Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеу тарихы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеу тарихы
Музыкалық мәдениеттің ауызша қолданылуы, сондай-ақ көшпелі халықтың
отбасының және ауылдық тұрмысының орнықты дәстүрлері музыкалық мәдениет
қайраткерлерінің бірнеше кәсіби-халықтық типтерінің қалыптасуына мүмкіндік
берді. Олар ақын, жыршы немссе жырау, әнші және елеңші, күйші, ертекші,
сықақ-қой және т.б. болды.
Халықтың музыкалық шығармашылығы туралы мәліметтер біздерге
Қазақстанда болған саяхатшылардың жазбалары, есептері арқылы немесе Ресей
ғылым академиясы ғалымдары мен профессорларының хабарлары арқылы жетті.
XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болып, казақ халқының тұрмысын әдет-
ғұрпын және музыкалық мұрасын зерттеуші ғалымдар арасынан И.Т. Георгиді
(1729-1802), И.Т. Андреевті, Л.И. Левшинді, А. Голубевті, А.Е. Алекторовты,
А. Эйхгорнды, III. Уәлихановты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының он өнері
туралы А.Е. Алекторов Қырғыздардың халық әдебиеті атты мақаласында былай
деп жазды: Бір рудан екінші руға әндер беріліп, бір жылдан, екінші жылға
жаңа әндер қосылып отырады, қазір қырғыз өзінің халық әндерін жанындай
сүйеді және өзі де оларды тамаша орындайды. Қазақ халқының музыкалық
тұрмысы туралы М.В. Готовицкийдің Қырғыз әндері туралы атты мақаласында
жақсы келтірілген. Онда автор музыкалық шығармаларды орындаушылар мен
таратушылардың кәсіби әншілер екенін айтады. Әншілер мен өлеңшілер
өнерлерін көрсеткенде халық рақаттанып тыңдайды. Бірде-бір ойын-сауық
немесе той өлеңшілерсіз өтпейді, деп жазады Готовицкий. Отбасындағы әрбір
оқиға: той, ұлдың тууы, адамның қайтыс болуы, әрбір қуаныш немесе қайғы
қазақтарда әнмен атап өтіледі, көбіне олар тыңдаушыларды бей-жай
қалдырмайды. Ол әншілер мен өлеңшілердің халық арасындағы үлкен беделін
атап көрсетіп, ауылға келген әншілерді киіз үйдегі құрметті орынға, төрге
отырғызатынын айтады.
Оңтүстік қазақтарының музыкалық өнері мен музыкалық құралдары жөнінде
Орталық Азия халықтарының әндері мен құралдары атты еңбекте Август
Эйхгорн бірқатар құнды қорытындылар жасады. Осы еңбектің Қырғыздың
(ңазақтың) музыкалық құралдары бөлімінде Эйхгорн домбыра, қобыз, сыбызғы
құралдарына жеткілікті түрде сипаттама берді. Сонымен қатар Эйхгорн
қазақтар арасында кең тараған айтыс өнері туралы қызғылықты түрде жазып
калдырды. Қыз бен жігіт махаббат туралы айтысқанда, өз шумақтарын бірінен
соң бірі әнге қосып айтқан.
Қазақ музыкасын революцияға дейін зерттеушілер өз еңбектерінде.
фольклордың таралуы туралы хабарлағаныменхалықтың өнер қайраткерлері туралы
аз жазды. Шындығында, тек XIX ғасырда қазақтың аса көрнекті композиторлары,
әншілері, күйшілері Құрманғазы Сағырбаев (1806-1881), Дәулеткерей Шығаев
(1820-1887), Ықылас Дүкенов (1813-1416), Тәттімбет Қазанғалов (1817-1862),
Біржан Қожағұдов (1832-1894), Сармалай (1835-1885), Жаяу Мұса Байтанов
(1835-1929), Абай Құнанбаев (1845-1904), Мұхит Мералиев (1847-1918), Ақан
Сері Қорамсаұлы (1843-1913) және басқалары өмір сүріп, өздерінің өшпес
шығармаларын қалдырған еді. Оның себебін өнер зерттеушілеріне халық
композиторларымен тікелей кездесудің сәті түсе бермегенімен, қазақ жерінің
аса кендігімен, сол кездегі экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың
нашар дамығандығымен түсіндіруге болады. Дегенмен, сирек те болса өнер
зерттеушілері халық музыканттарымен кездесу сәттерінен алған өз әсерлерін
жазып қалдырған. Осындай жазбалардың арасында орыс журналисі Н.Ф.
Савичевтің қазақтық ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбаевпен кездесуі туралы
материалы ерекше назар аударарлық құнды дерек болып табылады.
Н.Ф. Савичев Құрманғазыны 1868 жылы көріп, тыңдаған. Ол композитор
өнерінен алған өзінің әсерін былай суреттейді: Бұл - жылы жүзді, ақылды,
татарша, бай да, кедей де емес орташа киінген, орта бойлы, орта жастағы ер
адам. Ол өзін көп сұратпай қабырғада ілулі тұрған домбырасын қолына алды.
Бұл мойны өте ұзын, екі шекті, жақсы әшекейленген балалайка. Құрманғазы
кенеттен, басын сәл шалқайтып алып кіріспесіз, өз шығармасын құйқылжыта
ойнай жөнелді. Мен алғашқыда оның ойнауына таңғалдым, кейін тігіті тәнті
болдым. Мен осынау қара дүрсін екі шектң құралдан музыкаға ұқсас бірдеңе
шығады ғой деп тіпті ойлаған жоқпын, алайда адам қабілетінің күші сондай -
домбырадан аса мөлдір музыка құйылдай-ай келіп; музыканың мәні қырғызша
болғанымен, оны үлгілі музыканың қатарына ойланбастан қоюға болады, себебі
Сағырбаевтың ойыны сол қайнар көзден - дарын мен құлшыныстан туындап
жатқан еді. Meн оның ойынын бұлбұл мен торғайдың еркін әніне теңер едім,
бірақ құралдың кедейшлігі артист мүмкіндігін тежегеніне қарамастан, бұл
теңеудің өте тар екеніне күмән жоқ. Қысқасы, Сағырбаев - өте сирек
кездесетін музыкалық жан, егер ол еуропалық білім алса, музыкалық дүниенің
бірінші жарық жұлдызы болар еді.
Қазақтың халық әншілерінің шеберлігі туралы француз ғалымдары Капо
және Бонвало өздерінің 1881 жылы жарық көрген Қырғыз трубадуры
мақаласында былай деп жазады:- Бұл қырғыз өзінің далалық костюмінде, үй
ішіне түскен көмескі жарықта нағыз сері болып көрінеді. Оның ишараттары
емін-еркін және ақсүйектік, мәнері жұмсақ, сырт бейнесі әдемі. Ол кіре
беріске малдасын құрып отырып алды да, құралының күйін түсірді. Содан кейін
өз домбырасының қостауымен жоғары дауыста әнін шырқай жөнелді. Ол өз әнінде
ауқатты сұлу қыздың кедей жігітіне деген ыстық махаббатын жырлады.
Ыдырысқұл — нағыз әртіс, өз өнерінде тамаша шеберлікке қол жеткізген. Heгe
таң қаларыңды білмейсің: музыкалық құралда щебер ойнағанына ма немесе
салған әніне ме? Соңында авторлар Ыдырысқұл сияқты театордың Еуропаның кез
келген опера театрының мақтанышы бола алатынын және театрдың даңқын шығара
алатынын жазады.
Қазақтың музыка өнерінің дамуы туралы мәліметтер белгілі орыс
зерттеушілері Ф.А. Щербинаның, В.Г. Короленконың, А.Е. Алекторовтың, А.А.
Ивановскийдің еңбектерінен көрініс тапты.
Қазақтың халықтың музыкасын зерттеу ісіне орыстың белгілі музыкалық
қоғам қайраткері, музыка сыншысы және композиторы А.В.Затаевич (1869-1936)
аса зор еңбек сіңірді. Ол бастырған екі томдық - Қазақ халқының 1000 әні
және Қазақтың 500 әні мен күйі кеңес фольклористикасындағы іргелі
еңбектер болды. Затаевич музыка тарихында бірінші болып аса көрнекті халық
композиторлары Абай Ққнанбаевқа, Ққрманғазы Сағырбаевқа, Жаяу Мұса
Байжановқа, Біржан сал Қожағұловқа, Ақан сері Қорамсаұлына, Мұхит
Мералиевке, Дәулеткерей Шығаевқа, Ыбырай Сандыбаевқа толық мінездеме берді.
Мұхит Мералиев әндерінің кең тыныстылығына, әдемі әуезіне тәнті болған
композитор оның Айнамкөз әні туралы бұл ән тек қазақтың кең даласында
туатын ән, басқа жерге сыймайды, деп баға берді.
Затаевичтің аса көрнекті орындаушыларға берген мінездемелерінің музыка
тарихын оқып-үйрену үшін маңызы зор. Олар әншілер Әміре Қашаубаев, Ғаббас
Айтпаев, Қали Байжанов, Ерғали Алдоңғаров, Майра Шамсутдинова; домбырашылар
- Науша, Махамбет және Ғабдолла Бөкейхановтар, Ғұбайдолла Мүхитов, Ғанбар
Медетов және басқалар болатын. Өзінің барлық 2000-ның үстінде тұратын бай
музыкалық коллекциясын Затаевич 500-ге жуық хабаршылардың көмегімен
жинақтады. А.В. Затаевичтің қазақтың халық музыкасын жинақтап, бастырудағы
жанқиярлық еңбегі музыкалық, ғылыми және әдеби қоғам арасында орасан зор
қызығушылық туғызды. Көрнекті кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
Салттан тыс фольклор туындылары
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Театр және музыка өнері
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Фольклор және әдебиет
Музыкалық өнер туралы
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Пәндер