Корпуста аналық тақшаны баптау



Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Корпуста аналық тақшаны баптау

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2012

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І. Аналық тақшаның адам өміріндегі рөлі
1.1.Аналық тақшаның қызметі және аналық тақшада
орналасқан құрылғылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-11
1.2. Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 12-17
1.3. Жүйелік тақшаның негізгі компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-19
II. Шиналар түрлері
2.1. Жүйелік шина және кеңейту тақшаларының ұялары ... ... ... ... ... .20-23
2.2. Аналық тақшадағы шиналар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-26
ІІІ. Корпуста аналық тақшаны баптау
3.1. Аналық тақшаның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-28
3.2. Копруста аналық тақшаны орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31-32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Кіріспе
Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді, яғни есептеулерге
арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді,
автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын
есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500
жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.
Қазіргі замандағы IBM PC дербес компьютерлері әдетте үш бөліктен
(блоктан) тұрады:
Жүйелік блоктан;
Компьютерге символдарды енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта мен маустан;
Мәтіндік және графикалық ақпараттарды кескіндеуге арналған монитордан
(немесе дисплейден).
Компьютерлер портативтік нұсқада — әдетте блокноттық (ноутбук),
кейде — иінтіректік (лэптоп) нұсқада шығарылады.
Компьютердің осы бөліктерінің ішіндегі ең бастысы жүйелік блок болып
саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары орналасады:
1. Аналық тақша
2. BIOS
3. Процессор мен жад
4. Жүйелік өрім
5. Дискжетектер
6. Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе
жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық
құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. Жүйелі (аналық)
тақша- компьютердің жүрегі болып саналады. Өндірушілер оны жүйелі тақша
(system board), базалық тақша (baseboard) немесе маңызды тақта (main
board) деп атайды. Аналық тақшаны қалай атаса да ол компьютердің ең маңызды
элементі болып қала береді. Ол компьютердің барлық компаненттерін (
процессорды, жүйені, дисктарды, видеокарталарды, дыбыстық карталарды,
клавиатураны, тышқанды және басқа да құрылғыларды) байланыстыратын элемент.
Компьютер жинақтағанда ең қиыны, әрі маңыздысы аналық тақшаны таңдау.
Аналық тақшалар бір- бірінен көлемі, форм-факторы, түрлері және
порттарының орналасуы арқылы ерекшеленеді. Ол корпусқа жалғанады. Одан
кейін аналық тақшаға процессор, жүйе және басқалары жалғанады. Аналық тақша
адамның миы секілді база, оған барлық ақпараттар енеді. Әдетте, аналық
тақшаға процессор мен жүйенің басқа да құрылғылардың жұмысын атқаратын
микросхемалар орналасады. Сондықтан да аналық тақшаны таңдау өте маңызды.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:
Компьютердің құрылымдық элементі аналық тақшаны зерттеу арқылы, оның
адам қызметіндегі рөлін анықтау. Қазіргі ақпараттың ауқымды кезеңінде
адамдар аналық тақшаны қалай таңдау керектігін, олардың артықшылығы мен
кемшіліктерін таныту.
І. Аналық тақшаның адам өміріндегі рөлі
1.1.Аналық тақшаның қызметі және аналық тақшада орналасқан құрылғылар
Аналық тақша компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Аналық
тақша стеклотекстолиттен жасалған жазық бет, ол компьютердің негізгі
элементі, онда электрондық элементтер орналасады. Аналық тақшаның физикалық
параметрін, оның орналасатын қорабының түрін анықтауды форм фактор (form
factor) деп атайды. Форм фактор аналық тақша өлшемдерінің типтерін
анықтайды. Олар стандартты және стандарттан тыс болып бөлінеді. Стандартты
аналық тақшалар компьютер құрылымын жетілдіруге, әмбебап пайдалануға
мүмкіндік беретін, барлық қолданушылар үшін ортақ түрде шығарылады.
Стандарттан тыс форм факторлар компьютер құрылысын жетілдіруге мүмкіндік
бермейтіндіктен оларды көп қолданбайды.
Стандартты аналық тақшаның төмендегідей форм факторлары бар:
Ескірген түрлері: Baby-AT, толық өлшемді AT, LPX. 1 – кесте.
1-кесте

Форм фактор Өлшемдері (дюм)
АТ толық өлшемді 14 х 12
Bаbi AT 13 х 8,5
ATX 12 х 9,6
Mini- ATX 11,2 х 8,2
Micro-АТX 9,6 х 9,6
LPX 13 х 9
Mini- LPX 10 х 8
NLX 10 x 8 ден 13,6 х 9
FlexATX 9 x 7,5

Аналық тақша жасаушылар әрбір тақшаны АТ және АТХ форматына арнап
шығарады. Pentium2, Pentium Pro процессорлары үшін АТХ форматы қолданылады.
АТХ конструкциясын 1995 жылы Intel компаниясы өндіріске шығарды. Ол 1996
жылдан бастап Bаbi – AT тақшасының орнына қолданыла бастады. ATХ
конструкциясы Bаbi- AT және LPX стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік
береді.
Форм факторлардың жеке сипаттамалары
АТХ форм фораматынадағы аналық мынандай ерекшеліктері бар:
1. Ендіру, шығару порттарының ұяшығын интеграциялау корпус ішіндегі
жалғаструшы өткізгіштер санын азайтуға мүмкіндік береді. Парралель және
тізбектелген порттар және клавиатура ұяшығымен қатар платаға PS2, USB
порттар орналасқан.
2. Жады модульдері алмастыру оңай болуы үшін аналық тақша слоттарынан,
процессордан және қоректендіру блогынан алыс орналастырылған.
3. FDD және IDE контроллерлердің ұяшықтары өзара жалғастырылатын
құрылғыларға жақын орналасқан. Бұл қолданатын кабельдің ұзындығын
қысқартуға мүмкіндік береді.
4. Процессор және кеңейту слоттары тақшаның әр түрлі бөлігінде
орналасқан. Олар бір - біріне кедергі тудырмайды.
5. Коректендіру блогында 20 контактілік ұяшық орналасқан. Сонымен
қатар аналық тақшаға қоректендіру блогының қызметін басқарып тұру
мүмкіндігі беріледі.
6. 3.3 вольттық компьютерлерде қолданылатын кернеу қоректендіру
блогынан алынады. АТ тақшасында ол аналық тақшада орналасқан
стаблизатордан алынған.
Микро-АТХ аналық тақшасы АТХ тақшасын өзгерту нәтижесінде алынған.
Оның төрт кеңейту слоты бар. Ол кішірейтілген қоректендіру блогына қосуға
мүмкіндік береді.

Сурет – 1

Сурет – 2

А-PS2 пернелер тақтасыныңmouse ұяшығы.
В - PS2 пернелер тақтасыныңmouse ұяшығы.
С- USB1 порты
D – USB0 порты
E – тізбектелген А порты
F – параллель порт
G – тізбектелген В порты
H – MIDI және ойын порты
I – шығыс порты
J – кіріс порты
K – микрофон порты
LPX форм фактoрларындағы аналық тақша Slim корпусында қолдануға
арналған, ондағы кеңейту карталары арнайы Rieser card картасында
орналасқан. Ол тікелей аналық тақшаға паралель орналасады.

Сурет – 3

NLX форм факторлары AGP портымен DIMM жадтық порттың модульдерінен
тұрады. Онда (дыбыс, бейне компоненттері жинақталған) NLX аналық тақшасының
кеңейту карталары үшін арнайы орындары бар. Ол қорапта оңай қозғалыс
жасайды. Сондықтан процессормен жадтарды оңай айырбастауға мүмкіндік
береді. Арнайы орынға ендірушығару компоненттері, кеңейту тақшалары
компоненттері және информация сақтағыштар орналастырылады. NLX қорабының
алдынғы панельіне USB порты орналасады.

Сурет – 4

Аналық тақшада орналасқан құрылғылар. Аналық тақша дербес компьютердің
негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
• процессор;
• шина;
• жедел жад;
• тұрақты жад;
• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).
Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және
компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын
электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше
процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың
командалар жүйесі бірдей болатын болса, оңда олар программалық деңгейде
толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа
екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар
топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Pentium процессорлары х86
топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Іntel - 8086
процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы
процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntel 80286, Іntel 80386,
Іntel 80486, Іntel Pentium 60,66,75,90,100,133; Іntel Pentium ММХ, Іntel
Pentium Рrо, Іntel Pentium II, Іntel Сеleron, Іntel Pentium III
процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар
шығаратын тек Іntel фирмасы болса, кейінірек АВМ, Сугіх фирмалары да
процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен
ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының
көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Іntel Pentium типтегі
процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен
жұмыс істейді.
Шина. Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең
алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан.
Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және
командалық шина.
Компьютердін жады — оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің
бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау
мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.
Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп
0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші
бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады.
Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді,
сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген
ыңғайлы:
• 1Гбайт=1024Мбайт
• 1Мбайт=1024Кбайт
• 1 Кбайт = 1024 байт.
Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-
келген бөлігіне лезде қатынауды камтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген
кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің
жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес
компьютерлердің жедел жадынын көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың
құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел
жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
Тұрақты жад (ПЗУ) — стандартты программаларды, өзгермейтін
мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін
және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы
кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу
арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін
түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік
программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды
біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу
процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан
соң компьютердін бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.
1.2. Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері

1. ATX (Advanced Technology eXtended) – аналық тақшалардың көп
таралғандарының бірі. Қарапайым үй компьютерлерінде көп қолданылады. ATX
аналық тақшаларының көлемі 30.5 x 24.4. см және ұлғаюға арналған жеті слоты
бар. ATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок қосатын тетігі 20 немесе
24 контактты. Жаңа шыққан аналық тақшалардың барлығы 24-контактты болып
келеді.
2. mATX (micro ATX) – АТХ- тың көлемі бойынша кішірейтілген түрі.
Жүйені көп ұлғайтуға арналмаған көбінесе офистық компьютерлерде
қолданылады. mATX аналық тақшаларының көлемі 24.4 x 24.4 см және ұлғаюға
арналған төрт слоты бар. mATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок
қосатын тетігі 20немесе 24 контактты. EATX (Extended ATX) аналық
тақшаларының ATX – тан айырмашылығы олардың көлемі (30.5 x 33.0 см),
көбінесе серверде қолданылады.
3. BTX (Balanced Technology Extended) – ATX орнына келген жаңа
стандарт. Осы аналық тақша жасалғанда көбінесе аналық тақшадағы желдеткіш
элементтерге көп көңіл аударылды. BTX миниатюрлі компьютерлерге арналған.
BTX аналық тақшаларының көлемі 26.7 х 32.5 см және ұлғаюға арналған жеті
слоты бар.
4. mBTX (micro BTX) – BTX-тың кішірейтілген үлгісі. Мұндай аналық
тақшалардың көлемі 26.7 х 26.4 см. mBTX- тың ұлғаюға арналған төрт слоты
бар.
5. mini-ITX - VIA Technologies компаниясы жасап шығарған аналық
тақшаға арналған форм-фактор. Электрлі және механикалы жағынан ATX форм-
факторына ұқсайды. mini-ITX аналық тақшаларының габариттары
(17 х 17 см).
6. SSI EEB (Server Standards Infrastructure Entry Electronics Bay).
Бұл стандарттағы аналық тақшалар көбіне серверлерге арналған. Жүйелік блок
қосатын тетігінің көлемі 24+8 контактты. Мұндай тақшалардың габариттары
30.5 x 33.0 см.
7. SSI CEB (SSI Compact Electronics Bay). Бұл стандарттағы аналық
тақшалар көбіне серверлерге арналған. Жүйелік блок қосатын тетігінің көлемі
24+8 контактты. Мұндай тақшалардың габариттары 30.5 x 25.9 см.
Қазіргі күнде аналық тақшалардың екі түрі бар. Бұлар АТ және АТХ.
Аналық тақшалардың көлемі мен компаненттерін анықтай отырып, екеуінің
айырмашылығы жоқ екенін байқаймыз. Әрбір аналық тақшаны өндіретін
өндірістер оның әрбір екі модификациясын шығарады.
Корпустың аласа биіктігін LPX және brand-name компьютерінде
орналасқан Slimline түрлері де кездеседі. Тағы да бір NLX форм- факторы тек
қана стандарт түрінде кездеседі.
АТ форм-факторында екі модификация- классикалық және Bady АТ түрі
болады. АТ аналық тақшалары көлемі жағынан әр түрлі болғанымен сызықтары
бірдей. Олардың бәрі паралельді порт көлемі жағынан ұқсас. Сонымен қатар
олардың клавиатурасында шеге болады, ол тақшаның бір жағында немесе
процессордың алдында орналасады. SIMM ЖӘНЕ DIMM слоттары үнемі тақшаның
жоғарғы жағында орналасады, бірақ кейде әр жерінде орналаса береді. Әрине,
тақша жақсы орналасу үшін бөлшектер қатаң орналасады.
АТ аналық тақшасын тек ескі компьютер жинағыштарынан кездестіруге
болады, көлемі 12 дюймді мұндай аналық тақшалар тек Desktop, Tower
корпустарына арналған,көптеген жағдайда қазіргі корпустарға келмеуі әбден
мүмкін.Бұл тақшалардың құрылуына дискіжетектерге жалғаушылар және қатты
диск, сонымен қатар жүйелік блок кедергі келтіреді. Сонымен қатар аналық
тақшалардың компаненттерінің орналасуы кезінде үлкен жиілік әсерінен
біршама ақаулар кездеседі. Сондықтан 80386 процессорының алдында шыққан
процессорлерде АТ аналық тақшалары кездеспейді.
1982 жылы шыққан Baby AT қазіргі кезде тек AT аналық тақшаларының ғана
емес, жалпы аналық тақшалардың арасында атақты. Baby AT көбінесе қарапайым
Mini Tower корпусына сәйкес келеді. Олардың енінің көлемі 8,5 дюйм, ал
ұзындығы 13 дюйм бірақ кейбір өндірушілер тақшаға арналған материалды
үнемдеу үшін тақшаның ұзындығының көлемін қысқартады.
ATX . Intel 1995 жылы шығарған осы өлшем типі атақтылардың арасына
қосылуда.Қазіргі кезге дейін оны құрып кетеді деген ойда болғанбыз.Жоқ
керісінше АТХ көркеюде. Көптеген өндірушілер АТХ шығарып, Pentium II – ге
келген кезде АТ- аналогын шығара бастады. Бірақ АТХ АТ- ға қарағанда
әлдеқайда дамуда. АТХ корпусына Baby AT аналық тақшасын орнатуға болады.
АТХ жүйелік блогының желдеткіші ауаны ішке жібереді. Сондықтан да шаң
аналық тақшаға енбейді, ауа процессорды желдетеді.
NLX. 1997 жылы Intel корпорациясы компьютерге арнап жаңа стандарт
ойлап тапты. Оның жақсысы жүйелік блоктан тақшаға енетін кабелі жоқ. Ол
үшін Riser- тақшасының слоты PCI және ISA болуы керек, сонымен қатар көлемі
аналық тақшадан NLX Riser Connector болғаны дұрыс. Сондықтан да, аналық
тақшаны орнатқаннан кейін ол дереу жүйеге және шинаға қосылады. Системада
барлығы екі көлем PCI және ISA болады. Ризер- картада контроллер көлемдері
IDE, FDD орналасқан, сонымен қатар желілі картаға енетін орнын да
қарастырған, CD-Audio және USB шинасы. Maineboard аналық тақшасында CPU- ға
арналған шеге, жад слоттары, чипсет, BIOS және кэш болады.
Компьютердің құрылымы қарапайым қалыпқа енді. NLX стандарты
компьютерді тек екі элементтен- аналық тақшадан және корпустың сыртқы
құрылғылармен байланысуы үшін арналған стандартты көлемдерден тұрады. Бірақ
бұл әлі жоспар,әзірге жасалып шыққан жоқ.
Қазіргі кезде көптеген аналық тақша өндірушілері Intel фирмасының
микросхемаларын қолданады. Pentium процессорына бұл 430-шы сериялы,
Pentium II-440-шы сериялы схемалар қолданылады .
1993 жылы шыққан Pentium тақшасын Mercury деп атаған. Оның чипсеті
жиілілігі 5В болатын Pentium процессорына арналған, көлемі Socket 4 және
жиілілігі 60 және 66 MHz. Бұл тақша жүйелік шинаның жиілілігімен процессор
жиілілігіне сәйкес келетін ең алғашқы тақша.
Содан кейін дереу Р54С процессорына арналған жиілілігі 3,3 В Neptune
82430NX аналық тақшасы шығарылды.
Pentium процессорының дамуы 1995 жылы жаңа өнімді талап етті, ақыры
Intel 82430FX (Triton I) маркалы чипсетті сәтті ойлап тапты. Бұл Intel- дің
чипсет өндіруде сәтті қадамы еді, көп уақыт бойы Triton I компьютердің
Pentium процессорына арналған сапалы өнімі болды. Сол уақытта басқа да
өндірушілер қалыспас үшін VLB және PCL шинасын біріктірмек болды, бұған көп
уақыт кететінін білген Intel VLB қолдауынан бас тартты. Сол кезде Triton I
өзіне барлық жаңа жетістіктерді қосқан: EDO жад қолдауы, Pipelined Burst-
тың екінші сортты кэш- жад типі және синхронды SRAM, PCI қолдаулары
болды. Чипсет оперативті жүйеге жалпы көлемі 128Mb болатын төрт SIMM
банкісін қолдады, бірақ кэштің көлемі 64 Mb құрады. Бұл уақытта осы көлем
де жеткілікті еді, өйткені ең керемет сұраныстың өзі 8- 16 Mb болған.
Алғашында чипсеттің құрылысында көптеген қателіктер болған, бірақ
модификация кезінде ол қателер жөнделді.82430FX наборындағы жүйелік
тақшалар 1995-1996 жылдары жақсы танымал болған, бірақ қазір де оларды
сатуда.
1996 жылдың бас кезеңінде Neptune чипсеті ескірді , Intel- де оның
ескі көшірмесін шығара бастады,бір мезгілде SOHO сауда орталығы FX орнына
екі наборды бір атпен Triton II–82430HX және 82430VX шығарды. Бірінші
чипсет өндірушіден көп процессорлы жүйенің қолдауын алды, процессордың
Pipelined Bust екінші сортты көлемі 512 Кб кэшпен бірге қосылып, EISA
шинасының контраллеры, PCI 2.1 төрт слотына дейін орналасқан EISA және USB
контраллерымен (универсалды магистраль, жаңа сыртқы құрылымдарды қосатын
зат, 255- ке дейін сыртқы құрылымдарды бір портқа ортақ шинамен қосылуды
қарастырады) NX SDRAM жүйесінің қолдауы болмаса да, UDMA33 режимі және и
кэш- жүйесінің көлемі біршама кішкене болса да, NX жүйелік тақша
өндірушілер арасында ең атақтысына айналды. Көппроцессорлы чипсеттің
қолдауы екі процессорлы шеге емес екенін байқаймыз: осындай тақшалар қымбат
тұрады және оларда “dual processor” маркировкасы болады. Intеl ақырғы
мінездемесі Triton II- ге ұқсайтын чипсет шығара алмады. Тіпті,жаңа 430TX-
тың өзі оның барлық мүмкіндігіндей бола алмады.
Екінші 430VX наборында Triton II- дегі мүмкіндіктер мүлдем болған
жоқ, бірақ бағасы арзан low-end компьютер класының сауда орталығында
сатылды,бұл чипсет шыққаннан кейін қозғалысы тез жаңа функцияны қолдайтын
430FX шығарылды. Оның басты айырмашылығы PCI 2.1 және SDRAM қолдаулары бар,
USB порттары өзгеше. Жаңа чипсеттің кэш жүйесі Triton I – ге қарағанда 10%
жоғары болды.Бірақ SDRAM чипсетінің қолдауы жоғары бағаланбады, себебі
тақшаның көлемі кішкене еді,VX өндірушілері барлығын да үнемдеген болатын.

Тағы да бір жыл өткен соң Intel –430TX PCIset ойлап тапты.Өндірушілер
82430TX құрылымына компьютер архитекрурасының барлық жаңа қолдауларын
енгізбек болды, олар: SDRAM қолдауы, USB, Ultra DMA қолдаулары, PCI 2.1-
дың бес слоты, көлемі 256Мб болатын оперативты жүйе, кэш жүйесі 512Кб. Бұл
чипсет шыққаннан кейін Intel енді бұл процессор класына чипсет
шығармайтынын жариялады. Жаңа чипсеттің шығуы VX- тың құрып кетуіне себеп
болды.
Кэш туралы бірнеше ауыз сөз . Кэште процессор мен негізгі жүйенің
арасында тезқозғалғыш буфер жүйесі бар, және процессордың жылдамдығының
айырмашылығын компенсациялау үшін қолданылады. Егер кэш үлкен болса,
соғұрлым аналық тақша жақсы (Socket 7 болған жағдайда). Мысалы, Intel
чипсеттерінде L2 көлемі 521Кб дейін үлкен) VIA, Ali, SiS реализациясындағы
чипсеттердің көлемдері бір тіпті екі мегабайтқа дейін болады.Осы кезде
аналық тақшаның наборын үнемдеуге болады, яғни чипсеттің толық потенциалын
қолданбау, және тек жартымегабайтты кэшы бар модификацияны қолдануға
болады.
Аналық тақшалардың ерекше бір түрі Bios. Ол программаларды тексеру
құрылғысына жатады және компьютердің аппаратурасынын операциялық жүйемен
байланыстырады.
Аналық тақшаға арналған Bios фирмалары –Award Software, AMI, Phoenix
Texnology. Кейбір аналық тақша өндірушілер (IBM, Intel, Acer) Bios- ты
өздері шығарады. Bios- тың әрбір түрі аналық тақшаның нақты әрбір моделіне
қосылатынын білгеніңіз жөн.
Қазіргі кезде ең атақтысы Award Bios, оны аналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандық микропроцессорлардың негізгі параметрлері және қолданылуы
Есептеуіш техникаға күтім жасау және қызмет көрсету анықтамалығы
Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі
Kомпьютерді бөлшектеу және жинақтау
Аналық тақшаның түрлері
Заманауи мобильді қосымшалар
Жүйелік тақтаның сипаттамасы
Есептеуіш техниканың даму тарихы туралы
Қатты магнитті дискіге жинақтауыш
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Пәндер