Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы


Кіріспе

Өзектілігі: Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып отырған тақырыбымның қазіргі кезде аса маңызд проблемаға айналып отырғанын байқауға болады. Себебі жеріміздің экологиялық проблемаларына көзімізді жұмақарағанымыз дұрыс болмас. Әр азаматтың өз туған еліне сүйіспеншілігі осындай тақырыпты қарастырумен басталады. Тақырыпты таңдауымның негізгі мақсаты экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру және де оның алдын алу жолдарын талқылау.

Арал теңізі Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960-1970 ж) дүниежүзі теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66, 1 мың км 2 (аралдарымен қоса), суының көлемі 1064 км 3 , орташа тереңдігі 16, 1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км 2 болған. Арал теңізі - кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» есептесе, А. Македонский кезінде, Окс теңізі (Окс - Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Аралдың зерттелуі өте маңызды біз үшін. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі терендігі 20-25 м, Арал теңізінің жалпы ауданы шамамен 2235 км 2 (айдынның 3, 5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған) . Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады.

Мақсаты: Жалпы Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы туралы, олардың шешілу жолдарын қарастыру және болашағымыздың табиғатын сақтап қалу көзделіп отыр. Арал теңізін бұрынғы жағдайы мен қазіргі жағдайын зерттей отыра, зерттелу кезеңдері сипаттама беру. Сонымен қатар қазіргі кезде теңіздің экологиялық проблемаларын шешуде қандай мәселелер қарастырылып жатқанын саралап талдау.

Міндеттері:

1. Арал теңізінің экологиялық мәселелерін әдебиеттер арқылы танысып, зерттеу жұмысын жүргізу.

2. Арал мәселесін шешу үшін салыстыру, талдау, сараптау, нәтижелеу.

1 ТАРАУ АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Арал теңізінің тарихы

Арал теңізі - кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары - Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым) . Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух - үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады[1] .

Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы, яғни арнайы зерттеулердің басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16, 1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай. Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80, 100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл - теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын[17] .

  1. Арал теңізінің тартылуына себеп болған факторлар және зардаптары

Арал апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады [8] .

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда - 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда [7] .

60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2, 6 млн. га-ғакеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-гетүсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құмжелмен 300 км ара қашықтыққатаралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады. Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтардын ормалау алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек. 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км 3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүз деген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде. Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде oрналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі -1 шамамен 1000 км. Тереңдігі 20-25 м. ең үлкен тереңдігі 67 м. Жаздағы орташа температура 24-26°С, қыста 7-13, 5°С. Жылдың жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм. Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен 5, 9 км, өзен ағысымен 54, 8 км қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану 60, 7 км. Теңіз деңгейінің маусымдың ауытқуы 25 см. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтық өзендерінің сұлылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері Амудария мен Сырдария ұстап тұрған. 60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35, 2 км, ал 1980 жылы 10 км. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды. Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазір ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1, 5-2°С-ға төмендесе, маусымда 2°С-қа артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Аязсыз кезеңнің 170-180 күнге қысқаруы мақта өсіруді қиындатады (мақтаның өсуіне 200-220 күн оң температура қажет) . Бұрын өзен суының минералдығы 0, 3-0, 5 г/л болса, қазір ол 2, 5 г/л жеткен. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтаржойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен. Арал теңізінің тартылып, теңіздің маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14, 7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табанықұрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км³, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1, 5, Түрікменстанда 2, 4, Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара) . Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады[13] .

Арал экологиялық дағдарысы - адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50-60 км 3 -ден 1990 жылдардағы 5-7 км 3 -ге дейін) салдарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40, 3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37, 2 метрге дейін төмендеді. 1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты[11] .

Похожее изображение

Арал өңірінде физикалық және химиялық әдістерді пайдалана отырып қоршаған ортаға алғашқы экологиялық мониторинг өткізу арқылы қандайда бір жағымсыз факторлардың ластануын байқаймыз. Ауылшаруашылық алқаптарда топырақтың жоғарғы қыртысының ластануы атмосфераға түскен меттал қалдықтарының әсері. Куәләндіріп алынған жазбалар қорытындысында топырақтың құрамында мыстың концентрациясы Аралда - 1, 4 есеге, Қазалыда - 1, 5 есеге, Қармақшыда -1, 2 есеге жоғарылаған. Осы аудандарда қорғасынның концентрациясы төменгі деңгейде. Басқа аудандарда мыстың концентрациясы қалыпты деңгейден төмен. Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында кобальттың концентрациясы санитарлық қалыптан жоғары[4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қазақстандағы полигондар
Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық проблемалары
Қазақстанның экологиялық жағдайы
Экологиялық жағдайлар
«Арал теңізі мен Балхаш көлінің экологиялық проблемалары»
Балқаштың экологиялық ахуалы
Каспий теңізінің экологиясы туралы
Су тапшылығы мәселесін шешу
Арал, Каспий көлдерінің экологиялық проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz