Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Экономика және Басқару институты
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әлеуметтік сақтандыру
Орындаған: Нариманова З.
Тексерген: Баудиярова Е.Н.
Орал, 2011ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Әлеуметтік сақтандыру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
1.1. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі, пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 5
1.2. Әлеуметтік төлемдерді
тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 12
2.2. Жұмысшыларға келтірген зардап үшін жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ...19
2.3. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің қызмет ету механизмінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тарихи қысқа мерзім ішінде нарықтық
қоғамдық қатынастарға тең болатын өз өмірінің жағдайын қалыптастыруға деген
әр бір адамның жауапкершілік деңгейінің артуына септігін тигізетін халықты
әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достағы (ТМД) елдері ішінде құрамына
жаңа туған баладан бастап жасы ұлғайған адамға дейін қамтитын еліміздегі
халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесіне жоспарлы түрде көшуді
бірінші болып бастаған елдердің бірі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
жұмыс істейтін халықтың, қарттардың, аз қамтылған отбасылардың,
мүгедектердің алдында жауаптылықты сезінетін ынтымақтастық жүйесінің
элементтерін құрайды. Еліміздегі жұмыспен қамтылған халық өздеріне лайықты
кәрілікті қамтамасыз ететін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне де қатысады.
Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу
қатерлерінен, бала тууына байланысты және ол бір жасқа толғанға дейін
уақытша табысынан айрылу жағдайын сақтандыру Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры АҚ (бұдан әрі – Қор) қаржысынан жүргізіледі.
Бүгінгі күні әлеуметтік сақтандыру әлемдегі әлеуметтік қорғаудың
маңызды түрлерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жұмыс iстейтiн
зейнеткерлердi қоспағанда (өйткені олар мемлекеттік бюджеттен жасына
байланысты зейнетақы төлемдерін алады), қызметкерлер, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының
аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар
жатады.
Осылайша барлық жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен
кешіктірмей қызметкердің ай сайынғы табысынан 10% міндетті зейнетақы
жарнасын шегергеннен кейінгі соманың 4% мөлшерінде Қорға әлеуметтік
аударымдар аударады. Бұл айтылған қаражатты жұмыс берушілер әлеуметтік
салықты қайта бөлу арқылы төлейді, яғни әлеуметтік салық әлеуметтік аударым
сомасына азаяды. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісінің
ең кіші және ең төмен мөлшері анықталған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
және еңбек заңнамаларына сәйкес ай сайынғы әлеуметтік аударымдар қаржы
жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төменгі бір айлық
еңбек ақы (ТАЕ) мөлшерінен кем емес және он еселенген ТАЕ мөлшерінен көп
емес мөлшерден аударылуы қажет.
І. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі
1.1. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі, пайда болу тарихы
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық
рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын
сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен
іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды
дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай
міндеттерді шешу көзделінген:
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың
қағидаттарын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру
түрлерін нақтылау;
- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру
және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер,
сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара
сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың
қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын
жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы
мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік
салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін
қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жүмысының сенімділігіне байланысты
болады.
Әлеуметтік сақтандыру – келеңсіз жағдайлардың әсерінен (қарттық,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу) экономикалық
белсенді және лайықты төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін кіріспен
қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың жеткілікті әл-ауқаты деңгейі мен
өмірлік қажетті игіліктеріне қол жеткізу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін
жүйе.
Елдегі әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру “Қазақстан
Республикасының халықты әлеуметтік сақтандыру тұжырымдамасында (2001 жыл)
белгіленген, онда әлеуметтік сақтандырудың негізгі салалары: 1) мемлекеттік
жәрдемдер; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен
қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек көзделген.
2005 жылдың қаңтарынан бері елде міндетті әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесі жұмыс істейді, ол әлеуметтік аударымдар төлеудің мөлшері мен
ұзақтығына қарай әлеуметтік тәуекелдер болған жағдайда жұмыс істейтін
азаматтарды қосымша қорғауды қамтамасыз етеді. 2005 жылғы 1 шілдеден бастап
зейнет жасына жетуі бойынша базалық зейнетақы жүйесі енгізілді.
Сөйтіп, бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік сақтандырудың үш деңгейлі
жүйесі құрылды:
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясы
кепілдендірген әлеуметтік төлемдер, яғни барлық азаматтарға қоғамның
дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейдегі
төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемдер, баланың дүниеге
келуіне біржолғы төлем).
Екінші деңгей – жұмыс өтілі мен еңбекке ақы төлеу мөлшеріне қарай
жалпыға бірдей зейнетақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
сақтандыру аударымдары есебінен әлеуметтік төлемдер, яғни, азаматтарды
олардың қоғамды дамытуға жеке қосқан үлесін есепке ала отырып, қосымша
әлеуметтік қамсыздандыру.
Үшінші деңгей – халықтың ерікті немесе кәсіби жинақтау жарналары
есебінен әлеуметтік төлемдер.
Қазір адамдардың көпшілігі мемлекеттің өтпелі кезеңінде әлеуметтік
сақтандырудың ағымдағы мәселелерімен шұғылдануға мәжбүр болғанын ұмыта
бастады. Еліміз алғаш рет тұрғындар бұрын белгісіз болып келген
экономикалық факторлар: инфляция, бюджеттің және тауардың жеткіліксіздігі,
кәсіпорындар мен өндірістердің жабылуы, жұмыссыздық сияқты салдарлардың
әсерімен бетпе-бет келді.
Зейнетақылар мен жәрдемақылар бойынша берешектер айларға созылды,
оларды төлеу оны алушылар үшін де, әлеуметтік қызметкерлер үшін де басты
бас ауруына айналды. Зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері
зейнеткерлердің, мүгедектердің және басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз
жіктерінің ең төменгі өмірлік мұқтаждарын қанағаттандыруды қамтамасыз ете
алмады. Осындай кезеңде жағдайдың оңалып кетуіне үміт аз болды, әлеуметтік
әлжуаз жіктер алатын төлемдер, жалпы алғанда олардың әлеуметтік мәртебесі
әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне сәйкес болатынына (ең болмағанда соған
жақындайтындығына) сенім жоқ еді.
Экономикалық дамудың жаһандануы және өмір жасы ұзара түскен орнықты
үрдіспен егде адамдар санының өсуі әлемнің дамыған елдеріндегі зейнетақы
жүйесін реформалауға себеп болды. Шығыс Еуропа, ТМД және Балтық бойы елдері
санатына кіретін өтпелі экономикалық кезеңде тұрған мемлекеттер әлеуметтік
саланы реформалауды социалистік ұстанымдарға құрылған әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін жоюдан бастады. Бұл елдер, соның ішінде Қазақстан да
әлеуметтік салада реформалау жүргізудің нұсқаларын өздерінің ұлттық
басымдықтары мен мүмкіндіктеріне қарай қарастырды.
Дамыған елдерде әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік кепілдіктер
деңгейінің қалыптасқан жағдайына қарап, сондай-ақ, саясаткерлердің
популистік ұрандарымен түбегейлі әлеуметтік реформалар жүргізу мүмкін емес.
Алайда, әлемдік экономиканың жаһандануы және көптеген елдерді шарпыған
әлемдік қаржы дағдарысы дамыған елдерде өз азаматтарының әлеуметтік
қамсыздандыру деңгейін қолдауға мүмкіндік берер емес және күрмеуі қиын
мәселеге айалып отыр.
Елдегі қолайлы өзгерістер және экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз
ету жөніндегі қолға алынған шаралар, ұлысаралық және конфессияаралық саясат
халықты әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруға алғышарттар жасады.
Осыған байланысты Қазақстанның бүгінгі және болашақтағы басымдықтары мен
мүмкіндіктерін ескере отырып, әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын
жасаудың қажеттігі пайда болды.
Қазақстан экономикасы 90-жылдардың ортасында мемлекеттік және жеке
меншік теңдігін және оны тану, меншікті қоғам игілігіне пайдалану,
кәсіпкерліктің еркіндігі сияқты конституциялық ұстанымдарға сәйкес дами
бастады. Мемлекет медицинамен қамту және білім беру, ауқымды тұрғын үй
құрылысы, еңбекақы мөлшерін және әлеуметтік төлемдерді көбейту, азаматтар
мен кәсіпкерлердің салық ауыртпашылығын төмендету сияқты әлеуметтік
мәселелерді бұрынғыдан гөрі ұтымды шешуге қол жеткізді.
Басқа елдердегі, ең алдымен Батыс елдеріндегі жаңғырулар, саяси
өзгерістер өзін туындатқан, астасып жатқан жаңа технологиялық және
экономикалық жаңалықтардың соңына ілескенде, Қазақстанда мүлдем басқаша
бұған кереғар схема жасалды: түбегейлі саяси өзгерістерден бұрын
экономикалық реформаларға баса назар аударылды.
Кең ауқымды тарихи өзгерістер, соның ішінде әлеуметтік реформалар
кездейсоқ жүргізіліп жатқан жоқ. Олар көптеген күштердің – әлеуметтік
өзгерістер агенттерінің топтасуымен жүргізілуде. Бұлар – нақты жағдайлардың
себебінен адамзат тарихының көшін, сонымен бірге миллиондаған адамдардың
тағдырын өзгерістерге ұшырататын жеке адамдар, олардың идеялары және
үдерістері болуы мүмкін.
Қазақстанның халықты әлеуметтік сақтандырудың көпдеңгейлі жүйесін
таңдауында қиын да тарихи шешім қабылдап, сарабдал саясат жүргізіп отырған
Мемлекет басшысының рөлі нақты көрініп отыр.
1.2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
Еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін әлеуметтік төлем міндетті
әлеуметтік сақтандыруға жататындарға, олардың жұмысының тоқталып,
жалғасуына қарамастан беріледі.
Еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін әлеуметтік төлемге тағайындалу
үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар керек:
- Жеке басының куәлігі;
- Мекен-жайы туралы анықтама;
- Еңбекке жарамсыздығының куәланғаны туралы мәлімет.
- Асыраушысынан айырылу
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге
тағайындалу құқығы қаза болған тұлғаның немесе асыраушының отбасының
мүшелеріне жүреді:
Асыранды балалар, 18 жасқа жетпеген немесе ересек балалар егер олар
мүгедек болса, егер олардың еңбекке жарамды ата-анасы болмаса және олар ата-
анасынан алимент алмаса, бұл жағдайда әлеуметтік төлемге жатады. Сонымен
қатар, осы аталған тұлғалар орта жалпы, алғашқы кәсіби және жоғары білім
беретін оқу орындарында білім алатын болса, оларға оқуы аяқталғанға дейін
әлеуметтік төлем төленеді.
Бір жарым жасқа жетпеген баланы бағумен айналысатын ағасы, әпкесі
атасы немесе әжесі олардың еңбекке жарамды, жарамсыздығына қарамастан
әлеуметтік төлемге жатады.
Асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемге
тағайындалу үшін берілетін өтінішке мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
- Отбасы құрамы туралы мәлімет, жеке куәлік;
- Асыраушысынан айырылғандығы туралы, қаза болғаны немесе сотпен
хабарсыз кетті деп танылғандығы туралы куәлік көшермесі;
- қаза болған адаммен туыстық қатынасты анықтайтын құжат көшірмесі
(неке туралы, қазақ болғанның баласының куәлігі т.б);
- Отбасы мүшесінің бірінің оқу орнында білім алатындығы туралы оқу
орнынан анықтама қағаз;
- Мүгедектік тобының анықталғаны туралы мәлімет (асырап алынған
баланың жасы 18 жетпеген немесе одан ересек, І,ІІ топ мүгедегі деп
танылғандар);
- Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар.
Ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға, міндетті әлеуметтік
сақтандыруға жататындарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес әр айырылған ата-ана үшін асырап алушыға әлеуметтік төлем беріледі.
І,ІІ топтағы бала шағындағы мүгедектерге мүгедектік бекітілген
мерзімнен бастап әлеуметтік төлем төленеді.
Жұмыстан айырылған кезде төленетін әлеуметтік төлем тұлғаның жұмыссыз
ретінде тіркелуге келген күнінен бастап жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті
органмен тағайындалады.
Жұмыстан айырылған кезде берілетін әлеуметтік төлемге тағайындалу үшін
берілетін өтінішке қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
- Жеке басының куәлігі;
- Мекен-жайы туралы мәлімет;
- Жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органның анықтамасы.
ІІ. МIНДЕТТI ӘЛЕУМЕТТIК САҚТАНДЫРУ ЖYЙЕСI
2.1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы
Заңға сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіретін жеке
тұлғаларға 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сақтандырудың
мемлекеттік қорына бөлінген төлем иелері жатады.
Егер жұмысшы заңды тәртіппен әлеуметтік бөлінуге жататын болса, онда
әлеуметтік қауіп төнген кезде оған әлеуметтік төлем төленеді.
Әлеуметтік төлемге тағайындалу үшін өтініш жазу арқылы мекен-жай
бойынша зейнетақы төлейтін Мемлекеттік орталықтың территориялық
бөлімшелеріне баруы керек.

Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен нарықтық қоғамдық қатынастарға тең
болатын халықты әлеуметтiк қорғаудың өзiндiк жүйесi қалыптасуда. Өз
өмiрiнiң жағдайын қалыптастыруға деген әрбiр адамның жауапкершiлiк
деңгейiнiң артуы елiмiздегi нарықтық экономиканың ерекшелiгi болып
табылады. Қоғамдағы әрбiр адамның өзiнiң өмiрiне қауiп төндiретiн және ол
ондай жағдайды жалғыз өзi түзете алмайтын жағдайлар да болатынын атап өткен
жөн. Осыған байланысты әлеуметтiк сақтандыру нарықтық экономика жағдайында
жұмыс iстейтiн халықты әлеуметтiк қатерден әлеуметтiк қорғау нысандарын
айқындайды.
Әдетте әлеуметтiк қатерлердiң мынадай белгiлерi болады:
Бiрiншiден, экономикалық. Оған:
– экономикалық дағдарыс, қайта құрылу өндiрiстi оңтайландыру,
экономикалық қайта құрылу нәтижесiнде жұмыс күшiн ұсыну мен сұраныстың
сәйкес келмеуi себебiнен еңбек ету қабiлетiнен айрылу қауiпi;
– жұмыс берушiлердiң қолайлы еңбек жағдайын жасап қауiпсiздiк
техникасын қамтамасыз етуге қаражат жұмсауға ынтасыздығының салдарынан
кәсiптiк ауру, өндiрiстiк жарақат алуға байланысты еңбек ету қабiлетiнен
айрылу. Мұндай жағдайларда қатердiң себебi қызметкердiң өзiне байланысты
болмайды.
Екiншiден, кейбiр қатерлер уақытша еңбек ету қабiлетiнен айрылу және
зейнеттiк жасқа жетуiне байланысты жағдайлардың туындауына да тiкелей
байланысты.
Материалдық қамтамасыз етiлмеу қатерiн кәсiптiк ауру, өндiрiстiк
жарақат алу мүмкiндiгiнiң туындауы деп те қарастыруға болады. Мұндай
қатерлер жалпы сипат алады. Бiрақ оның ерекшелiгi бұл қатердiң
сақтандырылған барлық халыққа бiр мезгiлде туындамайтындығы. Сонымен қатар
әлеуметтiк – экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты барлық халыққа бiр
мезгiлде туындайтын қатерлер де бар, мысалы: инфляция, дефолт және т.б.
Мұндай қатерлер әлеуметтiк сақтандырылуға жатпайды.
Халықты әлеуметтiк қорғауда сақтандырудың қажеттi және маңызды жүйесiн
құру сақтандырылғандарды материалдық қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру
төлемдерiнiң нақты қызметiн анықтау болып табылады.
Өз кезегiнде бұл олардың көлемiн, нысанын және сақтандыру төлемдерiн
төлеудiң тәртiбiн белгiлеудiң әдiстемелiк негiзiн құрайды.
Халықаралық еңбек ұйымы – әлеуметтiк қорғау ұғымын халықтың
экономикалық белсендi бола алмау және өзiн жоғары жалақылы еңбекпен
айналыса алмауы жағдайында (кәрiлiк, денсаулық, асыраушысынан немесе
жұмысынан айрылуы) оларға өмiр сүруге қажеттi жағдай жасап азаматтардың
тұрмыс жағдайының деңгейiн көтеру деп түсiндiредi.
Бүгiнгi күнi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi Қазақстандағы әлеуметтiк-
экономикалық қатынастардың маңызды және қажеттi элементтерiнiң бiрi болып
отырғанын атап өткен жөн. Республикадағы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жүйесiнiң негiзiн айқындайтын заңнамалық база жасалған. Сақтандырудың басқа
түрлерiнен (мүлiктi, көлiктi және т.б. сақтандыру) оның принциптi
айырмашылығы, ол еңбек қызметiне араласа алмауы себептi материалдық
қамтамасыз етiлмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етедi. Сондықтан,
әлеуметтiк сақтандырумен ең бiрiншi өмiр сүрудiң негiзгi көзi еңбек ақысы
немесе табысы болып табылатын өз еңбегi арқасында өмiр сүрiп жүрген
жалдамалы жұмысшылар қамтылған.
Осылайша мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi деп мемлекет
белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне
қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен ережелер
жиынтығын айтамыз.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi:
1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтаудың және орындаудың жалпылығы;
2) әлеуметтiк төлемдермен қамтамасыз ету үшiн қолданылатын мемлекет
кепiлдiк берген шаралар;
3) әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне мiндеттi қатысу;
4) әлеуметтiк қатер туған жағдайда әлеуметтiк төлемдер төлеу үшiн
әлеуметтiк аударымдарды пайдалану;
5) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтiк
қатер туған жағдайда әлеуметтiк төлем төлеу мiндеттiлiгi;
6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз етушi мемлекеттiк
органдар қызметiнiң жариялылығы.
Қазақстандағы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi жүйеге
қатысушыларды, яғни республикадағы жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтiк
қорғаудың қосымша түрi болып табылады. 2005 жылдан бастап мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтiк қатер туған
жағдайда әлеуметтiк төлем төлеу жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз
қатысуымен құрылған “Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры” акционерлiк
қоғамының (бұдан әрi – Қор немесе МӘСҚ) қаржы ресурстары есебiнен
жүргiзiлуде.
Бұл ретте МӘСҚ қаржылық ресурстары “Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген мынадай ставкалар
бойынша төлеушiлер төлейтiн, Қорға аударылған әлеуметтiк аударымдарды
шоғырландыру және әлеуметтiк салықты қайта бөлу жолымен қалыптастырылады:
- 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу
объектiсiнен 1,5 пайыз;
- 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу
объектiсiнен 2 пайыз;
- 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу
объектiсiнен 3 пайыз;
- 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу
объектiсiнен 4 пайыз;
- 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу
объектiсiнен 5 пайыз.
Әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және әлеуметтiк қатер туған жағдайда
әлеуметтiк төлемдер алуға құқы бар заңды тұлғалар мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру жүйесiне қатысушылар болып табылады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс
берушiлер немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған тұлғалар (өзiн өзi жұмыспен
қамтыған оларға табыс әкелетiн жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат)
әлеуметтiк аударымдарды төлеушiлер болып табылады.
Қор негiзгi қызметiн өз мiндеттерi бойынша өз активтерiмен жауап
беретiн сақтандыру ұйымдары сияқты сақтандыру принциптерi арқылы жүзеге
асырады.
МӘСҚ мемлекеттiң бюджет жүйесiне кiрмейдi және бюджеттен тыс ұйым
ретiнде құрылған. Қор қызметiнiң айқындаушы сәтi коммерциялық емес,
әлеуметтiк мақсат болып табылады: мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне
(бұдан әрi – МӘСЖ) қатысушыларға әлеуметтiк қатер туған жағдайда әлеуметтiк
төлем төлеудi жүргiзу.
Әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жүйесiне қатысушыға МӘСҚ әлеуметтiк төлем алуға құқық мынадай жағдайларда
туындайды:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда уәкiлеттi орган
медициналық– сараптама қорытындысы негiзiнде еңбек ету қабiлетiнен айрылу
дәрежесiн белгiлеген күннен бастап;
2) асыраушысынан айрылған жағдайда– қайтыс болуы туралы куәлiкте,
немесе сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған шешiмде көрсетiлген күннен
бастап;
3) жұмысынан айрылған жағдайда – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жүйесiне қатысушының жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға
жұмыссыз ретiнде тiркелген күнiнен бастап;
4) жүктiлiгi және бала тууы жағдайына табысын жоғалтқан жағдайда
еңбекке қабiлетсiздiгi туралы парақта көрсетiлген жүктiлiгi және босануы
жөнiндегi демалыстың басталған күнiнен бастап;
5) жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан
жағдайда – еңбекке қабiлетсiздiгi туралы парақта көрсетiлген жаңа туған
баланы асырап алған қызметкердiң демалысы басталған күннен бастап;
6) бiр жасқа толғанға дейiнгi нәресте күтiмi үшiн табысын жоғалтқан
жағдайда – баланың тууы туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап.
Екi не одан да көп бала туған жағдайда бiр жасқа толғанға дейiнгi бала
күтiмi үшiн әлеуметтiк төлем әр балаға жеке тағайындалады.
Бұл ретте бiр жасқа толғанға дейiнгi бала күтiмi үшiн төленетiн
әлеуметтiк төлемнiң ең төменгi мөлшерi республикалық бюджеттен төленетiн
мемлекеттiк жәрдемақы (баланың туу кезегiне байланысты) мөлшерiнен кем емес
мөлшерде белгiленген. Ал ең жоғарғы мөлшер сол жылға республикалық бюджет
туралы Заңмен белгiленген 10 еселенген ең кiшi еңбек ақы мөлшерiнiң 40
пайызынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz