т.Ермеков, К.ЗХалықова, Ко Ен Чоль, А.А.Қалыбекова, Д.М.Жүсібалиева,
Ш.Х.Құрманалина, Ж.Ж.Нұржанова, Н.Ғ.Даумов,ь т.б. еңбектерінде
қарасытырлған.
Оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына ақпараттық технологияларды
интеграциялау арқылы енігзу Г.Б.Ахметова, М.Х.Балтабаев, Р.Ш.Бектұрғанова,
Ө.З.Иманғожина, С.С.Құнанбаева, А.Ә.Нұрманәлиева және т.б. зерттеу
жұмыстарында жазылған.
Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға
теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарсымен және
өзіндік моральдық талаптарымен, белсендііліктің, түрлі сатысымен және басқа
да мңызды қасиеттерімен сипатталады.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ақпараттық технология тек жеке
даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін
жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да
қарастырады. Себебі бір сынптағы оқушылардың меңгеру деңгейлері әр алуан.
Бірақ меңгеру талаптары бәріне бірдей. Сондықтан бұл жерде ақпараттық
технология меңгерудің сатылап жүру кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау,
модульдік оқыту, даралық және топтық оқыту әдіс- тәсілдерін қатар
интеграциялық түрде қамтиды.
Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында
меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;
1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде;
- монитор экранындағы фоныныа назар аудару;
- фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;
- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2) жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3) жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған
репродуктивтік әрекет ретінде;
- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
- таныс жаттығу түрлерін жасау;
- берілген жаттығуды бағалау;
4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
- дағдыны таныс жағдайда қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру
Осы кезеңдер бойынша бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында
оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Оқу әрекеті
компьютерлік сауаттылықтың маңызды бір құраушысы өндірісте, мәдениетте,
білім беруде компьютерлердің қолдану сферасын білуден басталады. Олар қазақ
тілі сабағынан компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін
алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға,
сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Бұл әр оқушының дербес
компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі
сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына
айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп
жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.
Мектептегі қазақ тілі оқыту процесіне ақпараттық технолгияны енгізу;
- оқу процесінің тиімділігін үнемі арттырмайды;
- рационалды пайдаланбайды
- оның ролін кітап бетін аударуға ғана саяды
- төменгі сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында ақыл-ой дамуын
қадағаламай, еске сақтау,ойлау, шығармашылық жұмысын төмендетеді;
- қазақ тілі сабағында оқытуға ойындық сипат беріп, оқу материалын
меңгеруін кемітеді дейтін секілді қарсылықтар кездеседі. Бұл жаңа оқыту
технологияларын қабылдамай, дәстүрлі әдістемені бұзбауға тырысатын
адамдардың дауысы, солардың өз білместіктерін көрсеткісі келмеген жан
айқайлары деп түсінуге болады. Бүгінгі ең кезек күттірмейтін көкейтесті
мәселелердің бірі – бастауыш мектепке ақпараттық технология - элементтерін
қазақ тілі сабағына енгізу. Негізінен, бұл мәселе 1997-1998 жылдарда қолға
алынып, 1-3 сыныптарға арналған бағдарламалар жасалды. Бағдарламаларға
сәйкес әрбір сыныпқа күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар түзіліп, оны жүзеге
асыру үшін Талдықорған қаласындағы №2 орта мектепте, Д.Рақышев атындағы №3
ұлттық гимназияда және М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп – гимназиясында
тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.
Бұл бағдарламаның жалпы мақсаты – ақпараттық сауаттылықтың алғашқы
негізін қалауға, дамытушы ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген
белсенділігін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға
бағытталса, ал оның тәрбиелік мақсаты – оқушыны тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,
өз бетімен шешім қабылдап мектеп ұжымымен жақсы қарым – қатынас жасай
білуіне бағытталған.
Бағдарламаға сәйкес 1- сынып оқушылары информатика элементтерін оқып
үйрену барысында олар компьютермен жұмыс жасауды және оны басқа пәндерде
(айталық, математика, әліппе,сурет сабақтарында) қолдана біліп қарапайым
кескіндер салып үйренулері қажет. Сонымен қатар, мышканы қолдану
керектігін, оның көмегімен қажетті бағдарламаны іске қосуды, клавиатураның
негізгі қарапайым көп қолданылатын тетіктерін ( мысалы, бағыттамалар,
ENTER, DELETE,BS,INS, т.б. ) графиктік редакторды іске қосуды және онда
қарапайым кескіндерді ( түзу, үшбұрыш, төтбұрыш,т.б.)
ІІ. Бастауыш мектептегі педагогикалық технологиялар.
2.1. Жаңа технологияларды сабақта қолдану.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз
білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі
білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы
түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –
бүгінгі күннің басты талабы. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алу, дүниетанымын
қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын оқыту жеп есептеледі.
Бастауыш сыныпта компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар
оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға
компьютер білмеген жерін көрсетіп көмекке келеді. Сонымен бірге оқушының
танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді.
Компьютермен жұмыс жүргізуді, үш кезеңде бөліп қарастыруға болады.
• 1-кезеңде жалпы ақпараттық технология (ЖАТ) құралдарын игеру және оның
педагогикалық қолданылуын анықтау.
• 2-кезеңде ЖАТ құралдарын игеріп және оқытуды ұйымдастырудың жаңа
түрлері мен әдістері негізінде барлық дәстүрлі пәндерге кеңінен
енгізу. Қазіргі кезде көптеген педагогикалық бағдарламалық құралдар
жасалған. Бірақ, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткеніндей, олардың барлығы
оқыту үрдісін толық қанағаттандырмайды.
• 3-кезеңде ЖАТ құралдарын пайдалану негізінде оқытудың әдістемелік
негізі өзгеріп, білім беру мазмұны жаңарып, оқыту үрдісін
автоматтандыру жүзеге асуы қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге,
өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Компьютер арқылы оқыту бастауыш сыныпта мынадай міндеттерді қамтиды:
• оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
• оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық, алмасу сипатын айқындау;
• дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
• ойлау қабілетін дамыту;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология - оқу процесінің элементі ретінде
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологияның ғылыми теориялық негиздері
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологиясының-ғылыми теориялық негіздері
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Кредиттік оқыту технологиясы
Оқу материалының логикалық құрылымы
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Пәндер