Алименттік төлемдерді өндіру тәртібі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Алименттік төлемдерді өндіру тәртібі
Тексерген:
Орындаған:
Орал 2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік
міндеттемелердің тоқтатылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада қазірде алимент төлеуді қиынсынатындардың жалпы саны
соңғы мәліметтер бойынша жүз мыңға жуықтайды. Ал солардың арасында жиырма
мың "қашқын" әке бар, олар өз балаларына көмектесуден мүлдем бас тартуда.
Қатыгез тіршіліктің ауыр тауқыметі басына түскен әйелдер болса амалсыздан
сотқа шағымданады. Әрине, алиментті сот тәртібімен өндіріп алу туралы
шағымданушылардың талабы мүлдем орындалмайды емес.
Бірақ, жасыратыны жоқ, бұл мәселенің өз шешімін табуы - сот
орындаушыларынан іскерлік пен біліктілікті талап етуде. "Қашқын" әкенің
жұмыс істейтін, тұратын орнын анықтау, тағы да басқа қажетті деректер жинау
үшін қаншама уақыт, қаншама қажыр-қайрат керек?! Осыншама ауқымды іс-
әрекеттің барлығы - ана мен баланың қамы үшін болғандықтан ғана сот
орындаушылары қашан да бастаған істің нәтижелі болуына баса назар аударады.
Сот орындаушыларының кез келген қиындықтан жол тауып, сот шешімдерін
орындауы құптарлық. Алимент өндіру шараларына сәйкес барлық атқарушылық
істер бойынша мемлекеттік тіркеу мекемелеріне сұраныс хаттары қайта
жақартылып жіберіледі екен. Борышкерлердің жұмыс орындарындағы
бухгалтерияларда алимент өндіруді заң шеңберінде жүргізілгендігін уақтылы
тексеруде өз нәтижесін беруде?
Мәселен алимент төлеуден қашып жүрген қашқындарға сот іздеу
жариялайды, оның іздеуде жүрген уақытында баланы асырау тек қана аналарының
мойнына жүктеледі. Сол себептен, борышкердің іздеуде болған уақытында
баланы асырауға Үкіметтен әлеуметтік көмек ретінде қаражат бөлініп тұруы
қажет. Ол қаржыны арнайы резервтік қор ашып, алименттен қашып жүрген
борышкерлер табылған кезде соттың шешімі шыққан уақыттан бастап алимент
бойынша қарыздарын сол қорға өндіру керек. Анығырақ айтқанда, бұл шараларға
Үкіметтің ақшасы бастапқы уақытта қорды қалыптастыруға ғана шығады, кейін
борышкерлерден өндірілген ақша қорға қүйылады. Сондықтан осы механизм
жөнінде кеңірек ойластырылып, Үкімет оны белгілі құқықтық актімен бекітсе,
нұр үстіне нұр болары анық, — дейді ол өз ойын одан әрі жалғастырып.ҚР
"Неке және отбасы" туралы Заңының 124-бабына сай, ата-ана кәмелетке
толмаған балаларын асырауға міндетті екендігін ескерсек, Үкіметтің "алимент
төлеуден қасақана бас тартып жүрген азаматтардың жеке меншігінде тіркелген
жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салуы туралы" қаулыларының
қабылдануының маңыздылығы жоғары екендігін атап айту қажет. Сондай-ақ,
тұрақты жерлері анықталмаған, атқару құжатында көрсетілген мекен-жай
бойынша тұрмайтын борышкерлерге іздеу жариялау туралы ұсыныстар да
сотқа жолдануда.
1 Алименттік міндеттемелердің түсінігі, түрлері, өндіріп алу тәртібі
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі)
туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында,
ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке
қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.
Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариат
куәландыруға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында
көзделген салдарларға әкеп соғады. Алимент төлеу туралы нотариат
куәлаңдырған келісім атқару парағының күшіне ие болады.
Алимент төлеу туралы келісімді жасасуға, атқаруға, бұзуға және
жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы
бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, атқаруды, бұзуды және
жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез
келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы
келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты
нысаңда жасалуға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе
оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске
ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу
жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту
туралы немесе бұзу туралы сотка талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы
келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың
назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.
Алимент алушының мүдделерін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді
жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған
баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырап-
бағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда,
осы Заңның 147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке
толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы
мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және камқоршы органның немесе
прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен мұндай келісім жарамсыз деп
танылуы мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін
тараптар сол келісімде белгілейді.
Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша
белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп
алған жағдайда алатын алиментінің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы
Заңның 125-бабы).
Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен
тәртібі сол келісіммен белгіленеді.
Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге
де кірісіне үлес есебімен; дүркін-дүркін төленіп тұратын тұрақты ақша
сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен,
сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін
ұштастыру көзделуі мүмкін.
Бұл шараның басты мақсаты — айлық табыстарын жасырып жүрген немесе
алиментті қасақана төлемей жүрген азаматтарды заңды түрде
жауапкершілікке тарту. Өкінішке орай, соңғы жылдары мінездері
жараспай, шаңырағы шайқалған жас отбасылар қатары көбейіп кетті. Заң
бойынша кәмелет жасқа толмаған бала анасының тәрбиесінде болады. Бірақ, бұл
әкенің ұл-қыздарын қамқорлыққа алу міндетінен босатылады деген сөз емес. Ал
көпшілік әкелер бұл жауапкершілікті мойнына алғысы келмей, бой
тасалап жүр. Бүл бірінші кезекте сәбилердің құқының тапталуына себеп
болады. Әкелердің біліп жүргені жөн, олар алиментті бұрынғы жұбайы
үшін емес, бала-шағасы үшін төлейді. Осындай келеңсіз
көріністердің жиілеуі бүгінгідей іс-шараны қолға алуға мәжбүрлеп отыр.
Айлықтың алғашқы күнінен бастап әр ауданның сот орындаушылары
осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарын күшейтіп, сот бұйрығымен
алимент төлеуге міндетті борышкерлердің тұрғылықты жерлерін анықтау,
оларға қатысты іздеу жариялау шаралары қолға алынды. Сондай-ақ,
борышкерлердің жұмыс орындарын анықтау және атқару құжаттарын сол
кәсіпорындардың бухгалтериясына жолдау, борышкерлерді алимент төлеуден
қасақана жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту,
кәсіпорындардың лауазымды түлғаларын әкімшілік қүқық бүзғаны үшін әкімшілік
жазаға тарту шараларына көбірек көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда барлық
атқарушылық істер бойынша мемлекеттік тіркеу мекемелеріне сұраныс хаттар
қайта жаңартылып жіберіліп, бухгалтериялардың алимент өндіруді заң
шеңберінде қалай жүргізіп жатқандығы тексерілуде.
Облыстық соттар әкімшісіне үстіміздегі жылдың 9 айында 8045
алимент өндіру туралы атқару өндірісі түссе, оның 1088
атқару өндірісі өндіріп алушыға түрлі себептермен кері қайтарылған.
Ал 5056 атқару өндірісі қалдық болып өткен. Өз еріктерімін алимент төлеп
отырған әкелердің қатары 1156 ғана. Соттар әкімшісі аймақтық
бөлімдерінің осы жылдың 9 айында іздеу жарияланған борышкерлер саны облыс
бойынша 1588-ді құрап отыр. Әзірге олардың 506-сының ғана тұрғылықты мекен-
жайы анықталса, өзгелері әлі де іздеуде жүр.
Қарашаның алғашқы күнінен бастап 60 қашқын әкеге қатысты іздеу
жарияланып, іздеуде жүрген 17 борышкердің мекен-жайлары анықталды.
Сондай-ақ, 235 бой тасалаған борышкердің жұмыс орындары
анықталды.
Оларға қатысты атқару құжаттары жұмыс орындарының
бухгалтериясына жолданды. Алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін 32
әке әкімшілік, 13 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ,
әкімшілік құқық бұзғаны үшін 1 кәсіпорын есепшісі әкімшілік
жауапкершілікке тартылды. Осы жұмыстарды атқару барысында
бұқаралық ақпарат құралдарының да көп жәрдемі тиіп отырғанын ерекше
айтып өткім келеді.
Жақында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің,
прокуратураның, әкімшілік соты судьяларының, ішкі істер органы
қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және сот
орындаушыларының қатысуы-мен осы тақырыпқа орай әңгіме ұйымдастырды.
Тіпті, бұл басқосуға алимент өндіруші аналар да қатысып,
кездесіп отырған қиындықтармен бөлісті. Бірлесіп жұмыс істеу
мәселесіне көп көңіл бөлінді.
Осы сәтті пайдаланып айта, кетейін, қазанның 12-і мен қарашаның 12-сі
аралығында Мемлекет пайдасына айыппұлдар және басқа да сомалар өндіру
туралы деген тақырыппен өткізілген акция барысында мемлекет кірісіне 381
454 481 теңге өндірілсе, оның 40 442 062 теңгесі нақты сот орындаушыларымен
өндірілді. Жұмысымызды жеңілдетуге баспасөз өкілдері де өз үлестерін қосты.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның
77-бабына сәйкес сот актісі орындалғаннан кейін сот орындаушысы өндіріп
алынған соманың он пайызы мөлшерінде борышкерлерден атқару санкция-сын
өндіру туралы сотқа ұсыныс келтіріп, соттың ұйғарымы не-гізінде
республикалық бюджетке атқару санкциясы өндіріледі. Осы баптың талабы
негізінде қазіргі таңда республикалық бюджетке 28 207 213 теңге өндірілді.
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және алименттік
міндеттемелердің тоқтатылуы
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға
міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тартібі мен нысанын ата-
аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған
балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға
құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап
бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат
(алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке
толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз
берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға
олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап
қоюға құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған
балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір
балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен
бірін; екі балаға — үштен бірін; үш және одан да көп балаға—тең жартысын
өндіріп алады.
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық
жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып
кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы
Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып
қалатын табысының және (немесе) өзге де кірісінің түрлерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрінде алимент
өндіріп алу. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу
туралы келісімі болмаған жағдайда және aтa-ананың табысына және (немесе)
өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған,
қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын
жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте (осы
Заңның 125-бабына сәйкес) және тұрақты акша сомасында ай сайын өндіріп
алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.
Мұндай жағдайларға үнемі алынбайтын, өзгермелі табысы және (немесе)
өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де
кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент
өндіріп алу жатады.
Тұрақты акша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу
деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың
материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-
жайларды ескере отырып белгілейді.
Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса,
алимент мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің
пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот
белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алиментті өндіріп алу
және пайдалану
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Заңның
125—127-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына
(қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелері
мен өзге де мекемелердегі балаларға ата-аналарынан өндіріп алынатын алимент
сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.
Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Келіп түскен
алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу проценті аталған
мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден
кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналысынан түскен
кірістің елу проценті уәкілетті банкте баланың атына ашылған шотқа
аударылады.
Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған
балаларын асырап-бағуға міндетті.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке
толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде
қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында,
тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық
басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.
Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған қосымша шығындарға
қатысуы
Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда
(кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған
көмекке мұқтаж балалар дың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның
бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-
жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге әрбір ата-ананы қатысуға тартуы
мүмкін.
Ата-аналардың қосымша шығындарды көтеруге катыстырылу тәртібі мен бул
шығындардың мөлшерін сот ана-аналар мен балалардың материалдық және
отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін
негізге ала отырып аи сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық
есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді.
Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығындарды өтеуге де, балаларды
асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға
міндеттеуге құқылы.
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі
міндеттері
1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз
көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға
міндетті.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке
мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған
балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен
балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар
аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі
айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.
Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне
немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың
еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса,
балалары ездерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-
бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден
босатылады.
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға
қатысуы
Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағаңда және ерекше
мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның
бағып-күткені үшін ақы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz