Әлеуметтік жұмыстың әдістері және оның жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары ... ... ... .7
II-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ
КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасу жағдайы ... ..10
2.2 Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ...13
2.3 Арнайы мекемелерде кемшіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу15
III-тарау. Арнайы мекемелерде әлеуметтік жұмыс технологиясы
3.1 Арнайы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.2 Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған арнайы
педагогика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.3 Әлеуметтік педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі балаларды
тәрбиелеуде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің
жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік
жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер
осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып
отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай
білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті
түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты өмірінде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық
қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс
теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп
жатқанын көрсету, әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып
ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның
жетілдіру жолдарына тоқталу.
Жалпы әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған
адамдарға көмек көрсету.Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын
адамға деген сүйіспеншілік,жан ашу,қиыншылықта бірге
болу,ниеттестік,жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену,көмек жасау ниеті
мен жәрдемі жатады.Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің ерекше бір түрі.егер
құрылысшы үй салса,жөндеуші машиналарды жөндесе,ал әлеуметтік қызметкер
адамдықұрады. Ол өзінің адамымен (клиентімен) әңгімелеседі,оның
психикалық стресін кетіреді,оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек
көрсетеді.Үйінен шыға алмайтын адамдарға дүкеннен азық-түлік алып келуге
көмек береді.Әлеуметтік жұмыс-бұл өз бетімен өмір сүре алмайтын,өзінің
өмірлік мәселелерін шеше алмайтын,адамға көмек ретінде бағытталған іс-
әрекет.Әлеуметтік көмектің обьектісі болып: мүгедектер,қарт адамдар,көп
балалы отбасылар,жетім-жесірлер, жалғыз басты аналар болуы мүмкін,кейде
балалар нашар топқа түсіп,есірткі сатушылардың торына түсіп қалуы
мумкін.Осы жағдайлардың оң шешімін табуда әлеуметтік жұмыстың орны мен
дәрежесі зор.Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік
топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді
реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған
байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар
жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары,
олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде
әсер ететін әр түрлі факторлар динамикасы жатады.[1]
Біз әлеуметтік жұмысты халықтың әлеуметтік саналылығына қызмет ететін
мамандықпен байланыстырамыз, әлеуметтік жұмыс сферасының жылдан жылға
кеңеюде, дегенмен, бүгіннің өзінде әлеуметтік жұмыскердің қызметі әр түрлі
орындарды қамтуда: үкіметтік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептері,
денсаулық сақтау орталықтары, отбасын және баланы қорғау агенттіктері,
психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс түзету
орталықтары. Әлеуметтік қызметкер нәсіліне, этникалық тобына, әлеуметтік –
экономикалық деңгейіне, дініне байланысты кішкентай баладан бастап, үлкен
жастағы адамдарға өз қызметін ұсынады. Адам өмірінде экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық қатынастарды реттеуде, одан туындаған проблемаларды
шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде
Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету, әлеуметтік жұмыстың
шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік
жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс теориясын кешенді
талдау,оның елімізде қалайша қолға алынып жатқандығын ашып көрсету;
- Әлеуметтік жұмыс теориясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене
отырып әлеуметтік модельдері мен ерекшеліктерін қарастыру;
- Әлеуметтік жұмыстың теориясының мазмұнын ашу, оның барлық әдістері мен
модельдерінің еліміздегі даму дәрежесін анықтау;
- Әлеуметтік жұмыстың, оның ішінде әлеуметтік теорияның мәнін ашып, оның
қоғамдағы рөлін анықтау;
- Арнайы мекемелерде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның мәні
Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен
практиктердің қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер
қызметінің спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар. Осы
тұрғыдан, ғылыми білім аумағында еңбек сіңірген адамдардың әлеуметтік жұмыс
теориясының даму тарихының нақты кейіпкері болмай қалу қаупі туындауы
мүмкін. Осы сияқты мәселелерді шешудің қиындауының себебі мынаған
байланысты: әлеуметтік жұмыс аумағындағы кез келген үлкен теоретик пен
практиктің базалық білімі әлеуметтік жұмыскер болмауы мүмкін, бұған мысал
ретінде Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің бұрынғы
деканы Рональд Фельдманды немесе Канаданың Калгари қаласының ірі
университеттің әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы Рей Томлиссонды бөліп
көрсетуге болады. Осылайша, Гетеборг университетіндегі әлеуметтік жұмыс
институты бағдарламасын ұзақ уақыт бойы басқарған, Швециядағы әлеуметтік
жұмыс аумағндағы ғылыми зерттеулердің негізін салушы Харольд Сиднер
философия ғылымдарының докторы болып табылады, мәдениеттану әлеуметтік
философиялық зерттеулерде үлкен тәжірибесі бар, социология аумағында
мамандалған (Ол Лунд университетінің социология бөлімін аяқтаған) Швецияда
Сведнердің зерттеу қызметінің ықпалынан 80 жылдары құрылымды әлеуметтік
жұмыстық ғылыми дәстүрі, оның қазіргі кездегі адамның даму контесіндегі
жүйелі – функционалдық көрінісі күшейді.
Ерекше атап өтетін жайт, Х.Сведнер КСРО-ның әлеуметтік-мәдени дамуының
философиялық-гуманистік дәстүрін жоғары бағалаған және бағалайды да, ол
әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік этникалық негіздерін зерттеуде орыс
ойшылдарының әлеуметтік қызметінің идеялары мен тәжірибелріне сүйенген.
Олар: Л.Толстой, И.Бунин, А.Чехов, Ф.Достоевский және т.б.
Х.Сведнер С.Г.Струмилин, А.С.Макаренко, В.И.Ленин, А.Колонтай,
И.И.Павлов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жоғары
бағалады.Әлеуметтік жұмыс теориясы ұғымының негізін салушылар Ализе
Соломон, Мария Гахери, Элизаветта Фрай, Джеймс Адамс, Мери Ричмонд.Бұл
кезеңде әлеуметтік жұмыста фрейдизм мектебі бағыттары қалыптасты.Яғни ХХ-
ғасырдың I-ші жартысында әлеуметтік жұмыстағы психодиагностикалық
басымдылықпен қамтамасыз ететін Зигмунд Фрейд және оның шәкірттерінің
психоанализді жақтаушылардың теориялық нәтижелерінің әсері.Фрейдизм бағыты
әлеуметтік жұмыстың теориялық негізінің дамуына өз ықпалын тигізді.Қазігі
күнде Фрейдизм өзгере отырып,әлеуметтік жұмыстың теориясында жоғарғы
деңгейде қолданылады.Әлуеметтік жұмыстың теорияларын қалыптастыруда
педагогтардың қосқан үлес зор.
Профессор Х.Сведнердің теориялық, зерттеу, білім беру аумағандағы
қызметі әлеуметтік жұмыс туралы жүйелі, философиялық, гуманистік ойлардың
тек Швецияда ғана емес, сондай-ақ өзге де Скандинавия елдерінде, Шығыс және
Батыс Европада, Жапония мен Қытайда таралуына үлкен ықпал етті.
Х.Сведнердің беделі, белсенді ғылыми оқытушы қызметі әлеуметтікжұмыс
теориясының жүйелі бағытының, позициясының күшеюіне негіз болды.
Тағы бір мысал келтірейік. Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың
когнетивті теориясы кең таралды, әрине, бұл объекті жағдайлардың әсерінен,
қазіргі заман адамының әлеуметтік қорғаудың технологиялары мен
заңдылықтарының теориясының өзіндік дамуы ХХғ. Адам өміріндегі
интеллектуалды компоненттерінің өсу тарапынан жүреді. Сонымен қатар,
әлеуметтік жұмыс теориясы әсерінің өсуін қамтамасыз етуде индивидуалды
тұлғалық фактор үлкен роль атқарды, 80 жылдары Э.Гольдштаймнің белсенді
теориялық қызметі және кең тараған когнетивті гуманистік теориялары
айтарлықтай тиімді болды және кең таралды, В.Франке жасаған логотерапияның
әлеуметтік-психологиялық негіздері европалық әлеуметтік-мәдени дәстүрі бар
көптеген елдерде әлеуметтік жұмыстың когнетивті теориясының таралуына ықпал
етті. Жоғарыда келтірілген мысалдардан әлеуметтік жұмыстағы белгілі
теоретиктердің әлеуметтік білім тармақтары сәйкес келетін әлеуметтік дамуда
осы аумақтың дамуына әсер еткендігі байқалады, ХХғ. әлеуметтік жұмыс
теориясының даму тенденциясының қазіргі заманғы қалыптасуына базалық ғылыми
пәндері, әсіресе психология мен социология белді мамандары ықпал
етті.Әлеуметтік жұмыстың көптеген әлеуметтік және психологиялық
бағытталған теорияларының дамуына әлеуметтік жұмыстың таза емес
теоретиктерімен қатар, социология және психология мамандары, сондай-ақ
педагогтар мен психотерапветердің қосқан үлесін атап өту қажет. Білімнің
жаңа тармақтарының қалыптасыуның алдыңғы сатыларына жоғарыда келтірілген
жайттардың тән болуы заңды да, себебі, біріншіден, жаңа ғылымды
зертеушілер өте аз, ал екіншіден, әлеуметтік жұмыс үшін базалық пән болып
есептелетін аралас пәндер білімнің жаңа аумағына табиғи түрде өз өкілдерін
тартуда, әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының аталуы жағынан
социологиялық және психологиялық концепциялары жақын болуы да кездейсоқ
емес (жүйелік, функционалды, әлеуметтік-психологиялық және т.б)
1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда
болуының алғышарттары
Қазіргі кездегі ғылымдарды, социология ғылымын, негізгі сілтемелерді,
әлеуметтік білімнің жеке тарихтарының пайда болуының шарттары мен
факторларын, ғылыми пәндерді үш топ біріктіреді.
Біріншіден, адам өмір сүретін қоршаған ортада жаңа шындықтардың
пайда болуы, Оның өмірлік күшін ұстап тұруда және қайта өндіруде жаңа
проблемалардың туындауын, индивидуалды және әлеуметтік субьектілкті,
өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру секілді құбылыстар байқалды.
Екіншіден, ол үшін жаңа, дәстүрлі ғылыми категорияларды – түсінік
аппаратына сүйенген ғылыми білімнің өзіндік дамуы туралы айтылады.
Үшіншіден, зерттеуші ғылымның индивидуалды – тұлғалық субьектілігі
ескеріледі. Білім потенциялы, оның ғылыми интуициясы, зерттеу мүмкіншілігі
ғылыми пәндердің, білімнің түрлі тармақтарының қалыптасуы мен дамуына
түбегейлі ықпал етеді.
Қарастырылған себебтердің үшінші тобы әдетте ғылыми білімнің дамуының
субьективті факторы ретінде қарастырылады. Адам, қоғам, табиғат туралы
ғылымның жаңа горизонттарын анықтайтын көрнекті ғылымдардың өзінің
болуының өзі, қоғамдық өмірді, ең алдымен ғылыми білімнің эволюциясын
сипаттайтын – обьективті құбылыс, өз кезегінде зерттеуінің темпераментін,
мінезін, қабілетін, индивидуалды – тұлғалық мінездемесін ескерудің өзі
маңызды. Бұл қасиеттер көп жағдайда ғылыми білімнің өсуінің мен мінездемесі
мен масштабын анықтайды.
Аталған топтарды негізге ала отырып, ғылым ретіндегі әлеуметтік
жұмыс териясының прогрессивті дамуы мен қалыптасуының негізгі
сілтемелерін және ғылыми білімнің дамуын анықтайтын шарттары мен
факторларын қарастырайық, ең алдымен жаңа ғылыми пәннің зерттеу объектісіне
айналған қазіргі кездегі адам өмірінің шындықтарына тоқталайық, әлеуметтік
жұмыс тарихы және әлеуметтік жұмыс тарихының көптеген мамандары арнайы
теориялық негіздері мен ерекше теориялырдың жасалуын қажет ететін қоғамдық
құбылыс ретінде әлеуметтік жұмыстын қалыптасу кезеңін анықтаудың қажеттігі
бар екен деген қорытындыға келді. Өткен ғасырдың соңғы ширегі әдетте осы
кезеңмен аталады. Дәл осы кезенде көптеген индустриялды дамыған
мемлекеттерде әлеуметтік жұмыспен кәсіби айналыса бастаған мамандар тобы
пайда болды, Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары құрылды,
университеттерде алғашқы әлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Осылайша,
ХІХ ғ 90 жылы басында-ақ АҚШ-тың колумбиялық уневерситетінде әлеуметтік
жұмыс факультеті ашылды.
Әлеуметтік жұмыс теориясын ғылым және пәні ретінде дамуына, кәсіби
әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау қажеттілігіне не негіз болады? ХІХ ғ ІІ
жартысында адамның қоғамдық және индивидуалды өмірдің қандай шындықтары
кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді жаппай дайындау қажеттілігін, халықты
әлеуметтік қорғау мәселелерінің ғылыми зерттеу қажеттігін, “әлсіз”
әлеуметтік топтарды қолдау қажеттігін тудырды?
Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер
көрсеткендей, әлеуметтік тұрмыстық проблемамикалар негізі, глобальды
мәселелер тобына кіреді, экономикалық, саяси және әлеуметтік – мәдени
процесстердің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Ең алдымен, жаппай
урбанизациялану сияқты қоғамдық құбылысты бөліп көрсетсек болады.
Урбанизация нәтижесінде индустриялды дамыған мемлекеттердің интенсивті
өндірісі дамыды.
Ауыл тұрғындарының қалаға жаппай қоныс аударуы қоғамдағы маргинальды
топтардың көбеюіне себепші болды. ХІХ-ХХ ғғ интенсивті жаппай
урбанизациялану нәтижесінде көптеген индустриялды дамыған және орташа
дамыған мемлекеттерде қала халқының саны өсті. Адамдарды өмір сүру салтына
байланысты алшақтық, ұяттық, территориялық кесінділерге ғана бөліп қоймай,
тұрғылықты жеріне қарай бөлуде кең етек алды (үлкен қала, орташа немесе,
кіші қала типтес қоңыс, аудан, ауыл, және т.б.)
Қоғамдық өңдірістің қиындауы, жұмыскердің біліктілігінің өсуі,
жұмыскерлер ассоцациясына, үлкен ұжымдар қызметінің нәтижесіне адамның
жауапкершілілігі мен рөлінің артуы, өзара байланыстың күшеюі, кәсіби
қызметтің ортақ нәтижелерінің тиімділігінің артуына екі жақты ықпал жұмыс
күшін тартушыға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, жетістікке жетуіне,
өмірлік бағдарларына жету ерекше назар аударуды қажет етті.
ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғ басында мемлекеттік органдар және ірі
фирмалар білім беру жүйесіне ғана емес, халықты кәсіби дайындауға белсенді
түрде қаржыларын сала бастайды, өз кезегінде ХХғ дамыған мемлекеттерде
индустриялық қызметтік дамуы адам тәртібінің заңдылықтарын, дамыған және
техникалық жабдықталған әлеуметтік сферада зерттелуіне негіз болды.
Бұның ең соңғы кезекте орындалған себебі, қызмет индустриясы
тауарларға сұраныстың қалыптасуы және дәл болжамды, сондай-ақ қазіргі
кездегі адамның өмір сүру ортасының материялы-заттық ортасын қиындату,
Координалды өзгерту, оның өмір сүру салтын өзгерту, өмірлік әрекеттерінің
кейбір формаларын, өмірлік күшін қалыпта ұстау әдістерін, олардың
қалыптасуын талап етеді.
Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуына, оның қоғамдық
жүйесінің қалыптасуына оның қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуына тағы бір
фактор өз үлесін қосты. Бұл фактордың мазмұны- ХІХғ еңбектердің өз
құқықтары үшін күресті. Қалалардың ірі өндірістердегі жұмысшылар
тығыздығының өсуі, жұмысшы таптың ұйымдасуын күшейту, кәсіподақтар
буржуазиялық үкімет пен кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізді. Ал, соңғыларын
әлеуметтік тұрмыстың түрлі формаларын қолдауды талап ететіндігіне сендірді.
Пролетарлық революциялар дәуірі өткен жүз жылдықта кең етек жайды.
Оның жою қасиеті прогрессивті қоғамдық құрылымына өтудің бейбіт,
эволюциялық жолын іздеуді, дәстүрлі және жаңа әлеуметтік мәселелерді
шешудің жаңа механизмдердің активизациялады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі
формаларының кең таралуы, оның объективті қажет қоғамдық құбылысы ретінде
әзірленуі, қазіргі замандағы әлеуметтік қарама- қайшылықтарды шешудің
негізгі жолы болып есептеледі.
Осы тұрғыдан ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ.бірінші жартысында адамзаттың
жолында пайда болған бірқатар глобальды мәселелерді де назарға алған жөн.
Олар көп жағдайда әлеуметтік жұмыстың қоғамдық құбылыс ретінде
қалыптасуында сондай-ақ, оның теориялық және әдістемелік негізінің
жасалуында маңызы зор, төмендегідей глобальды мәселелер үлкен маңызға ие
болады: қоршаған ортаның ластануы, демографиялық жарылыс қаупі, әлсіз
дамыған мемлекеттер мен аумақтардағы жаппай ашаршылық, жаппай қырып – жою
қыруын қолдау, нәтижесінде адамзаттың өзін-өзі жою қаупі, моральды деграция
мәселесі, әлеуметтік – мәдени қарама-қайшылықтар, дәстүрлі әлеуметтік
институт ретінде отбасының бұзылуы,т.б.
Әлеуметтік дефференцияның өсуі, түрлі мемлекеттердің халықтарының
өмірлік деңгейлеріндегі айырмашылықтың ұлғайюы, миграция мәселесінің
өткірлілігі, индустриалды дамыған және дамушы елдердегі өмірлік маңызды
бағдарларды таңдау,т.б. жатқызуға болады.
Қазіргі заманғы әлемге мынадай сипаттамалар тән:
Әлеуметтік қорғау мәселесінің тұрақтануы, оның теориялық әзірленуі,
сауаттылар санының өсуі, тұрғындардың ақпараттандырылуы, сондай - ақ қоғам
мен адамның іс - әрекетерінің қиындауы, жаңа тарихи жағдайда қауіптің
күшею. Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби шеберлікті, адамдарға әлеуметтік
қолдау көрсетудің теориялық негізденуін талап етеді. Сонымен қатар, адамзат
жәрдем қажет етушілерге әлеуметтік және индивидуалды көмекші күшейту үшін
жаңа мүмкіндіктер алды.
II-тарау. ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ
КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасу жағдайы
Қазақстан Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін
алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енді. Қазақстанда нарықтық экономиканың
орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды компоненті әлеуметтік жұмыстың
анықталуына әкелді. Әлеуметтік жұмыс теориясының негізгі бағыттары: халыққа
әлеуметтік көмек көрсетудегі әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін
құрастырудан тұрады. Қазақстан халқының әлеуметтік – экономикалық жағдайы
әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде әлеуметтік жұмыстың теориясының жүзеге
асырылуының көрсеткіші болып табылады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік
жұмысты жетілдіріп оны әрі қарай дамытуда көптеген мекемелер айналысады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынң айтарлықтай
көп болуы - отбасыларға, балаларға жасы ұлғайған қарттарға, мүгедектерге
әртүрлі қызметтер түрін көрсету:
1. әлеуметтік-медициналық;
2. психологиялық – педагогикалық;
3. әлеуметтік тұрмыстық.
Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы
әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа
жету.
Әлеуметтік жүмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері
анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады.
Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты
социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика
ғылымдар әдістері пайдаланылады.Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста
клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-
экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер
түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің
қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда
азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.
Әлеумет сөзі қазақ тілі сөздігінде Адамдар қауышы деп түсіндірсе, яғни
социология (лат. Satsiolist қоғам, жалпы) деген мағына білдіреді. Ол бірге
өмір сүрген адамдардың тұрмысын олардың қарым-қатынастарын және
формаларын, оның салаларын зерттейтін ғылымы. Белгілі үрдісінде бірге білім
алып, қоғамдық іс-шараларға қатысып әлеуметтік тәжірибе жинақтап
Әлеуметтану үрдісіне қатысады.(2(
Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына жаңартылған, әсерлі мемлекеттер
қатарына кіреді. әлемдік бірлестік Қазақстандағы өзгерулерге оң көзбен
қарайды. Қазақстанда әлеуметтану өз алдына қатаң ғылыми тәртіп қояды.
Жоғары деңгейлі Ресей оқу орындарына сүйене келгенбіз. Тәуелсіздік алғаннан
кейін елімізде 1910ж. әлеуметтік салада жоғары оқу орындарында әлеуметтік
жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік
университеті, жаңа атауы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінде әлеуметтік жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары
білікті әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. 1190ж. әлеуметтік
қызметкерлердің дайындықтары күшейе түседі. Республиканың басқада жоғарғы
оқу орындарында әлеуметтік жұмыс бөлімі ашыла бастады. Қазіргі таңда
еліміздің жеті жоғарғы оқу орындарында әлеуметтану кафедрасы құрылған. Әль-
Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде және Л.Румилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік қызыметкердің жоғары деңгейде
дайындау жүзеге асырылуда. Бұл жоғары оқу орнында педагоктар, әлеуметтік
жұмыс саласын зерттейтін ғалымдар, әлеуметтік жұмыс ғылымы саласындағы
ғалымдар жұмыс жасайды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам
мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек
формаларын қолданған. Сонымен қатар, алғашқы рулық, тайпалық
қауымдағы көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді.
Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік
ұстанымдарға және қоғам мүшелерінің бір – біріне рулық көмек
көрсетуімен анықталған. Әлеуметтік жұмыс – бұл тарихымыздағы жаңа
атау, жаңа прогресс болып саналады. Жалпы әлеуметтік жұмыс бірнеше
мағынаға ие, мәселен адамдарға көмек көрсету – Ежелгі Римдік
философтар қайырымдылықтың қажеттілігі мен қоғамдағы тұрақтылықты
сақтау десе, антикалық философтар құлдарға жанашырлық көз-қарас
деген. Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне қарай қабілетті азаматтарды
жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау
жасайды. Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және
мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын
ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн
санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей
отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Ал, республикада
әрбір оныншы адамның проблемасы осыған келіп тірелетіні белгілі. Осыған
орай мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және
жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң 1997ж. Жарық
көрген болатын. Бұл заң негізінде жәрдемақылар берілу және төлеу
тәртіптері, мүгедектік санаттары, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
жәрдемақы төлемдерін өтеу, сондай-ақ жәрдемақы төлемдерін өтеу жалпы
ережелер мен құқықтарын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы
азаматтарының осы заңға сәйкен қабылдаған республикасының өзге де
нормативті құқықтық актілеріне көздемеген негіздерде және тәртіппен
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылыу жағдайы бша және жасына
байланыстаы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқы бар деп
айтылмаған. Сондықтан да мем-те осы тұрпаттағы саяси өмір сүру немесе күн
көріс деңгейінің мүмкіндігі шектелген жандардың тұрмысына қажетті деп
танымаған жәрдемақылардың белгілері және мекендер бойынша таратылуы
материалдық ахуалды оңалту жолындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар болып
табылады. Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі –
мүгедектер. Сондықтан мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері
мемлекеттік деңгейде қарастырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, елдік еркіндігін
орнатып, тәуелсіздік ұғышын сіңдіруді бастаған тұста 1991 ж. тұңғыш рет
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қабылданды. Бұл заң негізінде
мүгедектердің әлеуметтік қаштамалыздануы, қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ
жәрдемақылар тағайындау тарифтері сияқты тұстары ескерілді. Қабылданған заң
бойынша халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің ұйғар бірқатар
мәселелерді шешу көздемеген. (3(
Енді әлеуметтік жұмыс ғылыманының қалыптаса бастаған
кезеңі туралы айтатын болсақ, бұл кезеңнің тарихи ерекшеліктері
Кеңес Одағының құлауы мен коммунизмнің жойылуы, азаматтық қоғамның,
жаңа таптардың дүниеге келуі болып табылады. Қарастырып отырған
кезеңімізде бірнеше этап ерекшеленеді. 1985-1986 жж. - жеделдету
кезеңі, бұл кезеңнің негізгі тапсырмасы кеңестік экономиканы
әлемдік деңгейге шығару. 1987-1991 жж. - қайта құру, еркіндік,
демократия ұрандарының кезеңі. 1992-1999жж. - түбегейлі реформалар
кезеңі, бұл кезеңнің бастапқа нәтижесің өзі халықтың көпшілігін
кедейлік шекарасына жеткізді. Бағаның өсуі мен халықтың табысы
арасындағы айырмашылық жоғарылай түсті. Ең негізгі әлеуметтік
проблемалар жұмыссыздық, халықтың еріксіз көшуі, қылмыстың көбеюі,
туудың қысқаруы, сәбилер өлімінің көбеюі, маскүнемдердің,
нашақорлар мен таксикомандар санының өсуі және т.б. болып табылды.
Қоғамның мүліктік дифференцияциясы үрдісі тез күшейіп, шаруашылық-
экономикалық байланыстың құлдырауы байқалды. Адамдар қиын әлеуметтік
шиеленістерге тап болды және көп жағдайда олар бұл проблемаларды
өздігінен шеше алмады. Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік жұмыс
проблемасы ерекше орын алды. Ақырындап бұл мамандықтың да жүйесі
қалыптаса бастады. Бұл уақыт 1991 жыл болып есептеледі, өйткені
осы уақытта елімізде Әлеуметтік жұмыс маманы мамандығы ресми
түрде қолданысқа енді. Әлеуметтік жұмыс -бұл қиын жағдайларға тап
болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсетуге, адамның өзіне-
өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы әлеуметтік қарым-
қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби мамандық.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни
ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын
мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері
айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және оларды
әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді
әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға,
жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетеді
және т.б. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері
қалыптасты: 1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар;
2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар; 3) ірі
банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар; 4) жеке
қайырымдылық қорлары мен ұйымдары. [4]
ҚР әлеуметтік жұмыс мамандығы енді-енді қолға алынып, Республикамыздын
басты бағытына айналды.
2.2 Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдері
Сонымен біз әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдерге де
келіп жеттік.Кез келген қоғамда адам өздігінен жеке дара тұрып дамымай,
керісінше сол қоғамдағы өзге салаларына әрекеттесу арқылы дамитындығы
белгілі болса, онда дәстүрлі қазақ қоғамының сол адамды жетілдіріп, бір
биікке шығарудағы міндеттерді жүзеге асыруда әлеуметтік ұйымдар
үйлесімділігін (отбасы, дін, мемлекет) индивидуалдылық та, коллективтік та
бағытта пайдалана алғандығы еді. Мұндағы ұйымдар іс-әрекеттілігінде отбасы
ролінің жоғарғы болғандығын этнограф, ғалым X. А. Арғынбаевтың еңбектерінен
таба аламыз, яғни XV-XVII г.ғ. қазақтарда патриархалдық сипаты бар шағын
дара отбасылар іс -әрекет еткен. Қазақтарда отбасы әлеуметтік айланыстарды
реттеумен бірге бірқатар функцияларды да қоса атқарған.
а) қазақ отбасысы адамды жетілдіруде өзінің бастапқы кезеңінен ұрпақ
тәрбиесіне көңіл бөлгендігі және сол ұрпақтың болашағын үнемі толғатқандығы
еді. Қазақтар жетім қалған балаларды үш жағдайда асырап алған екен.
Біріншіден өз кіндігінен ұрпақ тарамаған жағдайда туысының балаларын
асырап алған. Екіншіден ата анасыз қалған балаларды
үйшаруашылығына қолқабыс ету мақсатында паналатса, онда үшіншіден
жетімін жылатпау жолында баққан.
Сонымен бірге қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөлумен бірге,
баланы жастайынан тәуелсіз өмір сүруге бейімдеген, яғни қазақ зиялыларының
басым бөлігінің сол он үшінде танылып ел ісін басқаруда өз өнерін
танытқандығы еді. Ал бүгінгі күні ше, бала он жетісінде де бала, қырқында
да бала және санадағы нарықтық меншік үстемдігі ол ойдың дұрыс еместігін
дәлелдеп, еріксіз батыстық өзінді өзің қамтамасыз ет мазмұнындағы
психологияға сүйреуде. Жалпы бұл ой мені дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұрпақ
тәрбиелеу үрдісімен М. Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттіндегі мақсатты -
рационалды типі категориясы арасынан үндестік іздеуге итермелейді, яғни,
қазақ өз ұрпағын ел мүддесі жолына жұмсағанда одан материалдық игі
күтпегендігі жэне ол күтілім кездейсоқ емес, керісінше түбірінен
нәрленгендігі еді.
б) сол дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымды бір жүйеге
келтіріп отырғандығы, өйткені қазақ қоғамында да кез-келген қоғамдағы
секілді әлеуметтік қайшылықтың орын алғандығы. Бұл жайлы С. Ақатай Асан
қайғы социологиядағы таптық құрылыммен кейбір категорияларды білмесе де,
көшпелілер стратындағы жарлылар мен байлар арасындағы қайшылықты өмірді
білді, және көшпелі халықтардағы кедейліктің сырын ашуға тырысты, жаңылды,
қайта іздеді. Соңынан жетіспеушілік табиғат, қоғам және өмір сүру
ортасындағы гармониялық үндестіктін бұзылуынан туындаған құбылыс деп
ойлады деген пікірді келтіреді. Дегенмен қазақ қоғамы өз арасындагы
әлеуметтік қайшылықты реттеп отыру үшін өзара әлеуметтік көмекті көрсетіп
отырған. Мұндағы қазақ болмысына әлеуметтік көмектің қауымдық-дәстүрлілік
типі тән, бұл үрдіс ол баршамызға таныс жылу, үме, асар, сауын беру, шүлен
тарату т.б іс-әрекетті бағыттылықтың түрлері және аталған өлшемдірдің
өзіндік мәні мен мазмұны бар. Бұл ойдан көретініміз ол қазақ қоғамындағы
әлеуметтік құрылымның қайшылықтылығымен қатар оның ел мүддесіне негативті
де, позитивті де ықпал тигізгендігі еді.
Еліміз яғни этникалық-сословиелік топтарға бірегей отбасылық-
туыстық шаруашылықты жүргізуде әлсіз орталық билікте және әдеп-ғұрып
үстемдігінде өмір сүргеннің өзінде өзіндік философиялық даналық ойлау
жүйесімен ерекшеленіп отырған. Ғарифолла Есім ағамыз Қазақтың даналық ой
пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады деп айтып кеткен.
Дәстүрлі қазақ қоғамының ең бір өзекті мәселесінің бірі, бұл адам
құндылығы. Н.Ж. Байтенова Қазақ философиясына сипаттама берер кезде, оны
антроцентристік бағытта деп айтуға болады. Жалпы шығыс философиясы, соның
ішінде қазақ философиясының да мәселесі, кең таралған ілім, әлеуметтік
идеал, жан жақты жетілген адам мәселесі, -деп атап көрсетеді. Дәстүрлі
қоғамдардағы адам құндылығы жайлы әр қандай, қайшылықты пікірлерді
ескергеннің өзінде қазақ қоғамындағы адам мәселесі, әсіресе ондағы ұрпақ
тәрбиесі халкымыздың есінде үнемі сақталынып, жетілдіріліп отырылған.
Әлеуметтік антропологиялық маңыздылық әлеуметтік жұмыс ғылымы үшін ең
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жайлы зерттеуші ғалым Л.Т.
Қожамқұлова Әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде адам қызмет етеді,
өйткені әлеуметтік жұмыс адамның өзі арқылы өзіндегі мәселелерді шешу
мақсатында ойлап табылған және адам әлеуметтік процесстер арқылы тұлға
болып қалыптасады,- деп ой өрбітеді
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жұмыс ғылымының интегративті,
реттеушілік, ағартушылық функцияларын діннің атқаруы және дін филантроптық
мақсаттағы іс-әрекеттерді біріктірумен бірге әлеуметтік-медициналық
қамтамасыздықты жүзеге асырған.
Жалпы қазақ халқында әлеуметтік жұмыс ғылымына тән әлеуметтік
құбылыстар, құрылымдық-функционалдылық іс-әрекет жиі кездесіп отырған.
Көпшілігінде ол бағыттылық түрлі мазмұнда әр қандай ұйымдық деңгейде
стихиялы түрде жүзеге асырылып отырылған. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыс
ғылымы кез келген қоғамға жат емес және сол қоғамдардағы әлеуметтік өмірде
біте қайнасып өзіндік көрініске ие болған.
2.3 Арнайы мекемелерде кемшіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар күн санап артып келе
жатқаны жаңалық емес. Оның ішінде күрделі кемістігі бар балалар
көбеюде. Кемістіктер себебі толып жатқан зиянды факторлармен
түсіндіріледі.
Кемшіліктері бар балаларды әлеуметтендіруде үлкен
жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
арнайы мекемелердің барлық түрлері бар. Себебі мүмкіндігі шектеулі
балалар санының артуы арнайы мекемелер түрлерінің ашылу
қажеттіліктерін туғызады. Олар: арнайы балабақшалар, арнайы
мектеп-интернаттар, реабилитациялық орталықтар, педагогикалық-
психологиялық түзету кабинеттері, логопедиялық кабинеттер, түзету
орталықтары, т.б. Барлық арнайы мекемелердің мақсаты мүмкіндігі
шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық, медициналық және
әлеуметтік қолдау жасау, олардың кемістіктерін түзету, қоғамға
бейімдеу және оңалту, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру болып
табылады.
Мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың бірі
оның отбасы. Отбасының мүгедек баласына жұмсалатын қосымша шығындарына
байланысты туындайтын материалдық мәселелерден басқа,мұндай
отбасыларында ажырау саны өте жоғары. Толық емес отбасыларында
мүгедек балаларды тәрбиелеу қиындыққа әкеліп соғады.
Медициналық әлеуметтік және еңбекпен оңалту
сұрақтарын әлеуметтік қызметкерлердің араласуынсыз іске асыру
мүмкін емес. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысының негізгі
функцияларына заңгерлік, медициналық, психологтік, педагогтік және
басқа да мамандықтар бойынша кеңес беру, материалдық көмектер
ұйымдастыру жатады. Әлеуметтік қызметкер мүгедек балалар мен отбасының
мүшелеріне жүргізілетін пси--хочпачпачап, психокоррекциалық қызмет
әдістерін негіздеп сараптайды және өндейді. Социумдағы әлеуметтік жақдайды
зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүгедек балаларға
әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық нақты көмек формаларын және
түрлерін ұсынады. Жаңа қоғамдағы бала мүгедектігің мәселелерінің шешімін
екі жақты қарастырылуы керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу,
бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық
қызмет санасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық-
генетикалық мекемелер ашу арақылы іске асыру. Екіншіден – мүгедек
баларды әлеуметтік оңалту, бұл-әлеуметтік оңалту орталықтарын
ашу арқылы іске асыруда 1, с. 45.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не
туғаннан кем ақыл болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай,
айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының
ауьпқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық
көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала
басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың
жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез
келген семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл,
не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады.
Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа
балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің Соқыр
музыкант деген шығармасында соқыр баланың отбасында ерекше
саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындап
отыратындықтары туралы жазады. Одан әрі дене кемістігі бар адам, сау адамға
қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметгік көзқарасты қажет етеді. Табиғи
кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін
буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге
отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан
кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай жайттарды өздерінің
үнсіз мойындауьшан және олардың Табиғи кемістігн күнделікті бақылау
мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып
отырады. Осы уакытқа дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы
түсінік бойынша кеміс балалардың жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық
мәселе деп саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның кемістігі тек биологиялық
тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи
нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар
ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой
кемістігінің орнын толтыруға болады деген ұшқары пікірді қолдап
келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып тастаса, екінші бүйрегі жүмыс
істейді және ол екі бүйректің де жұмысын атқарады деп санады. Қысқасын
айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық мәселелерге
ат үсті қарап, оларға тек медициналық тұрғыдан ғана жауап берді:
соқыр – көзі көрмеушілік, ал саңырау – құлағы естімеущілік деп саналып,
мәселенің түйіні соқыр итпен, саңырау қарсақ жайында айтып отырғандай
немқұрайды көзқараста болды. Бұл ретте ескерусіз қалған бір жайт бар. Ол
хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке басына тікелей қатысты деп
саналмай, оны әлеуметтік фактор ретінде қарастырған орынды. өйткені
дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік
орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене мүшелері ғана
емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады.
Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан сыртқы
ортаға, онан қайтып адамның өзіне оралады. Адамның қарым-қатынасы
әлеумет ортасы болмаса жалаң күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Көз
бен құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет атқаратын
органдардың қатардан шығып, қоғаммен байланыстың үзілуі деп тусіну керек.
Мұндай кемістік адамның мінез-құлқының белгілі қалыпты жағдайдан ауытқуы
болып та саналады.
Психология мен педагогикада балалардың кемтарлығы жайында мәселені
әлеуметгік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі
іс деп санамай, адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды кажет
етеді.Бұл мәселенін мән-жайын жете бағалап, оны аса қажетті деп
қараған әділетгі болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан баланын дене
кемістігін әлеуметтік сынық ден санайтын болсак, онда педагогикалық
тұрғыдан сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек.
Мұндай ойдың шындығын растау ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді
еске түсірейік. Ең алдымен біздер дене кемістігі жайында ғылымға жат
түсініктерден арылуымыз керек. Мұндай түсінік бойынша та-биғаттын өзі
кеміс мүшенін қызметін организмнің өзге мүшелерінін жетілуіне орай
қоса атқарады да, адам бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бұл
биологиялық тәсіл делінеді. Мысалы, соқырдың көзі көрмесе де, ол
тіршілік еткен ортасына икемделіп, нәрселердің түр-түсін саусақтармен
сипау арқылы танып біледі десе, ал мылқау адамның дыбысты тілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz