Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Арал теңізі: зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Арал теңізіне жалпы сипаттама
1.1 Арал теңізінің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2 Арал маңы табиғат ресурстарын және оны тиімді пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Арал теңізінің географиясы және игеру мәселелері
2.1 Арал теңізінің экологияльқ
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Арал теңізінің мәселесі жөніндегі іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылғын
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру
негізінде менің алып отырған тақырыбымның қазіргі кезде аса маңызды
проблемаға айналып отырғанын байқауға болады. Себебі жеріміздің экологиялық
проблемаларына көзімізді жұма қарағанымыз дұрыс болмас. Әр азаматтың өз
туған еліне сүйіспеншілігі осындай тақырыпты қарастырумен басталады.
Тақырыпты таңдауымның негізгі мақсаты экологиялық проблемаларды шешу
жолдарын қарастыру және де оның алдың алу жолдарын талқылау.
Арал теңізі Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облыс)
жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде
орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін
(1960-1970 ж) дүниежүзі теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы
деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көлемі
1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км,
ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км2 болған. Алабындағы
шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-
ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға
бөлініп қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен
римдіктер теңізді Каспийдің сақ шығанағы есептесе, А. Македонский кезінде
, Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Аралдың зерттелуі
өте маңызды біз үшін. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми
зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше
халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер
-қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-
жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі терендігі 20-
25 м, Арал теңізінің жалпы ауданы шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын
1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып,
құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес,
Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған).
Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады.
Зерттеудің негізгі мақсаты: Жалпы Қазақстандағы ең ірі теңіздің
қазіргі экологиялық ахуалы туралы, олардың шешілу жолдарын қарастыру және
болашағымыздың табиғатын сақтап қалу көзделіп отыр. Арал теңізін бұрынғы
жағдайы мен қазіргі жағдайын зерттей отыра, зерттелу кезеңдері сипаттама
беру. Сонымен қатар қазіргі кезде теңіздің экологиялық проблемаларын шешуде
қандай мәселелер қарастырылып жатқанын саралап талдау.
Міндеттері:
1. Арал теңізінің физикалық-географиялық сипатымен таныстыру.
2. Арал теңізінің зерттеу тарихына тоқталу.
3. Теңіздің табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын
қарастыру.
4. Арал теңізінің экологиялық проблемалары мен оның шешілу жолдарын
қарастыру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімшеден, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Арал теңізіне жалпы сипаттама
1.1 Арал теңізінің зерттелу тарихы
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200
жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі
қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында
өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа
айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен
қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен
сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда
болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде
Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік
дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына
бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі
жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су
айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге
болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді
салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын,
сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі
заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X
ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-
Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол
кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех Китаби-ал-масалик Вал-мамлик саяхаттар мен
мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер
көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы
жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі
80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары
Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың
орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы
мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір
нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.
Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін Хорезм көлі деп
атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді:
Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария
және басқа өзендер құяды. Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз
автордың парсы тілінде жазған Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем
облыстары атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда
теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені
жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен
теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған
саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған
шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер
болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген
табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда
өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге
болады.
Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы, яғни
арнайы зерттеулердің басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені
бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-
1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып,
Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте
дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі
жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы
мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын
бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1
метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі
теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар
көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал
теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы
болжам шындыққа айнала бастағандай.
Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол
жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері
болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының
талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз
астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде
ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі
археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған
әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады.
Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға
дейін қазіргі табылған қала орны яғни, Барсакелмес аралының батыс беті
құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне
байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол
ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили
көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де
бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не
бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен
салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда
Барсакелмес аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз
шындыққа жақын.
Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан
екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан
шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53м биіктікте
орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы 64,5 мың шаршы километр, ұзындығы 428
километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.
Арал теңізі туралы Аль-Бируни, Ибн-Хордадбек Ибн –Русте т.б. ойшылдар
өз еңбектерінде жазған. Осы еңбектерінің нәтижесінде қазыргі кезге дейін
Арал теңізі туралы мәліметтер бізде толық жетіп отыр.
ХVІІІ-ғасырда Арал теңізіне патшалық Ресей көңіл аудара бастады. Арал
теңізі мен оған құятын Әмудария мен Сырдария өңірлерінің төменгі ағыстары
туралы 1848-1849 жылы орыс ғылымы Бутоков А.И. Экспедициясы толы физикалық-
географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Н.А. Северцев (1857-1858 ж) Арал
теңізінің Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Ол
бұл өлкенің картасын жасады және оның жер бедерін, табиғатын климатын,
өсімдіктерін суреттеп жазды. Ол зерттеуде табиғат компоненттерінің
сабақтары туралы идеялар көтеріп, геологиядағы экологиялық бағытқа жол
ашты.
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары
ғалымдарының назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы деректер
ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птолемей
теңізінің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын,
табиғатын жан-жақты зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор.
Академик Л.С.Бергтің1908 жылы Арал теңізі деген үлкен еңбегі жарық көрді.
Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі. 1915 жылы қос өзен атырабына
сапар шеккен Явардия капитаны Бекович-Черкасский сондай-ақ саяхатшы-
климатолог А.И. Воейков Оңтүстіктегі құрғақшылықтың басты себепшісі Арал
теңізі деп есептеп, осы бір орасан үлкен су қоймасын біржола құртуды
ұсынгады. Ал география ғылымының докторы С.БЮ. теллер Арал теңізінің
проблемалары атты мақаласында бекерден- бекер теңізге құйып жатқан суды
пайдалан отырып, 4 млн гектар жерді суаруға, 4 млрд сомның өнімін алуға
болады деп жазады. Арал теңізінің табиғат қателігі ретінде есептеп, оның
болашағына сенімсіздікпен қарайтын көзқарастар көпшілік арасында
қалыптасқан қоғамдық пікір туғызады. Жекеленген ғалымдардың тиіп-қашты
пікірі болмаса, соңғы он-онбес жыл ішінде Аралдың пайдасына бірде-бір
жанашыр, жылы сөз естіген жоқ. Теңз жайын толғаған көркем шығарма немесе
нақты ғылыми зерттеулер тиісті орындардың назарынан тысқары қалды.
География ғалымдарының докторы А.И. Симонов пен география ғылымдарының
кандидаты И. П. Гоптареваның есебі бойынша Арал теңізінің жойылуы нәтижеде
реогондағы 5 млн гектар жер біржола жарамсыздыққа ұшырайды екен.
Арал теңізінің Қазақстан территриядағы жұмыс жүйесін теңізді өкшелей
қуу принципі бойынша жүргізуге регионның табиғат жағдайы да сұранып тұр.
Бұл тұста Арал теңізінің деңгейі бір көтеріліп, бір төмендеп отырғанын
тарихи фактілерде де, көнекөз қариялардың әігімелері де растайды.
Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақтанған археологиялық
ескерткіштердің жинақталуы. Арал өңіріне Әмудария мен сырдарияның Арал
теңізіне құятын төменгі ағысының аралығы жатады. 1937 жылы бастап Хорезм
археолог- этнограф экспедициясы Сжетский, С.П. Толстов, М.А. Итина, О.Л.
Вишневская т.б. зерттулер жүргізілді. Арал өңірінде сақ тайпалаларының 4
түрлі өмір сүргені белгілі болды.
1) жаңадария бойында- пасиактар;
2) қуаңдарияда бойында- Тохарлар;
3) сырдария мен қуаңдария аралығында- аугасилер;
4) әңкәрдария бойында –сакравактар
Стробон бұл аймақтардың массагеттердің батпақты суы мол, аралды жер
екенін айта келіп, онда апасиактар өмір сүргенін жазған. Арал өңіріндегі
ертеректе болған шірік рабат, Бәбіш Молла, Баланды, жетіасар, Алтын асар
көне қалалары орындарынан сақ тайпаларының мол ескерткіштері табылды. Бұл
қала-жархит жобалары бір-біріне ұқсас. Халқы мал шаруа, мен, егін егумен,
аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмыс кезінде дәнд дақылдар, арпа, тары
қалдықтары, үккіш, қол диірмен т.б. құрал-саймандар табылды. Мал
сүйектерінің 47 пайызы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы
сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады
Қол өнер, зергерлік жақсы дамыған. Шірік Рабат қаласы төңірегіндегі
обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақ-
жайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік
ерекшелігі бар. Бейіттер күмбез тәріздес, аумағы 38,5 м биіктігі 8 м,
көлемі 47х29х9, 5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген Антропологиялық
зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7-5-7-да ейропалық, ал
б.з.б4-2 ғасырдан бастап монғолдың белгілері күшейе бастағанын көрсетті.
Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында
бұл аймақта мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналатын, әскери
өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің
және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси- әлеуметтік, экономикалық
мәдени және антропологиялық жағынпан өзгерістерге ұшырап отырған. Арал
теңізін Сырдария мен Амудария өзінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені Аралды
адамдар қателігінің құрбандығы десек, сол қателіктер алаңы-Орта Азиядағы
Қос өзеннің бойы, өзіндік қайталанбас мінезі, мың жылдық тарихы бар ұлы
өзен-Сыр ел жайлы ойланған сәтте өкейде тарих сабағы тұруы тиіс. Өйткені
өзен бойында белең алған өзгерістердің себеп-салдарын дер кезінде тауып
төніп келген қауіптің алдын алсақ, сырдан су іштеін он екі миллион адамның
болашағына нұқсан келуі әбден мүмкін. Ал тарих тереңіне үңілер болсақ, бір
кездері Сырдария аунай ағып Варахшы атты көлдер жүйесіне құйыпты. Хиуа
тарихшысы Әбілғазы жер дүмпуінен Варихш көлдер жүйесі Аралға ауып теңізге
айналды, деген болжам айтады.
Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен
оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған
тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға
жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2
шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ
жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.
Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында
Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен
шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және
Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.
Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен
түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м
шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының
юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр
көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.
19-ғасырдың ортасында Ресей патшалығы Орта Азия хандықтарының, Арал
теңізі мен Әмударияның шекараларына жақындай түсуі бұл өңірде порттар
салып, Арал флотилиясының құрылуына әкелді. Ең алғашқы әскери Николай
шхунасы 1847 жылы Орынборда құрастырылып, Сырдарияның жоғары ағысы арқылы
Райым бекінісіне жеткізілді. 1847 жылы 20 тамызда шхуна Хиуа бекінісі жаңа
қаланы алу шайқасына қатысты. 1848 жылы Арал теңізін зерттеу лейтенант
А.Бутаков пен прапорщик Поспеловке жүктелді. Олар сапарға Николай және
Константин (1848) шхуналарымен шығып, Хиуа хандығына қарайтын Аралдың
оңтүстік жағалауы мен Әмудария жағалауларын зерттеді. 1850 жылы Швейцарияда
Маталь зауытында теңізде де, өзенде де жүзетін Перовский кемесі мен
Обручев баркасы жасалды. 1852 жылы олар Сырдария жағалауына жеткізіліп,
1853 жылы ақпанда суға түсірілді. 1853 жылы 5 маусымда Перовск кемесі
Ақмешітті алуға қатысты. 1856 жылы 5 маусымда Бутаков баржамен Әмудария
арқылы Қоңыратқа жетті. 1873 жылы Хиуа жорығына 2 кеме, 3 баркас қатысты.
Жалпы Арал флотилиясының құрамында 4 кеме (Самарқанд, Арал, Ташкент,
Сырдария), 11 баркас, 10 баржа және бес сал болды. 1877 – 78 жылы кемелер
4 телім (Қазалы – Перовск, Перовск – Чинар, Қазалы – Қосарал және Қосарал –
Николай аралы) аралығында адам, жүк тасымалдады. 1888 жылы Самарқан
кемесі Перовск қаласы жанында суға батып кетті. 1882 жылы 26 қазанда
генерал-адъютант Черняев Арал флотилиясын тарату туралы комиссия құрды.
1883 жылы 7 сәуірде комиссия флотилияны жойды. Арал флотилиясының орнына
1888 жылы Әмудария флотилиясын құрылды.
Арал қазба фаунасы – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе
елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен
табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым
Академиясының Палеонтология институты және Қазақстан Ғылым Академиясының
Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 – 1991 ж.) жүргізді. Қазбадан:
мүйізтұмсықтар (Paraceratherіum, Aceratherіum, Protaceratherіum, Aprotodon,
Gіgantamynodon), бұғытәрізділер (Lophіomeryx, Mіomeryx, Prodrematherіum,
Amphіtragulus), кемірушілер (Propaleocator, Aralomys, Argіromys,
Agіspelagus, Protalactaga, Eumysodon), бауырымен жорғалаушылар (Chelonіa,
Testudo), құстар (Anas) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн жыл
бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал
қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда
маңызы зор.

1.2 Арал маңы табиғат ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары

Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре,
сазан, қаяз, шабақ ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін
аралдан болықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келеді. Аралға құятын
Амудария мен сырдария өзенінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету
салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.
Теңіздің Солтүстіктегі Барсакелмес аралында барса келмес қорығы
құрылған. Қорық аймағындағы бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң, құс
түрлері қорғауға алынған. Қазіргі теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне
байланысты олар басқа жаққа көшірілді. Қазіргі кезде Шығыс, Аралдың
қазақстанның бөлігінде (Қызылорда облысы) қорғалатын табиғи аумақтар өте
аз. Ең алғаш қорғалатын табиғи аумақтар (Қ.Т.А.) ұйымдастыру, 1929 жылы
Барсакелмес аралына терісі бағалы аңдар-балпақ пен зорманды әкеліп
жерсіндірумен, өсіру және оны аулау жұмыстарымен байланысты болады. Сондай-
ақ, мұнда сұр кекіліктер, қырғауылдар, ор қоян, қарақұйрықтар, ақбөкендер
сияқты бағалы хайуантатар жіберілген. 1939 жылы осы аңшылық шаруашылықтың
негізінде жоғарыда айтылғандай Барсакелмес қорығы ұйымдастырылды. Облыс
байлығында 1 қорық, 2 қорғалым жұмыс істеп келеді. Ландштафтарды қорғаудың
ең жоғары формасы қорықтар ұйымдастыру. Әлемдік ұстанымдарға сәйкес
биологилық түрлілікті сақтаудың ең тиімді әдісі ерекше қорғалатын аумақ
статусын беру. Ал, қорғалымдар құру сыр өңірінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдары
ғана қолға алына бастады.
Көптеген жылдар бойы табиғи қорғалымдар мемлекеттік статус алмай
қазақстанның табиғат қорғау қоғамының құрамында болды. Жалпы басқа
елдердегідей қазақ халқында табиғатты, әсіресе оның жеке нысандарын қорғау
идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріліп келеді.
Мұндай идеялардың туындауы қазақ халықының әлімсақтан табиғатпен етене
байланысып келуінде. Қазақ халқының еңбектеген баладан ақ шашты ата-әжеге
дейін табиғат құрылыстарына ерекше көңіл бөліп, соның сырын ұғына білген.
Мұндағы жылдар болғы адамдардың табиғатпен болатынын, бірі бұзылса бүкіл
жүйенің биосферадағы әр заттың бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста
болатындығын ырғақтығы бұзылатынын білуге көмектеседі. Халық табиғаттағы
кейбір жануарлар мен құстарды да, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі
деп қастерлейді. Сол арқылы адам баласына бақыт пен байлық, құт-береке
келеді деп көрсетті. Мысалы аққуды атпайды, жылқыны, қойды, түйені басынан
ұрмайды, малды аяқпен теппейді немесе далада өсіп тұрған жалғыз ағашқа,
бұтаға тиіспеген.
Қазақ халқы сонымен бірге тек өсімдіктер мен жануарлар сияқты түрі
нәрселерге ғана емес, өлі табиғаттың кйбір ерекше жаратылыс нысандары да
қасиетті, киелі жерлер деп білген. Мысалы, киелі бұлақтар, тау-тастар. Сыр
өңірінде мұндай жерлер көп кездеседі. (Құттықожа бұғазы, Талдысу, қатын
қамал, қорасан, қорқыт ата мазары, жеті әулие, т.б.).Орыс шаруашылығының,
бай-көпестерінің қазақстан жерінде жер ауып келуі, жергілікті халықтың мал
жайылымдардың шұрайлы жерлерін тартып алуы өлкенің табиғат қорғау тархында
жаңа кезеңнің қалыптасуын көрсетеді.
Қызылорда қаласының тұсындағы Александровск, Жөлек, Қазалы уездеріне
қарасты жерлердің көпшілігі орыс көпестерінің қолына көшті. Оның айғағы
қазіргі көптеген жергілікті топонимдер. Бұл қорықтарды ұйымдастырудың
экологиялық негізі маңыздылығы еш күмән клтірмейді. Себебі республика
көлемінде немесе жалпы табиғат қорғауды ұйымдастыру жұмыстарында шөл
даланың ландштафтын сақтау өте аз қарастырылған, ал осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Арал экологиясының ахуалы
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Каналды бетонмен каптап, жылына
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Пәндер