АҚШ және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Дүниежүзілік және саяси
әлеуметтік пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
АҚШ және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі

Орындаған: 07301 топ студенті
Мурзагалиева Г.Б.
Тексерген: Мырзабаева Б.М.

Орал – 2012 ж

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. АҚШ мемлекеті және халықаралық қатынастары
1.1. Америка Құрама Штаттарына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
1.2. АҚШ саясаты және Америка мен Қытай арасындағы қатынастар ... ... ... 13
ІІ тарау. АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
2.1. АҚШ Қауіпсіздік Комитеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8
2.2. АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан – 50 штаттан
тұратын федеративтік Республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң
шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай
ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон орналасқан
Колумбия Федералдық округы өзінше ерекшеленеді.
АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде геоэкономикалық
саясатың жүзеге асыра бастады. АҚШ мұнайды Батыс және Шығыс Еуропа елдері,
Прибалтика және ТМД елдерін бірге қосқандадағы тұтынатын мөлшерді өзі
жалғыз тұтынады. АҚШ-қа мұнайдың әлемдік тұтынудың ¼ бөлігі тиіп отыр. Сол
арада олардың осы энергиятасымалдаушының мөлшері жалпы әлемдік өндірісте
едәуір қысқарып, ХХI ғасыр басында 10% ғана құрады. Егер тұтынудың өсуі
жалғаса берсе, онда АҚШ өзінің мұнай қорлары шамамен 10 жылға жетеді.
Срапшалар айтқандай Америка мұнай жеткізушілердегі іркілістерге қатысты өте
тәуелді.
Зерттеудің мақсаты: АҚШ мемлекеті және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі
туралы түсінік алу. Осы мақсатта келесі міндеттер орындалды:
✓ АҚШ саясаты мен халықаралық қатынастар жүйесі;
✓ АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті туралы;
✓ АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасының нәтижесі туралы мағлұмат беру.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі, яғни 1970-2011 жылдар аралығындағы Америка Құрама штаттары және
халықаралық қауіпсіздік комитеті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д.
Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі американдық тарихта
екі президенттік мерзім бойы билік етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық
беделге ие болған екінші президент болатын. Егер де журналистердің,
саясаттанушылардың және тарихшылардың түсініктемелеріне сенетін болсақ, ол
американдық саясатта Франклин Д. Рузвельттен кейінгі ең көп өзгерістер
енгізген президент болып табылады.
Рональд Рейганның АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және
оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан
да Рональд Рейганның бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз.
КСРО мемлекетінің ыдырауы Д. Буштың президенттік ету кезеңіне дөп
келгенімен (оны Р.Рейганның ізбасары деп қабылдады, себебі ол Р.Рейган
кезеңінде вице-президент еді) бұл процеске септігін тигізген тарихи
тұлғаның бірі осы Р.Рейган болатын.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және әдебиеттер тізімінен құралған.
І тарау. АҚШ мемлекеті және халықаралық қатынастары
1.1. Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама

Америка Құрама Штаттары — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық
жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен,
батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте
Мексикамен шектеседі.
АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал
солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады. АҚШ
– көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси
қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас
Эдисон, Марк Твен және т.б. бар. [1]
Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы
мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн.
Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-
Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон,
Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1
федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48
штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың
орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады.
Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға
жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы
орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент
(конгресс).
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі
ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде
орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық
мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 12-ін (елдің батысында) биік
таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи
тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар)
орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы
ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193
м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде
темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние
жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ
(Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара
металл шикізаттарына бай келеді.
Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18ӘС, Орталық жазықтың
солтүстігінде –24,8ӘС. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа
температурасы 12ӘС-тан, Флорида түбегінде 20ӘС-қа дейін жетеді. Шілде
айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22ӘС, шығыста 16 – 22ӘС-қа
дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32ӘС-қа дейін көтеріледі.
Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7ӘС)
байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен
Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы
белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400
– 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның
көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи
(ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-
Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние
жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды
(Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен
жалғасып, 245 мың км2 аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін
байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-
ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат
ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит,
Секвойя, Гранд-Каньон, т.б. [7]
Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб
Американы ашқаннан кейін (1492 – 1503) 16 ғасырда Англия, Испания,
Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18
ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып
алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін
Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік
жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік
декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын
отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық
революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж.
бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ
Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон
сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік
декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен
үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды.
Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді.
Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты
қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-жартысында
АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж.
Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы
жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға
тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл
іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса,
1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар
көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда
құлдық жойылды. [8]
АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол
мыадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) –
шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға
созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая
аралдары.
АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы
жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12
мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі
мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және
Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен
көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы
жағдай туғызады.
Елдің саяси өмірінде басты рөлді 2 ірі партия – демократиялық және
республикалық партиялар атқарады.
Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы.
АҚШ халқының саны жағынан дүниежүжінде үшінші орынға иеленеді; ГФР,
Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың
халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3,5 есе
өсті.
Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша дүние
жүзінде алдыңғы орындардың бірінде тұрғын кезі баяғыдан өтіп кетті. 80-90 -
жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп кетті, ол халықтың жасы мен
жынысын сипаттайтын пирамидада айқын көрініс тапқан.
Бұл АҚШ тіпті демографиялық өтпелі кезеңнің үшінші статысында
тұрғанын аңғартады. Осыған қарамастан, халқының абсалюттік жылдық өсімі
қазірдің өзінде 2- 2,5 млн. адамды құрайды. Алайда, мынаны есте сақтау
қажет, бұл өсімнің 30% - ын халықтың табиғи өсімі емес, иммиграция
қамтамасызетіп отыр. Бұл АҚШ халқының санының өсуіне әр кезде-ақ үлкен әсер
еткен және әсер етіп келеді.
Қазір АҚШ-та жүзден аса этнос өкілдері тұрғанымен, энтограф-ғылымдар
оларды үш негізгі этникалық топқа біріктіреді: 1 АҚШ-тың американдықтар,
яғни қазір ана тілі ағылшын тілі болып табылатын басқа елдерде қоңыс
аударған әр түрлі ұлттардың ұрпағы; 2 АҚШ-қа таяу жылдары келіп қоныстанған
және бұл елде әлі сіңісті бола қоймаған өтпелі иммигранттар тобына
жататын адамдар; 3 абориген-тұрғындар (үндістер, эскимостар және тағы
басқа.)
АҚШ-тың американдықтар бүтіл халықтың 45 бөлігінен астамын,
аборигендер 1% - ға жуығын құрайды. Осыған қарамастан, АҚШ тағы көптеген
географиялық атаулар үндістерше аталады.
Өздерін білетіндей, ерекше үлкен топ американдықтардың құрамына қара
американдықтар да (африкалық американдықтар, негірлер) кіреді. АҚШ
халқындағы олардың үлесі – 12%. [10]
Бұрын негірлердің негізгі бөлігі XIX ғасырда плантациялық
шаруашылықта үстемдік еткен құлдық жойылғанға дейінгі жерде - қара делдеу
деп аталатын оңтүстікте тұрады. Сонғы оң жылдықтарда негірлердің жартысы
Солтүстік пен Батыстағы қалаларға қоңыс аударды, ал Оңтүстік штаттағылар
қазір негізінен қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы оның қай дінінің
құрамында екендігімен қығыз байланысты.
АҚШ халқының тығыздығы жағынан дүние жүзіндегі ең халқы көп 20 елдің
ішінде 18 орынды иеленеді. Ел ішінде халықтың орналасуы шектен тыс
әркелкіленген ерекшелінеді.
АҚШ халқының орналасуы, ең алдымен қалалар географиясы арқылы
анықталады. Қала саны шектен тыс 9 мыңға дейін жетеді. Қалалардың солтүстік
- американдық үлгісі өзіндік өзгешеліктерімен, көпшілігі едәуір жас қала
болуымен ерекшеленеді.
АҚШ нағыз қала агломерацияларының елі. Мысалы 1950 жылы АҚШ-та 170
қалалық агломерация болды, ал 80 жылдарының аяғында ол 300 жетті. АҚШ-та
(миллионер) - қаланың саны - 8- ал (миллионер) - агломерация -35. бұларда
АҚШ тұрғындарының тең жартысы тұрады.
Осымен бір мезетте орталықтар мен агломерациялардың шет бөліктері
арасындағы сәикестік өзгерді. Жер бағасының үнемі өсуі жеке автокөліктердің
көбейіп кетуінен агломерациялар орталығында экономикалық жағдайдың
нашарлауы, сондай-ақ әрбір орташа американдық кішкентай болса да өз үйінде
тұрсам деп талпыныс жасауы қала маңы зоналарын шектен тыс көбейтіп жіберді.
Қазір мұндай (бір қабатты Америкада) бөкіл американдық отбасылардың 23
бөлігі тұрады.
Қала болғанда да, соңғы уақытқа дейін қалалардың орталық бөліктерінің
өзінде халық саны азаю үстінде болады. Бұл процесс субурбанизация деген
атқа ие болды. 50 жылдары американдық географтар АҚШ-та тағы бір аса ірі
қалалық құрылым-мегаполистер пайда болғанан көрсетті. Қазір бұл елде мұндай
үш мегополюс бар. Солтүстік Шығыстық мегополюс, көл маңы және Калефорниясық
мегополюс. Бұлардың бірінші Бостонннан Вашингтонға дейін созылып жатыр,
қысқартып деп атайды, екіншісі Чикаго мен Пицбургтің аралығында орналасқан.
АҚШ-тың ауыл тұрғындары көбінесе жеке-жеке қоныстанған фермаларда тұрады.
Бірақ тұрмыс жағыдайы жағынан ауыл түрғындары қалалықтардан онша көп
өзгешелене қоймайды. Олай болса, қалалық тұрмыс салты шын мәнінде бүкіл
елде тұтастай билік құрады. [7]
АҚШ XIX ғысырдың өзінде-ақ Ұлыбританияны қуып шеттіп, өнеркәсіп
өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қазір өзінің
экономикадағы қарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа елін көп артқа
тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан жетекші елдердің тобына
қосылады. АҚШ-тың ЖҰӨ-і 7 трлн доллардан асады, бұл дүниежүзілік ЖІӨ-нің
15 бөлігін құрайды. АҚШ өнеркәсіп өндірісі бойынша, тылыми-техникалық
потенциял мен жоғары технологиялық ғылымның тікелей қатысуымен өндірілген
өнімдер деңгейі бойынша, өндірістік емес салаларының дамуы бойынша,
қаржылық қуаты мен әлем шаруашылығының байланысына әсер ету дәрежесі
бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ-тың ірі ТҰҚ-сы өзінің
тікелей шетелдік инвестициясының көмегімен басқа елдерде АҚШ-тың екінші
экономикасы деп аталып кеткен көптеген әр түрлі өндірістер құрылады. Осы
елге қатысты жалпы ұлттық өнімнің көрсеткішінен жалпы ішкі өнімнің
көрсеткішін ажыратудың маңызы зор болатын себебі сондықтан.
Қолда бар болжамдарға сәйкес, әлемдік экономикада АҚШ-тың үлес
салмағы төмендеп бара жатқаныны қарамастан, бұл ел XXI ғасырдың басында
негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі өзінің
жетекшілік рөлін әлі де сақтайтын болады.
АҚШ өнеркәсібінде барлық басты және кіші салалық өндіріс түрлері түгел
бар. Сонымен бірге олардың ішінде дүниежүзілік шаруашылықтағы бұл елдің
тиісті орынын, бет-бейнесін анықтайтын өнімдер де баршылық.
Ол - АҚШ үшін автомобиль жасаудың баяғыдан келе жатқан орныққан
дәстүрі. Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келген әуе-
зымыран- ғарыштық өнеркәсіп пен электроника. Мұнай өнеркәсібі аса жоғары
мәнге ие болған. Автомобиль және әуе көліктерінің дамуымен тығыз байланысты
болып, стратегиялық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін бұл сала көп ретте
елдің экономикалық қана емес саяси өмірінде анықтап береді.
АҚШ сондай ақ микропроцессірлар қоршаған орданы қорғау құралдарын
биотехнология мен биоиндустрияны, ақпарат саласының технологиясын жасап
шығаруда да жетекшілік рөл атқарып келеді.
АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан да дүниежүзінің кез-
келген елін басып озады. АҚШ агробизніске бірінші болып өтті. АӨК
ауылшаруашылық өнеркәсіп кешені саласындағы еңбек өнімдігігі
өнеркәсәптегіге қарағанда тез өсуде көп салалы ауылшаруашылығы осы елдің
қажеттерін ғана емес экспорт үшін де едәуір өнім шығарып келеді
дүниежүзінде экспорталатын дәнді-дақылдардың тең жартысы АҚШ-қа тиесілі.
[2]
АҚШ-тағы ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізгі түрі – сатылатын
өнімнің негізгі бөлігін шығаратын ферма. Біріңғай өндірістік процестің
жекеленген буындарға тарамдану жағдайында агробизнес сатылап мамандану
тәсілі арқылы үлкен дамуға қол жеткізді. Маманданудың мүндай түрі
фермерлердің табиғат жағдайының ерекшеліктерін барынша тиімді пайдалануына,
жоғары сапаға қол жеткізуіне, өнімдерді арзандатуына мүмкіндік берді.
Алайда, бұл фермерлерді тауар өткізетін рынокке және бағаның ауытқушылығына
тәуелді етіп қояды. АҚШ барлық көлік түрлерінің дамуы жағынан да кез
келген елден алда: жалпы көлік санының 13 бөлігі, Батыс елдердегі барлық
тасымал түрлерінің 14 бөлігі соның үлесіне тиеді.
Көлік қатынасының географиясы: басты магистральдар мен жол тараптары.
Сыртқы сауда АҚШ-тың көлік тізбегінің негізгі қаңқасы Атлант мұхитынан
Тынық мұхитқа және канадалық шекаралардан мексикалық шекараға дейін созылып
жатқан ендік және бойлық бағыттардағы континентальды көлік магистральдарын
құрайды. Оған ішкі су жолдарының тізбегі қосылады. Ендік бағыттағы ең
бастысы - 50-жылдарды терең су жолына айналған Әулие Лаврентия өзені мен
Ұлы көлдер жүйесі.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық
балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі
өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы
салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін
өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған
фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі
дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп,
қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой
өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ-тың бір жылғы
ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық.
1.2. АҚШ саясаты және Америка мен Қытай
арасындағы қатынастар

1970-жылдардың соңында АҚШ экономикасы бұрын-соңды мұндай тұрақсыздық
жағдайға түспеген болатын. Дәл осы кезеңде Американың экономикалық қайта
өрлеуі атты бағдарлама дүниеге келген еді. Бұл бағдарламаның негізінде
мемлекеттің реттеушілік әлеуетін күшейту сол арқылы капиталистік бәсекені
арттыра түсу көзделді. Бұл экономикалық саясат рейганомика деп аталып,
оны президент Рональд Рейган әкімшілігі жүзеге асыруға құлшына кірісті. [3]
Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д. Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі американдық тарихта екі президенттік мерзім бойы билік
етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық беделге ие болған екінші президент
болатын. Егер де журналистердің, саясаттанушылардың және тарихшылардың
түсініктемелеріне сенетін болсақ, ол американдық саясатта Франклин Д.
Рузвельттен кейінгі ең көп өзгерістер енгізген президент болып табылады.
Рональд Рейганның АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және
оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан
да Рональд Рейганның бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. XX ғасырдың
соңғы онжылдығында әлемдік қарым-қатынастарда тектоникалық күрделі
өзгерістер болып тұңғыш рет әлем тарихында евразиялық емес держава
гегемонияға ие болды. Бұл онжылдық Америка Құрама Штаттарының бұдан былай
жападан жалғыз супердержава екендігін паш етті. КСРО-ның экономикалық және
саяси ұтылысының нәтижесінде бүкіләлемдік саяси аренада нағыз глобальдық
деңгейдегі мемлекет АҚШ болып қалды.
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-
жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің
мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта
халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей
байланысты. АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор
әскери-саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе
ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық
тұрақтылықтың жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш
ретінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс
жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене
қатысады. Американың осы заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық
экономикасының мөлшері және күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта
Қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық
институттар, басқа да ұжымдық қаржы және сауда-экономикалық ұйымдар
американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жұмыс істеуімен де
айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшілігінің
экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады.
Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та штаб-пәтері бар .
[4]
КСРО мемлекетінің ыдырауы Д. Буштың президенттік ету кезеңіне дөп
келгенімен (оны Р.Рейганның ізбасары деп қабылдады, себебі ол Р.Рейган
кезеңінде вице-президент еді) бұл процеске септігін тигізген тарихи
тұлғаның бірі осы Р.Рейган болатын. Сондықтан да курстық жұмыстың
өзектілігі біздер үшін айқын бола түседі. Деректік шолу. Рональд Рейганның
саяси тарих сахнасынан кеткеніне де және қайтыс болған кезеңінен де көп
уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен оның президенттік ету кезеңіне байланысты
орыс тіліндегі әдебиеттер көп-ақ . Тіпті Э.А. Иванянның Рональд Рейган:
Хроника жизни и времени атты кітабы оның президенттігі аяқталғанына екі-үш
жыл өтпей-ақ, ізін суытпай жатып жазылды. Кітапта идеологиялық біржақтылық
басым болғанымен автордың Рейганның саясаткерлігіне тәнті екендігі айқын
менмұндалап тұр.
Елбасының Дағдарыс кілті (ақпан 2009 ж.) және Бесінші жол
(қыркүйек 2009ж.) мақалаларындағы қазіргі қолданыстағы халықаралық қаржы
жүйесін түбегейлі өзгерту туралы ұсыныстары мемлекеттік деңгейдегі
кездесулердің күн тәртібінен түспей келеді. Қазақстан лидері ұсынды деп дәл
айтылмаса да, жоғарыда аталған материалдарда қозғалған әлемдік проблемалар
қаңтар айының 18-21 күндеріндегі Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху
Цзиньтаоның АҚШ-қа ресми сапары кезінде көрініс берді.
АҚШ Қытай ұлттық валютасы бағамын ресми түрде жоғарылату керек, юань
дұрыс бағаланбай отыр десе, Қытай жағы қазіргі қолданыстағы қаржы жүйесін
ескірген деп есептейді. Екі алып держава басшыларының кездесулерін бүкіл
әлем бақылап отырды. Себебі, әлем экономикасының дамуы және саяси бағыты
АҚШ пен Қытайдың ара қатынасына да байланысты. [5]
Екі мемлекет басшыларының кездесулерінде Қытай валютасының бағамын
нарық көрсеткішімен бағалау, макроэкономикалық саясат, Корей жарты
аралындағы жағдай, Иранға қарсы санкциялар бойынша ынтымақтасу, Суданда
өткен референдум мәселелері қозғалды. Қортынды коммюникеде АҚШ федералдық
бюджет дефицитін қысқартуға көбірек көңіл бөлуге міндеттенсе, Қытай ішкі
тұтыну және юань алмастыру бағамының жүйесін реформалауға уәде береді.
БАҚ деректері бойынша, қорытынды баспасөз мәслихатында журналистердің
Қытайдағы адам құқығы сақталу мәселелеріне ерекше көңіл бөлгені хабарланды.
Қытай басшысы әуеліде бұл сұрақты естімеген сыңай танытқанымен, сауал
екінші рет қайталанғанда, елде бұл салада қыруар жұмыс тындырылғанын, адам
құқықтарын қорғау басты мәселенің бірі, дегенмен, бұрынғыша көптеген
қиындықтар кездесетінін, адам құқығын қорғау мақсатында реформа жалғасуға
тиіс екенін мәлімдеді. АҚШ лидері өз кезегінде адам құқығы мен бостандығын
қамтамасыз ету мәселесіндегі көзқарастың қайшылығы екі ел арасында түйткіл
болып келсе, енді бұл проблеманың шешілетіндігіне сенім білдірді. АҚШ БҰҰ,
Үлкен сегіздік және Үлкен жиырмалық сияқты халықаралық ұйымдардың белді
мүшесі ретінде ғаламдық күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, Жер
шарының өз кіндігінен қалыпты айналуына белгілі дәрежеде ықпал жасай алатын
айбынды ел. Америка осындай дүниежүзілік жауапкершілік жүгін басқа
державалармен бөлісуге әзір. Американың бүкіл әлемді уысында ұстауға
ұмтылысын сынаушылар көп болғанымен, діттегенде онымен иық теңестіріп,
жаһандық салмақты көтерісуге ешкім белсеніп шықпай тұр.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Америкаға ресми
сапары барысында президент Барак Обаманың АҚШ пен Қытай ынтымақтастығының
әлем үшін тиімділігіне кейбіреулер күдік келтіреді. Қытай басшысының бұл
сапары қарапайым ақиқатты көпке көрсету мүмкіндігі болып табылады. Біз мына
өзара байланысқан әлемде, ғаламдасу экономикасында бір-біріміздің
табысымызға өте мүдделіміз, егер екі ел тізе қосып жұмыс істесе, біз бұдан
да гүлденіп, ісімізге сенімді боламыз деп айрықша атап көрсетті.
Сарапшылардың пікірін-ше, әлем экономикасын өрге сүйреп, саяси қарым-
қатынасты реттеуге, ықпал жасайтын, әзірге АҚШ-тан басқа мемлекет жоқ.
Тойған қозыдай момақан болып келген араб елдерінің кейбірі дүрлігіп
жатыр. Болжамдарға сүйенсек, 2012 жыл әлем тағдырына әртүрлі мәселелер
ықпал жасап, ғаламдық валюта-қаржы дағдарысы қайталанып, оның салдары ауыр
соғуы мүмкін. 2012 жылы АҚШ, Қытай және Ресей мемлекеттері басшыларының
сайлау және қайта сайлауы өтіп, халықаралық саяси-экономикалық қатынастарда
жаңа проблемалар туындауы ықтимал. Демек, дүниежүзілік бір бағытты ұстайтын
бір ел қажет. Талдаушылар оның мекен-жайы, жаһандық жоспарлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Ядролық қарусыздану
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
БҰҰ - ның құқықтық негізі
АҚШ пен КСРО - ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе
Иракқа жасалған Ағылшын-Америка жорығы және нәтижесі
Пәндер