Алгоритм тілінде есеп шығару жолдары
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Алгоритм тілінде есеп шығару жолдары
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді
жүзеге асыру
1.1. Алгоритм және программа ұғымдары туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Алгоритм құрудың
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7
1.3. Алгоримтмнің
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 12
2. Алгоритмнің құрылымы және алгоритм тілінде есеп шығару жолдары
2.1. Алгоритм құрылымы және алгоритм жазудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Алгоритмнің басқарушы
құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Есептерге программа құру мысалдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
Кіріспе
Информатика мен есептеуіш техника негіздері курсының бірінші
бөліміндегі ең маңызды ұғым – тиімді алгоритм ұғымы, ал негізгі талап-
есеп шешімін алгорм түрінде өрнектеп, алгоритмдік тілде жаза білуі. Осыған
байланысты алгортмнің мәнін нақты, терең түсінуі, оның қасиеттерін,
алгоритмдік тілдің негізгі құрылымының жазылу ережесін білуі, шамалардың
типтерін жеке ажыратуы, сондай-ақ мәндер таблицасын пайдаланып,
алгоритмнің атқарылуын бақылай білуі тиіс.
Тиімді алгоритмдерді құру және оның құрылымына талдау жасау
кезінде алгоритм схемаларын қатты көңіл бөлінді, ал алгоритмнің
атқарылу процесінде мәндер таблицасын пайдалануға баса назар
аударылады.Сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп,
заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді.
Тиімді алгоритмді белгілі бір дәрежеде жасампаздық, ойлап –
тапқыштық процесс болып табылады. Сонымен бірге өнертапқыштық
стандартты емес және дәстүрлі емес ыңғаймен есептерді шешуді талап
етеді.Көптеген жағдайларда қанағаттанатын нәтижені тез ала алмаймыз,
сондықтан, тиімді алгоритмді құруда жасау және қатені түзету
әдісіне келтіріледі және нәтиженің соңғы вариантын алу үшін талдау
және нақтылау бағытында бірнеше қадамдар жасау талап етіледі.
Мақсаты тиімді алгоритмдерді айтылған ережелерге келтіріп,
ретімен, орналасу тәртібімен, берілген есептін мәніне қарай шарт
қойып, есептін дұрыс жолын, шешімін, нәтижесін табу.
Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі.Информатика
ғылымында алгоритм түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың
бірі болып табылады.
Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді
жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар
Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi
сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде
көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған.
Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға
қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау
ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән
берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық
сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды
алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер
жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада
ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде
кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында
зерттеле бастады.
Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес,
сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала
құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді.

Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген есепті шешу үшін
қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен
есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.
Алгоритм ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына
жатады. Олай болса алгоритм дегеніміз не?Алгоритм атауы араб математигі Әбу
Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл – Хорезми(763-850) есімінің латынша Algorithmi
болып жазылуынан шыққан.Ол санаудың ондық жүйесінде көп орвынды сандар мен
ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға
қажетті тізбектен құрылған.Әл-Хорзми көп орынды сандардың бәріне ортақ және
барлық сандарға жарамды ереже ұсынды.Оның ұсынған тәсілін жақтаушыларды
алгоритмдіктер деп, ал алгоритм ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер
жүйесі деп атаған. Алгоритм- берілген есептің шығару жолын реттелген
амалдар тізбегі түріне келтіру.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде
жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады.
Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір
компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни,
программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін
айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша
орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық
түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру,
сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып
бөлінеді.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар
тізбегін орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Порцессор программаның
құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін-
программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау
үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе
логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру
командасы; нәтижені экранға , қағазға басып шығару командасы; келесі
командаларға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің дискреттілігі (үзілісті) –ақпаратпен жасалатын
әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің
бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде
символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
2.Алгоритмннің анықтылығы –біздің қалауымызға қарай өзгертуге
болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын
береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ
алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен
орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті
дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың
мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді.
Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды.
Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді
анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
3.Алгоритмннің жалпылығы –Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің
шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің
жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке
бірдейлік, басқаша айтқанда,жалпылық қасиеті деп атайды.
4.Алгоритмннің нәтижелілігі -Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы
деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді.
Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал
қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір
санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің
нәтижелілігі деп аталады.
Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген
нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға
болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір
әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.
1.2. Алгоритм құрудың тәсілдері
Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде
айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі. Алгоритм
атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер,
робот және т.б. орындайды. Осы мысалдағы әрекеттерді орындау үшін алдын-
ала абоненттің телефон нөмірін, тұратын қала кодын білу қажет.
Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек
те болады. Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі
орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын
атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.
Тьюринг машинасы
Алан Мэтисон Тьюринг – ағылшын математигі,логик,криптографы 1912 жылы
23 маусымында дүниеге келіп 1954 жылдың 7 маусымынды қайтыс болған. Ол
информатика ғылымына үлкен үлес қосқан. Британ империясы орденінің
ковалері. Оның 1936 жылы ұсынған абстрактілі есептеуіш Тьюринг машинасы
алгоритм түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік берді және көптеген практикалық
және теориялық зерттеулерде қолданылып келеді. Ол Францияда, Англияда содан
кейін АҚШ-та оқыған.Тьюринг АҚШ-тан оралғанда екінші дүние жүзілік соғыс
басталған еді.1945 жылы ТУЗ компьютерін құраудың жобасын өз қолына алған,
ал 1948 жылы МАДАМ компьютерімен жұмыс істеуін басталы, бұл сол уақыттағы
ең көп жадты компьютер болатын. Тьюрингтің жұмыстары ЭЕМ дамуына үлкен
үлесін қосқан. 1952 жылы Тьюринг тірі организмдер формасының дамуы туралы
теориялық зерттеуінің бірінші бөлімін жарыққа шығарды. Бірақ бұл жұмыс
аяқталмай қалды.
1936 жылы Тюринг кез келген есептеуді орындай алады деген жорамалмен
теориялық машиналар класын енгізді. Олардың сипаттамасын берейік.
Көз алдымызға квадратттарға бөлінген ақырлы лентаны елестетейік.
Машинаның алфавиті болып аталатын символдары беріледі. Әр кезде әр
квадратқа бір символ жазылады. Әр кезде квадратта бір символдан артық
болмайды. Машинаның іùкі жағдайлары болып табылатын жиыны болады. Әр кезде
машина сол ішкі жағдайлардың біреуінде ғана болады. Сонымен бірге кез
келген уақытта квадраттардың біреуін ғана қарастыратын оқу тетігі бар.
Машина бір мезетте бір ғана қимыл істейді. Егер машинаның оқу тетігі
қарастырылып тұрған квадратта символы тұрса, ал машинаның ішкі жағдайы
болса, онда ол келесі қимылдардың біреуін істейді:
1. Осы квадраттағы символын өшіріп, символын осы квадратқа жазады;
2. Оң жақтағы көрші квадратқа көшеді;
3. Сол жақтағы көрші квадратқа көшеді;
4. Тоқтайды.
Алдыңғы үш жағдайда машина басқа ішкі жағдайға көшіп, келесі қимылға
дайын. Екінші немесе үшінші қимыл кезінде көрші квадрат жоқ болса, онда
керек квадрат пайда болады деп есептейміз.
Бос клеткада символы бар деп есептейік. Онда кез келген уақытта кез
келген клеткада символ бар. Алдыңғы үш қимылды болашақта бұйрық деп атайтын
келесі реттелген төрттіктермен белгілеуге болады:
(1) , (2) , (3) .
Бұл жерде алдыңғы екі символ - машинаның ішкі жағдайы мен қарастырылып
отырған квадраттағы символ, үшіншісі - қандай символ жазылатындығының
немесе оқу тетігінің не солға не оңға жылжуының белгісі, ал төртіншісі
қандай ішкі жағдайға көшетінін көрсетеді.
Сонымен енді біз кез келген Тьюринг машинасы мен осы машинаның
алфавитінде құрылған алгоритмді байланыстыра аламыз. Осы алфавиттегі кез
келген сөзді солдан оңға қарай жазамыз. Оқу тетігі ең сол шеткі квадратты
қарастырып тұрған кезде машина ішкі жағдайында жұмысты бастайды. Әр қадамда
не символ өшіріп, басқа символ жазады, не көрші квадраттардың біріне
көшеді. Егер машина жұмысын тоқтатса, онда лентадағы сөз алгоритмнің
нәтижесі болып есептеледі. Енді Тьюpинг машинасының дәл анықтамасын
берейік. Келесі екі шартты қанағаттандыратын ақырлы төрттіктер жиынын
Тьюринг машинасы деп атаймыз:
1. Төрттіктердің кез келгені не , не не түрінде болады.
2. Алдыңғы екі символдары бірдей болатын төрттіктер жоқ.
Әр төрттік бұйрық деп аталады. Бұйрықтарға енетін символдары сытрқы
жағдайлар деп аталады. Бұйрықтардағы символдары ішкі жағдайлар деп аталады.
кез келген машинаның ішкі жағдайы болып табылады.
Берілген функцияны есептейтін Тьюринг машинасы табылса, ол функция
Тьюринг бойынша есептеледі деп аталады.
Кез келген Тьюринг машинасын кез келген n саннан тұратын тізбекке (х)
функциясын есептейтін Тьюринг пайдалануға болады. Берілген машинасына екі
сан берсек, ол машина басқа функцияны есептейді.
Черч тезисі, геделдік нөмірлеу. Алгоритмнің кез келген формализациясын
алгоритмнің дәл анықтамасы екенін дәлелдеу мүмкін емес. Оны не қабылдауға,
не қабылдамауға болады. Тьюрингтен бөлек математиктер де есептеуге болатын
функциялардың анықтамаларын берді. Дегенімен, олардың барлығы Тьюринг
анықтамасымен эквивалент болып шықты. Есімізге Клини, Пост, Марковтардың
анықтауларын алсақ та жеткілікті. Сондықтан, осы формализациялардың кез
келгенін алгоритмнің дәл анықтамасы ретінде алуға болады деп есептелінеді.
Бұл ойды Черч айтқан болатын. Сонымен, өзара эквивалент екі сөйлемді
келтірейін.
Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін
алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек.Алгоритмдік тілді
падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның
пайдалануына мүмкіндік береді. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері
бар.Төменде алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.
Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок – схема мен мектептік
алгоритмдік тілді пайдаланамыз.
Блок схема компьютерге программалар жасау практикасында кеңінен
қолданылатын алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі, басқаша айтқанда,
алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек
болады. Есепті шешу алгоритімінің блок схемасын құрған кезде есепті шығару
процесі кезеңдерге бөлініді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына
байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен)
белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб
т.с.с.
Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны
жазылады. Есептелу процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен
көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок – схема тілінің алфавитін құрайды
және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі. Әрбір
блок схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.Басы, соңы
блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір – екі шығу сызықтары
болады. Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып
бөлінеді. Негізгі блоктар енгізіу мен баспаға шығару және информацияларды
өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок – схеманы түсіндіру
және байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.Блоктардың анықтайтын
әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық фигураның ішіне
жазылады. Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың
сандық мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады. Деректерді
өңдеу блогы қандай да бір формула бойынша айнымалының мәнін есептеу
процесін білдіреді. Мұнда есептелген шамалар оларға сәйкес айнымалылар жаңа
мәндер қабылдағанша сақталады.
Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның жағына да
қатыса алады, бұл дегеніміз айнымалының жаңа мәнін бұрын есептелген ескі
мәнінен шығарып алудың қажеттігін көрсетеді. Шартты тексеру блогы есептелу
процесінің барысы тікелей кейбір шартқа тәуелді болатын есептелу процесінде
анықталатын тамақталу алгоритмін бейнелейді.
Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе автоматтандар-
алған құрылғы , яғни компьютер, робот т.б. атқарады. Мысалы,
функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс- әрекеттер- ден тұрады:
1. ны х-ке көбейту оны R1 деп белгілеу;
2. Оған b-ны қосу, нәтижесін R2 деп белгілеу;
3. С-ны х-ке көбейту, оны R3 деп белгілеп;
4. Одан d – ны азайту, оны R4 деп белгілеу:
5. R2 – ні R4 ке көбейту, оны У деп белгілеу.
Алгоритмді енгізу үшін оны бір заңдылықпен мәтін түрңнде жазу қажет.
Ал алгоитмнің коппьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданыла- тын
біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.
Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс
ерекшеліктері болады:
1) есеп шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2) алгоритм программа түрінде жазылуы тиіс;
3) программа компьютер жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек.
Сонымен алгоритм атқарушы – көрсетілген іс- әрекеттер тізбегін
бұлжытпай орындай отырып керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина,
құрылғы немесе адам бола алады.
Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытын да
атқарушыға қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіп
көрсететін нұсқалар ретін алгоритм деп атайды.
Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:
1)Алгоритм нық әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) Оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиетті, яғни алгоритмді кішкене
бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу қажет;
3) Алгоритм шектеулі уақытта нәтие беруі тиіс , яғни алгоритм
қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
4) Бір тексте есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.
1.3. Алгоримтмнің қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті . Алгоритмдерде келтірілген
барлық іс – әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек.Онда
қандай қадамдар көрсетілсе, тек солар ғана орындалу қажет.Есеп шығаруға
керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы
тиіс.Анықтаушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбау
тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі,
яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішекене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу
керек.Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам
бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді.Белгілі бір командалар
негізінде, алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын- оның
үзіктілік қасиеті деп атайды.
Алгоритмнің нәтижелі қасиеті. Кез- келген алгоритмнің нәтижесі болу
керек.Әрекеттерінің шектелуі саннан кейін белгнілі бір уақытта қорытынды
нәтиже алуымыз қажет. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді
пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті . Алгоритм құрғанда
белгілі бір жеке проблеммаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер
шешуін толық қамтыуы мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.Бұл қасиетті
алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді. Ьұл қасиет
алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады.
Алгоритмнің формалды орындалуы. Орындаушы өзі атқарып отырған
әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып
белгілі бір нәтиже алады.Яғни орындаушы формалды әрекет етеді.Алгоритмнің
бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалу деп те атайды. Бұл қасиет
алгоритмнің орындалуын машинаға жүктеуге мүмкіндік береді.
Көп жағдайда алгоритм құрушы және оны орындаушы бір адам болады,
сондықтан ол алгоритм құру процессіне талдау, зерттеу жүргізеді. Қажетті
программа шешуге арналған алгоритмдер арасынан тиімдісін таңдайды. Басқаша
айтқанда, шығармашылық жұмыс атқарады.Осыдан мынадай қорытынды шығарылады:
1)алгоритм белгілі бір орындаушыға арналып құрылу керек.
2)алгоритмде орындаушыға түсініксіз әрекеттер командалар кездесетін
болса онда оларды орындаушы түсінетін командалармен алмастыру керек. Яғни
алгоритмде пайдаланылатын командалар орындаушының крмандалар жүйесінде
қамтылған болуы керек.
3)алгоритм орындау барысында, оның қандай есептің алгоритмі екндігін
зерттеудің қажеті жоқ, ол қалай жазылса, солай орындалу қажет.
4)берілген есепті шешу алгоритмін орындау үшін оның шарты, оған
қажетті бастапқы мәлімет т.б. және сол алгоритмді орындаушы болуы қажет.
Көрсетілген әрекеттердің кейбіреулерінің бірнеше рет қайталану мүмкіндігі
-алгоритмнің негізгі ерекшелігінің бірі.

2.1. Алгоритм құрылымы және алгоритм жазудың түрлері
Алгоритм құру үшін, алдымен есептің шешу әдісін жақсы меңгеру керек.
Алдымен берілген мәліметтермен есептелетін шамаларды анықтап, содан кейін
ғана есепті шешу тәсілі бойынша алгоритм құрастырылады. Алгоритм құрастыру
деп есепті шешуге қажетті амалдардың тізбегін анықтауды, ал сипаттау деп
алгоритм қадамдарын мағынасы мен жазылу үлгісі тұрақты шартты белгілер
жүйесі арқылы жазуды айтады. Алгоритм белгілі бір орындаушыға арналып
жасалатындықтан, оны сипаттаған кезде атқарушының мүмкіншіліктері ескерілуі
керек. Егер алгоритмді атқарушы адам болса, алгоритмнің көрнекі болуына аса
көңіл аудару керек те, ал атқарушы ЭЕМ болса, электронды есептеуіш
машиналардың ерекшеліктері ескерілуі керек, яғни онда енгізу, қорытындылау,
меншіктеу қадамдары болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz